Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы РҚао-ның ескертпесі!



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#22370
1   2   3   4   5
      49. Тірек ауылдың мастер-жоспарын іске асыру барысында Бағдарламада көзделген құралдар шектеусіз қолданылатын болады.
      50. Тірек ауылдардағы жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушыларды қосымша ынталандыру:
      1) 5 жылдан аспайтын мерзімге 5 млн. теңгеге дейінгі сомада микрокредит беру;
      2) бір айға дейінгі мерзімге кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, бизнес-жоспар даярлауға көмек көрсету, жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер және ИКИ дамыту, Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу;
      3) Бағдарлама қаражатынан тыс тірек ауылдарда жобаларды іске асырып жатқан адамдарға берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      4) тірек ауылдарда тұратын және Бағдарламаға қатысушы болған адамдарға өздерінің таңдаған Бағдарлама бағыттарына сәйкес мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ұсынылады.
      51. Тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі функцияларды іске асыруды қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
      52. Тірек ауылдарда тұратын адамдардың екінші деңгейдегі банктер кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру тетігі, тәртібі, шарттары мен көздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Бизнестің 2020 жол картасында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      53. Мастер жоспарды әзірлеу тәртібі:
      1) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ауыл округтерінің әкімдері тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлейді;
      2) тірек ауылдың мастер-жоспары жергілікті қауымдастық жиынына талқылауға шығарылады және жеке және заңды тұлғалар ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында іске асырады;
      3) жергілікті қоғамдастық жиынында мақұлданған тірек ауылдың мастер-жоспары аудандық комиссияның қарауына шығарылады және оң қорытынды алынғаннан кейін өңірлік комиссияның қарауына жіберіледі.
      4) өңірлік комиссияның оң қорытындысын алған тірек ауылдың мастер-жоспары тиісті орталық уәкілетті органдармен бірлесіп қаржыландыру және ВАК-тың қарауына енгізу жөнінде қорытындыны бағалау, ұсыну үшін Бағдарлама операторына жібереді.
      5) ВАК мақұлдаған мастер-жоспарды аудан (қала) мәслихаты бекітеді және жергілікті атқарушы органдар іске асырады.
      54. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады.
      55. Тірек ауылды дамыту жөніндегі ұсынылатын шаралар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилоттық режимде сынақтан өткізіледі.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Үшінші бағыт:


жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      56. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.


      57. Үшінші бағыттың мынадай құрауыштары бар:
      1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу



      58. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
      1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;
      2) тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;
      3) кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
      5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
      6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
      Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау
      59. Кәсіптік бағдарлау кәсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау Жалпыұлттық дерекқордағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      60. Кәсіптік бағдарлауды жүргізуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар немесе мемлекеттік сатып алу туралы және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және/немесе үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.
      61. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
      62. Кәсіптік бағдарлау 2014 жылы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өткізіледі.
      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Кәсіптік оқыту:
      63. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.
      64. Оқуға үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлерді де жұмыс беруші іріктейді.
      Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды өз бетінше таңдайды.
      Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.
      65. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
      Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
      66. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы:
      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды;
      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды;
      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды.
      67. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне байланысты белгілейді.
      Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және өңірлік комиссиямен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды.
      68. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген тұрақты жұмыс орнына жібереді.
      69. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдарды оқыту толық аяқталғанға дейін жүзеге асыратын болады.
      Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу
      70. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      71. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілген жалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
      Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.
      72. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіби оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетінше не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
      73. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      74. Іске асыру тетігі:
      1) үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
      ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
      3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер мәлімдеген мамандық бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі;
      4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер де әлеуметтік келісімшарт тараптары бола алады.
      Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;
      5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын


арттыру

      75. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.


      Жұмыс берушілер мен өз еркімен қоныс аударатын азаматтардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдауды алу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
      76. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:
      1) бір ауданның ішінде;
      2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
      78. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.
      79. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:
      1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
      2) қызметтік тұрғын үй беруді;
      3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;
      4) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды;
      5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтиды.
      80. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
      Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жатақханалардан бөлме беріледі.
      Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.
      81. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;
      2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер Халықты жұмыспен қамту орталықтарына:
      мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете отырып;
      Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді;
      3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бөледі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына, құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық талаптар қояды;
      4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет және жұмыс берушінің барабар түрде салған қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.
      Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады;
      5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады:
      тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі;
      қоныс аударған азаматтардың міндетті түрде жұмысқа орналасуы;
      жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері;
      тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшін таңдау, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады;
      6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.
      82. Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:
      1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету  қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;
      2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, құжаттарды қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;
      3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:
      өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды;
      аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
      4) Бағдарлама операторы, өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үміткерлерді қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады;
      5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыс орталықтарының шегінде тұратындар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге рұқсат беріледі;
      6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды;
      7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

9. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру



      83. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
      84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражатты бөлуді келіседі;
      2) Бағдарламаны орындаудың негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша есептерін тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
      4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлуді қарайды және келіседі.
      Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында:
      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
      2) ВАК-пен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу және Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлу туралы ұсыныстар дайындайды;
      3) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
      4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет