13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
95. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар.
96. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, кредиттер бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.
97. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.
14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
98. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:
1) 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;
2) 2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;
3) 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;
4) 2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
Р/с
№
|
Iс-шараның атауы
|
Шығыстар
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзiмi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Ұйымдастыру iс-шаралары
|
1
|
Сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға арналған тұрғын үйлердің (жеке немесе көппәтерлі), жатақханалардың үлгілік жобаларын әзірлеу
|
-
|
ӨДМ
|
жобалау-сметалық құжаттама
|
2014 жылғы 4-тоқсан
|
2
|
Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелеріне, әлеуметтік келісімшарттың нысанына, әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының өтініштеріне (хабарламаларына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекмині
|
бұйрық
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
3
|
Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық ұсынымдарды бекіту туралы
|
-
|
Еңбекмині, ҰКП
|
бұйрық
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
4
|
Пилоттық режимде кешенді дамыту үшін тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлеу
|
-
|
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері
|
тірек ауылды дамытудың мастер жоспары
|
2014 жылғы 2-тоқсан
|
5
|
Іріктелген тірек ауылдарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын сынақтан өткізу
|
2014 жылға көзделген қаражат шегінде
|
Еңбекмині, ӨДМ, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері
|
Үкіметке ақпарат
|
2014 жылғы
2-жартыжылдық
|
6
|
Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
|
«ЖҚП АТО» АҚ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Еңбекминіне ұсыныстар
|
2014 жылғы 4-тоқсан
|
2. Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру
|
7
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, ӨДМ
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
|
8
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, Қаржымині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
|
9
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, ӨДМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
5. Ақпараттық жұмыс
|
10
|
Халықтың жұмыспен қамту мемлекеттік саясаты мәселелерінде хабардарлығын арттыру
|
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар
|
тұрақты
|
11
|
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ
|
–
|
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
|
ЭБЖМ
|
–
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
|
Қаржымині
|
–
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
БҒМ
|
–
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
|
Еңбекмині
|
–
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
ҰКП
|
–
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
|
«ЖҚП АТО» АҚ»
|
–
|
«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы.
2. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1065 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 11, 211-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1772 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 160-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Достарыңызбен бөлісу: |