Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы



бет9/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#174409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

191. Қаңылтыр материалдарын пресстеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі конструкциялы қабатты престерде виниплас, винипроза, армирланған винипласты, текстолиттің арнайы рецептурасының пластикатын, шынытекстолоит, асботекстолоит қағазын престеу процессін басқару. Берілген ассортиментке байланысты престеу режимін таңдау. Төсейтін плиталардың суыту және жылыту процессін реттеу. Өлшейтің құралдардың көрсеткіштері бойынша престеу режимін бақылау. Престелген қаңылтырларды (плита) өлшеу және қарау. Бағыныңқы жұмыскерлерге басшылық жасау. Пресстің жөңдеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: әртүрлі материалдарды престеудің технологиялы режимі, әртүрлі конструкциялы қабатты пресстердің құрылымы, пресстеліп жатқан материалдың құрамы, дайын өнімге техникалы талаптар.

192. Қаңылтыр материалдарын пресстеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 20-этажды прессте 3150х1750 мм размерлі плитамен және 5000 т күшейткішпен бағдарламалы басқарумен әртүрлі массалы қағаз материалдарын пресстеу технологиялы процессін жүргізу. Материалды тиеу және алу автоматтандырылған жүйесін басқару. Пресстеудің режимін алынған қаңылтырдың саны және сапасына байланысты пресстеу. Технологиялы режимнің барысына байланысты пресстеудің режимін реттеу. Плитаны суыту және жылыту режимін реттеу. Электрнды бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процессті бақылау және өзгерту. Пресстелген плиталарды алдын-ала қарау. Прессте қызмет көрсететін бригадаға басшылық жасау. Прессті жөңдеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: әртүрлі қаңылтырлы материалдарды престеу технологиялық режимі, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптері, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және қолданылу ережесі пресстеліп жатқан материалдардың құрамы, дайын өнімге техникалы талаптар.

Пленкалы материалды пресс-рулон тәсілімен пресстеуші
193. Пленкалы материалды пресс-рулон тәсілімен пресстеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Білітілігі жоғары аппатаршының басшылығымен көпқабатты материалдарды пресс-рулонды тәсілмен өңдеу технологиялы процессіне кіріспе. Алғашқы материалдарды пресстеуге дайындау. Технологиялы процесстерді автоматика, бақылау-өлшеу құралдары және талдаудың нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Процесті және жабдақты реттеу және жөңдеу.

Білуі тиіс: технологиялы процесстер, агрегатта қызмет көрсету регламентін және сызбасын, простеті жүргізудің оңтайлы режимдерін анықтау тәсілі, шикізаттың, жартылайфаврикаттардың және дайын өнімнің физико-химиялы және технологиялы құрамы, көпқабатты пленкалы материалдарға қойылатын талаптарды.

194. Пленкалы материалды пресс-рулон тәсілімен пресстеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі төмен аппаратшыларды басқару және рулонды пресстеу технологиялы процессінің барлық жұмыс сатысын үйлестіру. Пленка материалдарының барлық түрін пресс-рулонды тәсілмен шығару. Технологиялы процессті автоматика құралдары, бақылау-өлшеу құрылғылары және талдаудың нәтижесі бойынша бақылау және реттеу.

Білуі тиіс: технологиялы процессті, агрегатта қызмет көрсету регламентін және сызбасын, процессті жүргізудің оңтайлы режимін анықтау тәсілі, шикізаттың, жартылайфаврикаттардың және дайын өнімнің физико-химиялы және технологиялы құрамы, жабдықтың, автоматика құралдарының және бақылау-өлшеу құрлығыларының құрылымы, көпқабатты пленкалы материалдарға қойылатын талаптарды.

Түтікті және сұлбаларды пресстеуші
195. Түтікті және сұлбаларды пресстеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары пресстеушінің басшылығымен түтікті және сұлбаларды штранг-пресстерде пресстеу. Жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу жабдықтарының, құрылғылардың, құралдардың жағдайын тексеру. Қалпақшаны өнімге қажет өлшемді штранг-прессте іріктеу және қондыру. Материалды цилиндрдің қабырғаларын, қалпақшасын және өзекшесін жылыту. Свальцталған массаны цилиндрдың материалы бөлігіне тиеу. Майлы насосты қосу. Пресстеу режимін (температур, қысым, пресс-формадан өнімнің шығу жылдамдығы) бақылау және реттеу. Пресстеу режимін бақылау және реттеу. Біркелкі қалың қабырғалы өнімді алу мақсатымен қалпақшаның өзекшесін орталықтандыру. Белгіленген өлшемге дейін түтіктерді кесу және оларды тегістеу үстеліне кептіру үшін салу. Циркулды арада кесу. Дайын өнімдерді өлшеу және салу.

Білуі тиіс: пресстеу технологиялы режимі және оны реттеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты, коммуникацияны, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылып жатқан шикізаттың құрамы және престеу құбырлары мен профильдерге қойылатын талаптарды.

196. Түтікті және сұлбаларды пресстеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түтік пен сұлбаларды штанг-пресстерде престеу. Жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының, құрылғылардың, құралдардың жағдайын тексеру. Технологиялық процесс параметрлерін бақылау және реттеу. Қалпақшаның өзекшесін орталықтандыру. Дайын өнімнің сапасын сыртқы пішіні және өлшейтін құралдармен анықтау. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: пресстеудің технологиялы режимі және оны реттеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты, коммуникацияны, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылып жатқан шикізаттың құрамы және оларға қойылатын талаптар.

197. Мақталы целлюлозаны және целлулоид қалдықтарын

престеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мақталы целлюлозаны және целлулоидты қалдықтарды брикетирлы пресстерде пресстеу. Шикізатты немесе қалдықтарды пресстеуге алдын-ала дайындау. Жабдықты жұмысқа дайындау. Материалды пресске тиеу. Пресстеу процессін қадағалау. Бақылау-өлшеу құрылығыларының және пресстеліп жатқан өнімнің сыртқы пішініне қарап процессті реттеу өлшеу, орау және таңбалау. Берілген форма бойынша есеп жүргізу.

Білуі тиіс: пресстеудің технологиялы режимі, материалды пресске тиеудің ережесі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс қағидасы, алынатын шикізатқа және пресстеу сапасына қойылатын талаптарды.

Оргшынының жармасын дайындаушы
198. Оргшынының жармасын дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оргшынының қалдықтарын түсі және маркасы бойынша іріктеу. Оларды кіші форматтарға аралау. Тазалығын тексеру және бөгде бөлшектерді жою, қалдықтарды жарма дайындайтын станокқа тиеу, илеу және термоөңдеу. Жармаларды таролау, өлшеу және таңбалау, мәліметтерді журналға жазу.

Білуі тиіс: жарманы дайындау процесі, жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты.

199. Оргшынының жармасын дайындаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оргшыныдан жарманы дайындаумен қоса өзбетімен жарманының молекулярлы салмағын анықтау және ерітуге сынамаларды іріктеу, өндіріс журналына мәліметтерді жазу. Шикізатты және дайын өнімді есептеу. Оргшыныны үгітуге арналған станоктарды, термошкафтарды, циркульді және ленталы араларды, илеуіштерді, сыдыратын дискта қызмет көрсету. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: жарманы дайындау процесі, оргшынның құрамы, жарманы дайындау сапасына қойылатын талаптар, станоктың немесе басқада оргшынны үгітуге арналған жабдықтың құрылымы.

Пленканы илемдеуші
200. Пленканы илемдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәл илемдейтің станоктарда қалыңдығы 0,006 мм фотопласттан жасалған пленканы илемдеу. Илемдейтің станоктарды дайындау – двигательді механизмдердің дұрыстығын, біліктердің тетіктерін жөңдеу және белгіленген үлкендікке керетін құрылғыны жөнге келтіру. Жабдықтар мен құрылғыны дайындау. Пленканы станокка әкелу. Белгіленген температураға дейін станоктардың білігін жылыту. Станоктарды жұмысқа қосу, әзірлемені салу. Илемдеу және алынған пленканың қалыңдығның біркелкілігін бақылау. Пленканы илемдеудің сапасын көзбен анықтау. Дайын өнімді түсіру, қою және тапсыру. Станоктың механизмдерін майлау және тазарту. Өндіріс журналында жазба жасау.

Білуі тиіс: станокты жұмысқа қосуға дайындау ережесі, пленкаға қойылатын техникалы талаптар, әртүрлі қалыңдықтағы пленканы илемдеу режимі, илемдеу режиміннің ережесі және тәсілі, пленканың қалыңдығының біркелкілігін қамтамасыз ету тәсілі, дайын өнімге техникалы талаптар.

201. Пленканы илемдеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәл илемдейтің станоктарда қалыңдығы 0,006 мм фотопласттан жасалған пленканы илемдеу. Илемдейтің станоктарды дайындау – двигательді механизмдердің дұрыстығын, біліктердің тетіктерін жөңдеу және белгіленген үлкендікке керетін құрылғыны жөнге келтіру. Жабдық пен құрылғыны дайындау. Пленканы станокка әкелу. Белгіленген температураға дейін станоктардың білігін жылыту. Станоктарды жұмысқа қосу, әзірлемені салу. Илемдеу және алынған пленканың қалыңдығның біркелкілігін бақылау. Пленканы илемдеудің сапасын көзбен анықтау. Дайын өнімді түсіру, қою және тапсыру. Станоктың механизмдерін майлау және тазарту. Өндіріс журналында жазба жасау.

Білуі тиіс: әртүрлі қалыңдықтағы пленканы илемдеу режимі, станокты жұмысқа дайындау, пленкаға қойылатын техникалы талаптар, илемдеудің ережесі және реттеу тәсілі, пленканың қалыңдығының біркелкілігін қамтамасыз ету тәсілі, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.

202. Өнімдерді сүртуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оргшыныдан жасалған жылтыратылған өнімдерді механикалы станокта сүрту. Сүртудің сапасын, станоктың жұмыс істеуін, қоршаудың жағдайын және шайбаны қадағалау.

Білуі тиіс: оргшынының құрамы және сүртудің режимі, сүртетін станоктың конструкциясы, статистикалы электрден қорғау құралдары.

203. Кальций стеаратын үгітуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үгітетін машинада кальций стеаратын үгіту. Жабдықты дайындау- тасымалдайтын механизмдердің және үгітуші машинаның дұрыстығын тексеру. Сыйымдылыққа кальций стеаратын вакуум-насоспен тасымалдау. Үгітетін машинаның щеткасы мен торшаның арасындағы тетіктерді жөнгесалу. Машинаны іске қосу, өнімді әкелу. Үгіту процессін жүргізу – өнімнің жету жылдамдығын, тетеіктің үлкендігін реттеу. Дайын өнімді вакуум-насоспен сыйымдылыққа тасымалдау.

Білуі тиіс: технологиялы режим және үгіту процессінің негізі, жабдықтың құрылымы, белгіленуі, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

204. Штурвалдарды созушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Штурвалдардың шлиц көпшектерін арнайы станокта созу. Станокты созу үшін дайындау – гидравликалы клапандардың жұмысын жұмыс және айналым цилиндрланда тексеру. Штурвалдарды станокка жеткізу.броньдарды штурвалмен қысқышқа бегіту. Созу процессін жүргізу. Штурвалды алу жіне құрылғыға кигізу. Шлицтың сапасын калибрмен тексеру. Ағымдағы жөңдеу жұмысы және станокты жөңдеу.

Білуі тиіс: станоктың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, станокты жөңдеу тәсілдері, өлшейтің құралмен шлицтеу сапасын анықтау, дайын өнімдердің техникалы талаптары.

Өнімдерді бояушы
205. Өнімдерді бояушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі малярлы құрылғылардың көмегімен өнімнің әртүрлі бөлшектерін бір түске бояу: бояу жаққыш, пульверизатор және т.б. заттың үстіңгі жағын бояу үшін дайындау. Қарапайым бояуларды құрау және іріктеу.

Білуі тиіс: өнімді бояудың қарапайым түрі, бояу үшін құралды пайдалану ережесі, қарапайым бояудың, сылағыштың түрлері және сылайтың материалдардың құрамы.

206. Өнімдерді бояушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімнің әртүрлі бөлшектерін бояу жаққышпен, пульверизатормен әртүрлі бояумен әртүрлі түстерге берілген эскизге сәйкес бояу. Қарапайым кодерлерден бояу және лак жасау. Пластмассадан жасалған өнімдердің бетін түрлі-түсті бояуға дайындау. Қарапайым трафарет пен шаблон дайындау. Әрт.рлі құрылғылар мен механизмдермен қарапайым трафарет бойынша өнімнің бетіне қарапайым бояу және лакты жағу. Майсыздандыру үшін әртүрлі қоспалар дайындау.

Білуі тиіс: әртүрлі материалдардан жасалған өнімдерге түрлі бояуларды жағу тәсілі, түстану бойынша негізгі мәліметтер, қарапайым бояу мен лактарды істеу рецепті, берілген рецептура бойынша қажетті колерді алу үшін бояуларды араластыру тәсілі, бояуға қолданылатын бояу мен, лактардың сапасын анықтау тәсілі, еріткіш, лак, бояу және эмальді сақтау ережесі, бояу үшін қолданылатын негізгі механизм және құрылғылар, бояу жүргізудің негіздерін.

207. Өнімдерді бояушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімнің үстіңгі бетін бояйтын жерді (майсыздандыру, грунттан және т.б.) алдын-ала өндегеннен кейін әртүрлі краскамен және лактармен бірнеше тоға қолдан бояу жаққышпен безендіріп бояу. Заттың үстіңгі бетін мрамор, малахит және ағаштың әртүрлі сортына ұқсатып бояу. Әртүрлі механизм және құрылғы арқылы күрделі трафарет бойынша әртүрлі бояуды жағу. Боялған үстіңгі беттерді тегістеу және жылтырату. Орташа күрделі трафарет пен шаблондар дайындау. Күрделі колерлі бояу және лактарды жасау. Бояу кезінде қолданылатын механизм мен құрылғыны жөңдеу.

Білуі тиіс: әртүрлі материалдан жасалған өнімдерді бояу және лактау тәсілі, заттың үстіңгі бетін ағаштың құнды сорттарына, мраморға және тасқа ұқсатып жасау процессі, деорациялы және изоляциялы лак және эмальдардың құрамы, оларды дайындау рецепті, өнімді дайындауға қойылатын талаптар, түстану.

Жұмыс үлгілері

1) Бояуды жағу;

2) Қуыршақтар – эскиз бойынша толықтай бояу;

3) Өрнектер – трафарет бойынша жағу.

208. Өнімдерді бояушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімдердің үстіңгі беттерін қолдан әртүрлі бояулармен безендіріп бояу, лактау және жылтырату. Көлемді көркем суретті, көркем жазбаны және күрделі суреттерді эскиз бойынша жасау, сонымен қоса эскиздарды өзбетімен орындау. Күрделі трафареттерді орындау. Пластмасстың жаңа түрін ендіру кезінде өнімді эксперимен ретінде бояу. Өнімдерді жоғары сапалы айнадай бетті болғанша жылтырату.

Білуі тиіс: сурет өнері, түстану, рецептура, әртүрлі материалдардың физико-химиялы құрамы және жабысқақ деңгейі және көркем безендіру үшін жасау, оларды дайындау тәсілі, эскиздарды жасау тәсілі, бояуға қолданылатын механизм және құрылғылардың конструкциясы.

Жұмыс үлгілері

1) Елтаңба, өрнек, күрделі жазбалар, әртүрлі пейзаждар – эскиз бойынша көркем безендіру.

Қаңылтыр материалын пішуші
209. Қаңылтыр материалын пішуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ақаулы орындарын кесіп алып тастайтын панельдерді пішу бойынша жартылайавтоматты желінің бөлек тораптарында қызмет көрсету. Біліктілігі жоғары пішушінің басшылығымен қаңылтыр материалды сызба немесе тапсырыстың үлгісі бойынша пішу. Құрылғыларды, кесетін және өлшейтін құралдарды жұмысқа дайындау. Сызбалармен танысу. Біркелкі әзірлемелерді түсі, қалыңдығы және ұзындығы бойынша іріктеу. Қаңылтыр материалдар әзірлемелерін кипқа жинау, пішу үстеліне жіберу. Іріктеліп алынған әзірлемелерді кесу және қиыстырып келтіру және біліктілігі жоғары пішушінің басшылығымен материалдың экономикалы шығының есептелуін сақтай отырып оларды белгіленленген өлшем және конфигурация бойынша өнімдерді пінідерге пішу. Пішілген материалдарды есептеу.

Білуі тиіс: кесетін, өлшейтін құралдар мен құрылғыларды ұштау ережесі, пішудің оңтайлы тәсілдері, сызбаларды оқу ережесі, пішінді өнімнің сыртқы түріне және сапасына қойылатын талаптарды.

210. Қаңылтыр материалын пішуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Панельдерді пішу бойынша жартылайавтоматты технологиялы тораптарда қызмет көрсету. Ақаулыққа тексеру, кесетін автоматтың рольгангалы транспортерін жұмысқа дайындау және икемдеу және оны блоктау, кесетін автоматтың жұмысын бақылау және оны блоктау. Кесетін автоматтың жұмысын қадағалау. Пішілген панельдерді мерзімді өлшеу. Режимді баылау және оның бұзылғандығы жайлы дабылқағулар.

Білуі тиіс: қызмет көсетіліп жатқан машинаның, қуат беретін құрылғылрдың және бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс мақсаты, машинаны икемдеу ережесі, машинаны электрблоктау ережесі, автоматика және электртехника негіздері.

211. Қаңылтыр материалын пішуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты жүйелерге қызған шекпен блоктарды пішу технологиялық процесін жүргізу. Кесу жылдамдығы, ұзындығы, ені сияқты параметрлерді компьютер жадына енгізу. Басқару пульті арқылы плита салу, қолмен және автоматты режимде полиэтилен пакеттерге жинақтау мен маркирлеу. Жабдық ақаулықтарын жою жұмысына қатысу.

Білуі тиіс: қызған шектермен блоктарды кесу технологиялық процесін, автоматты жүйе жұмыс принципін, жылдамдықтарды реттей, қозғалтқыштарды іске қосудың жүйелілігі мен ережелерін, компьютерде жұмыс істеу ережелерін, автоматика және электртехника негіздері.

212. Қаңылтыр материалын пішуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Плиталарға блоктарды пішу технологиялық процесін жүргізу. Блоктарды пішу параметрлерін: кесу жылдамдығы, дайын өнім көлемдері мен конфигурациялары, контурлы кесудің графикалық құрылған геометриялық фигуралары, шектер сандарын компьютер жадына енгізу. Сапалы кесу үшін шектердің тартылу разрядсін реттеу. Технологиялық параметрлерді бақылау. Жабдық ақаулықтарын жою.

Білуі тиіс: блоктарды кесу процесінің технологиясын, автоматты жүйе жұмыс принциптерін, жабдықтардың біруақытты іске қосылуларының тәртібін (рольганг, кантельдеуші, көлденең және бойлық кесу тораптырының, жиектердің), басқару пультінің бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін, бағдарламалау негіздерін, жабдықтарды электрблоктау сызбасын, автоматика және электртехника негіздерін.

Целлулоидты пластиналарды тегістеуші
213. Целлулоидты пластиналарды тегістеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Булы плиталарда целлулоидты пластиналарды тегістеу. Жұмыс орнына әкелу. Пластиналарды булы плиталарға қойып түзету. Оларды ағаш үтікпен жабу. Пластинаны жылығаннан кейін салқын плитаға қою.

Білуі тиіс: целлулоидты жылту режимін, пластинаның өлшемі мен түсі, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.

214. Целлулоидты пластиналарды тегістеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ванналарда целлулоид пластиналарын тегістеу. Пластинаны жұмыс орнына әкелу. Партияға бөліп санау және партияларды түсі бойынша байлау. Ваннадағы суды дайындау. Пластинаны ыстық су толтырылған ваннаға салу. Ыстық суда қызғаннан кейін пластиналарды салқын сутолтырылған ваннаға салу. Ваннадан алу. Ваннан жуу.

Білуі тиіс: целлулоидты жылыту режимі, пластинаның өлшемі және түсі, дайын өнімге техникалы режим.

215. Синтетикалық жіптерді ажыратушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Синтетика жіптерін шоқтарын, талшықтарын технологияға сәйкес ажыратуға дайындау. Машинаның ажырататын тораптарын тексеру. Жалауша жасайтын ажырататын тарақтардың арасындағы арақатынасты бегіту. Шоқтарды жақсы бегіту үшін пневматикалы манжетқа ауа жіберуді реттеу. Ажырататын тарақтан қажетті арақашықтыққа шоқты отырғызу. Жіптің қылдарын ажырату технологиялы режимін орындау. Жалаушаның қажетті тереңдігіне жету үшін қосымша ілмекті тіреуішке дейін мерзімді жылжыту. Шоқтардың шеттерін ажырату үшін қосымша аймақ жасау. Берілген температураның ықпалынан шоқтардың шетін балқып кетуінен сақтау үшін су беруді реттеу. Ажырататын тарақтарды(пышақтарды) тазарту және үшкірлеу. Жабдықты жөңдеу жұмыстарына дайындау, жөңдеу жұмыстарынана қабылдау.

Білуі тиіс: жұмыс тәсілдері, машинаның барлық механизмдерін конструктивті ерекшеліктерін, құрылымын, машинаның жұмыс істеу қағидасы, механизмдерді белгіленген параметрлерге икемдеу ережесі, синтетикалық жіптер мен қылға қойылатын талаптар.

Пластикалы массадан жасалған әзірлемені және өнімдерін кесуші
216. Пластикалы массадан жасалған әзірлемені және өнімдерін кесуші

1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолдан пышақ, қайшымен өнімдерінің шетін кесу немесе литниктарды бөлшектерден кесіп тастау. Оргшыныны таңбалау және пленканың оргшыныдан жасалған қағаздарын таңбалау. Өлшейтін құралдар бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және т.б.). Белгіленген орынға дайын өнімдерді төсеу. Таңбалау. Өндіруді есепке алу.

Білуі тиіс: бөлшек немесе өнім дайындалған материалдардың физико-химиялы құрамының негізі, бөлшек және өнімдерге және оларды кесуге қойылатын негізгі талаптар, ақаулардың түрі және пайда болу себептері олардың алдын-алу, өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, дайын өнімге техникалы талаптар.

217. Пластикалы массадан жасалған әзірлемені және өнімдерін кесуші

2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәл өлшемді талап етпейтін материалдарды станоктарда кесу және жиектеу. Полимерлі-композициялы материалдарды және силикатты шыныны алмаз және шыныкескішпен кесу. Двигатель механизмдерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Берілген өлшемге қиықтарды орнату және дайындау. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигательді механизмдерді берілген жылдамдыққа икемдеу. Станоктың машиналарын қосу. Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және т.б). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.

Білуі тиіс: кесетін механизмдерді орнату ережесі және берілген өлшем бойынша материалдарды кесуге оларды икемдеу, жабдықтарды және қабылданған механизмдерді дайындау ережесі, өлшейтін құралмен пайдалану ережесі, станокты, қиықтарды және фрездерді реттеу және жөңдеу тәсілі, машинаны іске қосу және тоқтату, дайын өнімге техникалы талаптар.

218. Пластикалы массадан жасалған әзірлемені және өнімдерін кесуші

3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалы массаларды кесу, үгіту, ою және пішу (блоктар, плита, қағаз, пластина, түтік, пленкалы материал және т.б.), органикалы шынылар, полимерлі-композициялы материалдарды бірдискты автоматты және жартылай автоматты кесетун машиналарда, дискты циркульді араларда, ұзындық бойынша кесу машиналарында кесу. Двигательді механизмдердің дұрыстығын тексеру. Ара мен пышақтарды берілген өлшемдерге икемдеу және дайындау. Үстелді, кесетін механизмдерді, каретка және басқада жабдықтарды берілген өлшем бойынша кесуге икемдеу. Созылатын білікше арқалы тығырықты орнату және толтыру. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигательді механизмдерді берілген жыдамдыққа икемдеу. Машина, станокты жұмысқа қосу. Материалдарды кесу, ою және орау технологиялы процессіне жүргізу. Машинының жұмысын реттеу. Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және т.б). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Өнімді есептеу. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.

Білуі тиіс: кесетін механизмдерді орнату ережесі және оларды берілген өлшемдер бойынша материалдарды кесуге икемдеу, жабдықтарды және қабылданған механизмдерді дайындау ережесі, кесетін машинаның, жабдықтардың құрылымы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және оларды пайдалану ережесі, машинаны реттеу және дайындау тәсілі, өлшейтін құралдармен пайдалану ержесі, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

219. Пластикалы массадан жасалған әзірлемені және өнімдерін кесуші

4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалы массаларды және полимерлі-композициялы материалдарды көп дискті автоматты жартылайавтоматты машиналарда өте дәлдікті талап ететін материалдарды біруақытта ораумен кесу. Қағаздарды автоматты желіде қызмет көрсетіп жатқан кезде, машиналарда автоматты және жартылай автоматта тігінен және көлденен кесу, пленканы қалыңдығы 50 микрон және ені 5 мм дейін лентаға кесу. Органикалы шыныны екіжақтан кесу және қағазды кесу және автогматты желіде одан өнім өндіру. Двигательді механизмдердің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Араның, пышақтың кескішін берілген режимге орнату және дайындау. Үстелді, кесетін механизмдерді және т.б. құрылғыларды берілген өлшем бойынша икемдеу. Созылатын білікше арқалы тығырықты орнату және толтыру. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигательді механизмдерді берілген жыдамдыққа икемдеу. Машина, станокты жұмысқа қосу. Кесу, ою және материалдарды орау немесе кесу, аралау және материалдар мен өнімдерді лента кескіш арамен, фрезкамен белгіленген өлшемдерге кесу, дискті және орайтын білекшелерді айналу жылдамдығын бақылау және реттеу, олардың жұмысының ілеспелілігін бақылау. Машинаның жұмысын қатпарларды, горфтарды катушкаарда қалыңдату үшін және дөңестің кесігі бойынша түзету мақсатымен реттеу. . Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және т.б). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Өнімді есептеу. Диск, ара және пышақтарды ауыстыру. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет