Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет4/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Параграф 3. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 4-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы минутына 280 м-ден 500м-ге дейінгі каландрларда, сондай-ақ жоғары сұрыпты ақша, өрнекті, құжат, құрамында мақта бар жоғары сұрыпты қағазды, конденсаторлы, электр химиялық, фотокалька, табиғи қағаз калька және борланған қағазды, екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

160. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаздың ылғалдығының және басқа да шарттардың глазирлеу сапасына әсері, қағаз салу жүйесі;

каландрлеуге қажетті қысым;

өңдеу кемшіліктері мен оларды жою тәсілдері;

даяр өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 4. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 5-разряд


161. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы минутына 500м-ден асатын каландрларда екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз, картон және фибраны глазирлеу;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

162. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаздың ылғалдығының және басқа да шарттардың глазирлеу сапасына әсері, қағаз салу жүйесі;

каландрлеуге қажетті қысым;

өңдеу кемшіліктері мен оларды жою тәсілдері;

даяр өнімнің техникалық шарттары.

34. Картонажшы
Параграф 1. Картонажшы, 1-разряд
163. Жұмыс сипаттамасы:

картоннан, қағаздан және басқа да материалдардан жасалған қарапайым конфигурациялы бұйымдар жасау;

дайындамаларды тігісінен және бүктейтін жерінен бүгу, қолмен релелеу, жапсырмалар мен бөлгіштерді қою, гофрланған картоннан жасалған жәшіктерді қағазбен желімдеу;

парақтарды инемен белгілері бойынша түйреу және түйрелген парақтарды кейіннен кесу үшін жапсыру;

суреттер басылған этикеткалары бар парақтарды іріктеу;

түйреген және жапсырған кезде суреттердің жылжып кетуін болдырмау;

бөлшектерді майлау;

этикеткаларды қораптарға жапсыру;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау;

қорап дайындамаларын белгілері бойынша бүктеу;

дайындамаларды жылжыту, қалау.

164. Білуге тиіс:

бөлшектердің қызметі және қолданылатын шикізат түрлері;

жасалатын бұйымдар мен бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар;

бүктеу техникасы;

бүктеу сапсына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Картонажшы, 2-разряд
165. Жұмыс сипаттамасы:

борланған қағазбен, бір немесе екі плинтусты көркем этикеткамен бөлінген орташа күрделіктегі жаппай өндірілетін қораптарды, футлярларды, пеналдар мен басқа да картонажды бұйымдарды кешенді жасау немесе желім қораптар мен басқа да бұйымдар жасауда жекелеген операцияларды орындау;

қарапайым бөлшектерді станокта формалау;

картонажды бұйымдар жасау сапасын бақылау.

166. Білуге тиіс:

бөлшектердің қызметі;

қолданылатын материалдардың түрлері, операцияларды орындау техникасы;

картонажды бұйымдар жасау сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Картонажшы, 3-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:

борланған, түсті, қола қағазбен және басқа да материалдармен, бір немесе екі плинтусты блондамен желімделген орташа күрделіктегі күрделі көркем қораптарды, футлярларды, пеналдар мен басқа да жаппай өндірілетін қағаз, картонажды бұйымдарды кешенді жасау;

бөлшектерді құрастыру және безендіруде, суретін қиыстырып дәл тықсыруды талап ететін түрлі конфигурациядағы желім қораптар жасауда жекелеген операцияларды орындау;

конвейерлерде қораптар жасау;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.

168. Білуге тиіс:

картонажды бұйымдарды безендіру ережесі, қолданылатын материалдардың түрлері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Картонажшы, 4-разряд


169. Жұмыс сипаттамасы:

конвейерде қымбат тұратын материалдарды жапсырып көркем ерекше күрделі қораптар, түрлі конфигурациялы картондарды кешенді жасау;

ерекше тапсырыс бойынша, экспортқа және көрмелерге түрлі конфигурациялы және күрделіктегі бұйымдар жасау;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.

170. Білуге тиіс:

қолданылатын материалдар мен бұйымдардың түрлері, сызбалар бойынша бұйымдардың жаңа түрлерін жасау әдістері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

35. Қышқылдаушы
Параграф 1. Қышқылдаушы, 2-разряд
171. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қышқылдаушының басшылығымен сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмаларды дайындау және оларға әк тас немесе инертті ұштама салу;

жабдықтарды тазалау және бекітпелерді жою;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау.

172. Білуге тиіс:

турмалар мен қышқыл цехы жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі;

коммуникациялардың тәсімдері;

пісірілетін қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 2. Қышқылдаушы, 3-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмаларды дайындау және оларға әк тас немесе инертті ұштама салу;

жабдықтарды тазалау және бекітпелерді жою;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау;

анағұрлым жоғары білікті қышқылдаушының басшылығымен сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

түсетін күкірт немесе колчеданның және химикаттардың мөлшері мен сапасын қадағалау;

кесінділерді өлшеу;

күкірт пештерінде немесе колчедан пештердің қабаттарында ауаның жіберілуін, дұрыс жануын, еритін негіз жасау жөніндегі аппараттардың жұмысын реттеу;

селена жинау;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау.

174. Білуге тиіс:

турмалар мен қышқыл цехы жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі; коммуникациялардың тәсімдері;

пісірілетін қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 3. Қышқылдаушы, 4-разряд


175. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау;

түсетін күкірт немесе колчеданның және химикаттардың мөлшері мен сапасын қадағалау;

кесінділерді өлшеу;

күкірт пештерінде немесе колчедан пештердің қабаттарында ауаның жіберілуін, дұрыс жануын, еритін негіз жасау жөніндегі аппараттардың жұмысын реттеу;

селена жинау;

газ шайғыштың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау;

сомалық өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының: күкірт және колчедан пештердің, эксгаустерлердің, сорғылардың, жұтқыш камералардың, турмалардың, абсорберлердің, барботажды колонкалардың, еритін негіз жасауға арналған аппараттардың, газ тазалау және салқындату жөніндегі жабдықтардың жұмысын реттеу;

газ құбырларға түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының, коммуникациялардың жай-күйін қадағалау.

176. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

химикаттың техникалық шарттары, химикаттардың, су, электр энергиясының шығу нормалары;

өңделетін қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 4. Қышқылдаушы, 5-разряд


177. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының: күкірт және колчедан пештердің, эксгаустерлердің, сорғылардың, жұтқыш камералардың, турмалардың, абсорберлердің, барботажды колонкалардың, еритін негіз жасауға арналған аппараттардың, газ тазалау және салқындату жөніндегі жабдықтардың жұмысын реттеу;

түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау.

178. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

шикізаттың, химикаттың техникалық шарттары, өңделетін қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 5. Қышқылдаушы, 6-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының және пультпен басқарылатын жабдықтардың жұмысын реттеу;

жақын өндірістермен байланыс жасау;

үрлегіш газдардан қышқылды регенерациялау процесін жүргізу;

түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының, коммуникациялардың жай-күйін қадағалау;

төмендеу білікті қышқылдаушыны басқару.

180. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

шикізаттың, химикаттың техникалық шарттары, өңделетін химикаттардың, су, электр энергиясының шекті нормалары;

қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

181. Орта арнайы білім талап етіледі.

36. Желім қайнатушы


Параграф 1. Желім қайнатушы, 2-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті желім қайнатушының басшылығымен белгіленген рецептура бойынша қағаз, картон және бұйым массасының бетін желімдеу үшін ерітінді жасау және желім қайнату процесін жүргізу;

химикаттарды желім қайнататын аппаратураға жіберу және салу;

желімнің даярлық деңгейін айқындау;

бұйымдардың бетін жапсыру үшін желімнің қажетті температурасын ұстап отыру.

183. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі;

химикаттардың қасиеті, ерітінді жасау тәсілдері, желім рецептурасы мен қайнату технологиясы, бетін жапсыру және қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар массасын жапсырудың негізгі принциптері.

Параграф 2. Желім қайнатушы, 3-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:

бетін жапсыру және қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар массасын жапсыру үшін су және сілті клейстерлеу крахмалды желімді қайнату;

топырақ ерітінділерін, каолинді суспензия және пасталар жасау;

химикаттарды араластырғыштар мен еріткіштерге жеткізу;

жасалған ерітінділерді өндіріске айдау.

185. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі;

желім қайнату және топырақ және квасц ерітінділерін жасау тәсілдері;

желім рецептурасы.

Параграф 3. Желім қайнатушы, 4-разряд


186. Жұмыс сипаттамасы:

картографиялық желімдеу, фото салу, литографиялық және басқа да жауапты техникалық қағаз түрлерін желімдеуге арналған тұзды қышқыл және желімдердегі меламинді формальдегин шайыр ерітінділерін, сондай-ақ баритаждау және арнайы қағаздың бетін желімдеуге арналған желім ерітінділерін жасау;

берілген технология және рецептура бойынша қайнату режимін реттеу;

канифоль, сода, казеин, парафин, сұйық шыны жасау.

187. Білуге тиіс:

желім қайнататын қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, желім жасау өндірісінің тәсімі;

жасалатын желімнің сапалық көрсеткіштері, желімнің түрлерінің рецептурасы мен бұйымның түрлерін жасау технологиясы.

Параграф 4. Желім қайнатушы, 5-разряд


188. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары шайырлы желімді қайнату процесін жүргізу. парафинді коалин және парафинді стеарин эмульсиясын, желатин ерітіндісін, арнайы ерітінді жасау;

ерітінді концентрациясын айқындау жөніндегі есептеулерді орындау;

ерітінді сапасын айқындау жөніндегі талдауларды орындау.

189. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

құбыржолдардың тәсімдері;

қағаз желімдеу процесі мен стандартты концентрацияның желімдейтін және толтыратын ерітінділерін жасаудың технологиялық режимі.

37. Желімдеуші
Параграф 1. Желімдеуші,, 1-разряд
190. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды жинақтау үшін жекелеген бөлшектерді дайындау және желімдеу;

бұйымдарды электр үтікпен үтіктеу, балқыманы сіңдіру және даяр өнімді ілгіштерге ілу.

191. Білуге тиіс:

бөлшектерді желімдеу ережесі мен даяр бұйымдардың техникалық шарттары.

арнайы бұйымдардың бөлшектерін желімдеуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

38. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші
Параграф 1. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші, 1-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:

пакеттерді, қап, футляр, конверт және басқа да жаппай өндіріс бұйымдарын желімдеу;

қағаздан, картоннан, фольгадан және басқа да материалдарда жасалған бұйымдарды, бөлшектерге желім жағу;

картон қабаттарын сұрыптары бойынша бөлшектеу, сұрыптау және оны желімдеу;

бұйымдарды желімдеу сапасын бақылау.

193. Білуге тиіс:

картон, қағаз, ротопленка, балауызды желімдеу ережесі, бұйымдарды желімдеу сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші, 2-разряд


194. Жұмыс сипаттамасы:

желім жағатын машинада және қолмен жайма қағаз, картон, қосалқы және декоративтік материалдарды жапсыру;

потальды картонға жапсыру;

картонды кептіру, ысқылау және пачкаға қалау;

сығымдау машинасындағы теңестіргіш катушканың цилиндріне белдемшелерін жапсыру;

сегменттерді болванкалардағы манжеттерге орау;

машинаның жұмысын реттеу және желімнің дұрыс жағылуын қадағалау;

балауыз бен ротопленканы қиыстыру, балқытылған парафинді, ал ротопленканы - желіммен үтіктеу;

техникалық шарттар бойынша жарамсыз парақтарды алдын ала іріктеу;

парақтарды есептеу және қораптарды қалау.

195. Білуге тиіс:

желімдеу-жағу машинасының құрылысы мен қызмет көрсету ережесі, желімдеудің технологиялық режимі;

желімнің рецептурасы, түрлері мен қызметі.

39. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші


Параграф 1. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші, 3-разряд
196. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті желімдеушінің басшылығымен фибра парақтарын желімдеу процесін жүргізу;

сығымдағыштағы құйылатын қағаз бұйымдарды желімдеу;

желімделген фибраны кесуге және тазаланған қағаз бұйымдарды ұстауға апару;

фибраны пакеттерге жинақтау;

кептіргеннен кейін қағаз бұйымдарды жылжыту, желім жағу;

бөлшектерді жөндеу.

197. Білуге тиіс:

сығымдағыштардың құрылымы; оларды басқару ережесі мен желімдеу процесін реттеу;

желім заттар;

желімдегеннен кейін қағаз бөлшектерді ұстау мерзімдері.

Параграф 2. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші, 4-разряд


198. Жұмыс сипаттамасы:

сығымдағыштардағы фибра парақтарын желімдеу және кептіру процесін жүргізу;

желімдеу фибраларының жарамдылығын айқындау, фибраны қалыңдығы, сапасы, бетіне және қасиетіне қарай іріктеу;

желімдеуге арналған бакелит және басқа да шайырларды дайындау;

фибраның қасиетіне, желімнің қалыңдығы және сапалы көрсеткіштеріне қарай желімдеу режимін таңдау.

199. Білуге тиіс:

қыздырып сығымдағыштардың құрылымы;

желімдеудің технологиялық процесі;

фибра және желім шайырының қасиеті;

фибраның маркасына, қалыңдығына және сапалық көрсеткіштеріне қарай желімдеу режимі.

40. Бояу үйлестіруші
Параграф 1. Бояу үйлестіруші, 3-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:

берілген үлгі бойынша қағаз массасына рең беру үшін белгілі бір мөлшерде араластырылған бояулардан ерітінді жасау;

бояғыштарды таңдау және оларды бояу араластырғышқа салу;

боялған массаны бақылау;

бояғыш концентрациясын айқындау жөніндегі талдауларды орындау.

201. Білуге тиіс:

бояғыштардың қасиеттері мен массаны біркелкі бояуды қамтамасыз ететін бояйтын ерітінділер жасау тәсілдері, бояудың біркелкілігіне әсер ететін факторлар.

41. Қағаздан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды жинақтаушы


Параграф 1. Қағаздан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды

жинақтаушы, 2-разряд


202. Жұмыс сипаттамасы:

тұсқағаздардың партияларын берілген түрлеріне, артикулдардың үлгілеріне, түстеріне және сұрыптарына қарай және құйылған қағаз бұйымдарды түрі бойынша жинақтау;

бұйымдарды есептеп қабылдау;

тұсқағаздарды түріне қарай бордюрларды, фриздарды іріктеу;

аралық қоймалардағы бөлшектердің жиынтықтарын сақтау және оларды жұмыс орындарын жіберу.

203. Білуге тиіс:

бөлшектерді жинақтау және сақтау ережесі;

өңдеудің техникалық шарттары;

бөлшектердің атауы және қызметі; тұсқағаздардың артикулдары мен сұрыптары;

тұсқағаздардың бордюрлары мен фриздарын есептеу және ара қатынасы;

желімдеу мөлшері мен алаңын есептеу.

42. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы


Параграф 1. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 2-разряд
204. Жұмыс сипаттамасы:

сұрыпталған шүберек және макулатураны бақылау, қабылдау;

арнайы қағазды сынауға іріктеу және су сіңіру тобын айқындау;

өнімнің сапасын бақылау.

206. Білуге тиіс:

су сіңіруді есептеу тәртібі;

сіңіру тобы белгілерінің шарттары, қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен бақыланатын шикізаттың техникалық шарттары;

шикізатты сақтау ережесі.

Параграф 2. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты, химикаттар мен даяр өнімді (ағаш, қағаз, картон, фибра, картонажды және басқа да қағаздан, картоннан, фибрадан, құйылған қағаз бұйымнан, қағаз жіптен жасалған бұйымдар) бақылау, қабылдау және есептеу;

өнімнің сұрыптылығын белгілеу;

өндірістік қағаздың физикалық-механикалық көрсеткіштерін айқындау;

жасалатын қағаздың сапасы бойынша мәліметтер құрастыру;

қағаздың физикалық-механикалық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкессіздігі жағдайы туралы белгі беру;

ақауы бар шикізатты, бөлшектерді және даяр өнімді іріктеу;

қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу;

тапсырыс берушіден кальканы қабылдау және ресімдеу, олардың сапасын және жай-күйін тексеру;

калькаларды тиражы, түрі және сұрыбы бойынша оларды аппараттарға жіберу үшін іріктей отырып бөлшектеу;

калькаларды өлшеу кестесі бойынша өлшеу.

207. Білуге тиіс:

даяр өнімге қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттары;

қағазды сынау әдістері;

калькаларды өлшеу ережесі мен сапалық көрсеткіштері, құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

қоймалардағы даяр өнімді сақтау ережесі.

Параграф 3. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд
208. Жұмыс сипаттамасы:

роликті қағаздың сапасын катушкаға орағанда сыртқы түріне қарай, жапсыру және қағазды орағанда катушканың форматының сапасына қарай бақылау;

қағаз және көркем картонаж қағаздың жауапты сұрыптарын қабылдап алу және бақылау. кесілген және құйылған қағаздың салмағын есептеу;

сынау үлгілерін іріктеу;

қатаң есептегі қағаз үлгілерін есептеу;

арнайы және ақшалай қағаздың сапасын физикалық-механикалық қасиетіне қарай бақылау;

қатаң есептегі сұрыпталған қағазды қолмен және парағын есептеу машинасында парақтап есептеу;

сұрыптағаннан кейін және есеп бақылаудан кейін қағаз есебін және сапасын тексеру;

қағазды тиісті сұрыбына дұрыс жатқызылуын тексеру;

арнайы мемлекеттік белгідегі қағазды құю және су белгілерінің оқылу бағытын тексеру;

ақшалай және арнайы қағаз парағының кемшілігін ақау түріне қарай бөлу.

209. Білуге тиіс:

аппаратура және парағын есептеу машинасының құрылымы мен жұмыс принципі;

ақаулар мен олардың пайда болу себептері;

қағаздың шектеулері мен сұрыптары;

даяр өнімнің қолданыстағы мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

Параграф 4. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд
210. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жасау технологиялық процесін операциялар бойынша бақылау. мемлекеттік белгісі бар арнайы қағаздарды партияларға жинақтау және ресімдеу және партиялардың санын есептеу;

жергілікті және жалпы белгілері бар сұрыпталған қағазды қолмен және парағын есептеу машинасында парақтап есептеу;

сұрыптағаннан кейін және есеп бақылаудан кейін қағаз есебін және сапасын тексеру;

қосымша құжаттарды ресімдеу.

211. Білуге тиіс:

қағаз жасау технологиялық процесі, қағаздың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

43. Бояу құрастырушы


Параграф 1. Бояу құрастырушы, 2-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:

түсті суспензиялар жасау;

тығыздықты мөлшерлеу машинасына бояуды жіберу;

бояуды дірілді електен өткізу;

даяр ерітінділерді өндіріске жіберу, ерітінділер мен түсті суспензияларды араластыру және сүзгілеу;

бояу араластырғыштар мен басқа да жабдықтарды тазалау және жуу;

суспензиялар мен бояу машиналарына суспензиялар мен желім ерітінділерін тасымалдау.

213. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі;

түсті суспензиялар жасау технологиялық режимі, материалдар мен даяр суспензиялардың сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Бояу құрастырушы, 3-разряд
214. Жұмыс сипаттамасы:

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалана отырып берілген технологиялық режимге сәйкес сегіз түсті суретке дейін тұсқағазды басу үшін бояу құрастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет