Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)


) Жолаушылар кемесінің, ұшақтардың, вагондар мен серуендеу яхталарының салоны, вестибюльдері, «Люкс» каюталары – көркем өңдеу, қорғаныш қабат



бет43/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70

4) Жолаушылар кемесінің, ұшақтардың, вагондар мен серуендеу яхталарының салоны, вестибюльдері, «Люкс» каюталары – көркем өңдеу, қорғаныш қабат;

5) Көрмеге қойылған машиналар, аппараттар мен аспаптардың экспонаттары – көп қабатты және түрлі-түсті сырлау, лактау, тегістеу және жылтырату.



Металдаушы


612. Металдаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды тез балқығыш металл мен түсті металдармен газотермиялық және электр доғал әдіс арқылы металдау. Металл ұнтағы мен балқымалардан жасалған суспензиялар мен пасталарды беті тегіс бөлшектер мен бұйымдарға жағу. Қарапайым пішінді бөлшектер мен тораптарды қолмен металдау. Металдау аппараттарын, сымдар мен ұнтақты жұмысқа және бөлшектер мен бұйымдардың бетін металдауға дайындау. Металдауға арналған ерітіндіні жасау. Материалға байланысты металдау режимін белгілеу және реттеу және біліктілігі анағұрлым жоғары металдаушының басшылығымен бұйымдарды тағайындау. Металдау аппараттарының алдын алу бойынша қарапайым операцияларды орындау.

Білуге тиіс: тез балқығыш сым материалдарды металдаудың технологиялық процессін жүргізу негіздері, газ және электр доғал металдау аппараттарының құрылысы және жұмыс ережесі, металдауға арналған ерітінділердің, суспензиялар мен пастаның құрамы, пластина бетіне сусальді күмісті сылау және дисперсиялы күмісті жағу тәсілдері, күміс пасталарды жағу және күйдіру, оның құрамы мен қасиеті, пьезокерамика күміс жабынының қалыңдығы, пьезокерамиканы қыздыру әдістері, металданатын аппараттарды және басқа да қондырғыларды дайындауға және бөлшектер мен бұйымдардың беттерін металдауға дайындау үшін қойылатын негізгі талаптар, тозаңдалатын материалдардың негізгі қасиеттері, түсті металдарға есеп жүргізу, сақтау ережесі және шығындау нормалары.

Жұмыс үлгілері

1) Барабандар мен ішпектер - металдау;

2) Жартылай өткізгіш аспаптарға арналған керамика төлкелер - пасталар мен суспензиялар жағу;

3) Қоса дәнекерленген анкерлерінің саны төртке дейінгі тығындау бөлшектері - металдау;

4) Интегралды схемалар корпустарының металл қыш бөлшектері - металдау;

5) Үстелге қойылатын резисторларға арналған қыш дайындамалар - металдау және көміртектендіру;

6) Конденсаторлардың, оқшаулауыштардың, резисторлардың дайындамалары – күміспен металдау;

7) Конденсаторлар, пленкалы қыздырғыштар, микросхемаларға арналған төсемдер мен басқалар - металдау;

8) Иілген болат табақтар және болат конструкциялар – түсті металдармен және олардың балқымаларымен металдау;

9) Ұсақ құймалар, беті ашық металл үлгілер - түсті металдармен және олардың балқымаларымен металдау;

10) Планкалар, төсемелер, қапсырмалар – тез балқығыш материалдардан жасалған қорғаныш қабатын жағу;

11) Суда еритін элементтерден немесе пьезокерамикадан жасалған пластиналар – күмістету;

12) Иілген құбырлар, фигуралы бұйымдар - металдау;

13) Тойтарылған жиектер - металдау.



613. Металдаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды тез балқығыш металл мен түсті металдармен газотермиялық және электр доғал әдіс арқылы металдау. Ұнтақ және баяу балқитын материалдармен қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды газотермиялық, электродоғал және вакуумды тәсілдермен металдау. Ұнтақ және баяу балқитын материалдарды қарапайым пішінді бұйымдар мен бөлшектерге плазмалық бүрку. Плазмалық шілтерді құрастыру, реттеу. Металл ұнтақтары мен балқымаларынан жасалған суспензиялар мен пасталарды беті қисық бөлшектер мен бұйымдарға жағу. Ыстыққа төзімділігін арттыру мақсатында металдау. Вакуумды тәсілмен металдау үшін ерітінді дайындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары металдаушының басшылығымен карбадкремний электр қыздырғыш өзектерді бакелиттеу және металдау. Металдау режимін бұйым материалы мен мақсатына қарай белгілеу және реттеу. Ұнтақ материалдарын жұмысқа дайындау. Металдау тәсілі арқылы құймалардың ақаулықтарын жою. Бөлшектерді электр вакуум тәсілімен алюминдеу. Металдаудың ақаулықтарын химиялық және механикалық тәсілмен, бақылау құралымен айқындау және оларды жою. Қабат қалыңдығын бақылау. Металдау аппараттары мен құрылғыларын баптау және реттеу. Қабатты электр доғал және газотермиялық тәсілмен алуға арналған аппаратураны алдын ала шағын жөндеу жұмыстарын орындауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі, тез балқығыш, түсті металдармен, ұнтақ және баяу балқитын материалдармен газотермиялық және электр доғал тәсілдермен металдаудың технологиялық процессінің негіздері, вакуумды тәсілмен металдау ережесі, металдау режимі және бұйымдарды оған дайындау тәртібі, қысылған ауаның, жанғыш газ бен электр энергиясының қажетті мөлшерін есептеу әдістері, пьезоэлементтерді жасаудың негізгі технологиясы, күмістеу процесінде өңделетін материалдар мен қолданылатын пасталардың негізгі қасиеті, металдау үшін қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты, қабатты бақылау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Аккумуляторлардың бөлшектері – қорғасынмен металдау;

2) Қоса дәнекерленген анкерлерінің саны 4-тен 8-ге дейінгі тығындау бөлшектері – металдау;

3) Металл қыш шамдардың металл және қыш бөлшектері - металдау;

4) Пластмасса бөлшектер - металдау;

5) Дайындамалар мен резисторлардың негіздері – металдау және көміртектендіру;

6) Күрделілігі орташа пьезоэлементтердің дайындамалары – күмістеу;

7) Қалпына келтірілетін кинескоптар - алюминдеу;

8) Термобу қаптамасы, термиялық пештің арматурасы, электротигельдердің қаптамасы – ыстыққа төзімді металдау қаптамасын жағу;

9) Айна шамдар мен фотоэлементтерге арналған колбалар – күміспен металдау;

10) Электронды – сәулелік құбырлардың колбалары - пластиналау;

11) Жапсарлас салынған қыш конденсаторлар, конденсаторлардың құбырлары, интеграл гибрид микросхемалар – күміспен металдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет