Жұмысым 30 беттен тұрады



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата19.12.2023
өлшемі286.42 Kb.
#487023
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-49416

Хаттамасы №____
______________________________________________________пәні
студент_____________________________тобы_________________________
Курстық жұмыс тақырыбы _____________________________________
_________________________________________________________________
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) 
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________
Курстық жұмыс жетекшісі____________________________________
Комиссия мүшелері________________________________________________
Комиссия мүшелері________________________________________________
Қорғау күні__________2014ж.
7


Кіріспе
Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың
құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым. 
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка)
және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді
микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды
жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді
электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді
молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол
өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны
басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және
патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері,
құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып
зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз
қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған
аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін,
патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде
көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да,
қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне
негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы,
рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда;
электрокардиография (жүректің биотогін жазу) руменография (қарын
қимылын жазу), биохимиялық тексерістен, люминесцентті талдау - ішек-
қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар
дерттелінгенде.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді
білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын,
яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды
анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау) мақсатында
семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы,
өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезедінде анықтау
және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау мақсатында
семиотиканың (аурулардыц белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы,
өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезеңінде анықтау
үшін қандағы кетон денешіктерін, сілті қорын, қан сары суындағы
каротиннің мөлшерін тексеріп, белоктардың , углеводтардың, витаминдердің,
кальций фосфордың жеткіліксіздігін анықтайды. Ірі шаруашылықтарда
малдың шағын жерге көп жиналған шоғырлануына байланысты, оларды
аурулардан сақтандыру әрекеттерін жақсы ұйымдастырып, нәтижелі ем


қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын
(синдроматика) анықтауды қажет етеді.
Малдың өнімділігін не жұмысқа қабілеттілігін жарым-жартылай не толық
қалпына келтіру ем нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Дәрі-дәрмектерді
және ем әдістерін тавдарда ауру малдың тәқымын, түрін, жасын және дербестік
ерекшеліктерін еске алады. Ауру ауыр түрде етіп, қүнды қасиеттерін қалпына
қайта келтіруге мүмкіндік болмайтындай жағдайда ауру малды жарамсыздар
қатарына шығарады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің инфекциялық гепатит ауруының
патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.


1 Негізгі бөлім
1.1Инфекциялық гепатитке сипаттама 
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ( Hepatitis infections carnivorum,
инфекционный гепатит плотоядных) – қызбамен, тыныс және ас қорыту
жолдарының қатарлы қабынуымен бауыр мен орталық жүйке жүйесінің
зақымдануымен сипаталатын, жіті өтетін жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Канадада 1928 ж. Грин алғаш рет түлкіден энцефалиттің
вирусын бөліп алды. Рубарт 1947 ж. Швецияда иттің жұқпалы гепатиттің
вирусын анықтап, бірнеше ғалымдар (Чедлок, 1948: Зиндентопф және
Карлсон 1949) бұл екі қоздырушының бір вирусқа жататынын дәлелдеді.
Қоздырушысы – Mastadenovirus canine аденовирустар тұқымдастығының
мастаденовирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар.
Майды еріткіштерге (спирт, эфир, хлорформ) төзімді, физиологиялық
ерітіндіде тұрақты. Ыстыққа төзімсіз, 56` С- 30 мин, 60` C-та 5 мин. өледі.
Белгілі дезинфектанттар жақсы әсер етеді.Арнаулы сүзгіден өтетін вирус.
Ол сопақша және дөңгелек пішінді болады, үлкендігі 86-120 микромикрон,
Зейтц сүзгісінен, G және V Беркефельд және L2,L3 Шамберлен
шырақтарынан өтеді. Вирус шошқа эмбрионының бүйрегінен, иттің
бүйректері мен бауырынан жасалған ткань культураларда өседі.
Эпизотологиясы. Инфекциялық гепатитермен: иттер, түлкілкер, қасқырлар,
шөберілер аурады. Көбіне 1,5-12 айлық жас төлдер көп аурады, ал 3 жастағы
жануарлар сирек ауырады. Адам, мысық, тышқан және маймылдар жасырын
вирус таратушысы болып табылады. Аурудың көзі болып ауырған мал болып
табылады.
Індеттік ерекшеліктері. Әдетте ит, түлкі қарсақ сонымен қатар табиғи
жағдайда қасқыр, мысық, аю және құндызы ауырады. Әр жастағы жануар
шалдыққанменкөбінесе 1,5-6 айлық күшіктерде жиі байқалады. 3 жастан
асқаннан ит сирек ауырады.
Жалпы алғанда әртүрлі жануарлар арасында вирус алып жүру кең тарған.
Аталған жануарлардан кеміршушілер, тіпті маймыл мен адам да бұл
вирусты алып мүмкін. Қолдан жұқтырғанда теңіз тышқаны, үй қояны басқа
зертханалық жануарлар ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы –ауру және алып жүруші жануарлар.
Вирус сілекейімен, жаспен, мұрынның срасымен, несеппен, нәжіспен
бөлінеді, негізінен алиментарлық жолмен жұғады, трансмиссивтік жолмен де
берілуі мүмкін [1,2].
Ауру спорадия түрінде немесе індеттік тұтану ретінде байқалады. Жаңа
індет ошағында аңдарда 75% дейін қамтып, өлім көрсеткіші жоғары 35%
дейін болады. Кейіннен инфекция созылмалы түрге ауысады.
Дерттенуі. Вирус денеге өткенде алғашында сөл түйіндерінде көбейіп,
кейіннен қанға өтеді.2-3 тәуліктен соң ядро ішіндегі денешіктер түрінде


барлық мүшелердің, әсіресе бауыр мен көк бауырдың капиллярлары мен
венулаларының эпителийінде кездеседі. Бұның нәтижесінде бауыр
дистрофияға ұшырап, организм интоксикацияға шалдығады, кейіннен
дистрофия құбылысы бүйрек пен миокардта да пайда болып,кілегейлі және
сірі қабықтар қанталайды. 
Ми мен жұлындағы жүйке орталықтары зақымданып,дененің қимыл
әрекеті созылады. Клиникалық белгілері айқын білінгенде вирус барлық
секреттер мен экскреттерде, кейіннен тек қана бүйрек несепте болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет