Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (28 шығаралым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет3/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#143386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

шыны пластиктен, композициялық материалдардан жасалған күрделі бұйымдарды контурлеу;

матералдарды механизмдердің (станақтың, машинаның) және пневмоқұралдың көмегімен контурлеу;

қозғағыш механизмдердің жарамдылығын тексеру, кесуші құралды орнату және бекіту;

айлабұйымдарды берілген мөлшердегі материалдардың контурына қою, материалдарды дайындау және сұрыптау;

жабдықты қосу;

материалдарды таспалы арамен, фрезбен және дискімен кесу және контурлеу;

бұйымдарды бұрғылау және тегістеп жылтыратушы машиналарда берілген мөлшерге өңдеу;

материалдардың қалыңдығы мен қасиеттеріне қарай дискілердің айналу жылдамдығын қадағалау және реттеу;

кесу сапасын өлшеу құралымен тексеру;

материалды түсіру және жинау, өнім есебін жүргізу;

жабдық пен құралды ұсақ жөндеу және баптау.

96. Білуге тиіс:

кесуші құралды орнату және механизмдерді берілген мөлшердегі материал контурына қою ережесін;

сызбаны оқу ережесін;бұйымдар мен материалдарды сызба мен шаблондар бойынша белгі салу жолдарын;

өлшеу құралын пайдалану ережесін;

толтырғыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін.

97. Жұмыс үлгілері.

1) материалдар: пенопластан жасалған блоктар, шыны пластиктен, гитенакстан, текстолиттен жасалған пластиналар, пленкалық материалдар, қағаз орамдары – контурлеу;

2) бұйымдар: қоршамалар, жарамды заттар мен кеме жиһазы, кнехтілер, есік комингстері, корпустар мен палубалар, корпусты стапельде құрастыру кезіндегі қосындылар, күрделі конфигурация жиынтықтары, пиллерстер, маңдайша шыны рамкасы, рубкалар мен қондырмалар, баспалақтар, арқаулар, көмекші және негізгі қозғағыш іргетастары, цистерналар - контурлеу.

Параграф 3. Шыны пластик бұйымдарды контурлаушы, 4-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен, композициялық материалдардан жасалған күрделі конфигурациялы жауапты конструкцияларды барлық кеңістік жағдайында және жұмысқа қолайсыз жерлерде берілген дәлдікпен, сызбалар, шаблондар мен бұрыш өлшеуіштер бойынша контурлеу;

контуршылар бриагадасын басқару.

99. Білуге тиіс:

станоктар мен кесуші құралдардың барлық үлгілерін;

шыны пластиктен, басқа да материалдардан жасалған бұйымдарды контурлеуге арналған кесуші құралды пайдалану ережесін;

пневмоқұрал мен жабдықтың құрастыру жұмыстарына арналған кинематикалық сызбасын;

корпус пен отсектердің тұтастығына қойылатын талаптарды;

өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.

100. Жұмыс үлгілері.

1) зәкір және палуба клюздері, корпустары, есу винттерінің кронштейндері, палуба қондырмасы, аралық қабырғалар, еден секциялары, борттық, көмекші және негізгі қозғағыш асына қойылатын палубалық іргетастар, арнаулы қондырғылар - контурлеу.

17. Шыны пластиктерді үлгілеуші


Параграф 1. Шыны пластиктерді үлгілеуші, 3-разряд
101. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен қарапайым үлгілерді қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа) үлгі және эскиздер бойынша жасау;

байланыстырғышты дайындау және шыны матаны немесе шыны жгутты сонымен сіңірмелеу;

сіңірмеленген шыны материалдарды үлгілерге салу;

үлгілерді полимерлеу;

үлгілерді алу;

үлгілерді құрастыру, жеткеру, жылтырату, қажетті мөлшерге жеткізу;

үлгілерді жөндеу.

102. Білуге тиіс:

шыны пластиктен қарапайым үлгілерді жасау әдістерін, үлгілерді полимерлеу режимін, қарапайым үлгілерді құрастыру, жеткеру және жөндеу ережесі мен жолдарын;

өлшеу құралын пайдалану ережесін.

103, Жұмыс үлгілері.

1) тежегіш будкасы бөлшектерінің, бак бөлшектерінің үлгілері және тағы басқа.

Параграф 2. Шыны пластиктерді үлгілеуші, 4-разряд


104. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен күрделігі орташа, тегіс және сфериялы, шығып тұратын бөліктері жоқ қабатты үлгілерді қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа ) үлгі және эскиздер бойынша жасау;

байланыстырғышты дайындау және шыны матаны немесе шыны жгутты сонымен сіңірмелеу;

сіңірмеленген шыны материалдарды алғашқы үлгілерге салу;

үлгілерді полимерлеу;

шыны пластиктерден жасалған үлгілерді алғашқы үлгілерден алу;

үлгілерді құрастыру, жеткеру, жылтырату, қажетті мөлшерге жеткізу;

үлгілерді жөндеу.

105. Білуге тиіс:

шыны пластиктен күрделігі орташа, тегіс және сфериялы, шығып тұратын бөліктері жоқ қабатты үлгілерді жасау әдістерін;

үлгілерді полимерлеу режимін, үлгілерге қойылатын техникалық талаптарды;

үлгілерді құрастыру, жеткеру, және жөндеу ережесі мен жолдарын, өлшеу құралын пайдалану ережесін.

106. Жұмыс үлгілері:

1) сереуен қайығы бөлшектерінің, «Старт» автобусы қорабы бөлшектерінің, тепловоз кабинасы қорабы бөлшектерінің, кеме жиһазына арналған үлгілер - орындықтар, креслолар және тағы басқа.

Параграф 3. Шыны пластиктерді үлгілеуші, 5-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен күрделі, фасонды үлгілерді, шығып тұратын бөліктері бар, түрлі жазықтыққа орналастырылған орташа мөлшердегі және ірі үлгілерді, қабатты үлгілерді қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа) үлгі және эскиздер бойынша жасау;

байланыстырғышты дайындау және шыны матаны немесе шыны жгутты сонымен сіңірмелеу;

сіңірмеленген шыны материалдарды алғашқы үлгілерге салу;

үлгілерді полимерлеу;

шыны пластиктерден жасалған үлгілерді алғашқы үлгілерден алу;

үлгілерді құрастыру, жеткеру, жылтырату, қажетті мөлшерге жеткізу;

үлгілерді жөндеу.

108. Білуге тиіс:

шыны пластиктен күрделі, фасонды үлгілерді, шығып тұратын бөліктері бар, түрлі жазықтыққа орналастырылған орташа мөлшердегі және ірі үлгілерді, қабатты үлгілерді қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа) үлгі және эскиздер бойынша жасау жасау әдістерін;

байланыстырғыштың, шыны мата мен шыны холстың негізгі қасиеттерін;

үлгілерді полимерлеу режимін, үлгілерге қойылатын техникалық талаптарды;

үлгілерді құрастыру, жеткеру, және жөндеу ережесі мен жолдарын, өлшеу құралын пайдалану ережесін.

109. Жұмыс үлгілері:

1) сереуен қайығы корпусының, тепловоз кабинасы корпусының, ауылшаруашылығы жабдығы авиация бактарының үлгілері және тағы басқа.

Параграф 4. Шыны пластиктерді үлгілеуші, 6-разряд


110. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен мөлшері жағынан ерекше дәлдікті талап ететін, ерекше күрделі және фасонды үлгілерді, портреттік ұқсастығы бар көркем шығарма үлгілерін жасау;

алғашқы үлгілерді қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа) үлгі және эскиздер бойынша жасау;

байланыстырғышты дайындау және шыны матаны немесе шыны жгутты сонымен сіңірмелеу;

сіңірмеленген шыны материалдарды алғашқы үлгілерге салу;

үлгілерді полимерлеу;

шыны пластиктерден жасалған үлгілерді алғашқы үлгілерден алу;

ерекше күрделі дәлдікті талап ететін, ерекше күрделі және фасонды үлгілерді, портреттік ұқсастығы бар көркем шығарма үлгілерін құрастыру, жеткеру, жылтырату, қажетті мөлшерге жеткізу;

үлгілерді жөндеу.

111. Білуге тиіс:

дәлдікті талап ететін, ерекше күрделі және фасонды үлгілерді, портреттік ұқсастығы бар көркем шығарма үлгілерін қалыптаушы массадан (гипстен және тағы басқа) үлгі және эскиздер бойынша жасау әдістерін;

байланыстырғыштың, шыны мата мен шыны холстың негізгі қасиеттерін, оларды қолдану нысанын;

үлгілерді полимерлеу режимін, үлгілерге қойылатын техникалық талаптарды; үлгілерді құрастыру, жеткеру, және жөндеу ережесі мен жолдарын, өлшеу құралын пайдалану ережесін.

112. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

113. Жұмыс үлгілері:

1) ауылшаруашылық авиациясына арналған тоннельдік тозаңдатқыш үлгілері.

18. Металдандырылған шыны жіпті монтаждаушы
Параграф 1. Металдандырылған шыны жіпті монтаждаушы, 3-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:

таспаларды планшеттерге төсеу, мөлшері бойынша өлшеп алу, ұштарын планшетке және металдандырылған жіпті таспаға жапсыру, таспаны гильзаға орау, қағаз таспаларды монтаждау және контейнерлерге буып-түю, таспаларды картон қораптарға, полиэтиленді қапшықтарға және ағаш жәшіктерге буып-түю.

115. Білуге тиіс:

металдандырылған жіп бұйымдарын барлық өтпелер буып-түю процесін жүргізу ережесін;

құралдар мен аспаптарды күту ережесін.

19. Шыны талшық және шыны пластик өндірісіндегі

жабдықты баптаушы
Параграф 1. Шыны талшық және шыны пластик өндірісіндегі

жабдықты баптаушы, 4- разряд


116. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы ауданы 20 кв. м дейінгі, шыны пластик бұйымдар мен конструкцияларды тозаңдату немесе үздіксіз қалыптау әдісімен жасауға арналған конвейер немесе ағынды желілердегі қондырғылардың (бұйым құралдарын жуу камераларының, байлаыстырушыны салатын, бөлгі және декоративтік жабын, полимерлеу, тозаңдату, шыны жгутты кесу камерасының, тарту құралының және тағы басқа ) жекелеген тораптарын баптау;

қондырғының, ауамай тазалағыштың және құралды жылжытуға арналған айлабұйымдардың жұмысын қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, жабдықты ұсақ жөндеу, тораптың жекелеген бөліктерін ауыстыру;

механиздерді майлау және тазалау;

қондырғыларға қызмет көрсететін жұмысшыларға нұқсаулық беру.

117. Білуге тиіс:

қондырғылардың технологиялық сызбасын;

оның тораптарының кинематикалық сызбасын;

қондырғының құрылымын, жұмыс істеу, реттеу, баптау және жөндеу принципін;

шыны жгуттың, шайырдың физикалық-химиялық қасиеттерін және оларға қойылатын техникалық талаптарды;

шыны пластик бұйымдарды жасау технологиясын.

Параграф 2. Шыны талшық және шыны пластик өндірісіндегі

жабдықты баптаушы, 5- разряд


118. Жұмыс сипаттамасы:

шыны шарлы автоматтарды, шыны тоқу агрегаттарын, алғашқы талшықты үрлеу тәсілімен шыны талшығын алу үлгісіндегі машиналарды баптау және профилактикалық қарау;

жекелеген бөлшектерді, бөліктер мен қалыптарды ауыстыру;

кесуші аппараты баптау және реттеу, айналыс санын белгілеу;

бобинаұстауышы бар бұрма тораптарды, автоматтандыру жүйесін, тиеу құрылғысын баптау және жөндеу;

жалпы ауданы 20 кв. м дейінгі, шыны пластик бұйымдар мен конструкцияларды жасауға арналған технологиялық қондырғылардың жекелеген тораптарын (сіңірмелеу, пенополиуретан дайындау, шыны матаны пакетке салу, вакуумді престеу, бұйымды түсіріп алу, корпусты құйып сынау, бояу боксын және тағы басқа ) баптау;

байланыстырғыштың деңгейін, шыны материалдардың тартылу дәрежесін реттеу;

вакуум-насостар мен пенополиуретан жасау жөніндегі аппараттардың жұмысын бақылау;

бұйымды гидротүсіру жүйелерін қадағалау;

жабдықты ұсақ жөндеу;

жөндеу жұмысшыларын басқару;

қондырғыларға қызмет көрсетуші жұмысшыларға нұсқама беру.

119. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;

баптау тәсілдерін;

тиісті механизмдер мен тораптарды жөндеу жүргізудің тәртібін;

слесарлық іс пен электротехниканы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті көлемде;

бұйымдарды жасау технологиясын;

реттеу процесінің параметрелері мен ережесін.

Параграф 3. Шыны талшық және шыны пластик өндірісіндегі

жабдықты баптаушы, 6- разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:

шыны талшығын алу өндірісіндегі конвейер желілерінде орналастырылған бағдарламалық басқарылатын технологиялық қондырғылардың барлық тораптарын (сіңірмелеу, армирленген пресс-материалдарын дайындау, байланыстырғыштарды дайындау және тағы басқа) баптау;

тұйықталған технологиялық циклде, сондай-ақ жалпы технологическом процесте жұмыс істейтін гидравликалық престерді баптау және жөндеу;

жабдықты ағымдық жөндеу;

қондырғыларға қызмет көрсетуші жұмысшыларға нұсқама беру.

121. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және электр сызбаларын;

баптау тәсілдерін;

бұйымдарды жасау технологиясын;

реттеу процесінің параметрлері мен ережесін.

20. Шыны талшықтан жасалған дайындамаларды өңдеуші
Параграф 1. Шыны талшықтан жасалған дайындамаларды

өңдеуші, 2-разряд


122. Жұмыс сипаттамасы:

шыны талшық дайындамалардың бүйір жағына пластмассаны және сыртқы бетіне эпоксидті шайырды жағу;

оларды кептіруге дайындау кезінде сым және метал торшамен орау;

дайындамаларды вакуумді-кептіру пешіне салу.

123. Білуге тиіс:

пластмассаны және сыртқы бетіне эпоксидті шайырды дайындамаларға жағудың ережесі мен жолдарын;

шыны талшықпен жұмыс істеу ережесін;

дайындамаларды кептіруге әзірлеу жолдарын.

Параграф 2. Шыны талшықтан жасалған дайындамаларды

өңдеуші, 3-разряд


124. Жұмыс сипаттамасы:

базалық шыныны дайындамалардың бүйір беттеріне жапсыру;

дайындамаларға белгі салу;

дайындамаларды механикалық арамен берілген мөлшер бойынша кесу;

дайындамаларды вакуумді-кептіру пешінде кептіру;

аспаптардың көрсетіштерін қадағалау;

сыртқы бетті эпоксидті желіммен сіңірмелеу;

сыртқы беттерді инфрақызыл шаммен термоөңдеу;

технологиялық журналға жазба жүргізу.

125. Білуге тиіс:

шыны талшықтың нысаны мен негізгі қасиеттерін;

эпоксидті желімнің құрамы мен оның қасиеттерін;

кептіру режимін;

механикалық араның және вакуумді-кептіру пешінің құрылымы мен жұмыс принципін.

Параграф 3. Шыны талшықтан жасалған дайындамаларды

өңдеуші, 4-разряд


126. Жұмыс сипаттамасы:

дайындамаларды вакуумді қондырғыда сіңірмелеуге әзірлеу;

желімдеуші композицияларды жасау;

дайындамалардың сыртқы беттерін эпоксидті желіммен вакуумді сіңірмелеу қондырғысында сіңірмелеу;

вакуумді қондырғының жұмысын қадағалау;

шыны талшық элементтерін аспап бөлшектеріне желімдеу.

127. Білуге тиіс:

шыны талшықтың оптикалық қасиеттерін;

вакуумді қондырғының құрылымы мен жұмысын;

қолданылатын желімдеуші композициялар мен реактивтердің нысаны мен химиялық қасиеттерін;

сызбаны оқу ережесін.

21. Сепаратор пластиналарын жиектеуші


Параграф 1. Сепаратор пластиналарын жиектеуші, 1-разряд
128. Жұмыс сипаттамасы:

берілген рецепті бойынша арнаулы мастиканы жасау;

механикаландырылған өңдеу кезінде сепаратор пластиналарын сұрыптау;

пластиналарды жиектеу, кептіру шкафына салу, кептіру температурасын реттеу.

129. Білуге тиіс:

арнаулы мастиканы жасау рецептін;

пластиналарды жиектеу жолдарын; пластиналардың мөлшерін;

кептіру шкафының құрылымы мен жұмыс принципін;

сепаратор пластиналарының сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын;

сепаратор пластиналарын қолмен жасау кезіндегі жиектеу жұмыстарын орындауды.

Параграф 2. Сепаратор пластиналарын жиектеуші, 2-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:

сепаратор пластиналарын механикалан-дырылған тәсілмен өндіру кезінде берілген рецепті бойынша арнаулы мастиканы жасау;

механикаландырылған өңдеу кезінде сепаратор пластиналарын сұрыптау;

механикаландырылғанк есу, пластиналарды жиектеу, кептіру шкафына салу, кептіру температурасын реттеуді жүргізу.

131. Білуге тиіс:

мастиканы жасау рецептін;

пластиналарды жиектеу жолдарын;

пластиналардың мөлшерін;

сепаратор пластиналарын жасау механизмінің құрылымын;

кептіру шкафының құрылымы мен жұмыс принципін;

сепаратор пластиналарының сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын;

шыны холсты механикалан-дырылған тәсілмен жасау және кесу кезіндегі жиектеу жұмыстарын орындау жолдарын.

22. Шыны пластиктен жасалған бұйымдарды бояушы
Параграф 1. Шыны пластиктен жасалған бұйымдарды бояушы, 2-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған дайын бұйымдарды қолмен қылқаламмен, пульверизатормен немесе краскопультпен бояу кезіндегі жекелеген операцияларды орындау;

жақпа массалары мен бояушы ерітінділерді жасау;

бұйымдарды жақпалау және бояу;

бұйымдарды майлы және спиртті лактармен жабу.

133. Білуге тиіс:

шыны пластиктен жасалған үлгілер мен бұйымдарды жақпалау және бояу тәсілдерін;

лактардың, бояулардың, жақпалардың сұрыптарын;

үлгілер мен бұйымдарды қылқаламмен немесе арнаулы айлабұйыммен бояу жолдарын;

негізгі бояу түрлерін.

Параграф 2. Шыны пластиктен жасалған бұйымдарды бояушы, 3-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған дайын бұйымдарды қолмен кистімен, пульверизатормен немесе краскопультпен бояу;

жақпа массалары мен бояушы ерітінділерді жасау;

бұйымдарды графитпен бояу;

бұйымдарды майлы және спиртті лактармен;

арнаулы құраммен жабу, бұйымдарды ағаш және тас түріне келтіру, құрамды берілген үлгі бойынша колер араластыру отырып дайындау.

135. Білуге тиіс:

шыны пластиктен жасалған үлгілер мен бұйымдарды жақпалау және бояу тәсілдерін;

лактардың, бояулардың, жақпалардың сұрыптарын, қарапайым және күрделі суреттерді қылқаламмен немесе арнаулы айлабұйыммен бояу жолдарын.

23. Ровинг жасау операторы


Параграф 1. Ровинг жасау операторы, 3-разряд
136. Жұмыс сипаттамасы:

ровингті машинада орау;

бобиналарды немесе басқа да шыны жібі бар түймелерді машин рамкасына орнату;

жіпті бір бумаға жинау және ораушы барабанға салу;

машинаны іске қосу және тоқсату;

ровингтің оралу сапасын қадағалау;

жіп үзіктерін жою;

жұмыс процесінде бобиналарды ауыстыру.

137. Білуге тиіс:

машинаның құрылымы мен жұмыс принципін;

алғашқы жіпті бобинаға орау сапасына қойылатын талаптарды;

ровингті түймеге орау ережесін;

брактың шығу себептерін және оның алдын алу мен жою жолдарын.

Параграф 2. Ровинг жасау операторы, 4-разряд


138. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтандырылған және көп тұғырлы машиналарды арнаулы бұйымдар өндіру үшін жоғары модульді және сілтісіз шыны құрамдарынан ровинг өндіру;

бобиналарды немесе басқа да шыны жібі бар түймелерді автоматты тоқтату мен жіп тарту жүйесімен жабдықталған машина рамкасына орнату;

үзілген жіп ұштарын желімдеу;

жұмыс процесінде бобиналарды немесе басқа да түймелерді ауыстыру.

139. Білуге тиіс:

кордты талшық алуға арналған тростильдік – орау және қайта орау үлгісіндегі атоматтандырылған және көп тұғырлы машиналардың құрылымын және олардың жұмыс принципін;

автоматты тоқтату мен жіп тарту жүйесінің құрылымын және олардың жұмыс принципін;

алғашқы жіпті бобинаға орау сапасына қойылатын талаптарды.

24. Рулонды-конструкциялық материалдарды жасау операторы


Параграф 1. Рулонды-конструкциялық материалдарды

жасау операторы, 4-разряд


140. Жұмыс сипаттамасы:

шайырмен сіңірмеленген және тігу рулонды-конструкциялық материалдарды арнаулы қондырғыда жасау процесін жүргізу;

жгуты салу;

қондырғы тораптарының; кесу механизмінің, тозаңдату құрылғысының, байланыстырушы құрамға арналған насостың, материалды қалыптау камерасы мен сору камерасының, желдеткіштің, төсеме материалды беру механизмінің, конвейердің және тағы басқа жұмыс режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу;

рулонды-конструкциялық материалдарды жасау процесін қадағалау;

жұмыс процесінде анықталатын ұсақ ақауларды түзету.

141. Білуге тиіс:

рулонды-конструкциялық материалдарды жасау технологиясын;

қондырғының құрылымын; жұмыс режимін реттеудің ережесі мен тәсілдерін;

дайын материалдарға арналған техникалық шарттарды;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін.

25. Кварцты шыны талшығын алу операторы


Параграф 1. Кварцты шыны талшығын алу операторы, 3-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

супер жіңішке және штапельді кварц шыны талшығын арнаулы қондырғы конвейерінен (супер жіңішке және штапельді кварц шыны талшығынан арнаулы бұйым түрлерін жасау кезінде, шыны талшықты конвейерден қалыптаушы құрылғыға салу) қабылдап алу;

жұмысталатын супер жіңішке және штапельді кварц шыны талшығынан талшық ақауларын, бөгде қосындыларды, іріктеу;

алынатын шыны талшықтың сапасын қадағалау, оны тараға салу, таңбалау;

супер жіңішке және штапельді кварц шыны талшығын өндіру кезінде ақау талшықтарды жинау;

қабылдаушы конвейер торшасын және сорғыш сүзгіні ұсақ талшықтардан, ұдайы тазартып отыру, бекітілген жұмыс орнын жұмыс соңында жинастыру;

штапельді кварц шыны талшығын әзірлеу барысында қолданылатын байланыстырғышты жасау, оны шыны талшыққа салу.

143. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін және онда жұмыс істеу қауіпсіздігін;

супер жіңішке және штапельді кварц шыны талшығын алу технологиясын;

талшыққа қойылатын техникалық талаптарды;

талшық брагының түрлерін;

бракты туындататын себептерді және оны жою жолдарын;

байланыстырғыштың құрамын және штапельді кварц шыны талшығын алу үшін оны жасау тәсілін.

Параграф 2. Кварцты шыны талшығын алу операторы,3-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

супер жіңішке кварц шыны талшығын арнаулы қондырғыларда кварц стерженьдерді алғашқы талшыққа отпен қайта тарту, соңғыларын жанған ағынымен балқыту және үрлеу тәсілімен, және штапельді кварц шыны талшығын арнаулы қондырғыларды кварц стерженьдерді отпен қыздыру және оларды қысымдалған ауа ағынымен үрлеу тәсілімен, берілген қалыңдықтағы үздіксіз кварц талшығын әртүрлі майлауышта кварц стерженьдерді отпен қыздыру және оларды арнаулы қондығылардың ораушы механизмдерінің көмегімен .үздіксіз талшыққа созу тәсілімен алудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты (кварц стерженьдерді) жұмысқа дайындау: сыртқы ақаулары бойынша брака шығару, кассетаға, соңынан – қондырғының беру механизміне салу;

штабик ұштарын балқыту оттығы аумағында балқыту, алғашқы талшықты созу, оны тартушы механизмге іліктіру;

алғашқы талшықты оттық аумағына беру үшін арнаулы құрылғының (гребенканың). көмегімен адымды реттеу;

алғашқы талшықты үрлеу құрылғысымен супер жіңішке талшыққа үрлеу;

балқыту және үрлеу оттығының температурасын, екі оттықтың басқару пультіндегі қысымды өзгерту арқылы реттеу;

қондырғының барлық тораптарының жұмысын: штабиктердің балқыту оттығы аумағына берілуін, алғашқы талшықтың тартылу жылдамдығын, конвейердің ауысу жылдамдығын, үрленетін және сорылатын ауаның көлемін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу;

айналма су жүйесіндегі судың қысымын және температурасын бақылау;

штапельді кварц талшығын өндіру кезінде сығымдалған ауа қысымын бақылау;

үздіксіз кварц талшығын өндіру кезінде шикізатты (кварц стерженьдерін) сыртқы ақауы бойынша брактау, кассетаға, соңынан – қондырғының беру механизміне салу;

штабик ұштарын балқыту оттығы аумағында балқыту, алғашқы талшықты созу, онымайлаушы құрылғыға және орау механизмінің бобинасына іліктіру,

оттықтың балқыту температурасын басқару пултьтіндегі газдың қысымын өзгерту арқылы реттеу, стерженьдердің балқыту оттығының аумағына берілуін реттеу, айналма су жүйесіндегі судың қысымын және температурасын бақылау;

алынатын шикізаттың сапасына қарай қондырғының жұмыс режимін белгілеу;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулардың алдын алу және жөндеу;

жұмыс барысында алынатын қалдықты жинау және буып-түю, бекітілген жұмыс орнын жұмыс соңында жинастыру.

145. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың, жабдықтың газ жүйесі сияқты, газ қондырғысын газбен қамтамасыз ететін газ постыларының құрылымын;

ыстық және жарылыс қаупі бар газдардың қасиетттерін; олармен жұмыс қауіпсіздігі ережесін;

қолданылатын шикізатқа арналған техникалық талаптарды;

супер жіңішке, кварцты және үздіксіз шыны талшығын алу технологиясын, талшыққа арналған техникалық шарттарды;

брак түрлерін, бракты туындататын себептерді және оны жою жолдарын.

26. Үздіксіз шыны талшығын алу операторы
Параграф 1. Үздіксіз шыны талшығын алу операторы, 3-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет