Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет61/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70

10) Ирек планетарлық редуктор жетектері – тісті дөңгелектер үшін терезелерін белгілеу;

11) Тепловоз бөлшектері (тарату, тігінен және көлденең дизель біліктер) – шпонды жырашықтарды фрезерлеу үшін белгілеу;

12) Кремальер қақпақтар мен есіктердің бөлшектері (комингстар, қақпақтар, айналма сақиналар) – жұдырықшалар мен ойыс жерлерін белгілеу, кронштейн, обушок, стақандарды орнату үшін белгілеу;

13) Сүзгілеу бөлшектері (қақпақтар, эллипс сақиналар, түбі, кесілген дискілер, жапсырмалар, торлар және т.б.) – шаблон бойынша белгілеу;

14) Шпиль және шығыр бөлшектер (жүк көтергіш механизм тізбектерінің жұлдызшалары, барабандары) – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

15) Орташа күрделіктегі жәшік модельдері мен өзекшелі дайындамалар – тексеру және толықтай белгілеу;

16) Көмір-шыны-металл-пластикадан жасалған арнайы бұйымдар – толықтай белгілеу;

17) Паровоз оталғышы артқы бастарының созылмалы сыналары, оталғыш білікшедегі шпонды паздар, қазандықтың теңселіп тұратын оттықтарының рычагтары мен жетектері, қазандық түтін қораптарының есіктері, сығымдағыш – май сауыт храпты дөңгелегінің қораптары – белгілеу;

18) Секциялық поршеньді сақиналар – кесуге арналған жерді белгілеу;

19) Фрезерлік және сүргілеу станоктарының жіберу қораптары мен үстелдері – толықтай белгілеу;

20) Су сорғысы корпустары – толықтай белгілеу;

21) Кеме аппаратурасы клапандарының корпустары мен қақпақтары – құймаларды тексеру және механикалық өңдеу үшін белгілеу;

22) Диаметрі 300 мм-ден асатын мойынтіректердің корпусы мен қақпақтары – белгілеу;

23) Редуктор корпустары мен қақпақтары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

24) Өту шартты диаметрі 100 мм-ге дейінгі клапан корпустары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

25) Түрлі мөлшердегі кронштейндер – белгілеу;

26) Кулисалық маяктар мен жетектер – ерітіп дәнекерлегеннен кейін белгілеу;

27) Жұдырықшалы және біріктіретін муфталар - өңдеу үшін белгілеу;

28) Токарлық станоктардың патрондары – белгілеу;

29) Электросекция орташа вагондарының аспалы ілмелері – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

30) Білігінің диаметрі 250 мм-ге дейінгі кеме тіректік мойынтіректер – корпусы мен қақпақтарын механикалық өңдеу үшін белгілеу;

31) Білігінің диаметрі 490 мм-ге дейінгі кеме тіректік мойынтіректер – корпусы мен қақпақтарын механикалық өңдеу үшін белгілеу;

32) Вагон арбаларының белдемелері – белгілеу;

33) Резервуарлар, цистерналар, су және отын бактары – белгілеу;

34) Дизель шығару клапандарының рычагтары, дискілер, желдеткіш көтермелерінің қысу тәждері, көтерме моторының тығыздағыш жартылай сақиналары, негізгі және шатунды жапсырмалар – белгілеу;

35) Электромашина станиналары – бұрғылау үшін белгілеу;

36) Компрессор және басқа да машина шатундары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

37) Тангенциалды шпонкалар – белгілеу;

38) Штампылар, кондукторлар, айлабұйымдар, цангты патрондар мен аспаптар – орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу.

778. Белгі қоюшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша астарларда, сыналарда, көтергіштерде және түрлі айлабұйымдарда индикатордың, жазық параллельді плиткалар мен басқа да бақылау-өлшеу аспаптардың көмегімен орната отырып, тексеріп ірі көлемді және күрделі бөлшектерді және тораптарды, металл үлгілерді, құймаларды, шыңдағыштарды және металл құрылымдарды, аспаптар мен металл құрылымдарды өңдеуге еденде, плитада немесе станокта белгілеу. Дайындамаларды, бөлшектер мен тораптарды белгілеу және тексеру үшін күрделі ұңғылау сызбаларын, геометриялық құрылымдар мен тригонометриялық есептеулер орындау. Бөлшектерді, тораптарды белгілеу тәсілін таңдау және құймаларды тексеру.

Білуге тиіс: механикалық және термиялық өңдеу кезіндегі түрлі металдардың, қорытпалардың қасиеті және олардың бұзылуы, ұңғыланатын бөлшектер мен тораптарды өңдеу процесі, механикалық өңдеу үшін әдіптері, палубалардың сыртын қаптаудың жекелеген құрылымын және басқа да плазалық бөлімдерді бөлу және созғылау кезіндегі геометриялық құрылым тәсілдері, бөлшектер мен құрылымдарды пісіру және тойтару үшін дайындау ережесі, жаймалық және кескінді материалдан жасалған күрделі құрылымдарды пісіру кезінде бұзылудың алдын алу тәсілдері, ықтимал белгілеу аспабын қайрау және толтыру тәсілдері, өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1) Ірі токарлық станоктарға арналған алдыңғы және артқы тұғырлар – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

2) Балға тұғырлар – «айыр құйрықты» және шпонка ұясын белгілеу;

3) Баллерлер – конустағы шпонды паздарды белгілеу;

4) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің саны төртке дейінгі цилиндр блоктар – белгілеу;

5) Түрлі бұрыштарға орналасқан төрт-алты иінді біліктер – белгілеу;

6) Электровоздың тісті дөңгелек тәждері – серіппелі пакет үшін паздарды өңдеуге белгілеу;

7) Диаметрі 1000 мм-ге дейінгі ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу;

8) Ескекті бұрамалар – шпонды паздарды, кесіктердегі және ступицаның жанындағы саңылауларды белгілеу;

9) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлері блоктарының бастары – газ камераларын, ұяшықтарын, клапандары мен болт саңылауларын белгілеу;

10) Бағыт ауыстырғыш бөлшектері – сызба сызу;

11) Салқындататын құрылғы радиаторларының коллекторлары – белгілеу;

12) Құрылыс конструкциялары: прогондар, ригельдер, фахтверктер, қанаттар, кран асты арқалықтар – белгілеу;

13) Турбина корпустары – механикалық өңдеу үшін құйманы тексеру және белгілеу;

14) Тепловоз клапандары жетектері корпустарының қақпақтары – белгілеу;

15) Орташа күрделіктегі және үлкен көлемді металл қалыптардың, кокиль және шаблондардың өзекшелі жәшікті модельдері - өзекшелі жәшікті модельдердің өлшемдерін тексеріп және байланыстыра отырып өңдеу үшін толықтай белгілеу;

16) Ескекті бұрамалардың ағыншалары - өңдеу үшін белгілеу;

17) Баллер тіректері – алдын ала механикалық өңдеу үшін перпендукулярлы осьті келтіру, паздар мен шықпаларды, айқасатын саңылауларды белгілеу;

18) Жетекші және тіркелетін дөңгелектердің осьтері – шпонды паздарды өңдеу үшін белгілеу;

19) Поршенді немесе орталық оталғыш және поршенді сырғыманың мойынтіректері – ақтау және біліктерге арналған саңылауларды өңдеу үшін белгілеу;

20) Білігінің диаметрі 250 мм-ден жоғары тіректі кеме мойынтіректері – механикалық өңдеу үшін корпусты және қақпақтарын белгілеу;

21) Білігінің диаметрі 490 мм-ден жоғары тіректі кеме мойынтіректері – механикалық өңдеу үшін корпусты және қақпақтарын белгілеу;

22) Дизель поршеньдері – клапанға арналған жерлерді бұрғылау және өңдеу үшін белгілеу;

23) Тепловоз дизельдерінің поршеньдері – саңылауларды жону үшін белгілеу;

24) Орталық оталғыш рамкалары – балқытудан кейінгі өңдеу үшін белгілеу;

25) Баллер үшін орталық саңылау диаметрі 250 мм-ден асатын рульді құрылғылардың румпельдері – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

26) Бағыт ауыстыратын жүрекшелер – белгілеу;

27) Станок станиналары – белгілеу;

28) Диаметрі 1000 мм-ге дейінгі құбырлар – белгілеу;

29) Ірі токарлық станоктардың алжапқыштары, кареткалары, суппорттары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

30) Тепловоз желдеткіштері редукторлары муфталарының фланецтері – белгілеу;

31) Поршенді машина цилиндрлері – цилиндрлерінің саны алтыға дейінгі блоктарда толықтай белгілеу;

32) Штампылар, кондукторлар мен айлабұйымдар – күрделі бөлшектерді белгілеу.

779. Белгі қоюшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 6-7 квалитеттер бойынша индикатордың, жазық параллельді плиткалар мен басқа да бақылау-өлшеу аспаптардың көмегімен түрлі айлабұйымдарды пайдалана отырып, дәл тексере отырып ірі көлемді және күрделі бөлшектерді және тораптарды белгілеу. Белгілеу үшін күрделі ұңғылау сызбаларын сызу, геометриялық құрылымдар мен тригонометриялық есептеулер орындау.

Білуге тиіс: ірі көлемді, күрделі бөлшектер мен тораптарды белгілеу үшін геометриялық құрылым тәсілдері, орнату және белгілеу үшін бастапқы базаны айқындай отырып бөлшектерді тексеру жолдары, күрделі ұңғымаларды құру тәсілдері мен белгілеу кезінде есептер орындау, конструкциялар мен тораптарды белгілеу әдістері, орта және кіші кемелердің шеттерінің сыртын қаптауды белгілеу үшін әзірленетін рейкаларды бақылау әдістері, тік бұрыштың тригонометриялық функциялары.

Жұмыс үлгілері

1) Балға тұғырлары – жіберетін және шаппаларды, теңгеретін жағының қуыстарын белгілеу;

2) Автоматтар үшін копир барабандары – белгілеу;

3) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің саны алтыға дейінгі цилиндр блоктар – белгілеу;

4) Түрлі жазықтықтарға орналасқан алты иіннен асатын ірі қозғалтқыштардың иінді біліктері – негізгі және шатунды мойындарды жону үшін белгілей отырып дайындаманы тексеру;

5) Диаметрі 1000-дан 5000 мм-ден асатын ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу;

6) Домна пештерінің дірілді тас електер – сызбаларды қашай отырып сызу;

7) Дәнекерленген бу турбина диафрагмалары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

8) Сферикалық және конусты түптері – белгілеу;

9) Поршеньді және орталық оталғыштар – осьтер бойынша белгілеу;

10) Тұтас және торлы бағаналар – белгілеу;

11) Ескекті бұрама қалақтарын жасау үшін модельді жинақтар – берілген координаттар бойынша қиманы сызып және геометриялық құрылыстарды орындай отырып белгілеу;

12) Инжектор корпустары – белгілеу;

13) Сыртқы және ішкі гидрогенераторлардың айқаспалары – толықтай белгілеу;

14) Радиорелелік және телевизиялық мачталар – белгілеу;

15) Мөлшері координаттары арқылы берілген өзекшелі жәшігі бар модельдер, желілердің геометриялық нүктелер және күрделі қисық сызықтары – белгілеу;

16) Баллер тіректері – қиғаш, еңіс сызықтарды механикалық өңдеу үшін белгілеу;

17) Ескекті бұрамалардың қалақтарын және ступицалардың құймалары – тексеру және белгілеу;

18) Күрделі конфигурациялы панельдер – белгілеу;

19) Поршеньді сырғымалар – сына саңылауларды өңдеу үшін параллель бойынша белгілеу;

20) Ерекше күрделі сығымдағыш қалыптар – белгілеу;

21) Конустан радиусқа ауысатын күрделі кешенді беті бар пуансондар, матрицалар – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

22) Гидрогенераторлар мен турбогенераторлардың роторлары мен статорлары – толықтай белгілеу;

23) Ірі токарлық, сүргілеу, фрезерлік станоктардың статиналары – құймалардың мөлшерлерін тексере отырып толықтай белгілеу;

24) Траверстер – белгілеу;

25) Диаметрі 1000 мм-ден асатын құбырлар – белгілеу;

26) Дизель цилиндрінің шатундары мен қақпақтары - белгілеу;

27) Күрделі конфигурациялы шаблондар – белгілеу;

28) Шатыр тіреуіш, фонарлық, көпір крандары фермалары – белгілеу.

780. Белгі қоюшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рейкаларды, шаблондарды, каркастар мен ұңғылау сызбаларын әзірлей отырып күрделі конфигурациялы бөлшектерді белгілеу. Ірі және күрделі бұйымдарды плазда бөлу. Теориялық сызбаның барлық желілерін барлық проекцияда келісу және координаттау жүйесінің кестелері мен номограммаларын құрастыру. Модель блогына паздар мен жіктерін жағу. Зергерлік жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: бұйым плаздарында бөлінетін теориялық сызба, плазды бөлу кезінде геометриялық құрылым тәсілдері, плазалық кітапты тексеру номограммалары мен кестелерін құрастыру ережесі мен тәсілдері, бұйымдар мен агрегаттарды құру және монтаждау процесінде анағұрлым күрделі тексеру жұмыстарын орындау тәсілдері, кәсіпорындарда құрылып жатқан бұйымдардың конструкциясы, құрылыс технологиясы, белгілеу үшін техникалық шарттар мен шектеулер, пісіру үшін күрделі конструкцияларды өңдеу және құрастыруды, бұйым тораптары мен секцияларын құрастыру және пісіруге арналған айлабұйымдардың құрылымы, пісіру кезінде металл конструкцияларының бұзылуының алдын алу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Кеме және корабльдердің ахтерштевнялары – плаздарды, мөлшерін шаблон бойынша тексеру;

2) Толтыру машиналарының бункерлері – сызба сызу;

3) Тепловоз дизельдерінің иінді біліктері мен фундаментальды рамалары – белгілеу әдісімен тексеру;

4) Диаметрі 5000 мм-ден асатын ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу;

5) Жеке жобамен жасалатын станоктардың жылдамдық қораптары – жону үшін белгілеу;

6) Копирлеу-фрезерлік станоктарда ескекті бұрамаларды өңдеуге арналған қайталама копирлер - өңдеу үшін белгілеу, өңдегеннен кейін тексеру.

Бұрғылаушы – пневматик


781. Бұрғылаушы – пневматик 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және күрделі емес конструкцияларда диаметрі 16 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. Шлангі ұштарын реттеп салу, ауыспалы ниппельді шлангілерді іріктеу.

Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машинкаға қызмет көрсету, өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы, анағұрлым кең тараған айлабұйымдар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, қолданылу ережесі, қолданылатын салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың атауы.

Жұмыс үлгілері

1) Су бактары, алаңшалар, цистерналар және басқа да қарапайым конструкциялар – саңылауларды бұрғылау және ұңғылау;

2) Жаймалар және кескінді илем – талап етілетін тереңдікке саңылау ұңғылау.

782. Бұрғылаушы – пневматик 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 16 мм-ден 25 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау.Жылжымалы станокты пайдалана отырып жоғарыдан төменге қарай саңылау бұрғылау. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі саңылауларға ойық жасау. Ішкі жағынан ұңғылау.

Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналары мен жылжымалы станоктардың қолданылу принципі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеті, бұрғылардың бұрышы және қайрау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Тойтарма шегелер – ыңғайлы жерлерінен саңылау бұрғылау;

2) Палубалардың жапсырмалы жаймалары, төсемдері және т.б. – саңылау бұрғылау;

3) Тесіп өтетін саңылаулар – ойық тесу;

4) Пакеттер мен жинақталған тораптар – саңылауларды бұрғылау;

5) Қосалқы механизмдердің іргетасы – саңылау бұрғылау.

783. Бұрғылаушы – пневматик 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 25 мм-ден 35 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. 12 ден 22 мм. дейін жоғары диаметрде ішкі ойықты (саңылауда) тесу. Жанынан бұрғылау. Барлық пневматикалық машиналарда ыңғайсыз жерлерде жұмыс істеу. Терең саңылауларды бұрғылау.

Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналарының құрылысы, бұрғылау дәлдігін тексеру ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану шарттары, әмбебап және арнайы кесетін аспаптың геометриясы, қайрау ережесі, ойық элементтері мен түрлері, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Гужондар, тығындар, шпилькалар мен бұрандалы шегелер – саңылау тесу және кейіннен орнату;

2) Тойтарма шегелер – ыңғайсыз жерлерден саңылау бұрғылау;

3) Кеменің сыртын қаптау – саңылау бұрғылау және ұңғылау;

4) Жылу алмастыратын аппараттарды қаптау – саңылау бұрғылау;

5) Бақылау және ірілендірілген құрамалардағы саңылаулар – төсеніштерді бұрғылау;

6) Палубалық стрингерлер – саңылау бұрғылау;

7) Аз магнитті болат – диаметрі 12 мм-ге дейінгі саңылау бұрғылау.


784. Бұрғылаушы – пневматик 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 35 мм-ден жоғары саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. Жоғары кедергіліктегі болаттарда түрлі диаметрдегі саңылаулар тесу. Диаметрі 22 мм-ден асатын саңылаулардан ойық жасау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі пневматикалық және электр бұрғылау машиналарының құрылысы және дәлдігін тексеру ережесі, барлық түрдегі арнайы кесетін аспаптың геометриясы, қайрау және жеткізу ережесі, түрлі әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Ахтерштевнялар – бұрғылау;

2) Бөлшектер мен тораптар – барлық жағдайдағы белгісі бойынша және кондукторлар бойынша саңылауларды бұрғылау және ұңғылау;

3) Иллюминаторлар – айлабұйымдарды орнату және саңылау тесу;

4) Көлемді жинақтау секцияларының каркастары – түпкілікті саңылауларды бұрғылау;

5) Коллекторлар – саңылау тесу;

6) Кеменің сыртын қаптау – саңылау тесу;

7) Аз магнитті болат – диаметрі 12 мм-ден асатын саңылау бұрғылау;

8) Штевнялар – саңылауларды бұрғылау.

Слесарь-аспапшы


785. Слесарь-аспапшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу; қарапайым айлабұйымдарды, кесетін және өлшейтін аспапты құрастыру және жөндеу. Қарапайым аспаптарды шыңдау. Термиялық өңделмеген шаблондарды, даяр үлгіні және қапсырмаларды 12 квалитеттер бойынша жасау және жеткізу. Белгілегіштер және плашкалы ойықтарды калибрлер бойынша тексере отырып тесу. Анағұрлым жоғары білікті слесарь – аспапшының басшылығымен арнайы технологиялық жарақтар мен шаблондарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі аспаптар мен айлабұйымдарды жасау және слесарлық өңдеу.

Білуге тиіс: слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері және оларды сызбаларда белгіленуі, бұрғылау және егеулеу станоктарының жұмыс істеу принципі, термиялық өңдеудегі металдық бұзылуын есепке ала отырып одан әрі жеткізу үшін әдіптерді орнату ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Металл өңдейтін станоктарға арналған диаметрі 60 мм-ге дейінгі, ұзындығы 1000 мм-ге дейінгі борштангілер – тік бұрышты саңылауларды тесуге жеткізу;

2) Шығырлар –слесарлық толықтай өңдеу;

3) Ауыспалы төлкелер – терезелерді механикалық өңдегеннен кейін белгілеу, бұрғылау және аралау;

4) Түрлі тұтқыштар, қарапайым кондукторлар мен айлабұйымдар, белгілегіштер мен плашкаларды ұстағыштар – жөндеу;

5) Түрлі айлабұйымдар мен штампылардың бөлшектері – бұрыштық, сызғышпен және кондуктор бойынша кесу, паздарды аралау, ойықтарды белгілегіш және плашкалармен кесу;

6) Клуппалар мен тұтқыштар – слесарлық толықтай өңдеу;

7) Гайкалы жабық, кесік және арнайы кілттер – станоктық өңдеуден кейін шаблон бойынша тексере отырып тілін кесу;

8) Болттар мен гайкаларды штампылауға арналған матрицалар мен пуансондар – жөндеу;

9) Нутромерлер – жасау және жөндеу;

10) Бұрғыларға арналған қысқыш патрондар (қарапайым) – құрастыру;

11)Қарапайым шыңдалған кескіштер – шаблон бойынша жеткізу;

12) Дәнекерленген пластиналы серіппелі бұрғылар – тез кесетін платинаны кесу;

13) Гайкалы кілттердің шаблондары, жамылғы қайшылар – жасау.

786. Слесарь-аспапшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік сызықты және фигуралы сызықты орташа күрделіктегі аспаптар мен айлабұйымдар (фасондық кескіштер, жинақтама фрездер, ашылатын қашаулар, штангенциркульдер, штампылар, кондукторлар мен шаблондар) жасау және жөндеу. Арнайы техникалық жарақтар мен шаблонды пайдалана отырып күрделі және дәл аспап пен айлабұйым жасау. Әмбебап жарақты пайдалана отырып 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Фигуралық бөлшектерді (бұйымдарды) белгілеу және сызу. Аспапты жетілдіру және жасалатын бұйымдарды тегістеу. Анағұрлым жоғары білікті слесарь аспапшымен бірлесіп күрделі аспаптар мен айлабұйымдар жасау.

Білуге тиіс: қарапайым геометриялық және тригонометриялық тәуелділік және техникалық сызу негіздері, қолданылатын металл өңдеу кесу және жетілдіру станоктарының құрылымы, жеткізу материалдарын пайдалану ережесі, түрлі маркадағы аспапты және конструкциялық болаттың қасиеті, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен аспаптардың құрылымы мен пайдалану ережесі, бөлшектің температурасына өлшеу дәлдігінің әсері, аспапты және конструкциялы болатты термиялық өңдеу тәсілдері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, термиялық өңдеу езінде металдың бұзылуын ескере отырып жетілдіру әдіптерін.

Жұмыс үлгілері

1) Нөмірлі аппараттар - штифтер, бұрандамалар, костылькалар жасау;

2) Диаметрі 60 мм-ден асатын және ұзындығы 1000 мм-ден жоғары борштангілер, кескіш ұстағыштар, бұрғылау станоктарына арналған патрондар – толықтай слесарлық өңдеу;

3) Тегіс ойық тарақшаларына арналған күрделі ұстағыштар – ойық тарақ бойынша құлыптарды шақтап белгілеу;

4) УСП бөлшектері – ойықты белгілеу, бұрғылау және тесу;

5) Бұрамалы көтергіштер, фрезерлік қалпақтар – бөлшектерді слесарлық өңдеу және құрастыру;

6) Қол бұрғылары мен зырылдауықтар – жөндеу;

7) Пневматикалық құралдар – слесарлық өңдеу және құрастыру;

8) Тік төртбұрышты және шпонды калибрлер – жетілдіру;

9) Жай кондукторлар – жасау және құрастыру;

10) Таңбалар – жасау;

11) Алты қырлы, жабық басты жұлдызшалы кілттер – уату операцияларынан кейін шаблондар немесе калибрлеу бойынша кесу;

12) Түрлі мөлшердегі тегіс жылжымалы плашкаларға арналған клуппалар мен күрделі емес копирлер – жасау;

13) Токарлық-револьвер автомат жұдырықшалары – жасау;

14) Даяр үлгілі пышақ тәрізді тексеретін сызғыштар – тегістеуден кейін жетілдіріп толықтай слесарлық өңдеу;

15) Кесу құны 0,01 мм микрометрлер – микробұраманы, өкше, гайка жазықтықтарын шешу, жетілдіру, сондай-ақ жазық параллельді шыны, соңғы өлшемдер және интерференциялы шынылар бойынша құрастыру және тексеру;

16) Құрастырмалы күрделі жиектер – құрастыру;

17) Әмбебап және цагналы патрондар – жөндеу, құрастыру және реттеу;

18) Тексеру мөлшері 1000х1500 мм белгілеу, бақылау плиталары – қырып тегістеу және тексеру;

19) Цилиндр серіппелер – слесарлық өңдеу;

20) Барлық мөлшердегі жылжымалы ұңғымалар, рейсмустар – слесарлық өңдеу;

21) Жай шыңдалған кескіштер – шаблон бойынша жетілдіру;

22) Сейфтер мен жанбайтын шкафтар – ұсақ жөндеу, болт жасау;

23) Станоктық параллельді қысқыштар – жасау;

24) Периметрі 500 мм-ге дейін бақылау бұрыштықтар – бұрыштарды қатаң сақтай отырып дайындау;

25) Паздарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, радиустарды, сатылы бөлшектерді бір уақытта өлшеуге арналған шаблондар – шыңдағаннан кейін дайындау және жетілдіру;

26) Тіс кескінін тексеруге арналған шаблондар – контршаблондардың көмегімен аралау және жетілдіру;

27) Ию штампылары, орташа күрделіктегі сығымдағыш қалыптар мен айлабұйымдар – слесарлық өңдеу, сығымдағышты құрастыру және орнату;

28) Штрихмассалар мен тегіс калибрлер – жетілдіру.

787. Слесарь-аспапшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәл және күрделі аспаптар мен айлабұйымдар (копирлер, кесетін және созатын штампылар, пуансондар, кондукторлар) жасау және жөндеу. Арнайы технологиялық жарақтарды пайдалана отырып күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдар жасау. әшекейлі кескінді бөлшектерді бетін айналы етіп 7-10 квалитеттер бойынша жетілдіру, ысқылау және жасау.

Білуге тиіс: негізгі геометриялық және тригонометриялық тәуелділіктер, түрлі үлгідегі жетілдіретін және аралайтын станоктардың құрылымы, жетілдіретін материалдардың құрамы, қызметі мен қасиеті, өңделетін бөлшектерді шыңдау және түзету сапасын айқындау тәсілдері, күрделі фигураларды белгілеу және сызу жолдары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, металлдың термоөңдеу кезіндегі ішкі кернеулігі мен құрылымының өзгеруі, оларды болдырмау және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Нөмірлі аппараттар - литерлерді дәнекерлеуге арналған қысқыштар, рычагтар, серіппелер, қалыптар және дөңбекшелер жасау;

2) Өзі ашылатын ойықты қалпақтар – құрастыру;

3) Калибрлер – қапсырмалар, биіктік өлшегіштер және т.б. – ысқылау, жетілдіру;

4) Бақылау сыналары – қырып тегістеу;

5) Түрлі жазықтықтарда бөлшектерді бұрғылауға арналған кондукторлар – жасау және құрастыру;

6) Күрделі қалыптағы копирлер – шаблон бойынша өңдеу, құрастыру, реттеу, жөндеу, жетілдіру;

7) Құрастырмалы даяр үлгілер – жасау;

8) Ұзындықтары 6 м-ге дейінгі бақылау және жұмыс сызғыштары, барлық мөлшердегі тексеретін даяр үлгідегі рамкалар – тараптардың параллельдігін сақтай отырып тексеру және қырып тегістеу;

9) Бөлу құны 0,002 мм рычагты микрометрлер – микро-бу және сағат механизмін жөндеу, дәлдігін тексеру;

10) Сығу арқылы волноводтарды ұзарту қондырғыштары – құрастыру;

11) Мөлшері 1000х1500 мм-ден жоғары таңбалаушы, бақылау, тексеруші тақтайшалар – қырып тегістеу;

12) Күрделі сығымдағыш қалыптар – слесарлық өңдеу, құрастыру, жасау)

13) Бақылау призмалары – кесу және қырып тегістеу;

14) Бос бөлшектердің эксцентриктілігін өлшеу, қабырғаларының қалыңдығын және тереңдігін өлшеу аспаптары – жасау және пісіру;

15) Құрастырмалы әмбебап айлабұйымдар – құрастыру;

16) Күрделі конфигурациялы барлық мүмкін фасондардың кескіштері және оларға шаблондар – жасау және жетілдіру;

17) Сейфтер, жанбайтын шкафтар – кілтке арналған бір және екі бородкалы болванкаларды жасау және дәнекерлеу, отандық өндіріс құлыптарына ерекше күрделі кескінді цугольдалар жасау;

18) Периметрі 500 мм-ден асатын бақылау бұрыштықтар – бұрыштарын қатаң сақтай отырып жасау;

19) Иілетін, кесілетін, үзілетін қалыптар – шыңдағаннан кейін жетілдіру;

20) Штангенциркульдер, штангенрейсмустар – күрделі жөндеу;

21) Радиусының саны үшке дейін кескінді шаблондар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

788. Слесарь-аспапшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеуді талап ететін мөлшерлері өз арасында көп санмен байланысты шаблондарды, ірі күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдарды (арнайы және бөлетін қақпақтар, сығымдағыш қалыптар, штампылар, кондукторлар, пісіру құрылғылары, өлшеу айлабұйымдары және т.б.) 6-7 квалитеттер бойынша жасау, реттеу, жөндеу. 5 квалитет бойынша фигуралы келбетті және кедір-бұдырлық параметрі Rа 0,16-0,02 бөлшектерді жетілдіру, ысқылау және жасау. Айлабұйымдар мен штампыларды іске қосу жағдайында тексеру.

Білуге тиіс: күрделі арнайы және әмбебап аспаптар мен айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері, күрделі аспаптар, бөлшектер мен тораптар жасау кезінде қажетті есептеулер мен геометриялық тізбектің барлық түрлері, дәлме-дәл бақылау аспабы мен қолданылатын материалдарды термоөңдеу тәсілдері, аспапты өлшеу көрсеткіштеріне температураның әсері.

Жұмыс үлгілері

1) Нөмірлік (ротациялық емес үлгідегі) аппараттар – ішкі және сыртқы корпустар жасау;

2) Кесетін, жылтырататын және қашайтын қалпақтар – ақауларды белгілеу, шыңдағанға дейін және кейін қиыстыру, құрастыру, сынау және жою;

3) Бұрандалы ойықты қалпақтар – баптау және құрастыру;

4) Тарақшалар мен храповиктер – жасау;

5) Оптикалық тіс өлшегіштер – жөндеу және сынау;

6) Нөмірленген дөңгелектер – слесарлық өңдеу;

7) Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі сыртқы және ішкі конустарды өлшеуге арналған конусты калибрлер – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру;

8) Күрделі конфигурациялы пазды жинамалы радиусты калибрлер – жетілдіру;

9) Тарақшаларды фрезерлеуге арналған калибрлер, штампылар, кондукторлар, айлабұйымдар – жасау;

10) Ұзындығы 6 м-ден асатын бақылау және жұмыс сызғыштары – жақтарының параллелдігін қатаң сақтай отырып қырып тегістеу;

11) Индикаторлы микрометрлер – толықтай өндеу;

12) Мөлшері 1500х1500 мм-ге дейінгі белгіленетін бақылау құрамалы платалар – қырып тегістеу және құрастыру;

13) Қысымдағы құюға арналған күрделі сығымдағыш қалыптар – белгілеу, жетілдіру, құрастыру және сынау;

14) Бұрыштарды өлшеуге арналған аспаптар – құрастыру, жетілдіру және сынау;

15) Тегіс қысымды плашкалар мен клупптарға арналған бақылау рамкалары мен сухарилер – шыңдап жасау және шыңдағаннан кейін жетілдіру;

16) Сейфтер, жанбайтын шкафтар – бақылау құлыптарын тазалау, майлау және қалпына келтіру, бір бородкалы кілттер жасау;

17) Бақылау бұрыштықтары – жетілдіру;

18) Модульдері 1-ден асатын 1,5-ға дейінгі модульді шаблондар – жетілдіру;

19) Радиусының саны үштен асатын контршаблондар және күрделі шаблондар – толықтай жасау және шыңдағаннан кейін жетілдіру;

20) Күрделі көп тұтқалы құрастырмалы штампылар – күрделі жөндеу, құрастыру, сынау;

21) Екі түзу учаскенің арасындағы бұрышы 170 градус және одан жоғары шаблондар – слесарлық өңдеу және жетілдіру.

789. Слесарь-аспапшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу. 1-5 квалитеттер бойынша және кедір-бұдырлық параметрі Rа 0,04-0,01 мөлшерді сақтай отырып түрлі проекцияларда жазықтықтарының орналасуымен дәлме-дәл және күрделі даяр үлгілер жасау. Кез келген күрделі бұйымдарды белгілеу және сызу. Оптикалық аспаптарды (бұрышөлшегіштер, оптиметрлер, компакторлар және т.б.) реттеу.

Білуге тиіс: бірегей бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі, сондай-ақ 1-5 квалитеттер шегінде оларды жасаудың, өңдеудің, сынаудың, реттеудің және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері, хромдаумен, электр жалынмен және т.б. өлшегіш аспаптың жұмыс бетін төзімдету тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Нөмірленген тәжірибелік аппараттар – құрастыру және реттеу;

2) Нөмірленген аппараттар (ротациялық үлгідегі) – корпустың ішін және сыртын жасау;

3) Ұзындығы 500 мм-ден асатын ішкі және сыртқы конустарын өлшеуге арналған конусты калибрлеу – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру;

4) Ойық қадамын тексеруге арналған даяр үлгілер мен контрлекалалар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру;

5) Көпбұрышты даяр үлгілер және контрлекалалар - шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру;

6) Бақылау тақтайшалары – үш тақтайша әдісімен қырып тегістеу;

7) Өлшеу ұшы (Иогансон) тегіс параллельді тақтайшалар – шыңдағаннан кейін түпкілікті жетілдіру;

8) Күрделі көп қырлы және 6-7 квалитетті көп орынды сығымдағыш қалыптар – шыңдағаннан кейін толық слесарлық өңдеу;

9) Жабық үлгідегі проймалар – шыңдағаннан кейін толық жасау және жетілдіру;

10) Үлкен сүрені (шеге) штампылауға арналған пуансондар мен матрицалар – жасау;

11) Сейфтер мен жанбайтын шкафтар –түрлі үлгідегі құлыпты отандық өндірілген жанбайтын шкафтармен ішкі жәшіктерді ашу; барлық жүйедегі құлыптарды жөндеу, тазалау, майлау және қайта жаңарту; барлық жүйедегі жанбайтын шкафтар мен сейфтердің ерекше күрделі кілттерін жасай отырып күрделі кескіндегі цугольдалар жиынтығын жасау; жаңа бұралатын тұтқаны оны орнына орналастыра отырып жасау;

12) Түрлі шыңдалған фильерлер – толықтай жасау;

13) 1 модульге дейінгі модульді шаблондар мен контршаблондар – толықтай жасау және жетілдіру;

14) Көп радиустары жанасатын аса күрделі конфигурациялы шаблондар мен контршаблондар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру;

15) Құрастырмалы, күрделі конструкциялы үлкен габаритті штампылар – жасау, күрделі жөндеу, сынау және тапсыру;

16) Зәкірден, электромашина роторы мен статорларынан қаңылтырды кесуге арналған компаунды штампылар – түркілікті слесарлық өңдеу, құрастыру және сынау.

790. Слесарь-аспапшы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды бөлшектері мен құрастырмалы бірліктерін өздігінше әмбебап металл кесетін және басқа да станоктарда өңдей отырып құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу.

Білуге тиіс: күрделі станоктардың құрылымы, қызметі, баптау және дәлдігін тексеру тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарды өңдеу, реттеу және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

791. Слесарь-аспапшы 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды бөлшектері өздігінше жасай отырып және өлшеу кешендері жұмыс органдарын баптай отырып әмбебап металл кесетін және басқа да станоктарда, машиналар мен агрегаттарда өңдей отырып құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу.

Білуге тиіс: бірегей бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдары мен айлабұйымдарының құрылымы, қызметі, пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарды өңдеу, реттеу және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Ескерту: Аталған кәсіптің 7-8 разрядтары өндірісті дайындау цехтарында, тәжірибелік цехтарда жұмыс істегенде ғана беріледі.

Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі
792. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жай тораптар мен механизмдерді құрастыру және реттеу. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиюластыру. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді құрастыру. Бөлшектерді пісіруге құрастыру. Фаскаларды шешу. Саңылауларды белгі, кондуктор бойынша жай бұрғылау станогында, сондай-ақ пневматикалық және электр машинамен бұрғылау. Ойықтарды белгілегіштермен және плашкалармен кесу. Жай бөлшектерді белгілеу. Бөлшектер мен тораптарды пісіріп, желіммен, болттармен және суықтай қапсырмамен біріктіру. Гидравликалық қысымды стенділер мен сығымдағыштарда жиналған тораптар және механизмдерді сынау. Анағұрлым жоғары білікті слесармен бірлесіп бөлшектерді қиыстыра отырып, күрделі тораптар мен машинаны құрастыруға, тісті аудармаларды реттеуге жанындағы және радиалды саңылаулардың берілген сызбасын және техникалық шарттарын орнатуға қатысу.

Білуге тиіс: жиналатын тораптар мен механизмдерге техникалық шарттар, жай жұмыс құралының атауы мен қызметі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, жиналатын тораптармен механизмдердің шектеулері мен отырғызу жүйесін, өңделетін металдың негізгі механикалық қасиеттері, термиялық өңдеу және пісіру кезіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері, тоттанудың пайда болу себептері мен онымен күресу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының және анағұрлым кеңінен таралған арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі, майлайтын сұйықтықтардың қызметі және оларды пайдалану тәсілдері, жай бөлшектерді белгілеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Автомашина - рульді, капот, кронштейн және беру қорабы тораптарын құрастыру;

2) Аккумулятор және аспапты жәшіктер – құрастыру, желімдеу;

3) Гидравликалық амортизаторлар – орнату;

4) Токарлық станоктардың артқы тұғырлары – құрастыру;

5)Тербелту және жылжыту і мойынтіректеріндегі блоктар – құрастыру;

6) Фрикционды білікшелер – орнату;

7) Ауа, май және суға арналған бекіткіш вентильдер – орнына орнату;

8) Текстильді машиналардың ұршықтары – домалату;

9) Шарнирлі қоспа білікшелері – жапсырма және қапсырма бойынша кесу;

10) Барлық үлгідегі жолаушы және тауар вагондарының басты магистралінің ауа құбырлары – құрастыру;

11) Дыбыс машинкалары мен труба, альт, тенор, баритон және т.б. корпустары – қырып тегістеу;

12) Бөлшектер мен қоспалар – қысымдағы гидравликалық сынау;

13) Тегіс бөлшектер – жылжымайтын бөлшектердің тік бұрышты ашық жанасу жазықтықтарын 1 кв) см бетінде екі нүктеге дейінгі дәлдікте қырып тегістеу;

14) Түрлі бөлшектер – орны бойынша кесу және қиыстыру, дәлдікті талап етпейтін саңылауларды бұрғылау және жабу;

15) Есіктің, ішкі құлыптары – бөлшектерді қиыстыру және құрастыру;

16) Түрлі мөлшердегі (күрделі емес) ілгектер, ілмектер, тізбектер – жасау;

17) Токарлық станоктардың кареткалары – құрастыру;

18) Турбиналық каркастар – құрастыру;

19) Мойынтірек корпустары – қырнап құрастыру;

20) Аспап корпустарының қақпақтары – диаметрі 25 мм-ге дейінгі саңылауларды белгілеу, кесу, бұрғылау;

21) Қаптардың қақпақтары – станокқа қиыстыру және орнату;

22) Жүк көтергіштігі 10 т-ға дейінгі қол жетегі бар көтергіш шығырлар – құрастыру және сынау;

23) Сырғанап тұратын қосу муфталары, цилиндрлі және ирекше тісті дөңгелектер – шпонды паздарды кесу және қиыстыру;

24) Кесу агрегаттарының пышақтары – түзету;

25) Бұрмалар, құбыржолдарға арналған үштіктер – гидравликалық сынау және құрастыру;

26) Ілмектер, шарнирлер – орнына белгілеу, жасау, құрастыру және орнату;

27) Балалар музыкалық аспаптарының тұғырлары – құрастыру

28) Бірқатарлы тірек шарикті, радиалды тіректі бірқатарлы және радиалды инелік цилиндрлі және сыртқы диаметрі 500 мм-ге дейінгі бұралған роликті мойынтіректер – құрастыру;

29) Қозғалтқыш клапандарына арналған спиральді серіппелер – жүктемемен сынау;

30) Негізі бар серіппелер, щеткалар, электромашиналардың траверстеріндегі щетка ұстағыштар – құрастыру, тойтару, дәнекерлеу;

31) Резервуарлар – шекті қысымға дейін сығылған ауамен сынау;

32) Жүргізушілердің орындықтары – орнату;

33) Тұтас металл вагондардың жоғарғы және төменгі сырғымалары – қиыстырып құрастыру;

34) Кранның жылжымалы механизмінің трансмиссиясы – құрастыру;

35) Май, су және ауа сүзгілері – құрастыру;

36) Шәйнектер, кофеқайнатқыштар, сүтқұйғыштар – тұмсықтарын кесу;

37) Түрлі модульдегі құйылған тісті дөңгелектер мен рейкалар – тістерін шаблон бойынша кесу;

38) Ажырайтын шкивтер – құрастыру;

39) Мөлшерлері 24х14х300 мм-ге дейінгі призмалық, сыналы, тангенциалды шпонкалар – кесу;

40) Металл этажеркалар – құрастыру.

793. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер шегінде бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді құрастыру, реттеу және сынау және 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен тораптарды белгілеу, қырып тегістеу, ысқылау. Шектеулер, отырғызу және конустылығын айқындау бойынша қарапайым есептеулер. Бөлшектерді гидравликалық және бұрандалы механикалық сығымдағыштарда сығымдау. Жиналатын тораптар мен механизмдерді арнайы құрылғыларда сынау. Тораптар мен механизмдерді құрастыруда және сынауда табылған ақауларды жою. Тісті берілістерді жанындағы және радиалды саңылауларының берілген сызбалары және техникалық шарттарын орната отырып реттеу. Жалынды дискілі арнайы теңгерілетін станоктарда, призмалар мен роликтерде жай конфигурациялы түрлі бөлшектерді статистикалық және динамикалық теңгеру. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі машиналарды, агрегаттар мен станоктарды құрастыру. Көтергіш көлік жабдығын еденнен басқару. Көтеруге, жылжытуға арналған жүктерді ілмектеу және байлау; орнату және қоймалау.

Білуге тиіс: жиналатын тораптардың, механизмдер мен станоктардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, оларды құрастыруға техникалық шарттар, өңделетін металдардың механикалық қасиеттері мен оларға термиялық өңдеудің әсері, тойтарма жіктер мен дәнекер қоспалардың және олардың төзімділігін қамтамасыз ету шарттарының түрлері, баяу және тез балқитын дәнекерлердің, флюстардың, протравтардың құрамы мен оларды әзірлеу тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымы, слесарлық аспапты қайрау және жетілдіру ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Автомашиналар - кабиналар, кузов, артқы мост құрастыру;

2) Автошлагбаумдар - білік бойынша секторды аралау;

3) Тоңазытқыш агрегаттары - сыртқы қабырғасы бойынша монтаждау;

4) АКМ-400 үлгісіндегі және оған ұқсас амортизаторлар - толықтай түпкілікті құрастыру;

5) Қол жетегі, тісті берілісі бар барлық мөлшердегі және үлгідегі кеме арматурасы – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

6) Механикалық ұстара барабандары - тісті кесік және радиалды соғысын құрастыру, тексеру;

7) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – дәлдіктің берілген сыныбының шегінде саңылауларға ойық жасау және соңғы құрастырудың алдында гидравликалық қысымда сығымдау;

8) Іштен жанатын қозғалтқыштардың иінді біліктері – бос саңылауларда ойықтарды қолмен кесу;

9) Біліктер – төлкелерді, маховиктерді, муфталарды сығымдау;

10) Барлық диаметрдегі вентильдер – клапандарды ысқылау және гидравликалық сынау;

11) Желдеткіштер, моторлар – құрастыру, реттеу;

12) Жапсырмалар, стакандар, орындықтар, дәнекерленген және басқа да бөлшектер – өтпелі және тесіп өтетін диаметрі 2 мм-ге дейін және 24-тен жоғары 42 мм-ге дейінгі ойық кесу;

13) Ауа ажыратқыштар – жалпы құрастыру;

14) Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жаппалар – құрастыру;

15) Карданның қалпағы мен сақиналары – кондукторда кейіннен шикіқұрамдай отырып құрастыру, бұрғылау;

16) Жылжымалы есіктер – жасау;

17) Құлыптардың бөлшектері – жасау;

18) Қуаты 73,6 кВТ (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру;

19) Ротор, компрессор, турбиналардың дискілері – белгілеу, слесарлық өңдеу;

20) Ілінісу дискілері, тежегіш жапсырмалар – құрастыру, желімдеу;

21) Фальді құрамалы вагон құлыптары, жолаушы вагондарының тамбур есіктері – бөлшектерді қиыстыру және құрастыру;

22) Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жетекпен дроссельді қалқалағыштар – құрастыру және сынау;

23; Мотовоз бен дрезина қораптары тісті дөңгелектерінің тістері – аралау;

24) Диффузиялық пештердің қыздыру камералары, вакуумды құрылғыларды салқындату жүйелері – құрастыру;

25) Прицепті құрылғы картерлері – түтікшелерін қиыстырып орнату;

26) Жоғары қысымды және маневрлі құрылыс клапандары – ысқылау;

27) Ауа және су құбырларының клапандары мен крандары – ысқылау;

28) «Клинкер» аспабымен су өлшегіш колонкалар – құрастыру, сынау, тапсыру;

29) Күрделі құрылымдағы қорғау қаптары – құрастыру;

30) Қаптауға арналған қаптар – жасау;

31) Поршеньді сақиналар – құлыпты кесу және қырып тегістеу;

32) Бекіту сақиналары –белгілеу, бұрғылау, қиыстыру;

33) Компенсаторлар – құрастыру және сынау;

34) Май контроллерлер – құрастыру және реттеу;

35) Беріліс қораптары – құрастыру және сынау;

36) Тарату қораптары – толықтай жасау (монтажсыз);

37) Блокты жәшіктердің корпустары – жасау;

38) Мөлшері 500х500х700 мм түрлі материалдардан жасалған пісірілген корпустар мен каркастар – ұстап құрастыру, түзету;

39) Корпустар, кронштейндер – қырып тегістеу;

40) Компрессор корпустар – құрастыру;

41) Қақпақ корпустары – паздарды және олардың сыналарын қырып тегістеп қиыстыру;

42) Аспап корпустары –корпусқа бөлшектер орнату, құлып, ілмек, шектеулегіштерде қаптары мен қалпақтарын қиыстыру;

43) Газ крандар – коникалық беттерін ысқылау;

44) Механикалық жетекті көтергіш шығырлар – құрастыру және сынау;

45) Лифтілер – құрастыру;

46) Тарту механизмдері, манипуляторлар, кіру люктерінің қақпақтары, бекіткіш, зәкір арқан жетектері, ұсақ руль жетектері – құрастыру, сынау, тапсыру;

47) Сымды бекітуге арналған шыбық көпірлер – жасау, орнату;

48) Поршенді сорғылар – құрастыру және сынау;

49) Ернеушелер – фланецпен құрастыру;

50) Икемді тіректер – құрастыру, қырып тегістеу;

51) Механикалық нөмірленген аппараттардағы осьтер, артқы бұрамалар, серіппелер мен тізгіндер – ауыстыру;

52) Тұғырлар, панельдер, тақтайлар – түрлі жазықтықтағы саңылауларды аралау, белгілеу, бұрғылау, ойық кесу;

53) Шарик мойынтіректердің саңылаулары – жетілдіру;

54) Құйылған күректер дестесі – дәнекерлеуге құрастыру және қиыстыру;

55) Күрделі құрылымдағы панельдер – жасау;

56) Резина өткізгіштер – жасау;

57) Тексеру тақтайлары – қырып тегістеу;

58) Дара тарелкалардың астындағы тұғырлары – құрастыру, реттеу;

59) Диаметрі 300 мм-ге дейінгі сырғыма мойынтіректер – қырып тегістеу;

60) Тіреу және сүйеу кемелік мойынтіректер – 0,05 мм-ге дейінгі дәлдікте жанасатын бетін сипап тексеріп қосымша қиыстырмай корпус және қақпақ төсемдеріне жапсырмаларды қалау;

61) Сыртқы диаметрі 500 мм-ден асатын бір қатарлы шарик және радиалды, шарикті радиалды сферикалық, екіқатарлы мойынтіректер – жинақтау және құрастыру;

62) Поршендер – шатунмен құрастыру және поршенді сақинаны қиыстыру)

63) Редуктор, диірмен және шнек жетектері – құрастыру;

64) Мойынтіректердің жартылай муфталарын, сақиналарын шешуге арналған айлабұйымдар – құрастыру;

65) Гофрленген төсемдер – сызба бойынша жасау;

66) Асбестті толықтырғышты жез төсемдер – жасау;

67) Қар тазартқыш жоңғыларының рамалары мен қанаттары- дәнекерлеуге құрастыру;

68) Зәкір құрылғылардың редукторлары – құрастыру;

69) Турбиналардың роторлары мен статорлары – күректер дестесі және орнату;

70) Арматураға арналған герметикалық металл тармақтар – құрастыру;

71) Болат үлгілік тұтқалар – белгілері немесе шаблон бойынша контурды белгілеу және егеу;

72) Болат рычагтар – слесарлық өңдеу, төлкемен құрастыру;

73) Іріктеу стакандары, конус, желдеткіш, конус жапсырмасымен датчиктер және т.б. – жасау кезінде бөлшектерді қиыстыру, түпкілікті құрастыру, реттеу және сынау;

74) Металл кесетін станиналар – қырып тегістеу;

75) Блок сүйеулері – егеулеу;

76) Леерлі және тентті тұғырлар, контрфорстар – қиыстыру, құрастыру;

77) ЗИП-ке арналған металл сандықтар – бөлшектерді жасау және құрастыру;

78) Токарлық станоктардың суппорттары – құрастыру;

79) Станокшының аспап тумбочкалары – құрастыру;

80) Штурвалды тумбалар – құрастыру, тапсыру;

81) Ұялы тығыздамалар – жасау;

82) Өнеркәсіптің желдеткіш жүйелерінің ауа жібергіштері мен үлгілік бөліктерінің тікбұрышты фланецтері – жасау;

83) Шағын кемелердің қосымша механизмдерінің іргетастары-монтаждау;

84) Хлораторлар – құрастыру және сынау;

85) Цистерналар мен резервуарлар – дәнекерлеуге құрастыру;

86) Жоғары дәлдіктегі шарик мойынтіректер – құрастыру және орнату;

87) Пианино мен рояль қақпақтарының шарнирлері – құрастыру;

88) Шатундар – төлкелерді және жинақтарды қырып тегістеу, сығымдау;

89) Түрлі модульдегі тісті дөңгелектер мен рейкалар – талап етілетін саңылау мен контактіні қамтамасыз ете отырып тістерін қосарлап құрастыру;

90) Құрама тісті дөңгелектер – индикатормен тексере отырып құрастыру;

91) Коникалық тісті дөңгелектер – тістерін қолмен егеулеу;

92) Шиналар – сызба бойынша жасау;

93) Сығымдағышта муфталы қаусырма шлангілер - құрастыру;

94) Сыммен байланған шлангілер – 15-30 кгс/кв. см-дан гидравликалық сынауға қаптарын бекіту;

95) Орташа күрделіктегі шнектер мен конвейерлер – құрастыру;

96) Бір және екі панельді ашық және жабық орындалған тарату қалқандары – толықтай жасау және монтажсыз құрастыру;

97) Өнімділігі 100 т/сағ-қа дейінгі эжекторлар – айлабұйымдарда дәнекерлеуге штампыланған жартыларынан құрастыру және сынау.

794. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі бөлшектер мен күрделі тораптарды 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу және қиыстыру. Агрегаттардың, машиналар мен станоктардың күрделі тораптары мен механизмдерін құрастыру, реттеу және сынау. Күрделі бөлшектер мен тораптардың жанасатын беттерін қырып тегістеу, ысқылау. Ішкі паздарды, шлицті– эвольвентті және жай бірікпелерді бөлу. Кермелер мен саңылауларды қиыстыру, жөнделетін бөлшектерді, тораптар мен агрегаттардың ортасын дәлдеу. Ауа және агрессиялық арнайы өнімдердің қысымымен жұмыс істейтін құбыржолдарды монтаждау. Анайы теңгеру станоктарында күрделі конфигурациялы машиналар мен бөлшектердің тораптарын статистикалық және динамикалық теңгеру. Тораптардың, агрегаттар мен машиналарды құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою. Бөлшектерді гидравликалық және бұрандалы механикалық сығымдағыштарда сығымдау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен сынау стенділерін монтаждауға және демонтаждауға, күрделі тәжірибелік және бірегей машиналарды құрастыруға, реттеу және сынауға қатысу.

Білуге тиіс: жиналатын механизм, станок тораптарының құрылымы, кинематикалық тәсімі және жұмыс істеу принципі, жиналатын тораптарды, машиналарды орнату, реттеу және қабылдап алудың техникалық шарттары, жұмыс, бақылау-өлшеу аспаптары, құралдар мен айлабұйымдардың құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, бөлшектер мен тораптардың өзара алмастырылу принциптері, күрделі бөлшектер мен тораптарды белгілеу тәсілдері, күрделі слесарлық аспапты термоөңдеу және жетілдіру тәсілі, термиялық өңдеу және пісіру кезінде металдың бұзылу және ішкі жанасуларының алдын алу және жою тәсілдері, орындалатын жұмыс шегінде металл механикасы және технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Автореттегіштер - стенділік сынаудан кейін іріктеп алу;

2) Кеме арматурасы - тығыздағыш беттерін қолмен ысқылау және жетілдіру;

3) Ішкі спиральдары бар қоспалы барабандар – құрастыру;

4) Іштен жанатын цилиндр блоктары – иінді білікті мойынтіректердің қақпағы учаскесін қырып тегістеу;

5) Диаметрі 250 мм-ге дейінгі ескек біліктер – конустарды қырып тегістеу және калибр бойынша шпонды паздарды қиыстыру;

6) Қосымша механизмдердің тісті беріліс біліктері – мойынтіректерді қиыстырып біліктерді қалау;

7) Тіреу тәждері – құрастыру;

8) Біліктерге арналған ескек бұрамалар – білік және калибр конусы бойынша күпшектерін қиыстыру;

9) Тіреу-сүйеу мойынтіректерінің жапсырмалары – сегментті құрастыру;

10) Кеме мойынтіректерінің жапсырмалары – 0,02 мм-ге дейінгі дәлдікпен және бөлшектердің өзара алмасуын қамтамасыз ете отырып, корпустар мен қақпақтарын ажыратып ажыратқыштарды бетімен бірдей етіп қырып тегістеу;

11) Қаптау біліктеріне арналған резинометалл жапсырмалары бар дейдвудты төлкелер – калибрлер бойынша жапсырмаларды құрастыру;

12) Автоматты нөмірленген аппараттарда төлкелер, қысымдар, рычагтар – ауыстыру;

13) Бұрғылық мұнаралар – жекелеген конструкцияларды құрастыру;

14) Гидроиппорттар, гидроклапандар-құрастыру және түпкілікті жетілдіру;

15) Мотовал көтермесінің гидроцилиндрлері – құрастыру және сынау;

16) Барлық мөлшердегі қол жетекпен желдеткішті саңырауқұлақ тәрізді қақпақтар – құрастыру және сынау;

17) Механикалық нөмірленген аппараттардағы тарақтар, сүрелер және ішкі конустар – ауыстыру;

18) Сигнал датчиктері, датчик жетектері – ысырма клапандарға орнатып реттеу;

19) 73,6-дан жоғары 736 кВт-ге дейінгі (100-ден 1000 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру;

20) Күрделі бөлшектер – саңылаулардың жетуі қиын жерлерін өрістету;

21) Пазды және «айыр құйрық» нысандағы кесікті бөлшектер – слесарлық өңдеу;

22) Дизельдер – шатунды поршенді топты құрастыру және орнату;

23) Диаметрі 300 мм-ге дейін фрикциялық дискілер – 0,01 мм шегінде жазықтық және тік сызықты шектеуге ысқылау;

24) Рояль құлыптар – құрастыру;

25) Бағыт ауыстыру рельс кесетін қармауыштар, блок механизмдерінің өзекшелері, алты тонды бу кран қармауыштар, турбогенераторлардың қақпақтары - құрастыру;

26) Диаметрі 150-ден 250 мм-ге дейін коникалық және бұрамдық іліністі қақпалары – құрастыру;

27) Шартты өтпесі 350 мм және одан жоғары кеме құймалы, қабылдағыш және желдеткішті қақпалар – резиналық тығыздауды қиыстыру, құрастыру, реттеу;

28) Алмас зенкерлер – базалық бетін тазалау, алмасты ашу;

29) Ескек біліктер мен ескек бұрама калибрлері – шпонды конустарды қырып тегістеу және қиыстыру;

30) Кіретін бөлшектерінің саны 50-ге дейінгі кескінді болаттан жасалған радиоаспаптарға арналған каркастар – құрастыру;

31) Шартты өтпесі 275 мм-ден асатын, шартты қысымы 50 кгс/кв. кингстондар – тәрелкелер мен ұяларды ысқылау, құрастыру, сынау, тапсыру;

32) Автоматты (бу және су) клапандар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

33) Тез бекітілетін клапандар, турбина қораптары - стенділік сынаудан кейін іріктеу;

34) Жоғары қысымды клапандар, тығыздағыш сақиналар – ысқылау;

35) Қысым (30 кгс/кв. см) сатылары 1 және 2 қорғағыш, редукциялық, сорғыту, қайта іске қосатын, қайтарылмайтын және қайтарылмайтын ілмекті, қазандықты және қорғағыш, басты және қорытынды клапандар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

36) Жетекті дистанциялық тікелей нүктелі клапандар – құрастыру, реттеу, тапсыру;

37) Шартты өтпесі 875 мм-ге дейінгі клинкеттер – сыналы беттерін қырып тегістеу және ысқылау, құрастыру, сынау, тапсыру;

38) Жұмыс қысымы 25 кгс/кв.см-ден жоғары күрделі жүйедегі су өлшейтін кемелік бу қазандықтарының колонкалары – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

39) 230 кгс/кв.см-ге дейінгі қысымда газ беру осушка компрессорлары мен блоктары – стендіге орнату, монтаждау, берілген бағдарлама бойынша сынау, демонтаждау, жүйедегі елеусіз ақауларды жою;

40) Мотовоздар мен жүк дрезиналары – терезелерді қырып тегістеу;

41) Орталық жетек қораптары – құрастыру;

42) Түрлі материалдардан жасалған пісірмелі корпустар мен каркастар – құрастыру;

43) Корпустар мен кронштейндер – 2 квалитет бойынша тегістігін қырып тегістеу;

44) Үлкен габаритті күрделі конфигурациялы корпустар мен қақпақтар – құлып пен ілмектің біріккен жерлерін қиыстырып және бекітіп слесарлық өңдеу;

45) Соплолық аппараттардың корпустары – құрастыру;

46) Жүретін сервомоторлардың кронштейндері – құрастыру;

47) Диаметрі 750 мм-ге дейінгі тегістеу шеңберлері – құрастыру, сынау, теңдеу;

48) Жетекті газ сіңдіретін қақпақтар – құрастыру және сынау;

49) Тығыздағыш қақпақтар – сақина құрастыру;

50) Лабиринттер – орнату және сығымдау;

51) Манипуляторлар – қырып тегістеу, ысқылау;

52) Қақпалар мен басқа да механизмдерге арналған гидравликалық жетекті машинкалар – соңғы құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

53) Қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналар – құрастыру;

54) Басты, қосалқы механизмдер мен агрегаттар – пластмассаны қолдана отырып орнату, оратсын дәлдеу, монтаждау;

55) Корабль және кеме жүйелерінің қашықтан басқарылатын механизмдері мен арматурасы – сынау;

56) Бекіту механизмдері – құрастыру және реттеу;

57) Механизмдер – 2 квалитет бойынша құрастыру және механикалық реттеу;

58) Планетарлы механизмдер – құрастыру;

59) Гидрофицирленген басқару мосты – құрастыру, реттеу;

60) Жұдырықшалы муфталар – қиыстыру;

61) Түсірілетін муфталар – шыңдағаннан кейін түпкілікті өңдеу;

62) Бағыттайтын шыңдамалар – индикатормен тексере отырып паздарды ысқылау;

63) Кеме мұнай қыздырғыштары – құрастыру;

64) Ернеушелер мен қалқандар – тығыздау пластинкаларымен құрастыру;

65) Ернеушелер – соққылы сегментпен құрастыру;

66) Қозғалтқыш тіректері – құрастыру;

67) Созылма таспалы ось – слесарлық өңдеу және құрастыру;

68) Салқындатқыштар, дистилляторлар, конденсаторлар – құрастыру;

69) Күрделі келте құбырлар – құрастыру, қырып тегістеу және қиыстыру;

70) Қосарланған айқаспалы бағыт ауыстырғыштар – құрастыру;

71) Тісті бұрыш берілістер – құрастыру, талап етілетін саңылау мен жанасу нүктесін қамтамасыз ете отырып реттеу;

72) Клинкет және клапанды басқаратын бұрыш берілістері – құрастыру, реттеу, тапсыру;

73) Фланецті бірікпемен руль қауырсыны мен баллер – фланецтің бетін қырып тегістеу, бірікпелерді құрастыру, осьтік желіні тексеру, саңылауларды өрістету;

74) Баллерлі рульдің қауырсыны – конустар мен шпонды паздарды қырып тегістеу, қиыстыру, құрастыру, тапсыру;

75) Пневмоцилиндрлер – құрастыру және реттеу;

76) Қос тәрелкелерді қоятын тұғырлар – құрастыру;

77) Бірнеше бөліктен тұратын сырғыту мойынтіректері – қырып тегістеу;

78) Конусты саңылаулары бар мойынтіректер – құрастыру;

79) Тірек кеме, диаметрі 300 мм-ге дейінгі біліктерге арналған қосымша тірек мойынтіректері – төсемдер мен жапсырмаларды қырып тегістеу;

80) А, Б және С дәлдік сыныптары бойынша шығарылатын барлық мөлшердегі (шарикті және роликті) мойынтіректер – жинақтау және құрастыру)

81) Электр жетектердің бағыттық сырғымалары – бұрыштарын, тегістігін, фаскалары мен сақина жырасынан шығатын жолын егеулеу;

82) Қуаты 3000 т-ға дейінгі гидравликалық сығымдағыштар – құрастыру және монтаждау;

83) Шар диірмендердің жетектері – құрастыру және реттеу;

84) Серіппелер – ыдысқа салу және кесте бойынша тексере отырып жүктемемен сынау;

85) Қосарланған айқаспалы бағыт ауыстырғыштар – құрастыру;

86) Редукторлар – құрастыру, реттеу, сынау;

87) Бұрамдық редукторлар – бұрамдық іліністі қырып тегістеу;

88) Рессорлар – құрастыру;

89) Бу және газ турбиналарының роторлары мен статорлары – құрастыру;

90) Блок механизмнің рычагтары – сектор бойынша қиыстыру;

91) Самонакладтар, ротациялық және тегісбаспалы машиналар, стереотиптерді құюға арналған жартылай автоматтар – құрастыру;

92) Контактілі сельсиндер – траверстер, демпферлерді орнату және реттеу, шарик і мойынтіректерді монтаждау, осьтік люфтінің реттеу, жетілдіру, алдын ала құрастыру, статикалық теңдеу;

93) Сепараторлар – механизм арқылы қолмен тойтармаларды қою, роликті сақиналарды қою, роликтермен зарядтау;

94) Арнайы құбырлар жүйесі - қырып тегістеу, ішкі құбырларды жылтырату;

95) Ірі металл өңдейтін станоктардың станиналары – бағыттайтындарын қырып тегістеу;

96) Орамдайтын, этикеттейтін, булайтын станок автоматтар және желі кесетін вакуум аппараттар мен штампылайтын агрегаттар – құрастыру;

97) Жол қалайтын моторлы платформа арбалары – жақтарын белгілеу және орнату;

98) Редукторлы таспалы тежегіштер – жанасу нүктесін қамтамасыз ете отырып бұрамдық ілінісуді қырып тегістеу, құрастыру;

99) Бу және газ турбиналар – күрекшелерін қиыстыру және орнату және тіреу-сүйеу мойынтіректердін құрастыру;

100) Сүзгілеу құрылғылары – құрастыру;

101) Вакуумды тозаңдату құрылғыларының қалпақ асты құрылымдары – тораптарды құрастыру;

102) Су тұщыландыратын құрылғыларға арналған шаю құрылғысы – құрастыру;

103) Күрделі конструкциялы қосарланған сүзгілер – құрастыру, тапсыру;

104) Үйінділейтін машиналардың тұмсықтары – құрастыру;

105) Тоңазытқыштар – агрегаттарды құрастыру, есік орнату және сынау)

106) Прецизионды шарик мойынтіректер (ерекше техникалық шарттар бойынша орындау) – құрастыру және орнату;

107) Қысымы 300 кгс/кв.см гидравликалық сынауға сығымдағышта қаусырылған шлангілер – құрастыру;

108) Өнімділігі 100 т/сағ. –тан асатын эжекторлар – айлабұйымдарда пісіруге штампыланған жартыларын құрастыру, басқа да бөлшектермен қиыстыру және сынау;

109) Турбогенератор эксцентриктері, жұдырықшалары мен қарсы салмақшалар – шаблон бойынша егеулеу;

110) Электр-ауа үрлегіштер мен құбыр-ауа үрлегіштер – құрастыру.

795. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы термиялық өңделмеген бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды 6 квалитет және 7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу және жетілдіру. Күрделі машиналарды, бақылау-өлшеу аппаратурасын, пульттер мен аспаптарды, бірегей және прецизионды агрегаттар мен машиналарды құрастыру, реттеу және баптау, ірі габаритті және құрастырмалы мойынтіректерді іріктеу және құрастыру. Қысыммен істейтін ыдыстарды сынау, сондай-ақ терең вакуумға сынау. Сынау нәтижелері бойынша қажетті диаграммалар мен сипаттамалар алу және ТББ машиналарын тапсыру. Сынау стенділерін монтаждау және демонтаждау. Күрделі бірегей және прецизионды металл есетін жабдықтардың дәлдігін және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Ауаның (газдың) және арнайы өнімдердің жоғары қысымында істейтін құбыржолдарын монтаждау. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңдеу.

Білуге тиіс: жиналатын күрделі механизмдердің, аспаптардың, агрегаттардың, станоктар мен машиналардың конструкциялары, қызметі мен жұмыс істеу принципі, машиналар мен агрегаттардың жиналған тораптарын реттеу, сынау және тапсырудың техникалық шарттары және оларды іске қосу деректері, машиналарды құрастыру және реттеу жолдары мен сынау режимдері, бөлшектердің бұзылуының алдын алу шаралары, станоктардың дәлдігін тексеру ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Жоғары қысымды химиялық өндіріске арналған бекіткіш және реттейтін аппаратура - бөлшектеу, қиыстыру, ысқылау және құрастыру;

2) Механикалық орталықтандыру постылық және тарату аппараттары-құрастыру және реттеу;

3) Мысқалдық арматура – тығыздатылған беттерін ысқылау және жетілдіру;

4) Дифференциалды арнайы конструкциядағы білікшелер-перпендикулярлығының шегі 0,02 мм перпендикулярлы түрде осьтің тірек беттерін егеулеу;

5) Ескек және дейдвудты біліктер – конустарды қырып тегістеу және шпонды паздарды калибр бойынша қиыстыру;

6) Біліктерге арналған ескекті бұрамалар – білік конусы бойынша немесе калибр бойынша күпшектерді қиыстыру;

7) Жапсырмалар – турбина корпусында қиыстыру және қырып тегістеу;

8) Барлық түрдегі ауа жібергіштер – түпкілікті құрастыру және тексеру;

9) Гироскоптар – алдын ала және түпкілікті құрастыру;

10) Қуаты 736-дан асатын 1472 кВт-ға дейінгі (1000-нан жоғары 2000 а.к.-не дейін) іштен жанатын қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу және баптау;

11) Диффузорлар – бу қорабына және турбина корпусына қиыстыру және сығымдау;

12) Барлық үлгідегі вагондық баяулатқыштар – құрастыру, реттеу және жөнделген күйіндегі мазмұны;

13) Паздарға қатысты шпонкаларды кез келген қалыпқа орнатып екі және одан да көп шпонды бірікпелі ескек біліктердің калибрлері мен ескек бұрамалар – шпонкалы конустарды қырып тегістеу және қиыстыру;

14) Кіретін бөлшектердің саны 50-ден асатын кескінді болаттан жасалған радиоаспаптарға арналған каркастар – құрастыру;

15) Каркастар мен турбиналарға қаптаулар – жасау;

16) Әткеншектер, вакуумды құрылғының ағыншалары – құрастыру;

17) Пневмо және гидрожетекті кингстондар мен ысырмалар – құрастыру, реттеу, тапсыру;

18) Кеменің барлық үлгілерінің маневрленген басты клапандар- құрастыру, реттеу;

19) Қорғау құрылғыларының реттейтін клапандары – құрастыру, реттеу;

20) Барлық үлгідегі және мөлшердегі импульсті клапандар мен қақпақтар – құрастыру;

21) Планетарлы тісті беріліс жетекпен клапандар, клинкеттер мен ысырмалар – құрастыру, реттеу, тапсыру;

22) Қашықтықтан басқарылатын бу клапандар – құрастыру;

23) Сервомоторы бар қосарланған, реттейтін және қосарланған жүйесі бар рычагтарымен клапандар – құрастыру, реттеу;

24) Шартты өтпесі 875 мм-ден асатын бөлек сыналы клинкеттер-құрастыру, тапсыру;

25) Сандық және литерлі дөңгелектер – ауыстыру;

26) Диаметрі 400 мм-ден асатын поршенді сақиналар – құлыпты қиыстыру;

27) Диаметрі 550 мм-ден асатын поршенді сақиналар – кесіктерін қырып тегістеу және поршенге қиыстыру;

28) Бу кранының алты тонналық поршенді сақиналары – егеулеу;

29) Қысымы 230 кГс/кв.см –ден 400 кГс/кв. см-ға дейін газ беретін компрессорлар мен кептіру блоктары – сынау кезінде пайда болатын ақауларды монтаждау (стенділік аспаптарды, клапандарды, датчиктер іске қосу), анықтау және жою;

30) Күрделі металл конструкциялар: стандартты емес тәжірибелік технологиялық жабдыққа арналған панельдер, салдар, тақтайлар жасау;

31) Вакуумды бұрамалар мен сорғылардың, химиялық аппаратура құрылғыларының корпустары – құрастыру;

32) Секциялардан тұратын негізгі және орталық аспаптардың корпустары – механизм орындарын өңдей отырып өз арасында секцияларды біріктіру және құрастыру;

33) Түрлі материалдардан тұратын күрделі аспаптардың корпустары – жекелеген элементтерді жасай отырып құрастыру;

34) Диаметрі 750 мм-ден асатын тегістеу шеңберлері – құрастыру, сынау, теңдеу;

35) Қақпақтар – турбина корпусына қиыстыру;

36) Нөмірленген аппараттағы сандардың сызықтары – құрастыру және жөндеу кезінде қиыстыру және түзету;

37) Катерлерден басқа кеменің барлық үлгідегі білік жолдарының сызықтары – станокқа (стендіген) орнату, саңылауларды өрістету, болттарды қиыстыру, құрастыру, тапсыру;

38) Терең баспа машиналары – құрастыру;

39) Қысымының күші 20 МН-ге дейін көлденең соғатын машиналар-жалпы құрастыру;

40) Ауыл шаруашылығындағы өзі жүретін машиналар - түпкілікті құрастыру;

41) Бицилиндрлік барабаны бар шахта көтергіш машиналар - жалпы құрастыру және сынап реттеу;

42) Қосалқы кеме механизмдері – пайдалануға беру;

43) Электрлік, пневматикалық және гидравликалық сервожетекті корабль және кем жүйелерін қашықтықтан басқару механизмдері мен арматурасы -ысқылау, құрастыру және реттеу;

44) Көтергіш зәкір механизмдері – құрастыру, сынау және тапсыру;

45) Жиынтықты егін соққыштар – сынау, дөңгеленту және тапсыру;

46) Бу балғалары – мысқал бу таратқыш және клапандарды, поршень жүрісін басқару механизмін құрастыру, тексеру;

47) Кеме біліктерінің муфталары мен жартылай муфталары – конусты қырып тегістеу, шпонды паздарды калибр бойынша бөлу;

48) Негізгі білік жолдарының эластикалық муфталары – құрастыру, теңгеру;

49) Ұзындығы 340 мм-ге дейінгі үш бұрышты шыңдалған пазды бағыттайтындар – 300 мм параллельдікке +/- 0,01-0,02 шекте ысқылау;

50) Түрлі тағайындалған және түрлі өнімділіктегі алтылық сорғылар – құрастыру, сынау, тапсыру;

51) Бос күрекшелер дестесі – құрастыру, қиыстыру;

52) Фланецті бірікпемен руль қауырсыны мен баллер – фланецтің бетін қырып тегістеу, бірікпелерді құрастыру, осьтік желіні тексеру, саңылауларды өрістету;

53) Баллерлі рульдің қауырсыны – конустар мен шпонды паздарды қырып тегістеу, қиыстыру, құрастыру, тапсыру;

54) Тегістіктер, жұдырықшалар - мөлшерлерін паспорттай отырып 1сыныптық дәлдікпен өңдеу;

55) Тегістіктер – жапсырмаларды қайрап, қырып тегістеу және түзету;

56) СПУ-20 үлгісіндегі пневмотартпалар, ГПУ-80 үлгісіндегі пневмо-гайкабұрамалар – құрастыру;

57) Компенсатор фланецтінің беті – кв) см-ге кемінде 2 нүктелік дәлдікпен қырып тегістеу;

58) Тербету және құрама мойынтіректер – құрастыру;

59) Гидравликалық күші 30-дан жоғары 100 МН-ге дейінгі сығымдағыштар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

60) Басқару пульттары мен басқа да күрделі автоматты станциялар – толықтай жасау және (монтажсыз) құрастыру;

61) Күрделі кескіндегі алмас роликтер – теңдеу;

62) Роторлар – бандажды бекітпелі күректерді құрастыру;

63) Роторлар – статикалық және динамикалық теңдеу;

64) Роторлар, турбиналар – құрастыру, тіреу-сүйеу ішпегін орнату;

65) Сервомоторлар – блоктауды құрастыру;

66) Қиғаш фрезерлі және басқа да станоктардың станиналары – су деңгейі бойынша тексере отырып, башпақтарына және оптикалық аспаптың шегіне орнату;

67) Бірегей және прецизионды станоктардың станиналары-бағыттағыштарды қырып тегістеу;

68) Прецизионды токарлық станоктар – каретканы және суппортты қырып тегістеу;

69) Токарлық-бұрама тесетін станоктар – станокты баптап және реттей отырып сынау, ақауларын реттей, баптай және түзете отырып дәлдігін сынау;

70) Тәжірибелік құбыр компрессорлары, ауа және оттегі компрессорлар – түпкілікті құрастыру, реттеу және тапсыру;

71) Ірі кемелердің тораптары, механизмдері, құрылымдары – пластмассаны пайдалана отырып монтаждау;

72) Соққымен әрекет ететін пневмокөтергіштердің тораптары – құрастыру, баптау;

73) Күрделі тораптар, агрегаттар мен тәжірибелік құрылым машиналары – құрастыру және сынау;

74) Жоғары сыныпты жеңіл машиналардың күрделі тораптары мен агрегаттары – құрастыру, реттеу, сынау;

75) Газтурбиналық құрылғылар – құрастыру;

76) Рульді бұру құрылғысы – құрастыру, реттеу, тапсыру;

77) Перфореттейтін құрылғы – шыңдағаннан кейін кіретін бөлшектерді түпкілікті өңдеу, мөлшерлерін 0,01 мм-ге дейінгі шекте сақтай отырып матрицалар бойынша пуансондардың ортасын дәлдеу;

78) Центрифугалар – роторлы білікті және тығыздағыш сақинаны ысқылап тегістеу, құрастыру, реттеу және сынау;

79) Кран шатуны мен реттегіші, сумен қоректендіру сорғысының корпусы, көтергіштер – құрастыру;

80) Жиынтықтағы тісті дөңгелектер-статикалық және динамикалық теңдеу;

81) Электрлік шпильдер, шпиль жетегінің механизмдері – құрастыру;

82) Шыңдағаннан кейінгі қуыс бұрғы – 120 мм ұзындыққа +/- параллельдік шегінде бағыттайтын сығымдау;

83) Эксцентриктер – компараторда кестесін шешіп, шыңдағаннан кейін түпкілікті слесарлық өңдеу;

84) Домна пештерінің электрпушкалары – бөлшектеу, құрастыру.

796. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және тәжірибелік, бірегей машиналарды, станоктарды, агрегаттар мен аппараттарды техникалық шарттарға сәйкес құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Пайдалану диаграммасы мен сипаттамасын шешіп олардың құрастырылуының дұрыстығын тексеру. Кез келген газдар мен сұйықтық қолданылатын жоғары қысымдағы құбыржолдарды монтаждау. Табылған ақауларды жою. Тісті іліністерді, эксцентриктер мен өзге же қиғаш сызықтарды есептеу және оларды тексеру. Геометриялық фигуралардың түзілуі. Жиналатын және сыналатын машинаның паспортын ресімдеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі машиналардың, станоктардың, агрегаттар мен аппараттардың конструкциясы, жұмыс принципі, статикалық және динамикалық сынау тәсілдері, жасалатын машиналарды, аспаптар мен басқа да жабдықтарды баптау және реттеу тәсілдері, эксцентриктер мен өзге де қиғаш және тісті іліністерді есептеу принципі мен тексеру тәсілдері, күрделі фигураларды есептеу және түзу әдістері, жасалатын машинаға паспорттарды толтыру ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Механикалық орталықтандыру аппараттары, автошлагбаумдардың механизмдері, жол қалағыштардың осьтік редукторлары – құрастыру және реттеу;

2) Бірегей (арнайы тапсырыс бойынша) нөмірленген аппараттар – құрастыру және реттеу;

3) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – осьтік желісін тексере отырып, поршеньді, мысқал және тарату біліктерін орнату;

4) Іштен жанатын машиналар мен қозғалтқыштардың иінді біліктері – қалау, ортасын дәлдеу және реттей отырып тексеру;

5) Ірі кемелерге арналған түрлі үлгідегі бу машиналардың иінді біліктері – шпонды жырашықты қиыстыру, 0,03 мм-ге дейінгі дәлдікпен мотыльді мойындарды калибрлеу;

6) Рольгангтердің трансмиссиялық біліктері – құрастыру;

7) Газтурбиналық құрылғылар – реттеу;

8) 147 кВт (2000 а.к.)–дан жоғары қуаттағы іштен жанатын қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу, баптау;

9) ІІ және ІІІ қысымдық деңгейдегі екіжақты тұтас сыналы ысырмалар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

10) Тәрелкелік серіппелі сильфонды қашықтықтан басқару клапандары – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру;

11) Домалақ емес тісті дөңгелектер – слесарлық өңдеу, төлкемен құрастыру, шыңдағаннан кейін түпкілікті өңдеу, орнату;

12) Бу машиналары параллельді бағаналар және іштен жанатын қозғалтқыштар – орнату, ортасын дәлдеу, тексеру және реттеу;

13) 400 кгс/см қысымда газ беретін компрессорлық автоматты станциялар – сынау стендіне орнату, (жылу, май аппаратурасын, іске қосу, клапандар, датчиктер мен т.б. жүйесі) монтаждау, жүйедегі ақауларды анықтау және оларды жою, барлық сипаттамасын есептеу, тапсырыс берушіге тапсыру;

14) Сегіз қырлы компрессорлар – жасау және құрастыру;

15) Коноидтер – айлабұйымға орнату, компараторда кесте бойынша әдіптің көлемін есептей отырып түпкілікті өңдеу;

16) Рульді сервомотордың кронштейндері – құрастыру;

17) Агрегат станоктардан тұратын автоматты желілер - құрастыру, баптау, сынау, тапсыру;

18) 600 мм-ден жоғары пісірілетін білік диаметрімен ірі кеме біліктерінің желілері-стендіге орнату, тексеру, саңылауларды өрістету, болттарды қиыстыру, құрастыру, тапсыру;

19) Жұмыс, бағыттайтын, соплолық күректер – техникалық шарттар немесе сызбалар бойынша өтпелерін сақтай отырып, бекітетін жерлерін тығыздықпен қиыстыру;

20) 20 МН асатын күштегі көлденең соғатын машиналар – жалпы құрастыру;

21) Бу машиналары – түпкілікті құрастыру, сынау және тапсыру;

22) Рульді гидравликалық машиналар мен ауыспалы өнімділік сорғылары – құрастыру, монтаждау, сынау, тапсыру;

23) Бас кемелік механизмдер – пайдалануға тапсыру;

24) Ажырату муфталары – жанамалы бөлшектерді есептеу және реттеу;

25) Турбиналардың біріктіретін муфталары (ТВД, ТСД; ТНД) – іліністерін қиыстыру;

26) Турбина ернеушелері, бу қалқандар, диафрагмалар – турбина корпусына қиыстыру;

27) Бағдарламалық басқарылатын электровакуумды жабдықтар (құрылғылар) – құрастыру, реттеу, сынау;

28) Автоматты, сильфонды, қорғағыш кеме арматураларының тәжірибелік және экспериментальды басты үлгілері – тәжірибелік құрастыру, комиссияның қатысуымен сынау, конструкцияларды түпкілікті кейпіне жеткізу;

29) Диаметрі 200 мм-ден асатын төсемсіз жалғамалы кеме арматурасының тығыздағыш корпустары мен қақпақтарының беті – тығыздағыш бетін ысқылау және жетілдіру;

30) Бансирлі қосарланған жүйелі тірек кеме мойынтіректері – түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру;

31) 100 МН жоғары гидравликалық сығымдағыштар – құрастыру;

32) Дифференциальды іліністермен, тісті іліністерін есептейтін күрделі аспаптар – құрастыру, механикалық және электрлік реттеу, сынау және тапсыру;

33) Екі дәрежеден асатын планетарлы және глобоидті редукторлар – құрастыру;

34) Металл өңдеу прецизионды станоктар – құрастыру, дәлдігін түпкілікті тексеру, сынау және тапсыру;

35) Гидрокопирлейтін құрылғылы бірегей металл өңдейтін станоктар – құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру;

36) Температуралы реттегіштердің есептегіштері, пісіру құрылғыларының үстелдері, пісіру құрылғыларының қалпақтары, вакуумды датчиктер, координатографтардың үстелдері, қатты тәсім өндірісіне арналған құрылғылардың тораптары – құрастыру және баптау;

37) Мартен цехтардың құятын және төгетін крандарының бас көтергіш траверстері – құрастыру;

38) Жанасатын ауа құбыржолдары, эллиптикалық келте құбырлар, жанасатын жетектер – бақылау және ірілендіріп құрастыру;

39) Бу турбиналары – білікке дискілерді отырғызу, роторларды (статикалық, динамикалық) орнату және теңдеу, түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру;

40) Бу турбиналары – күрек, корпус және ротор араларындағы саңылауларды, диафрагмалардың тығыздығын, тірек және сүйеуі мойынтіректеріндегі сальникті тығыздықтарды тексеру;

41) Редукторлы және басты тірек мойынтіректі турбиналар – стендіге және кемеге орнату кезінде ортасының дәлдігін тексеру.

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь
797. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай, магнитоэлектрлік, электромагниттік, оптикомеханикалық және жылуөлшеу аспаптары мен механизмдерін жөндеу, реттеу, сынау және тапсыру. Бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жай аспаптардағы ақаулықтардың себептерін анықтау және жою. Жалғамалардың жай тәсімдерін монтаждау. Сымнан жасалған серіппелерді суықтай күйде бұрау, бөлшектерге қорғау қабатын жағу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен орташа күрделіктегі аспаптарды жөндеу.

Білуге тиіс: жөнделетін аспаптарды, механизмдердің құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі, жай арнайы реттейтін құрылғылардың тәсімдері, ток өткізгіш және оқшаулаушы материалдардың негізгі қасиеттері мен тізбектің түрлі звеноларындағы қарсылықты өлшеу тәсілдері, анағұрлым кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, тотқа қарсы майлар мен майлаулардың сұрыптары мен түрлері, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Амперметрлер, вольтметрлер, манометрлер, гальванометрлер - орташа жөндеу және реттеу;

2) Вагон таразылары – түрлі бөлшектерін өңдеу;

3) Жылжымалы және стационарлық (кіріп тұратын) тауар таразылары – платформалар мен гирұстағыштарды ауыстыру және жөндеу;

4) Сауда және шартты гирлер – жөндеу және таңбалауға тапсыру;

5) Аспаптардың жай бөлшектері – тесік саңылаулардан ойық тесе отырып, слесарлық өңдеу;

6) Трансформаторларға арналған каркастар - жасау;

7) Кино және фотоаппараты - окулярларын, құлып, қақпақтарын аустыру, кадрлар есептегішін жөндеу;

8) Футорлы тісті дөңгелектер – жиынтықтау;

9) Контактілі серіппе –электрохимялық қондырғыда ұштарын қайрау;

10) Магнитті контакторлар мен жібергіштер – орташа жөндеу;

11) Техникалық манометрлер - құрастыру;

12) Милливольтметрлер - орташа жөндеу, сынағаннан кейін тексеру және тапсыру;

13) Реленің тұғыры - шаблон бойынша құрастыру;

14) Пьезоакустикалық өзгерткіштер, электромагниттік датчиктер - орташа жөндеу;

15) Аспаптар – механикалық рульге орнату;

16) Прицелдер, биноклдер, көретін трубалар - жөндеу және түзету;

17) Кедергілерге арналған мыс өткізгіштер – дайындау;

18) Реттегіштер, таратқыштар және ірі реле – жөндеу;

19) Контактілі термобулар – құрастыру және реттеу;

20) Мыс және платина кедергі термометрлері – құрастыру және ыдысқа салу;

21) Күрделі конфигурациялы тыстар – жасау;

22) Тісті дөңгелектер, төлкелер, орнату сақиналары және басқа да бөлшектер – біліктерде штифттеу, саңылауларды штифтіге бұрғылау және өрістету.

798. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылу өлшеу, электромагниттік, электродинамикалық, есептеу, оптикомеханикалық, пиромеханикалық, автоматты, өзі жазатын және басқа да орташа күрделіктегі аспаптарды тәсімдерін түсіре отырып, жөндеу, құрастыру, тексеру, реттеу, сынау, түзету, монтаждау және тапсыру. Бөлшектерді қиыстырып және жетілдіріп 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және т.б.) дәнекерлеу. Бөлшектерді кейіннен оларды жетілдіріп термоөңдеу. Металдың қаттылығын оралған егеулермен айқындау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен ерекше күрделі аспаптарды жөндеу, реттеу және түзету.

Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін аспаптар мен аппараттардың құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі, жекелеген аспаптарды, механизмдер мен аппараттарды сынау және тапсыруға мемлекеттік стандарттар, жөндеуде қолданылатын металдардың, қорытпалар мен басқа да материалдардың негізгі қасиеттері, ток өткізетін және оқшаулайтын материалдардың электрлік қасиеттері, бөлшектерді кейіннен жетілдіре отырып термоөңдеу тәсілдері, температураның өлшеу дәлдігіне әсері, жылу тәсімдеріндегі қорғағыш реттеу, бекіту арматурасының шартты белгілері, тарылтатын құрылғыларды орнату ережесі, импульсты құбыржолдардың төсем түрлері, теңдестіру және бөлу ыдыстарын орнату, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Амперметрлер, вольтметрлер, гальванометрлер, милливольтметрлер, манометрлер, электр есептегіштер, редукторлар - күрделі жөндеу және реттеу;

2) Барометрлер - анероидтар - жөндеу және реттеу;

3) 2 класты салмақ өлшейтін аспап –тексеру;

4) Техникалық таразылар – жөндеу;

5) Таразылы көрсеткіш аспабы бар тауар және автомобиль таразылары - ағымдағы және орташа жөндеу, таразылардың шыңдалған болат бөлшектерін тексеру, призмаларды, жастықшалар мен сырғаларды ию, тегістеу;

6) Жұмыс гирлері – бақылау таразыларында тексеру;

7) Гидравликалық датчиктер – сығымдау, жөндеу;

8) Пьезоакустикалық датчиктер – күрделі жөндеу, реттеу;

9) Аспаптарға арналған қарапайым бөлшектер – бос саңылауларға ойық кесу;

10) Кино және фотоаппараттар – бекіткіштерді толықтай бөлшектеу, автоспускілерді жөндеу, объективтерді фокусқа орнату, диафрагмаларды түзету, қабылдағыш катушкаларды қиыстыру;

11) Сақиналар, шарик ұстағыштар – жасау;

12) Контактілі серіппе – оны жұмыс процесінде жөндеу және технологиялық нұсқаулыққа сәйкес электролит құраумен электрохимиялық қондырғыда ұштарын қайрау;

13) Логометрлер және парометриялық милливольтметрлер – тексеру;

14) Сұрыптайтын магниттер – машинаға орната отырып дайындау;

15) Түтікшелі манометрлер – жөндеу;

16) Бөлу құны 0,01 мм микрометрлер – микробұрама, табан тегістігін, гайкаларды бөлшектеу, жетілдіру; сондай-ақ тегіс параллельді ұштық өлшемдер және интерференционды шынылар бойынша құрастыру және тексеру;

17) Барлық жүйедегі жазатын машинкалар – ағымдағы және орташа жөндеу;

18) Потенциометрлер кинематикалық тәсімдерді бөлшектеу, тазалау, құрастыру;

19) Қысымды және дәлдіктің барлық класының бәсеңдігін өлшеуге арналған құралдар - тексеру;

20) Қажетті аппараттардың көмегімен В2, В3 типіндегі кернеуді өлшеуге арналған құрал – тексеру;

21) Физикалық-химиялық өлшеу аспаптары (ареометр, спиртометр, шарикті және капилярлы вискозиметрлер және т.б.) – тексеру;

22) Бұйымдарды бақылауға арналған аспаптар: штангенқұралдар, бұрама калибрлер және т.б. – тексеру;

23) Электроөлшеу, электромагнитті және электродинамикалық жүйе аспаптары – күрделі жөндеу;

24) Призмалар – күрделі емес жіберетін сызықтарды шыңдағаннан кейін жетілдіру;

25) Шығын өлшегіштер, уақыт релесі, механикалық жүзетін механизмдер – жөндеу және реттеу;

26) Стереоұзақтық өлшегіш, командирлік трубалар – жөндеу және түзету)

27)Тахометрлер – жөндеу;

28) Термобулар – орнату;

29) Тартпалар мен ағын өлшегіштер – жөндеу;

30) Электрлік шынжырлар – сылдырлату.

799. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь

4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электромагнитті, электродинамикалық, жылу өлшеу, оптико-механикалық, есептік, автоматты, пиротехникалық және басқа да аспаптарды бөлшектер мен тораптарды қиыстырып және жетілдіре отырып жөндеу, реттеу, сынау, түзету, монтаждау және тапсыру. Релелік қорғау, электроавтоматика, телемеханика құрылғыларын теңшеу және баптау. Жөнделетін аспаптардың ақауларын айқындау және оларды жою. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және тісті және ирекше құрамаларды құрастыру. Құрамалардың күрделі тәсімдерін құрастыру және монтаждау. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу. Ақаулық ведомостерді құрастыру және аспаптар мен автоматтардың паспорттары мен аттестаттарын толтыру.

Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін күрделі аспаптардың, механизмдердің, аппараттардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері мен баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу және бақылау-түзету аспаптарының қызметі мен баптау тәсілдері, аспаптар мен аппараттарды реттеу және градуирлеу тәсілдері мен оларды сынау кезінде сипаттамасын алу ережесі, кедергілерді есептеу ережесі, күрделі құрамалардың тәсімдері, аспаптарды тексеру және сынау кезіндегі абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, орындалатын жұмыс көлемінде механика, радиотехника, жылу техникасы, электр техника және электроника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Автореттегіштер – қолданыстағы жабдықты тексеру және баптау;

2) Кинопроекциялы аппаратура - тораптар мен бөлшектерді ауыстыру;

3) Дәлме-дәл талдау таразылары – жөндеу, реттеу)Арифмометрлер мен барлық жүйедегі жазатын машиналар – күрделі жөндеу және қалпына келтіру;

4) Бункерлі элеватор таразылар – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, түзету және тексеру;

5) Жылжымалы және стационарлық кесілген тауар таразылары- ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, монтаждау, түзету, тексеру;

6) Есептеу, платформалы, аспалы, ІІІ разрядты үлгілі, автоматты, вагонды таразылары – тексеру;

7) Таразылық көрсеткіш аспаптары бар тауар және автомобиль таразылары – күрделі жөндеу;

8) Шекті жүктемесі 20 мг және жоғары торзионды таразы – тексеру

9) Циферблатты көрсеткіш аспапты шкалалы тауар және автомобиль таразылары – күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;

10) Нысаналар – жөндеу, түзету;

11) Барлық жүйедегі және құдықтардағы барлық диаметрлі су өлшегіштер – басқа диаметрлерге қайта қоса отырып орнату, орташа жөндеу орындау;

12) Түзеткіштер – ревизия және жөндеу;

13) Өзі жазатын гальванометрлер мен логометрлер – бөлшектеу және жөндеу;

14) Талдамалы және техникалық гирлер және І класс таразылары – тексеру

15) Кино және фотоаппаратура – синхронизаторларды жөндеу; баяулату механизмдері диафрагмалары, ұзындық өлшегішті түзету;

16) Тісті дөңгелектер – оське отырғыза отырып шпонды пазды жетілдіру;

17) Магнитті контакторлар, теңіз орындауындағы жібергіштер – орташа жөндеу;

18) Манометрлер мен индикаторлар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу;

19) Барлық мүмкін болған аспаптардың сағат механизмдері (манометрлер, жетек өлшегіштер және т.б. ) – бөлшектерді жасай отырып, күрделі жөндеу және реттеу;

20) Микроскоптар – бөлшектерді жетілдіре отырып жөндеу және түзету;

21) Электрлік көпірлер – жөндеу;

22) Көлденең және тігінен оптиметрлер – қалпақтарды, серіппелер мен орындықшаларды жасай отырып пиноль турбиналарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және түзету;

23) Түтікшелі осьтер – жетілдіре отырып түпкілікті өңдеу;

24) Перископтар – жөндеу және түзету;

25) Өлшеу шегі 2000о дейін ішінара сәулелендіру, радиациялы және оптикалық пирометрлер – тексеру, күрделі жөндеу;

26) Барлық жүйедегі жазатын машиналар – күрделі жөндеу, қалпына келтіру;

27) Автоматтық электронды потенциометрлер және реттейтін әрі өзі жазатын бір нүктелі мостылар – тексеру;

28) Сызықты және бұрышты өлшемдерді өлшеу аспаптары (рычагты–тісті қралдар, бұрыш өлшегіштер, нутроөлшегіштер және т.б.) – тексеру;

29) Қысым мен сиретілуді өлшейтін үлгілі және арнайы мақсаттағы аспаптар– жетілдіре отырып түпкілікті өңдеу;

30) Оптикалық механикалық аспаптар (полярископ, сағаттық типтегі проекторлар, интерферрометрлер, поляриметрлер және т.б.) – тексеру;

31) Радио өлшегіш аспаптар (В4, В5, В7 типтік кернеуді өлшеуге арналған; Г2, Г3 типті өлшеу генераторлары; ионды вакууметр; Л



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет