Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет64/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70

6) Комбайн шөмелелерін ору машиналарының корпустарын теңестіру механизмдері – тексеру және реттеу;

7) Комбикорм цехтарының жабдықтары – дистанциялық басқару, автоблоктау және дабылқағу желілерін жөндеу, реттеу;

8) Амидокарбамидті қоспалардың цех жабдықтары – жөндеу және реттеу;

9) Жылу (беру) шашуды сорғымен оздыру бұрыштары – реттеу;

10) Форсункалар – реттеу.

Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь


844. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаймалық және сұрыптық металлдан жасалған сымды, дайындаманы қолмен кесу және аралау. Қылтанақтарды егеулеу және тазалау. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі жай және орташа күрделіктегі жұмыстар мен операцияларын орындауға және оларды сынауға анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен қатысу. Сұрыптық және жаймалық металдан жасалған жай бөлшектерді жасау. Жай шаблондар бойынша бөлшектерді белгілеу. Бұрандаларды өлшегіштер және плашкалармен қолмен қиыстыру және кесу. Стеллаждарды құрастырып тегістеу. Металл конструкциялары тораптарының сыйысатын саңылауларына болттар мен шпилькаларды орнату. Әмбебап құрастыру және арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып сызбалар мен эскиздер бойынша дәнекерлеп және тойтарып металл конструкцияларының күрделі емес тораптарын құрастыру. Бөлшектерді электр пісіру процесінде қапсырып ұстату. Ұсақ бөлшектерді станокта белгілеу бойынша және алып жүруге болатын механикаландырылған аспаппен саңылауларды бұрғылау, кеңіту. Металл конструкцияларының бөлшектері мен тораптарын түзету.

Білуге тиіс: слесарлық және өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарының атауы және қызметі және оларды қолдану, слесарлық аспапты толтыру тәсілдері, жай және орташа күрделіктегі слесарлық операцияларды орындау тәсілдері мен металл конструкцияларының жай және орташа күрделіктегі тораптарын құрастыру процесі, көтергіш-көлік айлабұйымдарын, жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарын пайдалану ережесі мен құрылғысы, металл конструкцияларын құрастыру, қиыстыру, тексеру және түзетудің технологиялық процесі, тәсілдері мен жолдары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, қолданылатын материалдар мен құбырлардың қасиеті, маркасы және сұрыптамасы, бөлшектерді пісіріп біріктіру тәсілдері, жинақталған тораптарды таңбалау ережесі мен түрлері.

Жұмыс үлгілері

1) 5 МПа (60 кгс/кв. см) қысымда жұмыс істейтін цилиндрлік бактар мен ыдыстар – құрастыру және гидравликалық сынау;

2) Жайма және жолақ болаттан жасалған бөлшектер – шаблон бойынша белгілеу, түзету;

3) Жайма болаттан жасалған бөлшектер – ию;

4) Қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі және жоғары сұрыптық болаттан жасалған бөлшектер – кесу, аралау;

5) Түрлі бөлшектер – еркін өлшемде аралау, бұрышпен кесу, белгі бойынша бұрғылау;

6) Шағын габаритті қапшықтар – құрастыру;

7) Барлық өлшемдегі қалпақтар, қақпақтар, щеткалар, май құйғыштар, жәшіктер, шкафтар – пісіруге дайындау, түзету және құрастыру;

8) Жаймалық және кескінді металл – бұрғылау, гильотинді және сығымдағыш қайшылармен кесу, пісіруге қиыстыру;

9) Жолақты және ширатылған металл – газбен кесуден кейін ию және тазалау;

10) Жікті жапсырмалар, қаттылық элементтері, уақытша болттар – орнату;

11) Аппараттардың тіректері мен рамалары – құрастыру;

12) Жаймалық болаттан, картоннан, асбесттен, клиногериттен, резинадан жасалған жай және күрделі конфигурациялы төсемдер – белгі бойынша қолмен кесу және аралау;

13) Түрлі кесілген материалдан жасалған қапсырмалар – айлабұйымдарда ию;

14) Пісірілетін стеллаждар – пісіруге құрастыру;

15) Таспалы транспортерлер – металл конструкцияларын құрастыру;

16) Фланецті құбырлардан жасалған штуцерлер - құрастыру;

17) Металл шкафтар мен этажеркалар – құрастыру.

845. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар және эскиздер бойынша пісіру және тойтаруға арналған орташа күделіктегі металл конструкциядағы тораптарды әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру, сондай-ақ әмбебап-құрастыру және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып металл конструкцияларының күрделі тораптарын құрастыру. Тығыздағыш бетін қиыстыру. Анағұрлым жоғары білікті электр пісіргішпен бірлесіп күрделі металл конструкцияларын құрастыру. Орташа күрделіктегі металл конструкция бөлшектері мен тораптарын түзету. Қысыммен жұмыс істейтін орташа күрделіктегі металл конструкцияларын тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау.

Білуге тиіс: металл конструкциясының базалық бөлшектері мен тораптарын орнату жерін белгілеу тәсілдері, құрастыруда қолданылатын айлабұйымдардың құрылымдық ерекешеліктері, слесарлық аспапты қайрау тәсілдері, қолданылатын материалдың мемлекеттік стандарттары, шектеулер мен отырғызу жүйесі және оларды сызбаға белгілеу, орындалатын жұмысқа қойылатын талаптар, газ кескіш және электрмен пісіру аппаратымен жұмыс істеу ережесі, құрастыру стеллаждарында және кондукторлар көшірмелер бойынша құрастырудың кезектілігі және құрастыру тәсілдері, болаттың сұрыптылығы мен маркалары.

Жұмыс үлгілері

1) Алынатын құрамалы төмен қысымдағы аппараттар - құрастыру;

2) Мұнай бактары – жасау және құрастыру;

3) 5-ке дейін 15 МПа (50-ге дейін 150 кгс/кв. см)-ден жоғары қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар - құрастыру және гидравликалық сынау;

4) Монорельстерге арналған екі таврлы арқалықтар – құрастыру;

5) Илемдеу жабдықтары мен май редуктор бұлаулары, түрлі сыйымдылықтағы құю шөміштері – пісіру үшін құрастыру;

6) Коллекторды оқшаулау – бөлшектерді жасау және құрастыру;

7) Пластиналы және ілмелі конвейерлер – металл конструкцияларды құрастыру;

8) Есік және терезе қораптары, қатты каркасты металл есіктер – құрастыру;

9) Қарсы салмақ корпустары – пісіру үшін құрастыру;

10) Баспалдақтар, алаңшалар, жолдар, бункер жақтаулары, құбыр және үштіктерден тұратын металл қанаттар, тежегіш жаймалар, қоршаулар, сырғыма тіректер, торлар – құрастыру;

11) Жайма металдан жасалған цилиндрлік және коникалық ернеушелер-ию;

12) Тұнықтырғыштар, өлшегіштер, құрастырғыштар – құрастыру;

13) Іргетас тақтайшалар - құрастыру;

14) Жалюзді торлар, тесіктерге арналған төсемдер, кондукторларды бекітуге арналған шыбықты тіректер, анкерлік болттарға арналған кондукторлар – құрастыру;

15) Екі таврлы кесіктердің өзекшелері – металл конструкцияларын құрастыру;

16) Фермалар – копирлер бойынша құрастыру.

846. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сызбалар және құрама тәсімдер бойынша әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру, сондай-ақ металл конструкцияларының күрделі тораптарын әмбебап – құрама және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып құрастыру. Металл конструкцияларының күрделі базалық бөлшектері мен тораптарын орнату үшін орнын белгілеу. Металл конструкцияларының күрделі бөлшектері мен тораптарын түзету. Дәнекер жіктерін гуммирлеу үшін пневматикалық тегістеу машинасымен тазарту. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен металл конструкцияларының эксперименталды және бірегей тораптарын құрастыруға қатысу. Қысыммен істейтін металл конструкцияларының күрделі тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сынау кезінде табылған ақауларды жою. Эскиздер мен құрама тәсімдер жасау. Металл конструкцияларының элементтерін уақытша тарата отырып, түрлі қалыпта әртүрлі биіктікте құрастыру, көтеру және орнату.

Білуге тиіс: күрделі металл конструкцияларын құрастырудың техникалық шарттары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, металлды қыздырғанда (пісіргенде) оның бұзылуына әсері, пісіру жіктерінің шартты белгіленуі, күрделі болат конструкцияларды тексеру тәсілдері, көтергіш механизмдер мен айлабұйымдарды орнату ережесі және құрылысы, күрделі металл конструкцияларын айлабұйымдарда шаблонды қолданып және сызбалар бойынша түзету тәсілдері, қол пневматикалық машиналарының құрылғысы және баптау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) А-тәріздес экскаватор фермалары - жекелеген тораптарды құрастыру;

2) Алдыңғы металл конструкцияларға арналған таврлық, қораптық және тор қиықты бактар – құрастыру;

3) 15–ден 30 МПа-ға дейін (150-ден 300 кгс/кв. см-ке дейін) қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар – құрастыру және гидросынау;

4) Миксер бандаждары - құрастыру;

5) Ішкі спиральды араластырғыш барабандар – құрастыру)

6) Жоғары қоспаланған болаттан жасалған дискілік вакуум сүзгілердің ұяшықты біліктері – құрастыру;

7) Шнек бұрамалары – құрастыру;

8) Бұрғылау мұнарасы –металл конструкцияларының жекелеген бөлшектерін құрастыру;

9) Газгольдерлер, ауа жинағыштар мен су бөлгіштер – құрастыру;

10) Газ құбырлар – құрастыру;

11) Өндірістік пештер мен кептіргіштердің каркастары мен қаптары – құрастыру;

12) Турбиналардың қаптама каркастары – құрастыру;

13) Қорғау қаптары – құрастыру, монтаждау;

14) Фермаларға арналған кондукторлары, копирлері – құрастыру;

15) Құбыржол алдыңғы мостыларының конструкциялары – құрастыру;

16) Буландырғыш және конденсаторлар корпустары – сферикалық түппен және пісіру үшін арматурамен құрастыру;

17) 100 т-ға дейін жүк көтеретін крандар – конструкциялар мен жекелеген тораптарды құрастыру;

18) Монорельстер – құрастыру;

19) Тор тіректер – құрастыру;

20) Пісірілген габаритті резервуарлар – құрастыру;

21) Байланыстар мен таяныштар – құрастыру;

22) Кептіру барабандарын отырғызу секциялары – құрастыру;

23) Траверстер – пісіру үшін құрастыру;

24) Фахверктер – прогондар мен элементтерді құрастыру;

25) Тоңазытқыштар мен домна пештерінің ию машиналары – жасау және құрастыру;

26) Шкафтар мен (су өткізбейтін) жәшіктер – құрастыру;

27) Элеваторлар, түтін сорғыштар, эксгаустерлер – құрастыру;

28) Электр – ауа үрлегіштер мен құбыр – ауа үрлегіштер – құрастыру;

29) Радиобашня элементтері, электр жіберу желілерінің тіректері – құрастыру.

847. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл конструкцияларын сызбалар және құрама тәсімдер бойынша әмбебап айлабұйымдарды және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып, дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру. Металл конструкцияларының күрделі базалық бөлшектері мен тораптарын орнату үшін орнын белгілеу. Жинақталған металл конструкцияларын нивелирлеу және тексеру. Эксперименталды және бірегей металл конструкциялары тораптарын құрастыру. Қысыммен істейтін металл конструкцияларының күрделі тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сынау кезінде табылған ақауларды жою.

Білуге тиіс: түрлі күрделі металл конструкцияларының қызметі, көтергіш-көлік айлабұйымдарды пайдалану шарттары, олардың сенімділігін айқындау әдістері, негізгі металдардың механикалық қасиеті, созылу, майысу, қысылудың шекті күштері, қолданылатын көтергіш механизмдердің механикалық сипаттамасы, такелажды және пісіру жұмыстарының орындалу тәсілдері, күрделі металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі, күрделі ұңғыларды белгілеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Экскаватор базасы - құрастыру;

2) Су тегеурінді бактар, газ-ауа өткізгіштер, бункерлер мен түтін құбырлары – құрастыру;

3) 30 МПа (300 кгс/кв. см) қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар – құрастыру және гидросынау;

4) Көпірлік крандардың басты және ұшындағы арқалықтары – құрастыру;

5) Көмір уататын, кен уататын диірмендердің, шахталық машиналардың барабандары – құрастыру;

6) Жер снарядтарының қарпығыш мұнаралары мен рамалары – бөлшектерін жасау;

7) Вагон төңкергіштер – құрастыру;

8) Шлюзді қақпалар – құрастыру;

9) Телескоптық жұқа қабырғалы арнайы болаттан жасалған қаптар – құрастыру;

10) Металл конструкциялар (фермалар, колонналар, шатыр тіреуіштер, блоктар, қаптар) – барлық конструкцияларын құрастыру, тексеру;

11) Көпір конструкциялары – құрастыру;

12) Құрылыс конструкциялары – бақылау және ірілендірілген құрастыру, тексеру;

13) Жүк көтергіштігі 0,5 т-ға дейінгі контейнерлер мен жүкті қозғалту немесе көтерудің механикалық, телескоптық және басқа да жетектерін ұйымдастыруды жарақтандыру құралдары – жасау, құрастыру, реттеу және сынау;

14) Шахталық копрлер – бөлшектер жасау;

15) Жылу алмастыру аппараттарының корпустары – құрастыру;

16) Цемент, металлургиялық және күрделі конструкциялы басқа пештердің корпустары – толық құрастыруды тексеру;

17) Электр сүзгілердің корпустары – құрастыру;

18) Жүк көтергіштігі 100 т-дан асатын крандар – конструкцияларды және жекелеген тораптарды құрастыру;

19) Экскаваторларды, қайта тиегіштерді, порталды крандарды бұру механизмдері – түпкілікті құрастыру;

20) Кептіру аппараттарының ұштамасы – корпусқа монтаждау;

21) Жұмысшыларды (краншылар мен лифтерлар) оқытуға арналған тренажер үлгілері – жасау, құрастыру, реттеу және сынау;

22) Тәжірибелік үлгілерді жасауға, құрастыруға және сынауға арналған технологиялық жарақтар – жасау;

23) Термиялық өңдеуге арналған пештер – бөлшектер жасау және монтаждау;

24) Мартен пештері – металл конструкцияларын құрастыру;

25) Автоматты сүзгі сығымдағыш плиталары – құрастыру;

26) Жоғары қысымдағы қыздырғыштар – құрастыру;

27) Реакторлар, автоклавтар, көп камералы туннельді кептіргіштер – құрастыру;

28) Жоғары қысымдағы резервуарлар – құрастыру;

29) Элеватор корпусының секциялары – құрастыру;

30) Өнімділігі 300 куб.сағ/м-ге дейінгі жер соратын снарядтар мен құрылғылар – құрастыру;

31) Күрделі стеллаждар, үш жазықтықта қозғалатын орындықтар мен креслолар – жасау, құрастыру, сынау;

32) А-тәріздес экскаватор фермалары – жалпы құрастыру;

33) Автоматты сүзгі сығымдағыштар – жалпы монтаждау;

34) Цистерналар – құрастыру;

35) Үлкен қуаттағы жүретін экскаваторлар – құрастыру.

848. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл конструкцияларын, сондай-ақ жоғары дәлдікті талап ететін эксперименталды және металл конструкцияларының бірегей тораптарын техникалық шарттарға сәйкес дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру. Құрама тәсімдер мен сызбалар бойынша күрделі геометриялық фигураларды құру. Металл конструкцияларының жиналған тораптарына паспорт жасауға қатысу. Қысыммен істейтін эксперименталды және бірегей металл конструкцияларының тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Түрлі күрделіктегі металл конструкцияларының тораптарын құрастырудың дәлдігін пайдалану диаграммалары мен сипаттамаларын ала отырып тексеру.

Білуге тиіс: жылу техникасының, механика, геометрия және тригонометрия негіздері, күрделі металл конструкцияларының қолданылу принциптері мен пайдалану ережесі, металл конструкцияларын құрастыруда қолданылатын күрделі аспап, айлабұйымдар мен түрлі аспаптар, металл конструкцияларын құрастырудың кезектілігі, арнайы сынауға жататын конструкциялар мен бұйымдарды құрастыруға қойылатын талаптар, металл конструкцияларын құрастырудың технологиясы мен техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Автоклавтар, рекуператорлар, муфтасыз, жіберетін және шыңдайтын агрегаттар - тораптар жасау және монтаждау;

2) Күрделі конструкциядағы жылу алмастыру аппараттары – құбыр жүйелерін жасау, жалпы құрастыру, монтаждау және сынау;

3) Домна пештерінің қаптары, ауа жылытқыштардың күмбездері, домна пештерінің еңіс көпірлері – түпкілікті және ірілендірілген құрастыру;

4) Электр жіберу желілерінің ауыр тіректері – түпкілікті және ірілендірілген құрастыру;

5) Конструкциялардың түтікті тіректері (телемачталар, радиомачталар) – құрастыру;

6) Өнімділігі 300 куб.м/сағ.-тан асатын жер соратын снарядтар мен құрылғылар – құрастыру;

7) Сақиналы ауа өткізгіш құбырлар, жанамалы подводтар, эллиптикалық келте құбырлар – құрастыру.

Такелаж және жүк қармағыш айлабұйымдар жөніндегі слесарь
849. Такелаж және жүк қармағыш

айлабұйымдар жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Канаттарды дөңгеленту және орау. Барлық диаметрдегі канаттарды механикалық тәсілмен және қолмен арнайы айлабұйымдарда белгілеу және бухталау. Канат ұштарының тарқамауы үшін бензельдер мен бекітпелерге шпагатты және сым марка салу. Болат канаттың ұштарын түсті металл құюдан алдын тарқатып және бұрай отырып, төлкеге немесе шеңберге орау. Жоғарылау білікті слесардың басшылығымен такелажды бұйымдар мен алынбалы жүк қармағыш айлабұйымдар (ЖҚА) жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Таңбалау шеңберлері мен кестелерді орнату және дәнекерлеу. Болат канаттың ұштарын қалайылау. Такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА сырлау. Такелажды бұйымдарды консервациялау және консервациядан алу. Диаметрі 3 мм-ге дейінгі тросс түйіндерді, тросстар мен коуштарды авиакүрмеу бойынша жұмыстарды қолмен орындау. Сығымдағыштар және жаншығыш станоктарда ұштама және төлке өткізгіштердің тросстарын штампылау және жаншу.

Білуге тиіс: тиеу-түсіру жұмыстарының өндірісінде қолданылатын такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА, қолданылатын аспаптың атаулары мен қызметі, бұйымдарды консервациялауға арналған бұлауларды дайындау әдістері мен қызмет көрсету ережесі, болат канаттарды белгілеу және кесуге арналған арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, жүк қармағыш айлабұйымдардың бөлшектерін оларды жөндеу кезінде өңдеу тәсілдері, жай түйін түю тәсілдері, трос бұйымдарды жасаудың техникалық шарттары мен технологиясы, жаншу станоктарының, сығымдағыштардың құрылысы, оларға қызмет көрсету ережесі.

850. Такелаж және жүк қармағыш

айлабұйымдар жөніндегі слесарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен 15 мм-ге дейінгі болат канаттан бұйымдар жасау. Айнала ұзындығы 90 мм-ге дейінгі табиғи және синтетикалық канаттардан қолмен бұйым жасау. Канаттарды, блоктарды, жұмыс органдарын және алынбалы ЖҚА басқа да бөлшектерін бұранданы аралап, бұрғылап және кесіп ауыстыру. Электр-газ пісірушімен жұмыс істеу. Арнайы құрылғыларды пайдалана отырып канат бұйымдардан шығып тұратын сымдарды күйдіру. Алынбалы ЖҚА канатты жарақтандыру және жүк көтергіш машиналарды канаттық жарақтандыруға қатысу. Диаметрі 3 мм-ден жоғары тросс түйіндерді, тросстар мен коуштарды авиакүрмеу бойынша жұмыстарды қолмен орындау, үлкен габаритті тросс жүйесін құрастыру. Түрлі тораптарды, агрегаттарды, машиналарды кейіннен реттей отырып троспен құрастыру.

Білуге тиіс: такелажды бұйымдармен жұмыс принципі, жұмыс істеу тәсілдері, жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА құрылғысы, болат канатты іріктеу нормалары, күрделі тораптарды өру тәсілдері, трос жүйесінің жұмыс тәсімі, өру және құрастыру технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1) Кранның тістеуік, шымшуыр, тырнақты қармағыштары, ілмектер, қол кетпендер – жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

2) Кранцылар, күркелер, шторм – басқыштар, такелажды бұйымдарға арналған өрілген немесе ағаш бөлшектер – жасау;

3) Кренгельстер, мусингтер, созбалар, жүк және қорғау торлары – жасау;

4) Алынбалы ЖҚА және тұғырға арналған кран ілмелері - канаттарды, қапсырмаларды, сақиналарды ауыстыру, түзету.

851. Такелаж және жүк қармағыш

айлабұйымдар жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Жоғарырақ білікті слесардың көмегімен диаметрі 15 мм-ге дейінгі және диаметрі 15 мм-ден жоғары болат канаттан бұйым жасау. Айнала ұзындығы 90 мм-ден асатын табиғи және синтетикалық канаттардан бұйым жасау. Массасына, габаритіне және басқа да сипаттамаларына қарай алынбалы ЖҚА іріктеу және таңдау. Тиеу-түсіру жұмыстары өндірісінің технологиясына сәйкес алынбалы ЖҚА қабылдау және беру. Такелажды аспап жөндеу. Жүк көтергіш машиналардың канатты жарақтарын орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА құрылысы мен конструкциялық ерекешеліктері, алынбалы ЖҚА және шынжыр және канаттан жасалған бұйымдар жасау және жөндеу жолдары, металдың маркалары және такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасаудың техникалық шарттары, канаттан жасалған бұйымдарды іріктеу нормалары, такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және жөндеуге арналған жабдыққа қызмет көрсету ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Мақта, каучук бумаларға арналған қармағыш крандар, бөшкелерге арналған қалақша және жұдырықшалы қармауыштар – жасау;

2) Үлкен диаметрдегі құбырларға арналған, кабельді барабандардың, синтетикалық бөшкелердің кран қармауыштары – іріктеу шығару, жөндеу, техникалық қызмет көрсету;

3) Порталды, автомобиль, шынжыр табанды крандар, қайта тиегіштер, оның алынбалы жүк қармағыш органдары – канаттарды ауыстыру, олардың органдарын жасау;

4) Сым кесуге арналған қайшылар, полиспасталар – жасау және жөндеу.

852. Такелаж және жүк қармағыш

айлабұйымдар жөніндегі слесарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Диаметрі 15 мм-ден жоғары 48 мм-ге дейінгі және диаметрі 25 мм-ге дейінгі болат канаттан арнайы станоктық жабдықта бұйым жасау. Такелаж жөндеуге және жасауға арналған жабдықтар мен айлабұйымдарға техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА, канатты және алынбалы ЖҚА бұйымдарын жасау және сынауға арналған арнайы станоктық жабдықтардың құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері, такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасаудың техникалық шарттары, алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және таңбалауға арналған техникалық қадағалау органдарына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1) Қолмен фиксациялайтын үлкен жүкті контейнерге арналған кран қармауыштары, орамалардағы болатқа арналған қапсырма қармауыштар, бөшкелерге арналған рычагты қармауыштар – жасау, жөндеу, сынау және техникалық қызмет көрсету;

2) Автотехниканы қайта тиеуге арналған рамалық ілмелер – жасау, жөндеу, сынау, таңбалау, техникалық қызмет көрсету.

853. Такелаж және жүк қармағыш

айлабұйымдар жөніндегі слесарь 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып диаметрі 48 мм-ден асатын және 25 мм-ден жоғары диаметрдегі болат канат бұйымдарды арнайы станоктық жабдықта қолмен жасау. Күрделі және эксперименталды алынбалы ЖҚА және такелажды бұйымдар жасау, сынау және таңбалау. Такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және сынауға арналған арнайы айлабұйымдар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: ерекше ауыр және бірегей ірі габаритті жүктерді қайта тиеуге арналған күрделі және эксперименталды алынбалы ЖҚА құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері, массасына, габаритіне және жүкті ілмектеу тәсілдеріне қарай канат бұйымдардың төзімділігін есептеу ережесі, такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және жөндеуге арналған арнайы станоктық жабдықтардың конструкциясы, баптау ережесі және жолдары.

Жұмыс үлгілері

1) Үлкен диаметрдегі құбырларға арналған шанышқылы, жартылай автоматты кран қармауыштар – жасау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сынау;

2) Локомотивтерді, қазандықтар мен басқа да ірі габаритті және ауыр салмақты жабдықтарды қайта тиеуге арналған рамалық ілмелер – жасау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь


854. Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Карбюратор және дизел қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының жай тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратураны монтаждан алу және монтаждау. Карбюратордың қалтқы камерасындағы отынның деңгейін реттеу.

Білуге тиіс: іштен жанатын қозғалтқыш құрылғысы, қоректендіру және жылу аппаратурасы жүйесіндегі ықтимал ақаулықтар және оларды жою әдістері, карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратурасын шешу және орнату ережесі, жылу аппаратурасының жекелеген тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және ауыстыру ережесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет