Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет36/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлеміндегі кинематикалық, электр схемалар және реттелетін және автомат аспаптар мен құрылғылардың барлық типті гальваникалық астауларының құрылысы, гальваникалық қаптаудың барлық түрлерінің мақсаты, орындау режимі мен тәсілдері, қосымша анодтарды монтаждау және іске қосу, орындалатын жұмыс көлемінде химия, электрохимия және электротехника негіздері, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Автоқозғалтқыштардың басты бұлғақтарының төлкелері - гиперболитті бетін сақтай отырып, қалайы-қорғасын қоспасымен қаптау;

2) Қозғалтқыш цилиндрлерінің гильзалары – кеуек және дәлдік хромымен қалпына келтіру;

3) Тікұшақтардың электр жылытқыштарының бөлшектері-мөлшерлі хромдау;

4) Жұдырықшалар, жұдырықша біліктер мен шайбалар-сұлбасының бойымен тұтас хром қабатын өсіре отырып сұлбалық хромдау;

5) Мойынтіректердің, авиақозғалтқыштар мен олардың агрегаттарының құрсаулары – мөлшерлі хромдау;

6) Сырғанау мойынтіректері - бинарлы антифрикционды қаптама;

7) Штоктер, біліктер, нығыздауыш қалыптар – кеуекті хромдау.

Интеграциялық дәрежесі әртүрлі интегралды схемаларды және басқа да радиоэлектронды техниканы қалайы - висмут электрохимиялық құрамымен қаптау кезінде - 6-разряд.



Металмен қаптау жұмыстарын бақылаушы


585. Металмен қаптау жұмыстарын бақылаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ойықтары мен шығыңқы жерлері бар қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерге металмен қаптағаннан кейін бақылау және қабылдау. Бөлшектерді қаптау үшін жарамдылығын айқындау. Негізгі металдың бетінің тазалығын және оның бетінің сапасын тексеру. Металмен қаптау, алюминдеу, жылтырату технологиялық процессін орындалуын бақылау. Бөлшектерді сырттай тексеру және негізгі металдың ақаулықтарын, бөлшектерді қаптаудан кейін ақаулануына әкелетін дәнекерлеу ақауларын және бетінің басқа да ақауларын анықтау. Белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: металмен қаптауға дейін және кейін бұйымдарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, бөлшектерді металмен қаптағанға дейін олардың бетіне қойылатын талаптар, металмен қаптау, алюминдеу, жылтырату технологиялық процессінің негіздері, беттің талап етілетін тазалығы мен металмен қаптау қабатының қалыңдығы, қабатты бақылау әдістері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары, қышқылдардың, сілтілер мен цианды тұздардың қасиеттері мен олармен жұмыс істеу ережесі, негізгі операциялар бойынша жіктеу және ақаулық түрлері, шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1) Бу машиналары мен турбиналардың арматурасы – электрмен қоректендіруден кейінгі бақылау;

2) Бұрандалар, гайкалар, серіппелер мен жез осьтер – никельдеуден және электрмен қоректендіруден кейінгі бақылау;

3) Тұрмыстық электрмен жарықтандырылатын аппаратураның бөлшектері- гальваникалық қаптаудың барлық түрлерін бақылау;

4) Бекіту болттары-болттар, гайкалар, тартпалар, штифтілер- гальваникалық қаптау мен гальвникалық қалайылаудың барлық түрлерін бақылау және қабылдау;

5) Қапсырмалар, тығындар, сақиналар мен басқа да бөлшектер – жұмыс бетін хромдау кезіндегі өлшемдерді тексеру;

6) Тістегершіктер - мыстау, хромдау және басқа да қаптаудан кейінгі бақылау.


586. Металмен қаптау жұмыстарын бақылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металмен қаптағаннан кейін тексеру үшін қолжетімділігі қиын беті бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды қосымша катодтарды, анодтар мен қалқаларды пайдалана отырып, бақылау және қабылдау. Металл қабаттың қалыңдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен айқындау. Сызбалар мен технологиялық карталарда көрсетілген бақылау өлшемдерін тексеру. Металл қаптамасының тұндырылуының белгіленген режимдерін тексеру. Тоқ күшін, электролит температурасын, жылтырату сапасын бақылау. Қабылданған және жарамсыз деп танылған өнімнің саны мен сапасын есепке алу және есептілігін жүргізу.

Білуге тиіс: металмен қаптаудан кейін бөлшектер мен бұйымдарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, жылтырату және металл қаптамамен қаптаудың технологиялық процессі, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, ақаулықтардың алдын алу әдістері, металмен қаптау үшін қолданылатын реактивтер мен электролиттердің мақсаты мен құрамы, шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, металл қаптамалардың барлық түрлерін жағу әдістері.

Жұмыс үлгілері

1) Әртүрлі бөшкелер мен цилиндрлер, тамаққа арналған қазандықтар, ет турағыштар – гальваникалық қалайылаудан кейін бақылау және қабылдау;

2) Сатылы біліктер, тығындар, тегершіктер, өлшеу құралы, нығыздауыш - қалыптар, штамптардың матрицалары мен сотандар – хромдаудан кейін бақылау және қабылдау;

3) Біліктер – қондыру учаскелерінде мысты өсіргеннен кейін олардың өлшемдерін қалпына келтіру үшін бақылау;

4) Біліктер – белгіленген өлшем бойынша металмен қаптауды бақылау;

5) Тұрмыстық электрмен жарықтандырылатын аппаратураның күрделі пішінді бөлшектері – декоративті қаптаудың барлық түрлерінің сапасын бақылау;

6) Әртүрлі өлшемді тізбекті берілістердің өзектері – хромдаудан кейін бақылау;

7) Прожекторлар, фаралар – күміс жалатқананан кейін қабылдау;

8) Үштіктер – қосымша анодтарды орнату дұрыстығын тексеру.


587. Металмен қаптау жұмыстарын бақылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тексеру үшін қолжетімділігі қиын беті бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды және әртүрлі сұрыптамалы түтіктерді металмен қаптағаннан кейін бақылау. Мөлшерлік және қорғаныш-декоративті қабатты жағу барысында операция сайын бақылау. Қабат бетінің тазалығын көзбен шолып тексеру. Химиялық және физикалық әдіспен қаптаудың қалыңдығын анықтау. Қабаттың негізгі металмен жымдасу кеуектілігі мен беріктігін айқындау. Қабаттың қалыңдығын бақылауға арналған магнит қалыңдық өлшеуіштерді градуирлеу. Ақаулықтардың түрлері мен себептерін анықтау және оның алдын алу бойынша шараларды әзірлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет