-
Жұмыс үлгілері:
-
дамудың 12 күніндегі тауық ұрығы – препараттау;
-
ақ кобелек, қалақайша, алма көбелегі, рапс кескіші – түзеп жазу.
Параграф 4. Биологиялық нысандар препараторы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі биологиялық нысандарды, тыныс алу және ас қорыту органдарының, жыныс-зәр жүйесінің ішкі ұйымдастырылуын көрсете отырып тұтас препараттау. Жануарларды ашу және қарапайым препараттау. Қажетті органдарын: жүректі, бүйректерді, миды алу және оларды препараттап, фиксациялауға арналған тақтаға түзеп жазу. Биоматериалды фиксациялаудан кейін ықтияттап тазарту. Жұмыртқаларды жару және олардың ерте даму сатысындағы ұрықтарды алу. Ұрықтарды сулемалы ерітіндіге тығыздау және тығыздағаннан кейін йодтың көмегімен кетіру.
-
Білуге тиіс:
күрделі нысандарды препараттаудың жолдары мен тәсілдерін, препаратталатын жануарлардың анатомиясы мен оларды ішкі құрылымын, жануарларды жансыздандыру, жару және препараттау техникасын, фиксациялайтын ерітінді рецептурасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
бұқаның көзі;
-
дамудың 12 күніне дейінгі тауық ұрығы;
-
балықтың, егеуқұйрықтың тыныс алу және ас қорыту органдыры;
-
мысық пен иттің бүйрегі мен бүйрекүсті;
-
қоңызды мүшелеу;
-
жыланның жыныс-зәр жүйесі;
-
өзен шаянының, бақаның ішкі құрылысы.
Параграф 5. Биологиялық нысандар препараторы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі биологиялық нысандарды (жануарларды) препараттау. Қан тамырлары жүйесін, ішкі секреция бездерін және тағыда басқа бөлу. Улы жануарларды жансыздандыру. Жануарлардың органдарын иньекциялауға қажетті ерітінді жасау. Жануарлардың түрлі жүйелері мен органдарын иньекциялау, препаратталған нысандарды фиксациялау және чсодан кейін түпкілікті препарлау. Институттардың тапсырыстары бойынша бірегей препараттарды жасау. Біліктілігі анағұрлым төмен препаратордың жұмысына басшылық ету.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі препараттау жолдарын, препаратталатын жануарлардың анатомиясы мен оларды ішкі құрылымын, жануарларды жансыздандыру, жару және препараттау техникасын, фиксациялайтын ерітінді рецептурасын, препаратталатын күрделілігі орташа нысандардың атаулары мен ерекшеліктерін, препаратталатын нысандарға қойылатын талаптарды, жұмысқа арналған материалдарды, құралдарды, айлабұйымдарды, өткір, кескіш құралдармен және наркотиктермен жұмыс істеу ережесін, оларды сақтау тәсілдері мен жұмыс істеу тәсілдерін, улы жануарлар шаққанда алғашқы көмек көрсету жолдарын.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
улы жыландар;
-
иттің, мысықтың ішкі секреция бездері;
-
бақаның, кесірткенің, құстың, егеуқұйрықтың, балықтың, жыланның, жүзым ұлуының артериальдік жүйесін;
-
құстың, балықтың вена жүйесін;
-
құстың, егеуқұйрықтың, балықтың, бақаның жыныс - зәр жүйесін.
23. Анатомия жөніндегі препаратор
Параграф 1. Анатомия жөніндегі препаратор, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қарапайым органдарын біліктілігі жоғары препаратордың басшылығымен препараттау. Бүйректен, ішектерден, таңдайдан, мидан және жүректен қарапайым препараттарға арналған адамның мәйіт органдарын алғашқы өңдеу, анатомиялық цилиндрлерді және шыны пластинкаларды препарат астына дайындау, этикеткаларды, экспликациялар мен нөмірлерді кесу, фиксациялайтын ерітіндіні дайындау және препаратталған органдарды фиксациялау. Препараттауға қажетті құралдарды, көмекші материалдарды дайындау.
-
Білуге тиіс:
адамның қарапайым органдарын препараттау жолдарын, адамның негізгі органдарының сыртқы белгілері мен атауларын, дайындалатын препараттардың номенклатурасын, анатомиялық цилиндрлердің, шыны пластинкалардың мөлшерін, препараттау кезінде қолданылатын хирургиялық аспаптар мен жабдықтардың атауы мен нысанын, фиксациялайтын және консервілейтін ерітінділердің атаулары мен дайындалу тәсілдерін.
Параграф 2. Анатомия жөніндегі препаратор, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қарапайым органдарын ашылмаған тотальдік препараттар үшін препараттау. Органдарды түзеп жазу және фиксациялау.
-
Білуге тиіс:
қарапайым органдарды препараттау, түзеп жазу және фиксациялау техникасын, органдардың құрылысын орындалатын жұмыс көлемінде, препараттау кезінде қолданылатын материалдар мен құралдарды.
-
Жұмыс үлгілері:
-
адамның бас миы – жарты шарларын тазалау;
-
адамның бүйрегі, жүрегі – қажетсіз тіндерін кетіру.
Параграф 3. Анатомия жөніндегі препаратор, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның күрделілігі орташа органдарын жүйке, артериальдік, веналық және лимфатикалық жүйелерін көрсету үшін препараттау. Органдардан қажетсіз тіндерді кетіру, бойымен және көлденеңінен кесу, оқулық құралының нысанына қарай ішкі органдарды ашу. Препаратталған күрделілігі орташа органдарды тақтада түзер жазу және құралдар мен тампондардың көмегімен оларды талап етілетін жағдайға келтіру. Органдарды фиксациядан кейін тазалау. Артериальдік, веналық жүйелерін көрсету үшін біліктілігі анағұрлым жоғары препаратордың басшылығымен орган тамырларына түсті массаны иньекциялау. Демонтаждау алдында қайталап ықтияттап тазарту.
-
Білуге тиіс:
күрделілігі орташа органдарды препараттау техникасын, адам анатомиясын орындалатын жұмыс көлемінде, түзеп жазу, фиксациялау ерітінділерінің химиялық қасиеттері мен олардың зияндылығын, концентрациясын, адамның орган тамырларына иньекцияланатын түсті массаның құрамы мен қасиеттерін, мәйіт уын жұқтырудан қорғану ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
өкпе артериясы;
-
адамның бас миы, жүрегі;
-
жүрек.
Параграф 4. Анатомия жөніндегі препаратор, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның күрделі органдарын, артериальдік, веналық жүйелерін, ішкі секреция бездерін, еркектердің және әйелдердің жасырын зәр-жыныс органдарын, жүйке байламдарын көрсету үшін препараттау. Мәйіттерді препараттау. Қан тамыр жүйесін иньекциялау. Арнаулы тапсырыстар бойынша препараттар жасау. Біліктілігі анағұрлым төмен препаратордың жұмысына басшылық ету.
-
Білуге тиіс:
күрделі органдарды препараттау техникасын, адам анатомиясын орындалатын жұмыс көлемінде, мәйітті жару техникасын, барлық органдарды препараттауды, иньекцияланатын түсті массаның құрамы мен қасиеттерін, иньекциялау тәсілдерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
қынап, жатыр, жатыр трубалары менұяшықтар;
-
асқазан безімен он екі елі ішек;
-
ересек адамның мәйіті.
Параграф 5. Анатомия жөніндегі препаратор, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ересек адамның, жаңа туғандардың және эмбриондардың ерекше күрделі қалыпты және патологиялық органдарын препараттау. Лимфатикалық жүйені ертіндімен және бояғышпен иньекциялау. Аурудың түріне қарай патологиялық органдардағы бүлінген учаскелерді көрсету. Патологиялық органдардың табиғи бояуын қалпына келтіру. Қосарланған препараттарды жасау: қалыпты және патологиялық органдарды салыстыру үшін шыны пластинкаларға орнату. Патологоанатом-дәрігермен бірге моргтан препарат жасау үшін адамның, жаңа туған баланың, эмбрионның мәйіт органдарын алу. Патологиялық органдарды ауру түрлері бойынша сұрыптау.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі қалыпты және патологиялық органдарды препараттау және түзеп жазу техникасын, адамның және оның жекелеген органдардың қалыпты және патологиялық органдары анатомиясын, қалыпты органның патологиялық органнан ерекшіліктерін, патологиялық анатомия бойынша препараттарды, сондай-ақ қосарланған (қалыпты және патологиялық) орнату технологиясын, жұқпалы және ерекше жұқпалы органдармен жұмыс істеу ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
-
жатырлар – рак;
-
жүрек - полипоз-жарасы бар эндокрит;
-
жаңа туған бала мәйіті.
24. Микрозоология жөніндегі препаратор
Параграф 1. Микрозоология жөніндегі препаратор, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
микрозоология бойынша қарапайым және күрделілігі орташа препараттарды жасау. Фиксацияланған гельмиттерді іріктеп алу, оларды ағынды суда жуу, шыны арасында түзеп жазу, мүшелерге бөлу, бояу, сусыздандыру және мүшелерді және тотальдік паразит-құрттарды бальзамға салу. Алдын ала күрделі өңдеуді қажет етпейтін зоологиялық нысандарды глицерин-желатинге салу Целлоидинді блоктарды кейіннен қарапайым бояй отырып, микротомада қималарға кесу. Глицерин-желатин массасын дайындау (бояу, сусыздандыру), тотальдік препараттарды шыны капиллярлар төсемді бальзамға салу.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа препараттарды жасау техникасын, препаратталатын зоолгиялық нысандарға тән сыртқы белгілерді, қарапайым бояу әдістемесін, микроскопирлеу, нысандарды глицерин-желатинге және бальзамға капиллярлық тақшаның көмегімен салу техникасын, микроскоптың, препаровальді лупаның құрылымын, глицерин-желатин массасының құрамы мен дайындау тәсілдерін, паразиттік және зоологиялық нысандармен және зиянды химикаттармен жұмыс істеу ережесін, қолданылатын реактивтер мен бояғыштардың құрамы мен қасиеттерін.
-
Жұмыс үлгілері:
-
трихинозды ет – қимасын бояу;
-
бұқа солитері финкалары - тотальдік препараттар жасау.
Параграф 2. Микрозоология жөніндегі препаратор, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
микрозоология бойынша күрделі препараттарды жасау. нәзік, жеңіл сығымдалатын зоологиялық нысандар концентрацияларын глицерин бойынша біртіндеп өткізу. Зоологиялық нысандарды препаровальдік лупамен бір мезгілде өңдей отырып глицерин-желатинге салу, дақылды тазарту, ұсақ гельминттерден жұмыртақаларды қысып шығару. Буынаяқтылар хитинін жегі калийде ағарту, ағару дәрежесін микроскоппен немесе препаровальдік лупамен бақылау. Буынаяқтыларды буындарын алдын ала ксилолда түзей отырып бальзамға препараттау және құрастыру.
-
Білуге тиіс:
күрделі препараттарды жасау техникасын, органикалық және органикалық емес химия жөніндегі негізгі ұғымдарды, препаратталатын зоологиялық нысандар анатомиясын, фиксаторлардың құрамы мен қасиеттерін, препаровальдік лупаның көмегімен күрделі глицерин - желатинге салу технологиясын, буынаяқтылар бойынша препараттар дайындау микротехникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
-
вольвокстар – лупамен тазалау және глицерин-желатинге салу;
-
маляриялық масаның бастары - препарат жасау.
Параграф 3. Микрозоология жөніндегі препаратор, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
микрозоология бойынша ерекше күрделі препараттарды жасау. Нысандардың, реактивтер мен жаппай өндіру жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, омыртқасыздар паразитологиясы мен зоологиясы бойынша материалды өңдеудің қабылданған әдістерін үлгілендіру және түзету жөніндегі эксперименталдық жұмыстарды орындау. «Қарапайымдар», гельминттер мен басқа да зоологических нысандары типіндегі организмдерді фиксациялау үшін фиксаторларды таңдау. Бір жасушалы жәндіктерді сусыздандыру, бояу және бальзамға салу. Жануарларды жару және паразиттер бұлдірген орган тіндерін препараттау. Зоология бойынша целлоидинді және парафинді блоктарды дайындау. Паразит құрттар органдарының түрлі жүйелерін иньекциялау. Оларды кейіннен өңдей отырып, буынаяқтылардың ауыз буындарын стереоскопиялық микроскоппен препараттау. Ауыз буындарын заттық шыныда құрастыру және жапсыру әрі оларды бальзамға салу. Паразит бір жасушалы жәндіктердің қан жұқпасы мен дақылдарын дайындау. Микрозоология бойынша препараттарды микроскоппен барынша үдлкейте отырып тексеру және бракқа шығару.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі препараттарды жасау техникасын, паразитология негіздерін орындалатын жұмыс көлемінде, омыртқасыздардың гистологиялық құрылысын, «қарапайымдар» типіндегі, паразиттік құрттар мен басқа да зоологиялық нысандарды организмдерді фиксациялау әдістерін, барынша үлкейтіп микроскопирлеу, зоология мен жағынды бойынша блок дайындау техникасын,
-
Жұмыс үлгілері:
-
амебалар, аскаридалар - фиксациялау және препарат жасау;
-
тарақанның ауыз аппараты – мүшелеу және препарат жасау;
-
бауыр сорғыштың бөліп шығару және ас қорыту жүйесі – инъекциялау және препарат жасау.
25. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы
Параграф 1. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлар өлекселерінің бас сүйектері мен төменгі буындарын байламдары мен фалангілерін бүлдірмей және біліктілігі анағұрлым жоғары препаратордың басшылығымен препараттау. Буындарды бұрғылау станогында тесу. Сүйек ішіндегі жұлынды бұзу және қысыммен шайып шығару. Мацерациядан кейін скелеттің табиғи байламдарын сақтай отырып, скелеттерден қалдық тіндерді кетіру. Құралдарды - скальпельдерді, қайшыларды, тесу инелерін дайындау, бұлшық еттер мен тіндер қалған жағдайда скелеттерді қансыздандыру үшін құралды, ерітінді ортаны дайындау, Бұрғылау станогын баптау.
-
Білуге тиіс:
препараттауға қойлатын техникалық талаптарды, өлексе материалымен жұмыс істеу ережесін, стрептококк және стафилококк инфекцияларын жұқтырмаудан сақтанудың алдын алу шараларын.
Параграф 2. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлар өлекселерінің бас сүйектері мен төменгі буындарын байламдары мен фалангілерін бүлдірмей препараттау. Мацерациядан кейін препаратталған ұсақ жануарлар скелетерін тазарту. Скелеттерден қалдық тіндерді кетіру, шеміршектер мен байламдарды тазарту. Сүйектердің арасындағы шекараларды тазарту, скелеттің рудиментарлық бөліктерін айқындау.
-
Білуге тиіс:
ұсақ жануарлардың бас сүйектері мен төменгі буындарын препараттау техникасын, өңделетін ұсақ жануарлардың анатомиялық құрылысын, байламдар мен олардың беку орындарын, тазарту техникасын, скелеттер мен олардың жекелеген бөліктерін соңғы өңдеу үшін, олардың дайындық белгілерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
қояндар;
-
көртышқандар;
-
егеуқұйрыұқтар;
-
тауықтар;
-
теңіз шошқасы.
Параграф 3. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлар өлекселерін бірінші кесуден кейін қарапайым және күрделілігі орташа өңдеу тәсілі бойынша тұтастай препараттау. Байламдарын, шеміршектер мен сүйек үстін сақтай отырып, скелеттің барлық бөліктерінен бұлшық еттерді, тіндерді, қабаттарды кесіп алу. Бас және омыртқа жұлынын бұзу. Бассүйек-ми қорабы мен омыртқа жұлын арансын қысыммен шайып шығару арқылы тазарту. Мацерациядан кейін скелеттің ұсақ сүйектерін қоса, табиғи байламдарын сақтай отырып, скелеттерден қалдық тіндерді кетіру.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа өңдеу тәсілі бойынша тұтастай препараттау техникасын, ұсақ жануарлардың анатомиялық құрылысын, байламдар мен олардың беку орындарын, өлексе материалын сақтау ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
көгершіндер;
-
мысықтар;
-
тауықтар.
Өңдеу:
-
мысықтар;
-
бақалар;
-
жарқанаттар;
-
агама-кесірткелер.
Параграф 4. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлар өлекселерін күрделі өңдеу тәсілі бойынша тұтастай препараттау. Теріні түсіру, кеуде шеміршегін, бос қабырғалар мен скелеттің басқа да ірі бөліктерін бүлдірмей ішкі органдарын алып тастау. Скелеттің барлық жерінен бұлшық еттерді, тіндер мен қабабттарды кесіп алу. Омыртқа және бас миын кетіру. Сүйек жұлынын кетіру үшін ұсақ сүйектерді тесу және жұлын миын кетіру үшін қысымды суық сумен шаю. Скелеттердегі нормадан патологиялық өзгерістерді және оның көрнекті құрал ретіндегі жарамдылығын айқындау.
-
Білуге тиіс:
өлекселерін күрделі өңдеу тәсілі бойынша препараттау техникасын, препаратталатын жануарлардың анатомиялық құрылысын, көрнекті құралдарға арналған жол берілетін патологиялық өзгерістерді, өлексе материалымен жұмыс істеу ережесін, стрептококк және стафилококк инфекцияларын жұқтырмаудан сақтанудың алдын алу шараларын.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
сарықарындар;
-
жарқанаттар;
-
тасбақалар.
Параграф 5. Ұсақ жануарлар скелеттерінің препараторы, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлар өлекселерін, олардың табиғи байламдарын сақтап, жас ерекшеліктерін ескере отырып, өңдеу тәсілі бойынша ерекше күрделі препараттау. Ғылыми мекемелердің арнаулы тапсырыстары бойынша өндіріс номенклатурасынан тыс скелет жасау. Ерекше күрделі скелет жасау үшін жануарлардың жынысын, жасын анықтай отырып биологиялық шикізат алу. Тері қабаты ыдырағаннан кейін скелеттреді одан әрі өңдеуге жарамдылығын анықтау.
-
Білуге тиіс:
ұсақ жануарлар өлекселерін өңдеу тәсілі бойынша ерекше күрделі препараттау техникасын, жануарлардың жынысына, жасына қарай химиялық өңдеу мерзімдерін, жануарлардың қалыпты және патологиялық құрылысын, зиянды және қауіпті реактивтердің құрамын, қасиеттерін, қажетті температуралық режимі мен олармен жұмыс істеу ережесін, өлексе және тәжірибе материалымен жұмыс істеу ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Препараттау:
-
тұқы балық;
-
көксерке;
-
сужыландар.
26. Анатомия бойынша қималар препараторы
Параграф 1. Анатомия бойынша қималар препараторы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қалыпты органдарынан біліктілігі анағұрлым жоғары препаратордың басшылығымен қарапайым және күрделілігі орташа қималар жасау. Органдарды алдын ала препараттау. Фиксациялайтын ерітінділерді жасау және препаратталған органдарды фиксациялау. Түсті массаларды жасау.
-
Білуге тиіс:
адамның қалыпты анатомиясы жөніндегі негізгі ұғымдарды орындалатын жұмыс көлемінде, қарапайым және күрделілігі орташа қималарды технологиялық өңдеу тәсілдерін, фиксациялайтын ерітінділерді мен органдар мен қималарды өңдеуге арналған құралдарды.
Параграф 2. Анатомия бойынша қималар препараторы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қалыпты органдарынан қарапайым және күрделілігі орташа қималар жасау. Орган тамырларына түсті массаларды иньекциялау. Мәйіт органдарынан белгілі бір қалыңдықтағы қималарды арнаулы хирургиялық пышақтармен жасау. Дайындалған қималарды арнаулы химиялық ерітіндіде фиксациялау. Фиксацияланған қималарды дәкенің және сүзгі қағазының көмегімен кептіру. Қима тіндерінің табиғи бояуын спиртті ерітіндіде қалпына келтіру. Бояуын қалпына келтіргеннен кейін қималарды қайталап кептіру және құрастыруға жіберу. Пластинкалы препараттарды ішінара құрастыру.
-
Білуге тиіс:
органдары препараттау және олардан қима әзірлеу техникасын, органдар мен қималарды препараттау және фиксациялауға қажетті материалдарды, құралдарды, жасалатын препараттар номенклатурасын, мәйіт органдарының жұқпалы материалдарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын, орган тамырларына түсті массаларды иньекциялау тәсілдерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Қималарды жасау және препараттарды құрастыру:
-
тік ішек;
-
адамның бауыры;
-
тамырлары иньекцияланған бүйректер;
-
асқазан қабырғасы.
Параграф 3. Анатомия бойынша қималар препараторы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қалыпты органдарынан күрделі қималар жасау, адамның мәйіт органдарын алдын ала перапарттау, қажетсіз тіндерді алып тастау. Технология рецептурасына сәйкес Менделеев жақпасын әзірлеу. Шыны пластинка, ағаш планкалар мен Менделеев жақпасының көмегімен рамка жасау. Технология рецептурасына сәйкес агар-агар ерітіндісін әзірлеу. Мәйіт органдары қималарын құрастыруға дайындау. Органдарды құрастыру үшін бекіту. Орган қималарын рамканың ішіне бекіту, оларға қажетті түрмен орналастыру. Органдарға рамка жиегіне дейін ыстық агар-агар еретіндісіне толтыру. Препарат ерітіндісінде (агар-агарда) жарықтар мен көбікшелердің болмауын тексеру. Рамканы екінші шыны пластинкамен жапсыру. Пластинкалы препарат беттерін кептіру және Менделеев жақпасымен бүтіндеу. Пластинкалы препарат соңғы ресімдеу. Күрделі препараттар жасау үшін адамның мәйіт органдарын моргтен алу және оның сапалылығын тексеру.
-
Білуге тиіс:
адам анатомиясын орындалатын жұмыс көлемінде, орган тамырларына түсті массаларды иньекциялау тәсілдерін, фиксациялайтын ерітінді концентрациясын, адамның қалыпты органдарын препараттауды, технологияға сәйкес фиксациялайтын ерітінді құрамын, орган тамырларына түсті массаларды иньекцияланатын түсті массалардың құрамы мен қасиеттерін, мәйіт органдарының жұқпалы материалдарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын, фиксациялайтын ерітіндінің химиялық қасиеттерін және олардың зияндылығын, Менделеев жақпасын жасауға қолданылатын химикаттардың химиялық қасиеттері мен дозасын, агар-агар қоспасын жасауға қолданылатын химикаттардың химиялық қасиеттері мен дозасын пластиналы препараттарды құрастыру техникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Қималарды әзірлеу және препараттарды құрастыру:
-
төменгі буын венасы клапанымен;
-
құрт тәрізді өскіні бар соқыр ішек;
-
жүрек клапандары (фронтальдік қима);
-
жатыр.
Параграф 4. Анатомия бойынша қималар препараторы, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның қалыпты және патологиялық органдарынан ерекше күрделі қималар жасау. Жаңа туған нәресте мен эмбриондардың денесінен қажетсіз тіндерді алып тастау. Фиксациялағаннан кейін көрсетілген мәйіт материалынан бекітілген эталонға және анатомиялық атласқа сәйкес қималарды әзірлеу. Жаңа туған нәресте мен эмбриондардың мәйіт органдарының табиғи бояуын қалпына келтіру. Ерекше күрделі және нәзік қималарды ұзақ сақтауға арналған арнаулы химиялық ерітіндіні рецептура бойынша дайындау. Күрделілігі орташа және күрделі органдардың анатомиялық қималарының құрастырылуын бақылау. Ерекше күрделі және нәзік қималарды құрастыру. Біліктілігі анағұрлым төмен препаратордың жұмысына басшылық ету. Ерекше күрделі препараттар жасау үшін моргтен адамның, жаңа туған нәресте мен эмбриондардың қалыпты және патологиялық органдарын патологонатом-дәрігермен бірге алу. Мәйіт органдарын және мәйіттердің тұтастығы мен сапасын (бүлінуін), мәйіттің бұзылуын, органдар мен жекелеген тамырлардың кесілуін тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |