Жұмыс ОҚУ бағдарламасы Қазақстанның саяси тарихы пәні бойынша 050502 «Саясаттану»



Дата23.02.2016
өлшемі281.09 Kb.
#7037
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

Жұмыс ОҚУ бағдарламасы

Қазақстанның саяси тарихы пәні бойынша

050502 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар


I Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу

процесінде алатын орны

1.1 Пәннің мақсаты:

Студенттерге қазіргі Қазақстан жерінде тұратын халықтардың саяси тарихы туралы, ежелгі дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі мемлекет және құқық генезисі туралы мәліметтер беру



1.2 Пәннің міндеттері:

- қоғамның саяси ұймдастыруының толық қарастыру, әсіресі оның ежелгі қалпында (формалар);

- ежелгі және ортағасыр көшпенділерінің саяси институтардың қызметінің ерекшелектерін қарастыру;

- студенттерді қазіргі уақытың сонымен бірге тәуелсіздік Қазақстан кезеңінде саяси процестерінде жөнін табу үйрету;

- студенттердің әр түрлі саяси өзгерістерді талдау әдістерін қолдана алуға үйрету;

- зерттеулерге қажет негізделген және сай келетін ғылыми әдебиеттерді іздеу дағдыларын дамыту



1.3 Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:

- Ежелгі дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі беталыстар;

- Қазақстандығы мемлекеттік құқықтық саяси-мәдениеттік, ұлттық генезистері;

- Қазақстан жерінде саяси иснститутарының қалыптасуы мәселелері жөніндегі беталыстар;

- елдегі сыртқы саяси байланыстарының нәтижелері және негізгі бағыттары

1.4 Пәнді оқыту нәтижесінде студент үйрену қажет:

- қоғамдық өмірлік деректерін таңдау, тексеру, талдау;

- ауызша және жазбаша тарихи мәлеметтерді логикалық мазмұндау;

- жазба жұмыстарының негізгі түрлерін, сондай-ақ аңдатпа, ой-пікір, шолу, мазмұндамы, ғылыми доклад және т.б.;

-бұл пән бойынша алынған білім және дағдырларды кәсіптік істерде қолдана білу

1.5 Пререквизиттер:

- Қазақстан тарихы;

- мамандыққа кіріспе;

- философия;

- теориялық саясаттану

ҚОФ ПМУ 7.18.1/14

ІІ Пәннің мазмұны
2.1.1 Пәннің тақырыптық жоспары

«Саяси Қазақстан тарихы»



(оқыту түрі- күндізгі)

№ п/п

Тақырыптың атауы


Сағаттар саны


Дәріс

Тәжір.

СӨЖ


1.

Пән, әдіс және пәнің мәні

1




2

2.

Қазақстан территориясында мемлекеттердің қалыптасуы. Саяси-потестарлық қатынастардың пайда болу


1

1

2

3.

Ежелгі Қазақстанның саяси тарихы. Ежелгі Қазақстан жеріндегі мемлекеттері

1

1

2

4.

VI – XII ғғ. Қазақстандағы саяси-құқық тарихы

1




2

5.

XIII – XV ғғ. Қазақстанында саяси институтардың қалыптасуы

1

1

4

6.

XV – XVIII ғғ. басындағы Қазақстанның саяси қалыптасуы

2

1

10

7.

XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы

2

1

6

8.

XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының мемлекеттік-құқық жүйесі

2




6

9.

Қазақстан Ресей протекторат қабылдауның себептері, қорытындылары, салдарлары

2

2

6

10.

XVII – X ғғ. басындағы Қазақстан саяси тарихы

4




10

11

XIX ғ. әкімшілік-құқықтық реформалар өткізу кезеңінде Қазақстандағы саяси жүйесінің өзгеруі

4

2

5

12.

XX ғ. басындағы саяси және экономикалық өлке жағдайы

1




5

13.

Қазақстан 1917 ж. төнкеріс және азаматтық қарсылық көрсету кезеңінде

2

1

10

14.

Қазақстан Кеңес үкімет жылдарының саяси дамуы.

4

3

10

15.

Тәуелсіз Қазақстан: қалыптасуы кезеңдері, жетістектері, мәселелері

2

2

10




Барлығы

30

15

90

2.2 Теориялық курстың мазмұны

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ» ПӘНІ

2.2.1 Пәннің мазмұны

1 тақырып Пән, әдіс және пәнің мәні

Қазақстанның саяси тарихы – мемлекеттік және құқықтық институтарының генезисі, даму, тегі процестері, әр түрлі тарихи кезеңдерде қоғам өмірінде мемлекеттің орыны мен рөлі, мемлекеттің қалыптасуынан бастап бүгінгі уақытқа дейінгі сыртқы және ішкі реттін саяси процестері.

Зерттеу әдістері – оларды біреу құбылыс немесе процесс қарастыруға алдын ала қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әрекет, әдістер, операциялар орындалуы қажет. Әдіс жолы ретінде, міндеттерді шешу негізгі жолын нақталушы және принцип, әдістің нақты мазмұнының көрсеткіші, яғни жолдарын орындау тәсілі.

Саяси тарихында қолданылатын әдістер: жалпы философиялық, жалпы ғылымилық, арнайы, нақты мәселелері.

Саяси тарихының функциялары: теоретикалық, танымдық, адамгершілік, дүниетанымдық

2 тақырып Қазақстан территориясында мемлекеттердің қалыптасуы

Саяси процесстің басталуы – қоғамның көпмындық эволюция барысында және олардың экономикалық негіздеу дамуымен тығыз байланыста мемлекет қалыптасуына дайындалады. Мемлекеттік генезистің басталуы кезеңі - өндірістік шаруашылықтың пайда болуы.

Ру қауым пайда болуы және оның эволюциясы. Қауым жік-стратаға таралуы. Қауым-тайпа одақ ретінде ұйымдастыруы, бұқара биліктің қалыптасуы, потестарлық бірлістіктің сипаттамасы. Протоқалалар, протомемлекеттер пайда болу. Сақ саяси жүйесі, оның эволюциясы, әкімшілік басқару, билік аппараты

3 тақырып Ежелгі Қазақстанның саяси тарихы

Ежелгі мелекеттің құрылуының ерекшелектері. Ғұн мемлекеті, басқару жүйесі, билік аппараты, сот жүйесі, дипломатиялық байланыстар.

Үйсін мемлекетерінің қалыпттасуы мен дамуы, басқару жүйесі, жері және халық. Үйсін мемлекетінің халықаралық құқық субъектілігі.

Конгюй саяси тарихы. Жекеменшік құқықтың эволюциясы, ақша жүйесінің пайда болуы. Әкімшіліктің бөлу және басқаруы.

Мемлекеттік жүйесінің ауысымы дерек ретінде саяси және экономикалық дағдарыс

4 тақырып VI – XII ғғ. Қазақстандағы саяси-құқық тарихы

Түркітілдерінің көшпелі бірлестіктердің бірігу процесінде, түркі мемлекетінің пайда болуы. Мемлекет екі жартылай автономилық бөлікке бөлу – Шығыс және Батыс. Мемлекеттің басқару құрылымы. Биліктің ұрпақтан-ұрпаққа таралуы. Елдің Шығыс және Батыс бөліктерінің басқару жүйесінің ерекшелігі.

Батыс-Түрік қағанатының пайда болуы. Жері және әкімшілік бөлінуі. Егемендік және халықаралық құқық субъектісі. Сыртқы саяси қатынастары, халықаралық саясатқа белсенді қатысуы.

Қимақ қағанаттың саяси тарихы, уйғыз мемлекеті, Батыс-Қангарлық бірлестігі, Қыпшық хандығы. Қыпшақ мемлекеттін сыртқы саяси байланыстары.

Қарахан мемлекетінің пайда болуы. Сатук Богра-ханның ислам дінін қабылдауы және оны мемлекеттік дін ретінде жариялауы. Қарахандықтардың мемлекеттік жүйесіның сипаттамасы. Қарахандықтардың сыртқы саясаттарының маңызды приоритеттері.

Керей және найман мемлекеттерінің саяси тарихы. Мемлекеттік басқару құрылымы және халықаралық қызметі. Несториандық түрінде христиан дінің қабылдау



5 тақырып XIII – XV ғғ. Қазақстанында саяси институтардың қалыптасуы

Монғол тайпаларының көшпелі монғол империясының бірлесу жүйесінің құрылуы. Шынғыс ханның әскери және әкімшілік реформалары. Керей, найман ұлыс империяларының құрылымының талқан қылуы және енгізілуі. 1218 – 1240 жж. Қазақстан территориясының құрамына монғол империясының енгізілуі. Мемлекеттік басқару жүйесі, құқықтық мәдени ерекшелігі. Алтын орданың құрылуы мен таралуы. XIII – XV ғ-дағы саяси жүйелер. Әбілқайыр мемлекеті: құрылу тарихы, мемлекеттік басқару жүйесі, құқық ерекшелігі.

Шагатай және Моғүлистан ұлыстары. Ортаазиаттық эмир мен Тимурдың шабуылдары. XIII – XV ғғ. пайда болуы мен нақтылануы. Ұлысттық жүйенің әскери-потестарлық бірлестіктің ұйымдастырылуы

6 тақырып XV – XVIII ғғ. басындағы Қазақстанның саяси қалыптасуы

Әбілқайыр мемлекетінің саяси жүйесінің дағдарысы. Ақсүйектер арасындағы жоғары халықтар арасындағы оппозициялық жағдайлардың көтерілуі. Керей мен Жәнібек сұлтандарының солтүстік – Шығыс Моғүлистан территориясына көшуі. Қазақ хандығының құрылу себептері: саяси, экономикалық, этникалық. XV - XVI ғғ. Қазақ хандығы: басқару органдары, әкімшілік ұйымдастырылуы, салық жүйесі.

Хак-назар ханының билік басында болған кезіңдегі қазақ хандығының жанғыруы. XVII ғасырдағы реформалар, би мен басқарушылардың күштерінің қатаюы. Билер кеңесі. Жүздердің құрылуы. XVI ғ. аяғы - XVIII ғ. басындағы қазақ хандығының саяси жағдайы

7 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы

Қазақ қауымы: минималды, кеңейтілген, ассоциация. Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік қатынастардың сыртқы экономикалық негіздері қалыптасуы. Ақсүйектердің екі типтік билігі. Патриархал-феодалдық қатынастар. Қоғамдық қатынастар және жеке меншік формалары. Феодалдық жеке меншік жерлерінің ерекшеліктері. Ру-тайпаларының ұйымдастырылуы. Шараушылық түрлері. Ұлыс жүйесінің ерекшелігі



8 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының мемлекеттік-құқық жүйесі

Қазақтардың күнделікті құқықтарының негіздері. Құқықтық дәстүр. Соттық прецедент. Билердің съезд жағдайы. Әкімшілік-құқықтық ережелер мен қылмыстық құқық. Отбасы-некелік құқық. Жекеменшік құқығы. Келесімдер мен міндеттер. Хандар, сүлтандар, билердің функциялары



9 тақырып Қазақстан Ресей протекторат қабылдауның себептері, қорытындылары, салдарлары

XVII – XVIII ғғ. аралығындағы Ресей мемлекетінің Шығыс саясаты. XVIII ғ. басындағы саяси дағдарыс. Қазақ-жонғар соғыстары. Ақтабан шұбырынды жылдары. Орыс-қазақ байланыстарының белсенділіктері. Кіші жүзбен Ресей протекторатының қабылдануы. Біржолдық бекіну құрылымы. Жер сұрақтары асқынуы мен қарамақайшылық топтарының қатаюы. Құқықтық шарттар мен Ресей протекторатаның қабылдауы салдары



10 тақырып XVII – X ғғ. басындағы Қазақстан саяси тарихы

XVIII ғ. екінші жартысындағы қазақ хандығының саяси жағдайы. Е. Пугачев (1773 – 1775 жж.) басқаруымен шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы.Кіші жүздегі халық азат қозғалысы (1783 – 1797 жж.). Сол-Батыс Қазақстандағы хан билік шектелу саясатты. Игельстром реформасы. Бөкей ханның құрылуы. Исатай Тайманов басқаруымен өткен шаруа көтерілісі



11 тақырып XIX ғ. әкімшілік-құқықтық реформалар өткізу кезеңінде Қазақстандағы саяси жүйесінің өзгеруі

1822 ж. «Сібір қырғыздарының жарғылары» және хандық биліктің жойылуы. Орта жүздегі жаңа әкімшелік құрылым мен сайлау жүйесі. 1824 ж. «Орынбор қырғыздарының жарғылары». Жаңа әкімшілік бөлінуі, басқару жүйесі, салық құқығы. Оңтүстік Қазақстан Хивин және Қоқан хандығының құрылымы. К. Қасымұлы кезіндегі қазақ хандығының мемлекеті мен құқығы.

1867 – 1868 жж. әкімшілік реформалар. 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша басқару органдары мен құқықтық жүйелері. XIX ғ. аяғының Қазақстандағы әкімшелік құқықтық жүйенің өзгерістері. Орал, Торғай облыстарындағы халықтардың көтерілісі. 60 ж. аяғында – 70 ж. басында Мангышлак толғаныстары. Аграрлық саясат. Шаруашылық отарлаушылық өлке. Көшу қозғалысы және оның әлеуметтік саяси салдары

12 тақырып XX ғ. басындағы саяси және экономикалық өлке жағдайы

1905 – 1907 жж. Қазақстан реформа жылдары. Империяның жалпыұлттық дағдарыстың өсуі саяси жүйенің реформалары. Көшу саясаттың заңдылық негіздері. Мемлекеттік Думасындағы көшу мәселелері. Өлкедегі реформа қозғалысы. Бірінші империалдық дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері. 1916 ж. көтерілістің сипаты мен қозғалу күші. Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облысындағы Бөкей ордасында халықтық қозғалыс. 1916 ж. көтерілістің тарихи маңызы




13 тақырып Қазақстан 1917 ж. төнкеріс және азаматтық қарсылық көрсету кезеңінде

1917 ж. ақпан төнкерілісінің кезеңіндегі Қазақстан, Қазақстандағы патша билігінің жойылуы. Уақытша үкімет органдарының ұйымдастырылуы. Тыл адамдарының қайта оралуы және төнкеріс барысқа әсері. 1917 ж. ақпан – қазан аралығындағы саяси. Партиялар және бағыттар. 1917 ж. қазан төңкерілісі. Совет үкіметіне қазақ елінің қатынасы. «Алаш Орданың» құрылуы және саяси бағдарлама және әрекеті. 1918 -1920 жж. аралығында азаматтыққа қарсы шығу. Әскери әрекеттің тобы «әскери коммунизм» саясаты, Қазақ КАСР құрылымы



14 тақырып Қазақстан Кеңес үкімет жылдарының саяси дамуы

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Орта Азияның ұлттық территориялық бөліктестері және қазақ жерінің біріктірілуі. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі және оның ерекшеліктері. Қазақстандағы ауыл шаруашылық ұжымы: шаруалардың қасіреттері. Сталин үлгісінің ауылшаруашылық ұжымының салдары. Қазақстан КАСР-ң одақтас республикаға ауысуы. Ұлы Отан соғыс кезеңіндегі Қазақстан. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан Одақтас Республикасы. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қарамақайшылықтары. Дағдарыс құбылыстарының өсуі. Қайта құрылу жолдары. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғалары, және оның маңызы



15 тақырып Тәуелсіз Қазақстан: қалыптасуы кезеңдері, жетістектері, мәселелері

КСРО – ң таралуы, ТМД-нің құрылуы. Қазақстанды әлемдік қоғамдастықта мойындау. Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңдері. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы жарылы» және «ҚР мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңын қабылдауы. Біртұтас Қазақстан азаматтығының орнатылуы, дара экономикалық жүйенің енгізілуі, мемлекеттік рәміздер мен ҚР атрибуттарының бекітілуі. Егемен Казақстанның Конституциясының қабылдануы. Мемлекеттің халықаралық беделінің өсуі. ҚР-ң көпуақытқы созылған мақсаттары



2.2.2 Дәрістің мазмұны
1 тақырып Пән, әдіс және пәнің мәні

1. Саяси Қазақстан тарихы курсының пәні, әдісі мен мағынасы

2. Саяси тарихтың функциясы мен оның ерекшелігі

2 тақырып Қазақстан территориясында мемлекеттердің қалыптасуы

1. Саяси – потестарлық қатынастардың пайда болуы

2 Қазақстан территориясындағы саясаттың құрылуы

3 тақырып Ежелгі Қазақстанның саяси тарихы

1. Ғұн империясы құрылу тарихы, саяси қатары, құқықтық жүйе

2. Үйсін және қанғарлардың саяси құрылымы

4 тақырып VI – XII ғғ. Қазақстандағы саяси-құқық тарихы

1. Ежелгі түркі империясының құрылуы

2. X – XII ғғ. Жетісудің мемлекет және құқықтық қалыптасуы.

5 тақырып XIII – XV ғғ. Қазақстанында саяси институтардың қалыптасуы

1. Алтын орданың саяси тарихы

2. Әбілқаиыр хандығының, Ақ орданың, Моғүлистанның, Ноғай ордасының мемлекеттік-әкімшелік құрылуы

6 тақырып XV – XVIII ғғ. басындағы Қазақстанның саяси қалыптасуы

1. Қазақ хандығының құрылуы: себептері, тарихы, саяси құрылымы

2. XVI ғ аяғы – XVIII ғ. басы қазақ хандығы

7 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы

1. Қазақ қоғамының саяси ұйымдастырылуы

2. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы мен иерархиясы

8 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының мемлекеттік-құқық жүйесі

1.Мемлекеттік билікпен рұқсатылған және кепілген күнділікті құқық

2. Отбасы-некелік құқығы

3. Жекеменшік құқығы, келесімдері мен міндеттері

9 тақырып Қазақстан Ресей протекторат қабылдауның себептері, қорытындылары, салдарлары

1. XVII ғ. басындағы саяси дағдарыс

2. Ресей протекторатының қабылдауның құқықтық шарттылар мен салдар

10 тақырып XVII – X ғғ. басындағы Қазақстан саяси тарихы

1. XVIII ғ. екінші жартысындағы – XIX ғ. басындағы Қазақ хандығы

2. Солтүстік-Батыс Қазақстандығында хан билігін шектелеуы саясаты

3. Бөкей хандығы: құрылуы, басқару жүйесі, территориалдық-әкімшелек бөлуі

11 тақырып XIX ғ. әкімшілік-құқықтық реформалар өткізу кезеңінде Қазақстандағы саяси жүйесінің өзгеруі

1. Батыс-Сібір билігінің әкімшілік-құқықтық шаралары

2. Оренбор билігінің әкімшілік-құқықтық шаралары

3. Оңтүстік Қазақстан Хивин және Қоқан хандығының құрылымы

4. К. Қасымұлы кезіндегі қазақ хандығының саяси тарихы

12 тақырып XX ғ. басындағы саяси және экономикалық өлке жағдайы

1. XX ғ. басындағы саяси және экономикалық реформалар

2. 1916 ж. ұлттық-азаттық қозғалыс

13 тақырып Қазақстан 1917 ж. төнкеріс және азаматтық қарсылық көрсету кезеңінде

1. 1917 ж. ақпан төнкерілісі, оның Қазақстан демократизациялау өмірінде мәні.

2. 1917 ж. қазан төңкерілісі. Қазақстаныңда Кеңес үкіметі жариялау

3. «Алаш Орда» құрылуы

14 тақырып Қазақстан Кеңес үкімет жылдарының саяси дамуы

1. Орта Азияның ұлттық территориялық бөліктестері және қазақ жерінің біріктірілуі

2. 20-ші ж. екінші жартысындағы – 30-ші ж. Қазақстан

3. Ұлы Отан соғыс кезеңіндегі Қазақстан

4. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Казақстан

5. 70 – 80 жж. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қарамақайшылықтары. Дағдарыс құбылыстарының өсуі

6. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғалары, және оның маңызы.

15 тақырып Тәуелсіз Қазақстан: қалыптасуы кезеңдері, жетістектері, мәселелері

1. КСРО – ң таралуы, ТМД-нің құрылуы жіне Қазақстанның орыны

2. Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңдері

3. Тәуелсіз Қазақстанның мәселелері мен беталыс дамуы

2.2.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тәжірибе сабақ №1

1. Сақ-скиф бірлістігі: жету тарихы, қоғамдық қалыптасуы

2. Салық сақ қоғамы

Тәжірибе сабақ №2

1. Үйсіндер – Қазақстан территорисындағы бірінші сыртқы классты бірлістіктер

2. Қанғарлардың әлеуметтік-саяси тарихы

3. III – V ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекет



Тәжірибе сабақ №3

1. Монғол империясының саяси және мемлекеттік тізімі

2. Монғол шапқыншылығының саяси салдары

Тәжірибе сабақ №4

1. Саяси сап, XV – XVIII ғғ. басындағы қазақ хандығының қоғамдық қалыптасуы: эволюция, ерекшелігі

2. XVI ғ. екінші жартысындағы қазақ хандығының саяси тарихы

3. XVII ғ. қазақ хандығының саяси жағдайы



Тәжірибе сабақ №5

1. XVI –XVII ғғ. қазақ хандығының қоғамдық қатынасы және жекеменшіктілік формалары

2. Әкімшілік – құқықтық ережелері және қылмыстық құқық

Тәжірибе сабақ №6

1. XVII – XVIII ғғ. басындағы қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы

2. Жонғар – қазақ шабуылдары

3. Ресей протекторатының белгіленуі

4. Құқықтық шарттар және Ресей протекторатының қабылдануының салдары

Тәжірибе сабақ №7

1. Қазақстан патшалығының көшпелі саясатты. Өлке шаруа отарлауы

2 XIX ғ. әкімшілік-құқықтық реформаның саяси салдары

Тәжірибе сабақ №8

1. 1917 ж. ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі ағым және саяси партиялар

2. 1917 ж. қазан төңкерілісі және өлкедегі саяси өзгерістер

3. Қазақ КАСР-нің құрылуы



Тәжірибе сабақ №9

1. 1921 – 1922 жж. жер-су реформалары және оның саяси мәні

2. Кеңес үкіметі жылдарындағы Қазақстан Республикасының саяси бірлестік жүйесін орнатылуы

3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары

4. Республиканың саяси өмірінің жалпы мемлекеттік дағдарыс шартындағы демократизациялау

Тәжірибе сабақ №10

1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық жалпылануы

2. Жаңа мемлекеттің құрылуы және Қазақстандағы саяси жүйе

3. ҚР-ның ішкі саясатының негізгі бағыттары мен приориттері

4. Мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен приоритеті

2.2.4 Өздік жұмысын зерттеу тақырыптары

1 тақырып Пән, әдіс және пәнің мәні

Саяси тарихтың материалдық және жазбаша негіздері. «Саяси тарих» пәнінің қоғамдық ғылыми жүйесіндегі орны мен рөлі. Саяси процестердің ғылыми әдістері. ҚР-ң саяси тарихының мәліметері. Саяси тарихының негізгі функциялары: теориялық аксиологиялық, адамгершілік, дүниежізілік, ақпараттық

Ұсынылған әдебиет: [5] 5-7 б.

2 тақырып Қазақстан территориясында мемлекеттердің қалыптасуы

Жаңа қоғамдық қатынастардың туу себептерінен, өндірістік шаруашылықтың пайда болуы, сонымен қатар мемлекет. Ру қауымының қалыптасуы және оның эволюциясы. Стратификацияланған қоғамның пайда болуы, потестарлық қатынастардың құрылуы және оның сипаттамасы. Скиф-сарматтардың саяси бірлестіктері

Ұсынылған әдебиет: [5] 13-20 б., [4] 8-15 б.

3 тақырып Ежелгі Қазақстанның саяси тарихы

Б.з.д. III ғ. мемлекеттік-құқықтық жүйенің құрылымының пайда болуы. Ақсүйек және халық, қауым және көшпелі мемлекет арасындағы жаңа деңгейлік саяси қатынастардың реттік қалыптасуы. Ежелгі мемлекеттердің құрылуының негізгі ерекшеліктері. Ежелгі мемлекеттің басқару жүйесі, егемендік ерекшелігі және халықаралық құқықсубъектісі. II – III ғғ. Қазақстан мемлекетінің құрылымының әлсереу себептері

Ұсынылған әдебиет: [2] 17-20 б., [3] 16-25 б.

4 тақырып VI – XII ғғ. Қазақстандағы саяси-құқық тарихы

Түріктілдес көшпелі бірлестіктердің бірігу процесі, түрік сонымен бірге Батыс түрік қағанатының құрылымы. Оғыз мемлекетінің, Қимақ қағанатының, Қыпшақ хандығының саяси жүйесі мен қоғамдық мемлекеттік қатары. Егеменді және халықаралық құқық субъетісінің территориялық және әкімшілік бөліністері. Мемлекеттердің сыртқы саяси байланыстары.

Қарахандардың мемлекеттік басқару құрылысы. Бюрократиялық аппарат, әкімшіліктің децентрализациялау және автономизациялау. Жетісудағы Қара-қытай гурхандардың басқару кезеңіндегі әкімшілік жүйелік өзгеруі. Ислам дінінің қабылдануы, жаңа құқықтық жүйенің бекітілуі. Керей, наймандардың саяси тарихы

Ұсынылған әдебиет: [8] 30-45 б., [4] 25-40 б.

5 тақырып XIII – XV ғғ. Қазақстанында саяси институтардың қалыптасуы

Монғол империясының құрылуы. Темужин мемлекеттік басшылыққа жариялануы. Шынғысханның Қытай, Жетісу, Орта Азия елдеріне шабуылдары. 1218 – 1240 ж.ж. Қазақстан территориясының Монғол империясының құрамына енуі. Отар қасіреті, Бұқар, Самарқанд, Хорезм, Ургенч басып алу. Шынғысхан ұрпақтарының Қазақстан жерлерін бөліп алуы, ұлыс құрылымы. Өзбек ханның басқаруы, ислам дінінің мемлекеттік дінде жариялануы. Ақ-Орда, Шағатай мемлекеттерінің және Моғүлистанның саяси тарихы. Ноғай Ордасының шығуы

Ұсынылған әдебиет: [6] 30-58 б.

6 тақырып XV – XVIII ғғ. басындағы Қазақстанның саяси қалыптасуы

Көшпелі өзбектер мемлекеті және оның саяси жүйесінің дағдырысы. Керей мен Жәнібек сұлтандырының көтерілісі, солтүстік – Шығыс Могүлистан территориясының Шу және Қозыбас аймағына көшуі.

Қазақ хандығының саяси құрылу себептері. Қазақстан территориясындағы этносаяси процестер, қазақ халқының құрылуы. Хакназар ханының басқару кезеңіндегі хандық басқару орны. Қазақ хандығының құрылуының тарихи белгілері

Ұсынылған әдебиет: [3] 50-67 б.

7 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы

Саяси-потестарлық жүйе. Әлеуметтік иерархиядағы қауымның жағдайы. Хан, сұлтан, билердің саяси функциялары. Жүздер қазақ қоғамының саяси жүйесінің негізгі сипаты болып саналады. Жүздер үш шекаралы аймағына бөлінеді: Жетісу, Батыс Қазақстан, Арал жағасында, Солтүстік – Шығыс, Орталық Қазақстан, Сырдарияның орта бойы. XVIII ғ. бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының күрделенуі

Ұсынылған әдебиет: [8] 60-99 б.

8 тақырып XV – XVIII ғғ. қазақ қоғамының мемлекеттік-құқық жүйесі

«Жеті Жарғы» - құқық кодексі, Тауке хан басқару кезеңіндегі. Қазақ қоғамының саяси – құқықтық жүйесінің тарихи құрылуы. Көшпелі мәдениет дәстүрлерінің заңды ерекшелектері мен XVIII ғ. аяғындағы құқық эволюциясы. Көшпелі қоғамының саяси өмірінің мемлекеттік құқықтық жүйенің құрылуы мен дамуына әсері. Заңберушілердің себепсіз әсері

Ұсынылған әдебиет: [5] 63-69 б.

9 тақырып Қазақстан Ресей протекторат қабылдауның себептері, қорытындылары, салдарлары

XVII аяғы - XVIII ғғ. басындағы Ресей мемлекетінің жаңарту – патшалығының соғыстық саясатын белсенділуі факторы. Жонғар мемлекетінің басқыншылары мен қазақ-жонғар қатынасының күшеюі. Қазақ жүздері күшінік қосылуы. Қазақ халқының жонғарларға қарсы соғыс. Батырлар мен жонғарлардың саяси салдары. Ресейлік протекторатын Кіші жүзге, содан кейін Орта жүзге қабылдауы. А. Тевклев міндеттері. Жер сұрақтарының күшелуі мен топтық қарамақайшылық тар

Ұсынылған әдебиет: [6] 48-52 б.

10 тақырып XVII – X ғғ. басындағы Қазақстан саяси тарихы

1773 – 1775 жж. шаруалар соғысының объективті себептері және 1773 ж. оның Кіші жүздегі дамуы. Аграрлық сұрақ – Е. Пугачев басқаруымен өткен қазақтардың шаруалар қозғалысына қатысуының негізгі себептері. 1774 ж. қазақ жүздерінің қозғалысының дамуы 1775 ж. қазақ жүздерінің істерінің жаңа кезеңі. Шаруалар көтерілісінің салдары. 1783 – 1797 ж.ж. Кіші жүздегі халық босату істерінің қорытындысы және себептері, мазмұны, алға жылжуы. Игельстром реформасының негізгі мазмұны.

Бөкей хандығының құрылу себептері. Саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Ішкі орган. Исатай Тайманов басқаруымен өткен халық-босатылу көтерілісі. Көтерілістің жеңілу мен салдар себептері

Ұсынылған әдебиет: [7] 50-65 б.

11 тақырып XIX ғ. әкімшілік-құқықтық реформалар өткізу кезеңінде Қазақстандағы саяси жүйесінің өзгеруі

XIX ғ. басындағы хандық биліктің құлдырауы. Әкімшілік - құқықтық реформаның өтуі. «Сібір қырғыздарының жарғысы» және«Орынбор қырғыздарының жарғысы». Жүздердің саяси-әкімшілік құрылуының реформалануының құқықтық негізі. Орал, Торғай облыстарындағы халықтардың көтерілісі және XIX ғ. 60 ж. аяғы – 70 ж. басындағы Мангышлак толғаныстары. Аграрлық саясат. Шаруашылардың отарлау өлкесі. Көшпелердің қатаю қозғалысы және оның әлеуметтік саяси салдары

Ұсынылған әдебиет: [2] 74 – 86 б.

12 тақырып XX ғ. басындағы саяси және экономикалық өлке жағдайы

XX ғ. басындағы Ресей империясының саяси дағдарысы. Орыс-Жапон соғысындағы жеңіліс, 1905 ж. 9 қантарының Қазақстандағы төнкеріліс қозғалыстың көтерілуі. Ереуіл, демонстрация, соғыстырулар – саяси дағдарыстың көрінісі. Аграрлық қозғалыс. Бірінші Империалдық Дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері. 1916 ж. көтерілістің сипаты мен қозғалу күші. Торғай облысындағы көтеріліс. 1916 ж. көтерілістің тарихи маңызы

Ұсынылған әдебиет: [1] 78-100 б.

13 тақырып Қазақстан 1917 ж. төнкеріс және азаматтық қарсылық көрсету кезеңінде

Ақпан буржуазия-демократиялық төнкерілісінің жеңісі. Қазақстандағы патша билігінің жойылуы. Кеңестердің құрылуы және Қазақстандағы Уақытша үкімет органдары. Саяси партиялардың пайда болуы. Орынбортағы алғашқы қазақтар съезді. Ұлттық «Алаш» партиясының құрылуының шешімі және оның бағдарламалық талабы. Партияның баспалы партиясы.

1917 ж. 24 қазандағы Петрограттағы қаруланған көтеріліс және өлкедегі кеңес билігінің құрылуы. 1917 – 1918 жж. наурыздағы Қазақстандағы саяси процестің ерекшелігі. 1917 ж. желтоқсандағы екінші бүкілқазақ съезді. «Алаш Орданың» құрылуы.

1918 -1920 жж. азаматтық соғыстың себептері. Қазақстандағы саяси «әскери коммунизмдік» ерекшеліктері. Қазақстан территориясындағы соғыс жүріс әрекеті. «Қазақ Кеңес Автономдық Социалдық Республиканың құрылуы туралы» декрет

Ұсынылған әдебиет: [8] 121-178 б.

14 тақырып Қазақстан Кеңес үкімет жылдарының саяси дамуы

Халық шаруашылығының қайта құрылуы. НЭП-тің маңыздылығы. Қазақ жерлерінің қосылуының мәселесі. Аыул шаруашалығының өнер кәсіптілігі мен ұжымдастығы. Өлке экономикасының қатаң жаңартуының теріс салдары. Ұжымдастық процесіндегі қауым көтерілістері. Сауатсыздықты жою, кадрларды даярлау, өлкедегі мамандар мен басшылар.

Ұлы Отан Соғысының жеңісінің ісіне Қазақстандықтардың аманаты. Экономиканың бейбітшілік татулыққа қайта құрылуы. Дағдарыс көрінісінің өсуі «Қайта-құру» жылдарындағы Қазақстан

Ұсынылған әдебиет: [9] 55-84 б.

15 тақырып Тәуелсіз Қазақстан: қалыптасуы кезеңдері, жетістектері, мәселелері

Жаңа кеңес шарттарының және оның құқығының дайындағы. КПСС және Қазақстан компартиясының тарқатылуы. Семей полигонының жабылуы. Қазақстан Президентінің сайлауы. ҚКСР ҚР ауыстырылуы. ТМД-нің құрылуы. Қазақстан БҰҰ тең құқылы өкілі болуы. Қазақстан егемендігінің құрылу кезеңдері. ҚР Конституциясы. ҚР президентінің Қазақстан еліне жылдық жолдауы. XX ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-әкімшілік реформа

Ұсынылған әдебиет: [10] 69-118 б.



2.3.1 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

(Оқу бөлімі-күндізгі)





СӨЖ түрі

Форма отчетности

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық



Сабаққа қатысуы

5 (0,5 * 10)

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

54 (3*18)

3

Аудиториялық сабақтарға енбейтін материялдарды оқыту

Конспект

Ауызша

25 (2,5*10)

4

Бақылау жұмысы мерекелеріне дайындау



РК 1, РК 2

6



Барлығы





90

ҚОФ ПМУ 7.18.1/11



IV Оқу жоспарының жұмыс көшірмесі

050502 «Саясаттану» мамандық бойынша

«Саяси Қазақстан тарихы» пәні




Оқыту формасы

Бақылау формасы

Студенттің сағат бойынша жұмыс пішіні

Сағаттың курс және семестр бойынша орналасуы

емтихан.

Сынақ

.кп

Кж.

бақ.жұмысы


Барлығы

Дәріс

Р

І



с

Тәжіриб.

әж

і



р

лаб

СӨЖ

Дәріс

Тәжіриб.

лаб

СӨЖ

Бар.

Ауд

СӨЖ.

күндізгі ЖОБ

1












135

45

90


1 семестр

2 семестр

30

15




90















III Қолданылатын әдебитеттер тізімі:


Негізгі:

1. Бекмаханов Е. Казахстан в 20 – 40 года XIX века. Алма-Ата, 1992

2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Т. 1-3. Алматы, 1996

3.Козыбаев М.К. Очерки по истории Казахстана. Алматы, 1996

4. А. Кузембайулы. История Республики Казахстан. Алматы, 1996

5. Еркен Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до начала XX века. Астана, 2000



Қосымша:

6. Алаш-Орда. Сборник документов. Сост. Н. Мартыненко. Алма-Ата, 1992

7. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). Алматы, 1993

8. История Казахской ССР. В %-ти томах. Алма-Ата, 1977 – 1980 гг.

9. Козыбаев М.К. История и современность. Алма-Ата, 1991

10. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994



11. Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы, 1997

12. Конституция Республики Казахстан. Астана, 2005

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет