Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет3/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері мен ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.

99. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

18. Целлюлоза диффузоршысы


Параграф 1. Целлюлоза диффузоршысы, 2-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-ға дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

қара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.

101. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының қызметі, коммуникациялардың мен сорғыларды блоктау тәсімі;

жабдықтарды іске қосу және тоқтату тәртібі;

шаю технологиясы, су, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

Параграф 2. Целлюлоза диффузоршысы, 3-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-дан асатын өнім беретін үздіксіз шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

кара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

осы бөлімдермен тұрақты байланысты жүзеге асыру;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

тәулігіне 250 т-ға дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

103. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

Параграф 3. Целлюлоза диффузоршысы, 4-разряд


104. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен алдын ала ыстықтай ұнтақтайтын, химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде, қағаз және электр оқшаулау және сүзгі картон өңдеуде істейтін шаятын аппаратурада шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

қара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

осы бөлімдермен тұрақты байланысты жүзеге асыру;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

тәулігіне 250 т-ғдан жоғары өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

105. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

Параграф 4. Целлюлоза диффузоршысы, 5-разряд


106. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен алдын ала ыстықтай ұнтақтайтын, химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде, қағаз және электр оқшаулау және сүзгі картон өңдеуде істейтін шаятын аппаратурада шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

107. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, қызметі, құрылымы, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

19. Ағаш булаушы


Параграф 1. Ағаш булаушы, 2-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті ағаш булаушының басшылығымен балансты булау процесін жүргізу;

балансты қазандыққа салу;

буланған балансты түсіру;

қазандықтарды байқауға және келесі булауға дайындауға қатысу.

109. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен булаудың технологиялық процессі;

буланған баланс және ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.


Параграф 2. Ағаш булаушы, 3-разряд


110. Жұмыс сипаттамасы:

балансты булау процесін жүргізу. конденсациялық құрылғылардың бу қысымын және жұмысын қадағалау;

баланстың сапасын сыртқы белгілеріне қарай айқындау;

қазандықтарды байқауға және келесі булауға дайындауға қатысу;

сапалы массаның шығуын қамтамасыз ету.

111. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы;

баланстың және буланған ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар, буланған баланс және ағаш массасының сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.

20. Колчедан уатушы
Параграф 1. Колчедан уатушы, 2-разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:

уатқышта колчеданды уату;

колчеданды құйғышқа апару және салу;

уатқышқа, елегішке, біліктеу диірмендеріне түсетін колчеданның ағынын бағыттау және реттеу;

берілген шикіқұрамның құрамын бақылау.

113. Білуге тиіс:

уатқышты қолдану принципі, колчеданды салу ережесі.

21. Целлюлоза уатушы


Параграф 1. Целлюлоза уатушы, 2-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті уатушының басшылығымен шикі целлюлозаны ұсатқышта уату;

целлюлозаны ұсақтағышқа жіберуді реттеу.

115. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтарды қолдану принципі мен шикі целлюлозаны уату технологиялық процесі.

Параграф 2. Целлюлоза уатушы, 3-разряд


116. Жұмыс сипаттамасы:

шикі целлюлозаны шар тәрізді диірменде уату процесіне қатысу;

целлюлозаны шар тәрізді диірменге жіберу және реттеу.

117. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, құрғақ целлюлозаны уату технологиялық процесі;

целлюлозаны диірменге салу ережесі.

Параграф 3. Целлюлоза уатушы, 4-разряд
118. Жұмыс сипаттамасы:

шикі және құрғақ электродты целлюлозаны шар тәрізді диірменде және ұсатқышта уату процесіне қатысу;

целлюлозаны диірменге жіберу, жартылай ұсақталған целлюлозаны елеу;

целлюлозаны өлшеу және орау. Өнім өңдеу есебіне жүргізу. Жабдықты тазалау.

119. Білуге тиіс:

кептіру аппаратының, шар тәрізді диірмен және басқа да жабдықтардың құрылымы, электродты целлюлозаны өңдеу технологиялық процесі;

өңделген өнімнің сапалық көрсеткіштері.

22. Клапан дайындаушы


Параграф 1. Клапан дайындаушы, 1-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз қаптардың клапандарын дайындау;

талап етілетін мөлшердегі тоқыма бауды орау, кесу;

тоқыма баудың белгілі бір мөлшерін орамдарға байлау;

балқымаларды клапандарға біркелкі жағу және оларды сіңдіру;

түтіктерді игіш станоктарға апару, станокқа салу, клапанды кесу және оны ию;

станоктың жұмысын реттеу.

121. Білуге тиіс:

станоктың құрылымы мен жасалатын бұйымның техникалық шарттары.

23. Қағаз пакет дайындаушы


Параграф 1. Қағаз пакет дайындаушы, 1-разряд
122. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен пакеттерді дайындау;

қағазды шаблон бойынша белгілеу және кесу;

ағаш қалыпта қағаздың шетін ию;

оны желімдеу;

пакетті ыстық үтікпен сығымдау.

123. Білуге тиіс:

қағаз пакеттер жасау тәсілдері мен осы бұйымдарға техникалық талаптар.

Параграф 2. Қағаз пакет дайындаушы, 2-разряд
124. Жұмыс сипаттамасы:

пакеттерді, альбом, дәптер және блокноттарды қолмен дайындау;

қағазды сұрыптау, есептеу, ию, дәптерлерді мұқабасына желімдеу, бюварды қалау және орамдарға өлшеу;

қағаздан жасалған бұйымдарды оларды қалай отырып алу.

125. Білуге тиіс:

жасалатын бұйымдарға техникалық талаптар;

станокты пайдалану ережесі.

24. Дефибрерге баланс салушы


Параграф 1. Дефибрерге баланс салушы, 3-разряд
126. Жұмыс сипаттамасы:

механизацияланған және автоматталған құралдармен дефибрерлерге баланстарды жіберу;

қалаудың белгіленген ережесін сақтай отырып қолмен шахталарға немесе қораптарға балансты сұрыптау және қалау;

баланстың автоматты желідегі транспортерлерге түсуін және одан шахталарға дефибрерлер мен резервтегі ыдыстарға түсуін реттеу. сапасыз баланстарды сұрыптай отырып баланстарды қалау;

жабдықтарды іске қосу және тоқтату;

жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін қадағалау.

127. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

баланстарды дефибрерлерге жіберетін және салатын реттегіш және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімдері;

баланстың сапасына қойылатын талаптар;

баланстарды және дефибрер қораптарын қолмен шахтаға қалау ережесі;

ағаш массасының сапасы.

25. Колчедан, күкірт пештеріне және турмаларға салушы
Параграф 1. Колчедан, күкірт пештеріне және турмаларға

салушы, 2-разряд


128. Жұмыс сипаттамасы:

колчедан мен күкіртті пештерге салу;

турмаларға әк тасты, колчедан және күкіртті жіберу;

турмаларға салу, оларды тазалау;

күкірт пен колчеданды пештерге, әктің турмаға біркелкі түсуін қадағалау;

колчедан тұқылын арбаларға және вагоншаларға салу;

оларды белгіленген жерлерге апару және түсіру.

129. Білуге тиіс:

күкірт, колчедан және әк тастың сапалық көрсеткіштері;

күкірт және колчедан пештер мен турмаларға салу және тазалау ережесі;

тұқылдарды тастайтын жерлер;

от қауіпті жүктерді салу және түсіру тәсілдері.

26. Сульфат салушы
Параграф 1. Сульфат салушы, 2-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті салушының басшылығымен пешке сульфат салу;

сульфат уату процесін жүргізу;

шикіқұрам құрамын дайындау;

сульфат кептіру процесін жүргізу;

сульфатты бункерлерге апару;

жабдықтарды тазалау.

131.Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

сульфаттың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Сульфат салушы, 3-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:

элеваторға сульфат салу;

шикіқұрам құрамын дайындау;

сульфат уату және кептіру жабдықтарының жарамдылығын қадағалау.

133. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен қолдану принципі;

сульфаттың және шикіқұрамның құрамына қойылатын техникалық талаптар.

27. Қағаз бұйымдарды ораушы


Параграф 1. Қағаз бұйымдарды ораушы, 2-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:

цилиндрлердің түптерін, қақпақтарын жабу немесе жоғарғы бөлігін орайтын жартылай автоматта жылжыту;

бекітілген техникалық шарттарға сәйкес таспалы шылапшынның ернеуіндегі металл сақинаның шеткі жағын орау;

қағазды немесе картонды гильзаға, патронға, цилиндрлерге жетектеу гильза орайтын станокта, машинада және арнайы айлабұйымда орау;

жартылай автоматтарды, гильза орайтын станокты, машинаны және айлабұйымдарды жұмысқа дайындау;

жұмыс орнына цилиндрлерді, түптерін немесе металл сақиналарды жеткізу;

оралатын қағазды, картонды немесе этикеткаларды гуммирлеу;

орайтын біліктерді, пышақтарды гильзаның, патронның, цилиндрдің немесе сақинаның мөлшеріне қарай іріктеу және орнату;

желім қабатының қалыңдығын реттеу;

гильзаларды, патрондарды дәл және таза сақиналап кесу;

желім жасау, оны қыздыру, желімделген дайындамаларды сығымдау, оларды кептіру;

гильзаларды, патрондарды, цилиндрлер мен сақиналарды біліктерден алу және оларды мөлшеріне қарай қалау;

машиналар мен айлабұйымдардың жұмысындағы ақаулықтарды жою, оларды тазалау және майлау;

шығарылатын бұйымдардың сапасына бақылау.

135. Білуге тиіс:

бұйым жасауда қолданылатын шикізат және материалдар туралы негізгі мәліметтер;

жартылай автоматтың, машинаның, гильза орайтын станокта және айлабұйымдарды пайдалану ережесі мен олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, өлшеу құралы; бұйымдардың түр-түрі мен мөлшерлері;

шығарылатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

28. Картон, фибра және басқа да материалдарды пішуші
Параграф 1. Картон, фибра және басқа да материалдарды

пішуші, 2-разряд


136. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті ораушының басшылығымен қорап, папка, блокнот, дәптер, альбом және басқа да бұйым бөлшектерінің даяр шаблондарын бір уақытта ию сызығын сыза отырып қағаз кесетін, роликті, сызатын машиналарда, циркульды арамен пішу;

пішім сапасы мен дәлдігін бақылау;

дайындамалар мен бұйымдарды қалау және орау.

137. Білуге тиіс:

пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы;

шикізат түрлері мен оның қасиеттері, талшықты картонға жіберілуін айқындау тәсілдері;

пішу технологиясы.

Параграф 2. Картон, фибра және басқа да материалдарды

пішуші, 3-разряд


138. Жұмыс сипаттамасы:

жайма кесетін, бума кесетін, ролик пішетін, сызатын, қағаз кесетін, роликті (арнайы бояуы немесе релелі аппараттары бар) және релелі кесетін машиналарда қораптардың, бұйымдардың берілген бөлшектеріне дәл тықсырып даяр шаблондар бойынша барлық ықтимал материалдарды пішу;

шабадандар мен шылапшындардың берілген мөлшері бойынша фибраны белгілеу және пішу;

картонның, қағаз және басқа да материалдардың тығыздығына қарай және берілген мөлшеріне сәйкес пышақтарды, қосымша айлабұйымдар мен шектеуліктерді орнату және реттеу;

материалдарды кесу, ию сызығының тереңдігі бойынша сызбалар мен релелі аппараттарды тексеру;

кесілген фибраны есептеу және өлшеу;

бөлшектердің үлгілерін сұрыптау, бөлшектермен қалдықтарды жинау;

қораптардың бөлшектерінің жібек және барқыт маталарын қолмен немесе электр пышақпен пішу;

машинада кесуге матаны дайындау;

маталарды төсеу және бөлшектерді шаблондар бойынша белгілеу;

материалдарды барынша үнемді пішуді, бөлшектердің берілген санын қамтамасыз ету үшін материалдардың қажеттігін есептеу;

бөлшектерді пішу сапасын бақылау.

139. Білуге тиіс:

пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы мен реттеу тәсілдері;

шикізат түрлері мен оның қасиеттері, талшықты картонға және қағазға жіберілуін айқындау тәсілдері;

фибра және дайындамалардың маркалары;

пішудің оңтайлы жолдары, фибраның техникалық шарттары.

Параграф 3. Картон, фибра және басқа да материалдарды

пішуші, 4-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:

жайма кесетін, бума кесетін, ролик пішетін, сызатын, қағаз кесетін, роликті (арнайы бояуы немесе релелі аппараттары бар) және релелі кесетін машиналарда қораптардың, бұйымдардың екі-үш және одан да көп берілген бөлшектеріне дәл тықсырып картонажды бұйымдардың бөлшектеріне барлық ықтимал материалдарды (картон, қағаз, әшекейлеп басылған, таспалы, жібек және барқыт мата және олардың орнын алмастырғыштарды) пішу;

берілген мөлшерлерге сәйкес және материалдардың тығыздығына қарай сызба, релелі аппараттарды орнату;

пішілген бөлшектерден түрлі күрделіктегі бұйым үлгілерін жинақтау;

картоннан жасалған бұйым бөлшектерінен матаны пішу үшін шаблондар жасау;

бұйымның түсіне және түріне қарай материалдарды таңдау;

бөлшектерді барынша үнемді пішуді, бөлшектердің берілген санын қамтамасыз ету үшін материалдың қажеттілігін есептеу;

таспа жиектерінің бөлшектерін, бұйымдарды пішу сапасын бақылау.

141. Білуге тиіс:

пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы мен қолдану принципі;

пішу және түрлі күрделіктегі картон қорап жасау технологиясы;

шикізат, шаблон түрлері мен оның құрылымдары, пішу сапасына қойылатын талаптар.

29. Пішіп кесуші
Параграф 1. Пішіп кесуші, 2-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз тығыздығын белгілі бір бөлшектерге орау және пішу;

бөлшектерді таңбалау және сұрыптау, штампылау, бөлшектерді есептеу және оларды орамдар бойынша бөлу.

143. Білуге тиіс:

электр пышақтың құрылымы;

бөлшектердің түрлері, жасалатын бұйымдардың техникалық шарттары мен сыртқы түріне қарай айқындалатын ақаулар.

30. Картон және қағаз орамдарын жинаушы
Параграф 1. Картон және қағаз орамдарын жинаушы, 2-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

конус және қысқыш гайка орната отырып картон немесе қағаз орамын штангіге жинау;

штангіге бекіту және жинау стендісіне гофрленген қақпақтарды және желімдейтін машинаны көтергіш механизм арқылы бекіту;

штангісіз жинауда – орамдарды конустармен бекіту және олардың орналасуын реттеу;

картон немесе қағаз орамдарын жинайтын жерге жақындату және оларды ашу;

жинау стенділерін және автотиегіштерді тазарту;

кесінділерді жинап тастау.

145. Білуге тиіс:

жинағыш стенділердің көтергіш механизмдерінің құрылымы мен өзара іс-әрекеті, авто немесе электр тиегіштерді жүргізу ережесі;

өңделетін картон мен қағаздың сұрыптылығы;

штангісіз жинауда – механикалық конустардың, тежегіш айлабұйымдардың құрылымы;

осьтік және көлденең бағыттарды реттеу, жылжыту ережесі.

31. Форма жасаушы
Параграф 1. Форма жасаушы, 4-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті жасаушының басшылығымен өрнекті және тегіс теңестіргіштер мен цилиндрлер жасау;

тор жиектерін белгілеу;

теңестіргіштер мен цилиндрлерге өрнекті және тегіс торларды тігу;

барлық нөмірдегі түрлі тігісті торларды жөндеу және тігу;

қағаз жасайтын үстелді және цилиндрлі машиналарда торларды жөндеу.

147. Білуге тиіс:

тегіс және өрнекті теңестіргіш цилиндрлер мен торларды тігу тәсілдері;

тор нөмірлері.

Параграф 2. Форма жасаушы, 5-разряд


148. Жұмыс сипаттамасы:

өрнекті және тегіс теңестіргіштер мен цилиндрлер жасау;

торларды, кесіктерді теңестіргіштер мен цилиндрлерде дәнекерлеу;

жалпы және жергілікті контрштампылар жасау;

торды жергілікті белгі бойынша белгілеу;

теңестіргіштер мен цилиндр негізіне тор тігу;

қағазды отырғызу және созғылау белгілері.

149. Білуге тиіс:

теңестіргіштер мен цилиндр, контрштампы жасау процесі, өрнек жасау тәсілдері.

Параграф 3. Форма жасаушы, 6-разряд


150. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек тор машиналардың тегістегіштері мен цилиндрлері үшін су белгілері бар торларды штампылау;

даяр қағаз сызбасы бойынша штампылаудан алдын торларды белгілеу, күйдіру;

тегістегіш және цилиндр шеңберінің ұзындығын есепке ала отырып торларды өрнегі бойынша кесу;

тегістегіштер мен цилиндрлердегі тор жиектерін газбен дәнекерлеу тігісімен біріктіру;

контрштампыға гарт құю;

құйылатын қағаз форматын цилиндрге орнату.

151. Білуге тиіс: теңестіргіштер жасау процесі мен арнайы қағаз құю режимі, торларды белгілеу және күйдіру ережесі.

152. Орта арнайы білім талап етіледі.

32. Қағаз қап жасаушы


Параграф 1. Қағаз қап жасаушы, 2-разряд
153. Жұмыс сипаттамасы:

цементті сынау, толтыру, қаптарды өлшеу, орынжайға апару;

ашық қаптарды станокқа және жабықтарын қолмен сынайтын жерге апару;

сыналатын қаптарды және жарылған қаптарды цементтерін қайта салып бункерге көтеру;

қаптар ұстайтын соққылар санының кестесін жасау.

154. Білуге тиіс:

қаптарды сынау ережесі;

қаптардың сапасына қойылатын талаптар;

сынау кестесін жасау ережесі.

33. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы


Параграф 1. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 2-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен минутына 500 м-ге дейін жұмыс жылдамдығымен каландрда қағазды каландрлау;

қағаз орамын апару, орнату, түсіру;

қағаз жаймасын салуға қатысу;

тегістеу және тежегіш айлабұйымдардың жұмысын қадағалау;

ақауларды іріктеу.

156. Білуге тиіс:

каландрдың қолдану принципі, қағаздың қасиеті;

қағаз салу және орам шешу жүйесі;

қағазды глазирлеу және бөлу сапасы.


Параграф 2. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 3-разряд


157. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен минутына 500 м-ге дейін жұмыс жылдамдығымен, сондай-ақ жоғары сұрыпты ақша, өрнекті, құжат, құрамында мақта бар жоғары сұрыпты қағазды, конденсаторлы, электр химиялық, фотокалька, табиғи қағаз калька және борланған қағазды глазирлеуде қағазды каландрлау;

жұмыс жылдамдығы минутына 280 м-ге дейінгі каландрларда екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

158. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаз салу және орам шешу жүйесі;

қағазды глазирлеу және бөлу сапасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет