431. Білуге тиіс:
орау құрылысы және тегістеуішті өңдеу технологиясы.
Параграф 2. Тегістеу машинасының ораушысы, 2-разряд
432. Жұмыс сипаттамасы:
тегістеуішті орауышқа орау;
тегістеуіштің тығырығын орауыштан алуға қатысу;
тегістеуіштің таспасын төменгі кептіру қонышына салу және кептіру қоныштарын реттеу;
өңделген тегістеуіштен орауышты алуға қатысу, тегістеуішті орауышқа салу, тегістегіш таспасының үзіктерін жою.
433. Білуге тиіс:
орау құрылысы және тегістеуішті өңдеу технологиясы.
95. Серпантин ораушы
Параграф 1. Серпантин ораушы, 2-разряд
434. Жұмыс сипаттамасы:
серпантинді станокта орау процессін жүргізу;
таспаның боялған шеңберлерін жеткізуші;
түсі бойынша таңдау және оларды тығырыққа бекіту;
жазуға орнату, тығырықты орауышта салу;
серпантинді көлемі бойынша орау;
серпантинді орау режимінің жылдамдығын реттеу;
серпантиннің тығырықтарын сұрыптау. таспаның қайта оралуын, серпантиннің оралатын тығырығының көлемі мен сапасын бақылау.
435. Білуге тиіс:
серпантин жасау жөніндегі станоктың құрылысы, жұмыс қағидаты;
бұйымның техникалық шарттары;
өнімнің сыртқы түрі бойынша сапасы;
дайын өнімнің ақаулықтарының пайда болу себептері және жою тәсілдері.
96. Дефибрерлік тастарды орнатушы
Параграф 1. Дефибрерлік тастарды орнатушы, 2-разряд
436. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары орнатушының басшылығымен дефибрерлік тастарды орнату;
өңделген дефибрерлік тастардан шайбаларды алу және жаңа тастарды дайындай отырып, құйып және бекіте отырып, білікке жаңа тасты орнату жұмыстарына қатысу
437. Білуге тиіс:
дефибрерлік тастың құрылысы мен пайдаланудың негізгі ережелері;
өңделген тастардан шайбаларды алып тастау процессі, оларды білікке орнату және бекіту ережесі.
Параграф 2. Дефибрерлік тастарды орнатушы, 4-разряд
438. Жұмыс сипаттамасы:
жаңа тастарды дайындай отырып, құйып және бекіте отырып, білікке жаңа тасты орнату;
рафинерлік және сырғыма тастарды күкірт құя отырып шыңдау;
жұмсақ және қаттылығы орташа дефибрерлік тастарды жартылай таза шыңдау және жону.
439. Білуге тиіс:
дефибрерлік тастардың құрамы мен шыңдау ережесі;
ағаш майын өндіру технологиясы бойынша негізгі мәліметтер.
97. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы
Параграф 1. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы, 2-разряд
440. Жұмыс сипаттамасы:
қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;
резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға төзімді плиткалармен айналдыра қалау және футерлеу;
жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен орындау.
441. Білуге тиіс:
айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;
жабдықты айналдыра қалау және футерлеу технологиялық процессі;
айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдістері.
Параграф 2. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы, 3-разряд
442. Жұмыс сипаттамасы:
қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;
пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы және турмалардағы плиткаларды шабу;
резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға төзімді плиткалармен айналдыра қалау және футерлеуге қатысу;
дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдерді пайдалану;
жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен орындау.
443. Білуге тиіс:
айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;
жабдықты айналдыра қалау және футерлеу технологиялық процессі.
Параграф 3. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы, 4-разряд
444. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен резервуарларды жөндеу, бетондау, бетін қышқылға берік және термоберік плиткамен айналдыра қалау және футерлеу;
қышқыл резервуарлардың бетін тазалау және айналдыра қалауға және футерлеуге дайындау;
пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы, турмалардағы және қосымша жану камераларындағы плиткаларды шабу;
қажетті айналдыра қалау және футерлеу материалдарын таңдау;
дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдер мен құралдарды пайдалану.
445. Білуге тиіс:
беті қышқылға берік материалмен айналдыра қалануға және футерленуге тиіс резервуарлар мен аппаратураның құрылысы, жұмыс қағидалары мен шарттары;
айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;
айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдістері.
Параграф 4. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы, 5-разряд
446. Жұмыс сипаттамасы:
қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;
қажетті айналдыра қалау және футерлеу материалдарын таңдау;
айналдыра қалаудың жай-күйін бақылау;
пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы, турмалардағы және қосымша жану камераларындағы плиткаларды шабу;
резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға берік және термоберік плиткалармен айналдыра қалау және футерлеу;
дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдерді пайдалану.
447. Білуге тиіс:
беті қышқылға берік материалмен айналдыра қалануға және футерленуге тиіс резервуарлар мен аппаратураның мақсаты, құрылысы мен жұмыс шарттары;
айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;
айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдіс-тәсілдері.
98. Картон мен фибраны бояушы
Параграф 1. Картон мен фибраны бояушы, 2-разряд
448. Жұмыс сипаттамасы:
картон мен фибраның қабаттарын бояу, тазалау және қаттау;
картон мен фибраның қабаттарын жеткізу, оларды бояуға дайындау. бояу дайындау;
жабдықты жуу және тазалау.
449. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
бояуға қойылатын талаптар және оларды дайындау тәсілдері;
картон мен фибраны бояу режимі.
Чемоданға арналған дайындаманы бояу кезінде - 3-разряд.
99. Тазалау жабдығының операторы
Параграф 1. Тазалау жабдығының операторы, 1-разряд
450. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т дейін тазалау аппаратында массаны тазалау процессін жүргізу;
массаны тазалау және сорттау процессін бақылау. Жабдықтың жұмысын бақылау;
жабдықтар мен коммуникацияны жуу және тазалау.
451. Білуге тиіс:
тазалау жабдығының, сорғы мен коммуникацияның құрылысы мен мақсаты.
Параграф 2. Тазалау жабдығының операторы, 2-разряд
452. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам тазалау аппаратында немесе корд целлюлозасының екі тоғынында массаны тазалау процессін жүргізу;
массаны тазалау және сорттау процессін бақылау;
жабдықтар мен коммуникацияны жуу және тазалау;
массаны жалпы өнімділігі тәулігіне 100 т астам тазалау аппаратында және мембраналық сұрыптауыштарда, центриклинерде, фортраптарда сүзу, тазалау және қоюлату процессін жүргізу;
массаның түсуін және оны сұрыптау кезектілігін реттеу;
сүзгінің, тазалау жабдығының жұмысын, массаның концентрациясын, тор мен електің жай-күйін бақылау;
жабдықты баптау;
бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
453. Білуге тиіс:
тазалау аппаратурасы мен коммуникацияның барлық жүйелерінің құрылысы мен мақсаты;
айналымдағы және таза судың қозғалу схемасы;
тазалау аппаратурасына берілуге тиіс масса көлемі;
сұрыптау сатылары бойынша талшықты тазалау дәрежесі.
Химиялық қайта өңдеуге және электр оқшаулауыш қағаз өндіруге арналған целлюлозаны тазалау кезінде процесті өздігінен жүргізетін болса 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
Параграф 3. Тазалау жабдығының операторы, 3-разряд
454. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т дейін тазалау аппаратында массаны сүзу, тазалау және қоюлату процессін жүргізу;
массаның түсуін және оны сұрыптау кезектілігін реттеу;
сүзгінің, тазалау жабдығының жұмысын, массаның концентрациясын, тор мен електің жай-күйін бақылау;
оларды ауыстыруға қатысу;
жабдықты баптау;
бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
455. Білуге тиіс:
тазалау аппаратурасы мен коммуникацияның барлық жүйелерінің құрылысы мен мақсаты;
айналымдағы және таза судың қозғалу схемасы;
тазалау аппаратурасына берілуге тиіс масса көлемі;
сұрыптау сатылары бойынша талшықты тазалау дәрежесі.
Химиялық қайта өңдеуге және электр оқшаулауыш қағаз өндіруге арналған целлюлозаны тазалау кезінде процесті өздігінен жүргізетін болса 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
Параграф 4. Тазалау жабдығының операторы, 4-разряд
456. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам тазалау аппаратында немесе корд целлюлозасының екі тоғынында массаны сүзу, тазалау және қоюлату процессін жүргізу;
массаның түсуін және оны сұрыптау кезектілігін реттеу;
сүзгінің, тазалау жабдығының жұмысын, массаның концентрациясын, тор мен електің жай-күйін бақылау;
оларды ауыстыруға қатысу;
жабдықты баптау;
бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
457. Білуге тиіс:
тазалау аппаратурасы мен коммуникацияның барлық жүйелерінің құрылысы мен мақсаты;
айналымдағы және таза судың қозғалу схемасы;
тазалау аппаратурасына берілуге тиіс масса көлемі;
сұрыптау сатылары бойынша талшықты тазалау дәрежесі.
Химиялық қайта өңдеуге және электр оқшаулауыш қағаз өндіруге арналған целлюлозаны тазалау кезінде процесті өздігінен жүргізетін болса 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
100. Пневмогидрожеткізу операторы
Параграф 1. Пневмогидрожеткізу операторы, 2-разряд
458. Жұмыс сипаттамасы:
ескі-құсқы шүберектерді ролға біркелкі салуды қамтамасыз ету;
технологиялық жоңқаның пневмогидрожеткізу жүйесі мен пневмокөлік жүйелерін іске қосу және тоқтату;
судың пневмогидрожеткізгіште түсуін реттеу;
сигнализацияны бақылау.
459. Білуге тиіс:
пневмогидрожеткізу жүйесі сигнализацияның құрылысы;
ескі-құсқы шүберектердің әр түрлі сорттарының картонның сапасына тигізетін әсері;
майлы және сұйық ұнтақтың қасиеттері.
101. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің операторы
Параграф 1. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 3-разряд
460. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жоңқаны жуу процессін жүргізу;
жоңқаны бөтен қоспалардан тазалау, жуу және ұнтақтау аппаратурасына жіберу, жоңқаны жууға арналған суды, бу мен химикаттарды жіберу жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету;
шығын бункеріне шнек тасымалдауышпен жоңқа толтыруды бақылау;
қызмет көрсетілетін учаскеде бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
жоңқаны жуу жабдығын нұсқаулыққа сәйкес іске қосу және тоқтату;
жұмыс орнын тазалау.
461. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
жоңқаны жуудың технологиялық схемасы;
жоңқаны жуу технологиялық режимінен ауытқу себептері және оларды жою тәсілдері;
жоңқаның сапасын бақылау әдістері;
суды, буды және химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.
Параграф 2. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 4-разряд
462. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен термомеханикалық ағаш массаны екі сатылы ағарту процессін жүргізу;
ағаш массаны, химикаты бар шығын ыдысы мен мөлшерлеу агрегаттарын ағарту жабдығына қызмет көрсету;
ыдыстарға химикат толтыруды бақылау;
жабдықтар мен ыдысты кірден тазарту, жабдықты сырттай тексеру;
бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
ЭЕМ-нің көмегімен ағарту технологиялық процессін реттеу;
термомеханикалық ағаш массасының сапасын бақылау;
жұмыс орнын тазалау.
463. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
ағаш массасын ағарту, тазалау және қоюлату процессін автоматты реттеу және бақылау схемасы және суды, химикаттарды өткізу схемасы, қызмет көрсетілетін учаскенің бұрандасы, сақтандыру клапандарының схемасы;
термомеханикалық ағаш массасын ағартудың технологиялық режимі;
ағарту, тазалау және қоюлатудың технологиялық режимнен ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
ағаш массасын ағарту, тазалау және қоюлатуды бақылау әдістері;
химикатты, су мен буды жұмсаудың шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 5-разряд
464. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жоңқадан термомеханикалық және химиялық-термомеханикалық ағаш массасын жасау процессін жүргізу;
екі сатылы ұнтақталған жоңқаға, рафинерге арналған агрегаттарға, массаны сұрыптау, тазалау, қоюлату және сақтау жабдықтарына, қалдықтарды қайта өңдеу, қалыптасатын буды жылу рекуперациялау жабдықтарына қызмет көрсету;
ЭЕМ-нің көмегімен технологиялық параметрлерді реттеу;
массаның концентрациясын ұнтақталу дәрежесін, ақтығын, костриктілігін сыртқы белгілері бойынша және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау;
жабдық пен ыдысты массаның қалдығынан жуу;
ұнтақталу тізбегін бумен қыздыру;
майлау гидравликалық жүйесін қыздыру;
жұмыс орнын тазалау.
465. Білуге тиіс:
термомеханикалық ағаш массасы цехының жабдықтарының мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
ағаш массасын автоматты реттеу және өндіру процессін кезеңдері бойынша бақылау схемасы;
ағаш массасын жоңқадан жасау технологиялық режимі;
технологиялық режимдердің ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
жоңқаны, химикаттарды, бу мен суды жұмсаудың шекті нормасы;
ағаш массасының сапасын өндіріс кезеңдері бойынша бақылау әдістері;
өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 6-разряд
466. Жұмыс сипаттамасы:
жоңқадан термомеханикалық және химиялық-термомеханикалық ағаш массасын жасау процессін жүргізу;
жоңқаны, суды, буды және химикаттарды мөлшерлеу;
ЭЕМ-нің көмегімен ұнтақтың концентрациясы мен массаның ақтығын реттеу;
реттеуші аппаратураның жұмысын бақылау және ағаш массасының ұнтақталуын, ағартылуын, сұрыпталуын, тазалануы мен қоюлатылуын бақылау;
берілетін жоңқаның сапасын, судың ұнтақтауға жіберілуін, химикаттың жұмсалуын есептеу;
жоңқаны ұнтақтау, ағаш массасын ағарту және сұрыптау режимінің барлық басқа көрсеткіштерін сақтау;
ағаш массасын айдау және қабылдау және жұмсау ыдыстарындағы деңгейін бақылау;
жабдық жұмысындағы технологиялық ақаулықтарды анықтау және жою;
жабдықтың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жай-күйін бақылау;
жабдықты басқару пультінен қосу;
жоспарланатын өнімді мемлекеттік стандарт бойынша шығуын қамтамасыз ету.
467. Білуге тиіс:
жабдықтың мақсаты, құрылысы мен басқару пультінен іске қосу ережесі;
ағаш массасы өндірісін өндіріс кезеңдері бойынша автоматты реттеу және бақылау схемасы және су, бу, химикат, сорғы, сақтандыру клапандарының бұрандаларын өткізу схемасы;
өндірістің технологиялы режимі;
технологиялық режимдердің ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
жоңқаны, химикаттарды, бу мен суды жұмсаудың шекті нормасы;
ағаш массасының сапасын, жоңқаның ұнтақталуын бақылау әдістері;
өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
102. Фибраны егеуші
Параграф 1. Фибраны егеуші, 2-разряд
468. Жұмыс сипаттамасы:
қалың фибраның жиегін кесу, оны дайындамаларға егеу;
түтіктерді, кесектерді егеулеу және түтіктердің ақаулы бөліктерін кесу;
таспалы егеуді қайрау, тістерін ажырату, араны станокқа орнату.
469. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
фибра ақаулықтарының түрлері және дайын өнімнің техникалық шарттары;
фибраны егеулеу ережесі.
103. Ағартушы
Параграф 1. Ағартушы, 2-разряд
470. Жұмыс сипаттамасы:
шығыс бактарына химикаттарды және басқа да ағарту заттарын салу;
ролды толтыру және түсіру;
массаны жуу;
ауа сүзгісін, суды сүзгіден өткізетін тор мен қаптардың жай-күйін, бункердегі судың деңгейін бақылау;
қалдық хлорды, pH ортаны анықтау.
471. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;
целлюлозаны ағарту, байыту және қышқылдату режимі.
Химиялық өңделуге тиіс жоғары сапалы целлюлозаны ағарту және тазалау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
Параграф 2. Ағартушы, 3-разряд
472. Жұмыс сипаттамасы:
қалдық хлорды, pH ортаны анықтау;
жалпы өнімділігі тәулігіне 200 т астам аппаратурада целлюлозаны, жоғары сапалы целлюлозаны хлордың қос тотығын пайдалана отырып, біліктілігі анағұрлым жоғары ағартушының басшылығымен ағарту, байыту және қышқылдату режимі;
шығыс бактарына химикаттар мен басқа да ағартушы заттарды салу;
массаның температурасын, концентрациясын ағарту және қышқылдауды сатылар бойынша реттеу және pH ортаны, пластина тәрізді жылу алмастырғышқа айналма және таза судың түсуін реттеу, массаны вакуум-сүзгіде ағарту кезеңдері бойынша жуу;
біліктілігі анағұрлым жоғары ағартушының басшылығымен реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
ағарту кезеңдері бойынша материалдарды салу және химикаттарды мөлшерлеу;
өнімділігі тәулігіне 120 т аппаратурада ағарту процессін жүргізу;
массаның, бу мен судың берілуін және реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен кезеңдері бойынша ағарту процессін реттеу;
кезеңдер арасында целлюлозаны жуу дәрежесін, талшықтың шұңқырын бақылау;
ағарту процессінің соңын айқындау және массаны түсіру;
аппаратураны іске қосу және тоқтату;
торды ауыстыру және жабдықты жуу;
целлюлоза, химикаттарды, бу мен суды жұмсаудың шекті нормаларын сақтау;
ағарту кезеңдері бойынша лабораторлық талдау.
473. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;
целлюлозаны ағарту, байыту және қышқылдату режимі.
Химиялық өңделуге тиіс жоғары сапалы целлюлозаны ағарту және тазалау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
Параграф 3. Ағартушы, 4-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары ағартушының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 200 т астам аппаратурада ағарту және қышқылдауды сатылар бойынша массаның температурасын, концентрациясын реттеу және pH ортаны, пластина тәрізді жылу алмастырғышқа айналма және таза судың түсуін реттеу, массаны вакуум-сүзгіде ағарту технологиялық процессін реттеу;
целлюлозаны, ағаш массаны және басқа да талшықты материалдарды роллда үздіксіз мұнаралық тәсілмен және жалпы өнімділігі тәулігіне 120-200 т аппаратураның вакуум-сүзгісінде ағарту, қышқылдау және байыту процессін өздігінен жүргізу;
біліктілігі анағұрлым төмен ағартушының жұмысына басшылық жасау;
материалдарды салу және химикаттарды сатылары бойынша мөлшерлеу;
массаның, бу мен судың берілуін және реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен кезеңдері бойынша ағарту процессін реттеу;
ағарту аппаратурасын іске қосу және тоқтату;
торды ауыстыру және жабдықты жуу;
талшықты материалдарды, химикаттарды, су мен буды жұмсаудың шекті нормаларын сақтау;
ағарту кезеңдері бойынша лабораторлық талдау.
475. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;
жабдықты басқару пульті арқылы іске қосу ережесі;
химикатты жұмсаудың шекті нормасы, температуралық режим және технологиялық процесс уақыты;
лабораторлық талдау жүргізу.
Химиялық өңделуге тиіс жоғары сапалы целлюлозаны ағарту және тазалау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
Параграф 4. Ағартушы, 5-разряд
476. Жұмыс сипаттамасы:
мақта-мата материалынан жасалған жартылай массаны, целлюлозаны оттегі-сілті тәсілімен ағарту кезінде, аспалы жағдайда газ тәрізді ағарту реагенттермен және сынақ құрылғыларында ағарту процессін жүргізу;
целлюлозаны, ағаш массаны және басқа да талшықты материалдарды роллда үздіксіз мұнаралық тәсілмен және жалпы өнімділігі тәулігіне 200 т астам аппаратурада ағарту, қышқылдау және байыту процессін жүргізу;
материалдарды салу және химикаттарды сатылары бойынша мөлшерлеу;
массаның, бу мен судың берілуін және реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен кезеңдері бойынша ағарту процессін реттеу;
целлюлозаны сатылардың арасында жуу дәрежесін, талшықтың шұқырлығын бақылау;
ағарту процессінің аяқталуын анықтау және массаны түсіру;
ағарту аппаратурасын іске қосу және тоқтату;
торды ауыстыру және жабдықты жуу;
целлюлоза, химикаттар, бу мен суды жұмсаудың шекті нормасын сақтау;
ағарту сатылары бойынша лабораторлық талдау;
біліктілігі анағұрлым төмен ағартушының жұмысына басшылық жасау.
477. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
жабдықты басқару пультімен іске қосу ережесі;
химикаттарды жұмсаудың шекті нормасын, температуралық режим және технологиялық процесс уақыты;
лабораторлық талдау жүргізу.
Химиялық өңделуге тиіс жоғары сапалы целлюлозаны ағарту және тазалау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
478. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
104. Құйма қағаз бұйымдарды өңдеуші
Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд
479. Жұмыс сипаттамасы:
құйма қағаз бұйымдарды нитроэмальмен ішкі және сыртқы өңдеу (тазалау, бітеу, бояу);
бұйымдардың бетін өңдеуге дайындау.
480. Білуге тиіс:
құрылғылардың құрылысы және жұмыс қағидаты;
бұйымдарды өңдеу технологиясы;
бояудан кейін аралық операциялардың арасында ұстау мерзімі;
нитроэмальдің, еріткіштердің, олифа, бітеменің құрамы мен қасиеттері.
105. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы
Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы, 2-разряд
481. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен құйма қағаз бұйымдарды құю процессін жүргізу;
құю аппаратының қабылдау воронкаларына масса мен пресс-формаға минералды талшық толтыру;
машинаның қаптамасын ауыстыруға дайындау және қатысу;
пресс-форманы тазалау.
482. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және құюдың технологиялық процесс.
Параграф 2. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы, 4-разряд
483. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымды құю және сығу аппаратында және пресс-қалыпта қалыптау процессін жүргізу;
жабдықтың жекелеген тораптарын жұмысқа дайындау;
түсетін массаның сапасын тексеру;
машинаның қаптамасын ауыстыру;
өңделетін бұйымның сапасын бақылау.
484. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс схемасы;
Достарыңызбен бөлісу: |