Жұмыс түрлері Уақыты Жиналыстар


наурыз 2018жылғы өндірістік жиналысының шешімі



бет5/5
Дата31.08.2022
өлшемі34.04 Kb.
#460105
1   2   3   4   5
16 наурыз 2018жылғы өндірістік жиналысының шешімі:

  1. Санитарлық- гигиеналық талаптарға сәйкес жоспарды орындау. Балалардың денсаулығын нығайту шараларын қолға алу;

  2. Мүліктер тізімін жасап, балалардың жаңа төсектерімен, жабдықтарына белгі жасау;

  3. Белгіленген кесте бойынша қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына жіберу;

ЖШС «ӘДІЛЕТ РК» «Бәйтерек» балабақшасы


№4 хаттама
«Бәйтерек» балабақшасының өндірістік жиналысы 31 мамыр 2017 жыл
Қатысушылар:13
Меңгеруші -1
Әдіскер-1
Тәрбиешілер-4
Педагогтар -3
Медбике-1
Тәрбиешінің көмекшісі -2
Шарушылық меңгерушісі – 1

Күн тәртібінде:


1. 2016-2017 оқу жылының қорытындысы
2. 2018 жыл, жазғы жұмыстар
3. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздік шаралары
Бірінші мәселе бойынша балабақша әдіскері Сарсенбаева есеп берді: Осы оқу жылында жоспарға сәйкес барлық іс шаралар өткізілді. Тәрбиешілер әртүрлі семинарларға қатысып өз біліктіліктерін көтеру үшін жан-жақты ізденісте. Топтардағы бала саны біршама толықты. Жалпы жылдық жоспарды түгелімен орындадық деуге болады. Балабақша түлектерімен қоштасу кешін өткізіп, мектепке шығарып салдық. Ендігі міндет сол кеткен балалардың орнын толтыру.
Жазғы сауықтыру шараларының жоспары жасалды. Ең алдымен ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалардың денсаулығын нығайту үшін су процедуралары, құммен ойнау, түрлы спорттық шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «1- маусым балаларды қорғау» күніне орай денсаулық күнін өткізбекшіміз.
Үшінші мәселе: Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама берілді.Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек. Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз. Есте сақтаңыз! 1. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; 2. Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс. 3. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; 4. Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.5. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.
«Бәйтерек» балабақшасының

  1. мамыр 2017 жылғы өндірістік жиналысының шешімі:

  1. Жылдық жоспарды орындауды жақсарту, әр түрлі байқауларға қатысу;

  2. Сауықтыру шаралары кезінде балалардың денсаулығына мұқият қарау;

  3. Ата-аналармен балалардың қауіпсіздігі туралы жиі хабарласып, ескертіп тұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет