Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарлама паспорты



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі312.5 Kb.
#22372
1   2   3   4

4.3.4. Екінші бағыт:

Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту
31. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.

Екінші бағытта мынадай құрамдас бөліктер бар:


1) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;


2) тірек ауылдарды кешенді дамыту.

4.3.4.1. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау
32. Аталған құрамдас бөлікті іске асыру олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.

33. Қатысуға құқығы бар адамдар үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарын дайындауға жәрдемдесу;

2) микрокредиттер беру;

3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;

4) жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.


34. Қатысу, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.

35. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында айқындалады.

Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүргізу және сервистік қызметтер көрсету үшін ұйымды айқындау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

36. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйым тұрғылықты жерінен тысқары жерде орналасқан жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек төленеді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқитын Бағдарламаға қатысушыларға бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдем көрсетіледі.

Сервистік қызметтерді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүргізген ұйым консультациялар жүргізу арқылы көрсетеді.


37. Микрокредит беру шарттары:

1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;

3) кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;

4) кредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

5) кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып, белгіленеді;

8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді.


38. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шарттары.

Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу және ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді көздейді.

Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.

39. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған ілеспе технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды.

Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманың  құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.

Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте кредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы ілеспе технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.

40. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;

2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша оны бекітеді;

Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;

3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды;

4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.

Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін.

5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей соңғы тұтынушымен жасалады.

41. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді;

Бұдан бұрын Жұмыспен қамту 2020, Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан адамдардың микрокредит алуға құқығы бар.

4) микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;

микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;

5) Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.

6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;

инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.

7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады;

8) жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

9) шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.
4.3.4.2. Тірек ауылдарды кешенді дамыту
42. Тірек ауылдарды кешенді дамыту мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде нысаналы нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.

Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

43. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік дамыу мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Бағдарлама операторымен келісім бойынша тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындайды.

Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі ВАК-та қаралады.

44. Тірек ауылды дамытудың әзірленген стратегиясы шеңберінде Бағдарламада көзделген барлық құралдары шектеулерсіз, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін ықтимал пайдалана отырып қолданылатын болады.

Осының есебінен:

1) жеке қосалқы шаруашылықтарда істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлерді толыққанды экономикалық белсенділікке тарту;

2) жұмыссыздардың, табысы аз адамдардың санын қысқарту;

3) тірек елді мекендерді жүйелі дамыту;

4) аграрлық сектордың, оның ішінде ілеспе және қосалқы өндірістердің қосылған құндарының тізбегін жүйелі дамыту қамтамасыз етіледі.

45. Іске асыру тетігі.

1) ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден ауылдық елді мекеннің бизнес моделін әзірлеу үшін консалтингтік компанияны таңдауды жүзеге асырады;

2) консалтингтік компания ауылдық елді мекендер үшін дамудың перспективалық бағыттарын айқындайды және ұсынады;

3) ауданның жергілікті атқарушы органы, консалтингтік компания және ауылдық округтің (кенттің) әкімі ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында жергілікті қауымдастық жиынына қатысуды қалайтын ауылдық елді мекен, жеке және заңды тұлғалар үшін дамудың перспективалық бағыттарын қарауды қамтамасыз етеді.

4) консалтингтік компания жергілікті қоғамдастық жиынында келісілген дамудың перспективалық бағыттарының, ауылды елді мекеннің негізінде ауылды елді мекендер үшін оңтайлы бизнес модельді айқындауды көздейтін дамудың мастер-жоспарын әзірлейді, ол мыналарды:

нақты сатып алушыға бағдарланған кәсіпкерлік қызметті;

іске асыруға ұсынылатын перспективалық бағыттар мен нақты жобаларды (ірі, орташа және шағын жобалар);

технологиялық тізбектерді дамытуды (ілеспе және қосалқы өндірістер);

шикізат берушіні, баға саясатын, логистиканы;

бәсекелестік басымдықтарды, еңбек ресурстарының болуын, олардың сапасын, көші-қон үдерістерін;

бизнес модельдегі белгілі бір жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды айқындауды;

құралдарға қажеттілікті және іске асыру кезеңдерін айқындауды қамтиды.

5) аудандардың (қаладардың) жергілікті атқарушы органдары бекіткен мастер-жоспар негізінде ауданның жергілікті атқарушы органы, консалтингтік компания және ауылдық округтің (кенттің) әкімі:

кредит беруге арналған қаражатқа қажеттілікті;

бизнес жоспарларды іске асыру қажеттігіне қарай инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру басымдылығы мен кезектілігін айқындайды;

6) аудандардың жергілікті атқарушы органдары мастер-жоспар негізінде бірінші бағыттың басымдықтарына сәйкес іске асыруға жоспарланатын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін, микрокредит беруге арналған қаражатқа қажеттілікті, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға және сервистік сүйемелдеу мен жөндеу жұмыстарын қамтитын бюджет өтінімін қалыптастырады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары облыстың жергілікті атқарушы органдарына қалыптастыру үшін бюджеттік өтінімді жібереді;

7) облыстың жергілікті атқарушы органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаларды таңдау негіздемесімен қоса іске асыруға жоспарланатын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастырады және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді;

8) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобаларды қарау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды шығарады және Бағдарлама операторымен келіседі;

9) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жібереді;

10) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы келісім жасалады;

11) Бағдарлама операторы мен жергілікті атқарушы органдар арасында кредиттік шарттар жасалады.

Келісімдер мен кредиттік шарттар жасалғаннан кейін көзделген қаражат жергілікті атқарушы органдарға аударылады;

12) жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

13) консалтингтік компания мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары мастер жоспарының барлық сатыларында сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

46. Аталған құрамдас бөлікті іске асыру кезіндегі қосымша ынталандыру шарттары:

1) Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына, Бағдарламаға қатысушылардың қатарынан ауылдық тұтыну кооперативінің бір мүшесіне берілетін микрокредиттің ең жоғары мөлшері 5 млн. теңгеден аспайды;

2) Бағдарламада көзделген қаражат есебінен микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

3) ауылда іске асырылатын жобалар үшін Бағдарлама қаражатынан тыс Бағдарламаға қатысушыларға берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

4) ауылда іске асырылатын жобалар үшін Бағдарлама қаражатынан тыс Бағдарламаға қатысушыларға берілген лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

5) ауылдық тұтыну кооперативтерінде мыналар:

нақты жобаны іске асыру үшін ақшалай және тауар түрінде кредит беру;

қажетті жабдық пен технологияны сатып алуға гранттар беру көзделетін болады;

6) тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі функцияларды іске асыруды қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) жүзеге асырады.

47. Кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары.

Екінші деңгейдегі банктер немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары беретін кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ауылда бизнесті жүргізуге арналған жаңа кредиттер, сондай-ақ ауылды жердегі, оның ішінде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда, тірек елді мекендердегі, оның ішінде өндірісті сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысушыларға берілген/жасалған кредиттер/микрокредиттер/қаржы лизингі шарттары ғана субсидиялауға жатады.

Тұтыну мақсатына, алдыңғы қарыздарды жабуға және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға берілетін овердрафт түріндегі кредиттер/микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.

Жаңа кредиттерге/микрокредиттерге/қаржы лизингі шарттарына 2013 жылғы 1 маусымнан бастап берілген/жасалған кредиттер/микрокредиттер/лизингтік мәмілелер жатады.

Кредиттің/микрокредиттің сомасы – 5 млн. теңгеге дейін.

Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін.

Субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау екінші деңгейдегі банктердің 14 -дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 6 -ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларға берген микрокредиттер бойынша Бағдарлама қаражатынан тыс 14 -дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 -ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларға берген микрокредиттер бойынша Бағдарлама қаражаты есебінен 8 -дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 -ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.


48. Банк немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары:

1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;


      2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен  алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.

49. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.


Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды лизингтік компаниялар/екінші деңгейдегі банктер Бағдарламаға қатысушыларға берген Қаржы лизингі шарттары бойынша Бағдарлама қаражатынан тыс 14 -дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 -ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.

50. Банк:

1) өтінім беруші бастама жасайтын қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;

3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнін арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;

4) кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

51. Субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

Субсидиялар сомасын «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.

«Даму» КДҚ» АҚ кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

52. Кредиттер/микрокредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі:

1) өтінім беруші екінші деңгейдегі банкке/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына/Лизингтік компанияға жүгінеді;

2) екінші деңгейдегі банк/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыға жобаға кредит беруге/Қаржы лизингі шартын жасауға дайын екендігі туралы хабарлама жібереді;

3) Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банктің/Лизингтік компанияның оң шешімімен Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол осы жобаны аудандық (қалалық) комиссияның қарауына шығарады.

4) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң шешім алған соң микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол бизнес-жобаны аудандық (қалалық) комиссияның қарауына шығарады.

5) аудандық (қалалық) комиссия жобаны субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Аудандық (қалалық) комиссия шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді;

6) халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссия субсидиялауға мақұлдаған жобалардың тізбесін субсидиялау шарттарымен микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына/екінші деңгейдегі банкке/Лизингтік компанияларға, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ жібереді;

7) екінші деңгейдегі банктердің/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредит беру/микрокредит беру бойынша – аудандық (қалалық) комиссияның оң шешімі бар жобалар бойынша субсидиялау бойынша екінші деңгейдегі банктердің/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының Бағдарламаға қатысушы мен «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау шартын жасайды, соның шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ мен Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банкке/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына сыйақы мөлшерлемесінің тиісті бөлігін төлейді.

8) лизингтік компанияның Қаржы лизингі шартын жасасу және субсидиялау бойынша аудандық (қалалық) комиссияның оң шешімін алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы және «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау шартын жасайды, соның шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ мен Бағдарламаға қатысушы лизингтік компанияға сыйақы мөлшерлемесінің тиісті бөлігін төлейді;

9) Бағдарламаға қатысушы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет