Жұмысым 30 беттен тұрады


Патологиялық материалмен бірге жіберілетін құжат



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата19.12.2023
өлшемі286.42 Kb.
#487023
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-49416

Патологиялық материалмен бірге жіберілетін құжат

ЖОЛДАМА
ОҚО малдәрігерлік лабораториясында
Лабораторияның мекен-жайы - Шымкент қаласы, Крегер көшесі, 21
Осы жолы Қарынбаев Мирас , Шымкент қаласы, Жайлау елді мекені, 
Әйтімбетов көшесі, 29 
Күшік, еркек, 1 ай, ақ
Шаруашылықтың аты, немесе мал иесінің фамилиясы, олардың мекен-жайы, малдың түлігі, жасы, жынысы, тұқымы, түсі
патологиялық материал - күшік

Қандай материал жіберілгені аталады
Бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулерге жіберілді.
Малдың ауырған және өлген күні 12.10.2014ж. - 20.10.2014ж.
Аурудың клиникалық белгілері - аппетит жоғалған, шөлдеу, құсық, дене
температура жоғарылауы 40-42°, бауырдың көлемі үлкейеді, оның
науқастығы сары ауру паренхиматозы айқын білінеді, тері қышу, қышыну,
шырышты қабықтардың қарқынды сары аурулы бояу және тері учаскелерінің
пигменттелмеген.
Сойып зерттеу нәтижелері - Кұрсақ қуысында қан аралас сұйықтық
болады. Көкірек қуысында қан аралас сұйықтық болады. Ішекте
фибриннің шөгіндісі, ас қорыту жолдарының кілейгейлі қабықтарында
қанталаулар болады. Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылт қоңырдың
қызғылт реңге дейінгі аралықта. Бауырда фибриннің шөгіндісі, ас қорыту
жолдарының кілейгейлі қабықтарында қанталаулар болады. Көк бауыр
қанға кернеліп, ұлғайған. Өт қабының сырты, ал жас күшіктердің айырша
безінің аралық ұлпасында серозды немесе геморрагиялық ісік болады. 
Клиникалық диагноз – Инфекциялық гепатит
Материал жіберілген күн, жөнелтушінің қолы мен фамилиясы – 20.10.2014ж.
Қарынбаев Мирас 
Жөнелтушінің мекен-жайы- Шымкент қаласы, Жайлау елді мекені,
Әйтімбетов көшесі, 29
Кесте 1- Инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері,


клиникалық белгілері мен сақтандыру және күресу шаралары
Ауру 
түрі
Патолого – анатомия
лық өзгерістер 
Клиникалық белгілері
Аурудан сақтан
дыру және 
күресу шаралары
Инфекция
лық
гепатит
Ит пен түлкі
өлексесін жарып
қарағанда кейде
өлексенің жалпы
сарғайғаны
байқалады. Бауыр
ұлғайған, сарғайған,
нүкте
тәрізденіп
жаппай
қанталаған.өт қабы
қалыңдап кеткен,
оның
кілегейлі
қабығының астына
нүкте
тәрізденіп
және жолақтанып
қан тамаған. Құрсақ
қуысынан ұйыған
фибринді
және
сарғыш түсті сұйық
табылады.
Ащы
шектің кілейгейлі
қабықтары
қан
кернеп қызарған,
ісінген, кілейгейлі
қабықтың сатына
нүкте тәрізденіп қан
тамған.
Жасырын кезең табиғи
жағдайда және ауру
қолдан жұқтырығанда 2 
күннен 8 күнге дейін
созылады. Ауру иттің
температурасы көтеріліп,
тәбеті қашады, ол өте 
мөте шөлдейді,
коньюктивитке ұшырайды, 
ауыз бен таңаудың, көздің
кілегейлі қабықтары
сарғаяды. Ауру өршіген
сайын иттің іші өтеді,
нәжісі сұйылады, оған қан
араласады, бұлшық еттері
дірілдейді, жүріс - тұрысы
бұзылады, ит теңселіп
тәлтіректейді, көбінесе
оның артқы аяқтары
жансызданып қалады 
(парлич). Ауру 3-8 күнге, 
кейде 10-14 күнге 
созылады.Ауырған иттің
30-40 % өледі 
Жасанды иммунитет
қалыптастыру үшін
кейбір шет елдерде
тірі және өлтірілген
вакциналар
қолданылады.
Ауру шыға қалған
жағдайда шектеу
қойылып, тиісті
сауықтыру
шаралары
жүргізіледі. Ауырған
аңдарда
бөліп
алып,
емдейді.
Жалпы
ветеринариялық -
санитарлық
шараларды толық
атқарып,
соңғы
ауру немесе өлім
жағдайынан кейін
30 күн өткен соң
шектеу алынады.
Ауруға шалдыққан
иттерді бөліп алып,
ауру белгілеріне
қарай емдейді. Ауру
ит ұсталған орын
дезинфекцияланады.
Аурудан айыққан
итті сау иттерден
бес ай бойы бөлек
ұстайды. Бұралқы
иттерді
қырып
жойып отырады.
3Техника қауіпсіздігі


Кешендерге мал дәрігерлік және санитарлық объектілер болады, олар
мыналар: 
1. Санитарлық тексеру орны;
2. Мал дәрігерлік қойма, амбулаторлық дәріхана, биопрепараттар
сақталатын қойма,
3. Азықтың сапасын зертеуге арналған лаборатория:
4. Ауру малға арналған арнайы орын – изолятор.
Аурудың алдын алу немесе емдеу шараларын ұйымдастыру үшін әрбір мал
дәрігер маман мал шаруашылығын жүргізудің технологиясы мен кешеннің
әрбір бөлігіндегі еңбек бөлінісінің ерекшелігін жақсы білу қажет.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы
малшыларды зооантронопонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін
жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға
алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. Алғашқы
нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты
жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі
тәртібімен таныстыру.
Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-ауасының зиянды газдармен, шаң
тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез
өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады.
Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар.
Мұндай шаруашылықта кейбір қолайсыз факторлар сақталады, Мысалы: ұзақ
уақыт бойы қоражайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның
бактериялармен ластануы жұмысшылар денсаулығына зиянды әсер етеді.
Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальды микроклиматты сақтау
қызмет көресутішілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Мал щаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық
киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім – бұл жұмысшыларды
физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын
құрал. Арнайы киімге кеудкше , камбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке
шұлықтар жатады. Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану
үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік, қолғап беріледі.
Санитарлық киім ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы
микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитарлық
киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады. Ауру
малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір
антропогонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қауіпті ауруларға топалаң,
маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. 
Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер
жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім
киюге, мал қора –жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі


сүтті ішуге болмайды. 
Қызмет көрсетушілер ауру малды күту барысында міндетті түрде киім киу
керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған
соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар
құрамында 100-150 мг\л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарарсыздандырады.
Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, камбинезон киіп
жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады.
Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге
немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 минут қайнатып,
сабынмен жуады.
Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана
жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет
профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен
туберкулезге тексеріледі. 
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар,
жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және
дезинфекциялық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі
керек. Дезинфекция немесе аэрозолды дезинфекциядан кейін жайларды 6-24
сағатқа жауып қояды . Мұндай жағдайда қора жайлардың есіктеріне «кіруге
болмайды» деген ескертпе жазулар ілінеді. Дезинфекция мерзімі біткен соң,
жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су
астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды.
Қорытынды


Қорыта келгенде, инфекциялық гепатитпен ит, түлкі, қарсақ сонымен
қатар табиғи жағдайда қасқыр, мысық, аю және құндыз ауырады. Әр
жастағы жануар шалдыққанмен көбінесе 1,5-6 айлық күшіктерде жиі
байқалады. 3 жастан асқаннан ит сирек ауырады. Жалпы алғанда әртүрлі
жануарлар арасында вирус алып жүру кең тарған. Аталған жануарлардан
кемірушілер, тіпті маймыл мен адам да бұл вирусты алып жүруі мүмкін.
Қолдан жұқтырғанда теңіз тышқаны, үй қояны басқа зертханалық
жануарлар ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы – ауру және
алып жүруші жануарлар. Вирус сілекейімен, жаспен, мұрынның сорасымен,
несеппен, нәжіспен бөлінеді, негізінен алиментарлық жолмен жұғады,
трансмиссивтік жолмен де берілуі мүмкін.
Ауру спорадия түрінде немесе індеттік тұтану ретінде байқалады. Жаңа
індет ошағында аңдарда 75% дейін қамтып, өлім көрсеткіші жоғары 35%
дейін болады. Кейіннен инфекция созылмалы түрге ауысады.
Вирус денеге өткенде алғашында сөл түйіндерінде көбейіп, кейіннен
қанға өтеді. 2-3 тәуліктен соң ядро ішіндегі денешіктер түрінде барлық
мүшелердің, әсіресе бауыр мен көк бауырдың капиллярлары мен
венулаларының эпителийінде кездеседі. Бұның нәтижесінде бауыр
дистрофияға ұшырап, организм интоксикацияға шалдығады, кейіннен
дистрофия құбылысы бүйрек пен миокардта да пайда болып, кілегейлі және
сірі қабықтар қанталайды. Ми мен жұлындағы жүйке орталықтары
зақымданып, дененің қимыл әрекеті созылады. Клиникалық белгілері айқын
білінгенде вирус барлық секреттер мен экскреттерде, кейіннен тек қана
бүйрек несепте болады. 
Аурудың алғашқы белгілері: температура сызығы қос өркештеніп келген
қызба, аппетиттің нашарлауы, шөлдің күшеюі және құсу, коньюктивит,
ринит, алқым мен тері асты шелінің ісінуі. Жұқпалы гепатиттің бірден бір
тұрақты белгісі - сүріншек шеміршектің тұсын басқанда ауырсынуы.
Қанның ұюы күшейіп, несепте қанттың мөлшері төмендейді.
Ауырып жазылған жануарларда өмірлік иммунитет қалыптасады.
Енесінің иммунитеті уыз арқылы күшіктеріне беріледі. Жасанды
иммунитет қалыптастыру үшін кейбір шет елдерде тірі және өлтірілген
вакциналар қолданылады, әдетте жұқпалы гепатиттің вакцинасы оба,
құтырық, лептоспирозға қарсы поливакциналардың құрамында болады.
Ауру шыға қалған жағдайда шектеу қойылып, тиісті сауықтыру
шаралары жүргізіледі. Ауырған аңдарда бөліп алып, емдейді. Жалпы
ветеринариялық - санитарлық шараларды толық атқарып, соңғы ауру немесе
өлім жағдайынан кейін 30 күн өткен соң шектеу алынады.Ауруға
шалдыққан иттерді бөліп алып, ауру белгілеріне қарай емдейді. Ауру ит
ұсталған орын дезинфекцияланады. Аурудан айыққан итті сау иттерден бес
ай бойы бөлек ұстайды. Бұралқы иттерді қырып жойып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және
күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов -
Алматы: Санат, 1992. –101б.
2
Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық
жоғары оқу
орындары үшін 
/Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 294 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии:
учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-86б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /
Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 122с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н
Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-115с. 
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н
Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-123с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов
ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы,
2000.-117с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов
/Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 161б.
Белгілер мен қысқартулар


м - шаршы метр
м - метр куб, көлем
м- метр
м/с — қозғалыс (ауа)
% - пайыз
°С - температура
мг/ м ~ көлем
г - грамм
кг - килограмм
т.б – тағы басқа
см – сантиметр
г – грамм



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет