Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет8/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

бұйымды тігу және желімдеу сапасына қойылатын талаптар.

77. Термодисперстік құрылғының машинисі
Параграф 1. Термодисперстік құрылғының машинисі, 5-разряд
370. Жұмыс сипаттамасы:

түсі мен құрамы бойынша талшықтың біртекті массасы жасалғанға дейін өнімділігі тәулігіне 150 т дейінгі диспергаторларда диспергация процессін жүргізу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

макулатураны мөлшерлеу;

қысымды, температураны және диспергаторда будың берілуін реттеу;

жабдықтың жай-күйін бақылау;

оны басқару пульті арқылы іске қосу және тоқтату.

371. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

су, бу құбырларының, сорғының, бұрандалардың схемасы;

диспергациялау технологиялық режимі;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;

өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Өнімділігі тәулігіне 150 т астам диспергаторға қызмет көрсеткен кезде - 6-разряд.

78. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші)
Параграф 1. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 2-разряд
372. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз орамасын көтеру және оны орау машинасына орнату;

қағазды орау және желімді астауға құю;

қағаз қозғалысын реттеу;

дайын қағаз түтігін бүгу станогына жеткізу;

станокқа орау, клапанды кесу және оны бүгу;

станок жұмысын реттеу.

373. Білуге тиіс:

жабдықтың құрылысы және дайын өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 2. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 3-разряд


374. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен түтік жасау процессін жүргізу;

қағазды орауға және желімді астауға құюға қатысу;

қағаздың қозғалуын және тұтастай ағын желісінің жұмысын реттеу.

375. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және желімделген қағаз қаптардың техникалық шарттары.

Параграф 3. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 4-разряд
376. Жұмыс сипаттамасы:

түтік жасау процессін жүргізу. қағаз жаймасын салу және астауға желім құю;

машинаның барлық бөліктерінің қалыпты жұмыс істеуін және өңделетін түтіктің сапасын бақылау;

форматты ауыстыруға қатысу;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

377. Білуге тиіс:

түтік жасау машинасының мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидаты және қағаз қап жасау технологиясы;

қаптардың техникалық шарттары;

ақаулықтың себептері мен түрлері және олардың алдын алу және жою шаралары.

Параграф 4. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 5-разряд


378. Жұмыс сипаттамасы:

желімделген қағаз қаптарды жасау процессін басқару;

тоғын тізбектің барлық тораптарының қалыпты жұмысын және өндірілетін қаптың сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

379. Білуге тиіс:

тоғын тізбектің құрылысы;

желімделген қағаз қаптарды жасау технологиясы;

қаптарды жасаудың техникалық шарттары;

ақаулықтардың себептері, түрлері мен олардың алдын алу және жою шаралары.

79. Шпул орау және конус машиналардың машинисі


Параграф 1. Шпул орау және конус машиналардың машинисі, 3-разряд
380. Жұмыс сипаттамасы:

қағаздан патрон мен конус және басқа да бұйымдарды жасау жөніндегі шпул орау және конус машиналарға қызмет көрсету;

машинаның кептіру барабандарының температурасы мен желім деңгейін бақылау;

шикізат пен желімдеу материалдарының сапасын анықтау;

қағаз жайманың кесілген жерлерін жою;

патрон салынған тор електі немесе бөшкелерді ауыстыру;

жасалатын бұйымдардың сапасын мемлекеттік стандарт пен техникалық шарттарға сәйкес бақылау;

дайын өнім мен қалдықты тапсыру.

381. Білуге тиіс:

жабдық пен оның жекелеген тораптарының құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты;

жасалатын өнімдердің түржиыны мен режимі;

олардың мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары.

80. Энсониттік машинаның машинисі
Параграф 1. Энсониттік машинаның машинисі, 2-разряд
382. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен энсонит жасауға арналған картонды желімдеудің технологиялық процессін жүргізу;

ораманы орнатуға және картонды машинаға салуға қатысу;

машинаның тежегіш бөлігіне қызмет көрсету және қажеттігі бойынша оны тоқтату.

383. Білуге тиіс:

машинаның жекелеген бөлігінің құрылысы;

картон жаймасын салу және орау ережесі.

Параграф 2. Энсониттік машинаның машинисі, 4-разряд


384. Жұмыс сипаттамасы:

энсонит жасауға арналған картонды желімдеудің технологиялық процессін жүргізу. машинаның барлық тораптарын қарау және жұмысқа жарамдылығын тексеру;

картон орамасын орнату және оны машинаға салу;

машинаның жұмыс жылдамдығын, бу қысымын, желімнің берілуін, картон жаймасының керілуін реттеу;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштерін бақылау;

дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштерін сақтау.

385. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы;

энсонит жасаудың технологиялық процессі;

дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

81. Микстеуші
Параграф 1. Микстеуші, 2-разряд
386. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары микстеушінің басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні шылау, каустиктеу, салқындату және ақ сілтіні сүзу процессін жүргізу;

лабораторлық деректердің, әктің техникалық көрсеткіштері мен бақылау өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері негізінде әк пен көк сілтіні мөлшерлеу;

сілтінің температурасы мен қақты жууға арналған судың сапасын реттеу;

сүзілген ақ сілтінің мөлдірлігін бақылау;

сілтіні бөшкеде сақтау және одан соруды бақылау;

сода регенерациялық және пісіру цехтарымен байланыс жасау;

жабдықтың жай-күйін бақылау.

387. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

коммуникация схемасы;

сілтіні каустиктеу тәсімі;

әк пен көк сілтіні жұмсаудың шекті нормасы;

каустизация дәрежесі және ақ сілтіні ағарту жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Параграф 2. Микстеуші, 3-разряд
388. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары микстеушінің басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні шылау, каустиктеу, салқындату және ақ сілтіні сүзу процессін жүргізу;

лабораторлық деректердің, әктің техникалық көрсеткіштері мен бақылау өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері негізінде әк пен көк сілтіні мөлшерлеу;

сілтінің температурасы мен қақты жууға арналған судың сапасын реттеу;

сүзілген ақ сілтінің мөлдірлігін бақылау;

сілтіні бөшкеде сақтау және одан соруды бақылау;

сода регенерациялық және пісіру цехтарымен байланыс жасау;

жабдықтың жай-күйін бақылау;

көк сілтіні миксте немесе үздіксіз тәсілмен реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен тәулігіне 100 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта каустиктеу технологиялық процессін өздігінен жүргізу;

аспаптардың көрсеткіштері бойынша және лабораториялық талдаулардың негізінде сілтілер мен химикаттарды мөлшерлеу;

көк сілтіні әктен тұндыру;

технологиялық процесті бақылау;

көк сілтіні еріту үшін айдау;

жабдықтың жай-күйін тексеру.

389. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидаты;

коммуникация және сілтіні каустиктеу схемасы;

әк пен көк сілтіні жұмсаудың шекті нормасы;

каустизация дәрежесі және ақ сілтіні ағарту жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Параграф 3. Микстеуші, 4-разряд


390. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі тәулігіне 100-250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні каустиктеу технологиялық процессін жүргізу;

оны әктен және басқа да кірден тұндыру;

көк сілтіні еріту үшін сору;

ақ сілті алу, ақ сілтіні сүзу өндірістік процессін бақылау;

сүзгі-престің, сорғы мен вакуум-сүзгінің жұмысын бақылау;

көк сілтіні миксте немесе үздіксіз тәсілмен реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен каустиктеу процессін өздігінен жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен микстеушінің жұмысына басшылық жасау;

391. Білуге тиіс:

коммуникация, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

сульфат целлюлоза өндірісінің және сілтіні каустиктеу процессінің жалпы схемасы;

ақ және көк сілтінің құрамы;

химикаттар, су мен будың қажетті мөлшері және каустиктеу үшін жуу уақыты;

жасалатын сілтінің сапалық көрсеткіштері.

Жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні каустиктеу технологиялық процессін жүргізу кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.

82. Қорап үлгісін жасаушы


Параграф 1. Қорап үлгісін жасаушы, 5-разряд
392. Жұмыс сипаттамасы:

көркем қораптардың және күрделілігі мен пішіні әр түрлі басқа бұйымдардың үлгісін барлық бөлшектерін піше отырып кешенді жасау;

суретшінің суреті бойынша есеп жүргізу және сызбалар жасау;

бөлшектердің шаблонын жасау;

күрделілігі кез келген желімделген қораптардың сынама үлгілерін құрастыру.

393. Білуге тиіс:

шикізат түржиыны және қораптардың әр түрлі түрлерін жасау кезінде оның қасиеттері;

күрделілігі кез келген желімделген қораптарды жасау және көркем безендіру технологиясы.

83. Фибра жуушы
Параграф 1. Фибра жуушы, 2-разряд
394. Жұмыс сипаттамасы:

фибра жуу;

фибраның бетіндегі тұздарды жуу машинасында шаю және жуылған фибраны қатарлап реттеу;

машинаны бақылау.

395. Білуге тиіс:

машинаның жұмыс шарттары мен фибраның сапалық көрсеткіштері.

84. Тұсқағазға сурет салушы
Параграф 1. Тұсқағазға сурет салушы, 1-разряд
396. Жұмыс сипаттамасы:

негіз тұсқағазды жазу және баспаға беру;

бояуды жеткізу, қолмен салу станогында монтан басуға қатысу;

тұсқағазды кептіру және дайын өнімді домалату.

397. Білуге тиіс:

тұсқағазды орау тәсілдері;

дайын өнімді кептіру және орау тәсілдері.

Параграф 2. Тұсқағазға сурет салушы, 3-разряд


398. Жұмыс сипаттамасы:

көп бояулы тегіс ағаш формалы сурет салу арқылы тұсқағазды декоративті өңдеу.

399. Білуге тиіс:

торлы тұсқағазды баспаға беру үшін таңдау;

бояу жәшігін, түстері бойынша бояуларды дайындау және оларды жәшікте ысқылау тәсілдері;

бояуларға формаларды дәлме-дәл салу жүйелілігі;

бояуларға формаларды дәлме-дәл салу тәсілдері;

бір суреттің барлық формалы бояуларын түпнұсқа суреттің контурымен дәлме-дәл салу тәсілдері.

85. Қағаз біліктерді теруші
Параграф 1. Қағаз біліктерді теруші, 3-разряд
400. Жұмыс сипаттамасы:

мөлшері бойынша дайындалған қағазды өзекке белгіленген техникалық шарттарға сәйкес білік толық терілгенге дейін теру;

көлемі әр түрлі біліктерді орау;

ескі қағаз біліктерді көлемі бойынша бөлшектеу;

білікті гидропреске орнату;

кейіннен жетілдіре отырып престеу.

401. Білуге тиіс:

престің құрылысы;

білікті жинақтау технологиясы және дайын біліктердің техникалық шарттары.

86. Суретті біліктерді теруші


Параграф 1. Суретті біліктерді теруші, 4-разряд
402. Жұмыс сипаттамасы:

үш бояумен боялатын сурет, жолақ және штрихті тор және сурет салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

теру үшін немесе біліктегі сурет үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта немесе қолмен жасау;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру.

403. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі.

Параграф 2. Суретті біліктерді теруші, 5-разряд
404. Жұмыс сипаттамасы:

3-5 бояумен боялатын сурет, қарапайым штрихті контур мен күрделі тор салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

теру үшін немесе біліктегі сурет үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта немесе қолмен жасау;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру

405. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі

Параграф 3. Суретті біліктерді теруші, 6-разряд
406. Жұмыс сипаттамасы:

контурлық орындаумен және фигураны қоршай отырып, жапсырмалармен және жарты тонмен, кейіннен құрғақ және май бүрмеде өңдей отырып немесе көшіру машинасында пленка сала отырып, бестен астам бояумен боялатын сурет салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

біліктегі суретті теру үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта жасау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру.

407. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі

87. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы
Параграф 1. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы, 2-разряд
408. Жұмыс сипаттамасы:

ораманы жұмыс жылдамдығы 550 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м дейінгі картон жасау машинасының орауышында орау процессін жүргізу;

қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;

қағазды, картонды орауышқа салу;

дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;

қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;

кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау.

409. Білуге тиіс:

орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;

қағазды, картонды орау ережесі;

қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы, 3-разряд
410. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 550-ден 700 м/мин. дейін қағаз жасайтын машинада қағаз орау процессін жүргізу, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған дәптерге, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, эстамптық, перфокарта жасайтын, өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада қағаз жасау және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. картон жасайтын машинада картон жасау процессін жүргізу;

қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;

қағазды, картонды орауышқа салу;

дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;

қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;

кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау;

кептіру жаймасын керу және түзету;

қағаз жайманың қозғалысын бақылау.

411. Білуге тиіс:

орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;

қағазды, картонды орау ережесі;

қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

Параграф 3. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы, 4-разряд
412. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 700 м/мин. астам қағаз жасайтын машиналардың және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. астам картон жасайтын машинаның орауыштарында орама жасау процессін жүргізу;

қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;

қағазды, картонды орауышқа салу;

дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;

қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;

кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау;

кептіру жаймасын керу және түзету;

қағаз жайманың қозғалысын бақылау.

413. Білуге тиіс:

орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;

қағазды, картонды орау ережесі;

қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

88. Желімдеу-кептіру машинасының ораушысы
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының ораушысы, 2-разряд
414. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жайманы орауышқа салу;

орауды реттеу және қағаз жайманы керу;

өтпелі ақаулықтарды белгілеу және шартты белгілермен үзу;

дайын өнімді орау, орауыштан алу және өлшеу;

қағазды, желім ерітіндісін, бояуды жеткізу және әкету;

машинаны, щетка мен шұғаны жууға қатысу.

415. Білуге тиіс:

орауыштың құрылысы;

желімдеудің және қағаз баритажының технологиялық режимі;

ақаулықтарды жою тәсілдері.

89. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптау машинасының

ораушысы
Параграф 1. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптау машинасының

ораушысы, 2-разряд


416. Жұмыс сипаттамасы:

полиэтиленмен қапталған қағазды орауышқа орау процессін жүргізу:

қағаз жайманы орауышқа және жазғышқа салу;

экструдерге полиэтилен салу;

полиэтиленмен қапталған қағаз орамасын алу;

тамбурды орнату және әкету.

417. Білуге тиіс:

орауыштың, жазғыштың құрылысы және қағаз жаймасын орау ережесі.

90. Пергамент машинасының ораушысы
Параграф 1. Пергамент машинасының ораушысы, 2-разряд
418. Жұмыс сипаттамасы:

пергаментті орау;

пергаментті орауышқа салу;

тамбурды алу және орнату, тамбурды белгіленген орнына жеткізу;

пергаменттің сапасын бақылау;

машинаның қаптамасын алу, пресс біліктерін алуға қатысу;

орауыштағы жайманың үзілуін жою.

419. Білуге тиіс:

орауыштың құрылысы мен пергаментті орау ережесі;

пергаменттің мемлекеттік стандарты.

91. Пресспаттың ораушысы
Параграф 1. Пресспаттың ораушысы, 2-разряд
420. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлозаны орауышқа орау;

біліктерді алу және оларды стеллажға салу;

үзілген кезде папканы пресске салу;

пресспаттың қаптамасын ауыстыруға қатысу;

пресспатты жуу және тазалау.

421. Білуге тиіс:

пресспат орауышының құрылысы;

целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.

92. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы


Параграф 1. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 2-разряд
422. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары баптаушының басшылығымен жабдықты баптау;

жабдықты реттеу;

оны алдын ала тексеру;

оны бөлшектеу, тазалау, майлау және жекелеген айлабұйымдары мен құралдарын ауыстыру;

станоктың жұмысын жүйелі тексеру.

423. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, анағұрлым көбірек тозған бөлшектер мен тораптардың номенклатурасы;

айлабұйымдар мен құралдарды пайдалану ережесі;

жылдамдықты реттеу кестесі;

майлау жүйесі және майдың сорттары.

Параграф 2. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 4-разряд


424. Жұмыс сипаттамасы:

кесу, тегістеу және картонаж жабдықтарды баптау және реттеу;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

престі, орау, бұру, байлау, таңбалау және өлшеу автоматтарын қоса алғанда автоматты орау тізбегін баптау;

шығарылатын өнімнің сапасын және жабдық жұмысының белгіленген технологиялық режимін бақылау;

қағаз орамасын тиімді ашу есептерін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары баптаушының басшылығымен шпул орау, конус орау машиналары мен жартылай автоматтарды орау және реттеу.

425. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және слесарлық-жөндеу жұмыстары;

қолданылатын материалдардың сапасы мен түрлері;

мемлекеттік стандарттар бойынша дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Параграф 3. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 5-разряд


426. Жұмыс сипаттамасы:

шпул орау, конус орау машиналары мен жартылай автоматтарды орау және реттеу;

машинаны белгіленген түржиынға өздігінен баптау, тексеру және қайта салу;

технологиялық процестің барысын, өндірілетін бұйымдардың сапасын бақылау және белгіленген жылдамдық режимін қамтамасыз ету;

тоғын тізбектің барлық тораптарының жұмысын бақылау және оларды реттеу;

жабдықты ағымдағы жөндеу;

жабдықты күрделі жөндеу үшін ақаулық ведомосін жасауға, жөндеуден кейін жабдықты қабылдауға қатысу;

жартылай дайын өнімдер мен материалдардың сапасын бақылау;

бұйымдарды жасаудың технологиялық процессі мен сапалық көрсеткіштерін және олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бақылау. жабдықтың тиімді жұмыс істеуі бойынша және шикізат қалдығын қысқарту есебін жүргізу.

427. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаттары;

анағұрлым көбірек тозған бөлшектер мен тораптардың номенклатурасы;

айлабұйымдар мен құралдарды пайдалану ережесі;

жылдамдықты реттеу кестесі;

дайын өнімнің технологиясы және сапалық көрсеткіштері.

93. Қағаз цилиндрлерді ораушы


Параграф 1. Қағаз цилиндрлерді ораушы, 2-разряд
428. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз пішімдерден жасалған үлгі өлшемдері әр түрлі цилиндрлерді арнайы айлабұйымдар мен құрсауларды пайдалана отырып орау;

пішімдерін алдын ала желімдей отырып, орау машинасында патронға конус белдіктерін орау;

бұйымдарды стеллажда кептіру үшін арнайы тұғырларға орнату;

орау режимінің жылдамдығын және пішімнің құрсауға берілуін реттеу;

құрсау мен айлабұйымның дәлме дәл орнатылуын тексеру;

пішімдерді сұрыптау;

қағазды желімдеуіштің, тегістегіштің сапасын және пішім мен цилиндрдің көлемін белгіленген техникалық шарттарға сәйкес бақылау;

машинаның жекелеген ақаулықтарын жою, тазалау және майлау.

429. Білуге тиіс:

орау машинасының құрылысы, жұмыс қағидаты;

бұйымдардың техникалық шарттары;

қағаздың түржиыны, мөлшері мен тығыздығы;

өнімнің сыртқы түрі бойынша сапасы;

дайын өнімнің ақаулықтарының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

желім рецептурасы және оларды пішімге жағу ережесі;

шикізат пен жартылай дайын өнімнің қасиеттері мен жұмысқа жарамдылығы.

Үлгі өлшемдері әр түрлі цилиндрлерді орау кезінде - 3-разряд.

94. Тегістеу машинасының ораушысы
Параграф 1. Тегістеу машинасының ораушысы, 1-разряд
430. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары ораушының басшылығымен тегістеуішті орауышқа орау;

өңделген тегістеуіші бар орауышты орамадан алу, тегістеуішті орауышқа салу;

тегістегіш таспасының үзіктерін жою;

тегістеуішті айналдыру бөліміне жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет