-
Білуге тиіс:
үлгі жасауға қолданылатын материалдардың атауын, жіктерді тегістеу мен үлгі беттерін тазарту жолдарын.
Параграф 2. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу және оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру және желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу және тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларрын жою. Модульдерді қолмен терілендіру Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу. Лак пен желім жасау. Үлгіні лакпен жабу.
-
Білуге тиіс:
қарапайым үлгілерді жасау жолдарын, қолданылатын материалдардың, құралдардың нысанын, жасалатын құралдардың атауларын, қарапайым үлгілерді илеп жасаудың, қысымдап шығарудың, құюдың техникасын, үлгіге қағаз қабаттарын жапсыруды, зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Папье-машеден және мастикадан үлгі жасау:
-
солитер ұштары;
-
адам өкпесінің сегменттері;
-
қылқалам топографиясы.
Параграф 3. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан күрделілігі орташа үлгілерді жасау, 4-6 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Оларды қалыпқа кезекпен сала отырып 2 тондағы пластикалық масаларды жасау. Үлгілерге күрделі емес арматура мен фурнитура орнату. Үлгі бөліктерін құрастыру және желімдеу. Берілген рецептура бойынша мастика, левкас пен клейстер жасау.
-
Білуге тиіс:
күрделілігі орташа үлгілерді жасау жолдарын, желім-гипс массасы мен мастиканың температуралық режимін, пластмассаны қалыптарға құю техникасын, рельефтердің үлгіге түсіру тәсілдерін, 2 тонды пластмассаларды жасау рецептурасын, үзік қалыптарды құрастыру мен бөлшектеу кезектілігін, құрастырмалы үлгілердің жиынтығын және оларды бекіту тәртібін.
-
Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
-
ішкі секреция бездерін;
-
адамның бас миы;
-
ымдау еттері;
-
тізе буыны.
Параграф 4. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен күрделі үлгілерді жасау. 7-8 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыпқа кезекпен сала отырып 2-тоннан жоғары пластикалық масса колерін жасау. Латекс қоспасына компоненттер дайындау. Балауыздан, парафиннен, церезинненжәне бояушы заттардан масса жасау. Сүйек негізін құрау және оған балауыз массасынан жасалған жекелеген бұлшық еттер мен органдарды бекіту. Бөлшектерді жетілдіру, желімдеу және ыңғайлау. Үлгілерді құрастыру және бекіту. Үлгілердегі рельеф дәлсіздігін жою. Аспалы тамырлар мен жүйкелерді түсіру. Мастика, левкас, клейстер жасау үшін матераилдарды дозалау. Массаны дайындау процесінің жүргізілуін қадағалау және олардың дайындығын анықтау.
-
Білуге тиіс:
күрделі үлгілерді жасау жолдарын, латекс қоспасына арналған дисперсия, эмульсия мен пасталарды жасау рецептурасын, балауыщ массасын жасау рецептурасын, препарат негізіне арналған сүйектерді байлаамдау мен бекіту тәсілдерін, қолданылатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттерін, үлгі жинақтарын және құрастырмалы бөлшектер құлпы жүйесін қабылдау, мастика жасау техникасын, адам органдарының анатомиялық құрылымын орнындалатын жұмыс шегінде.
-
Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
-
ішкі құймаларға арналған фантом қоспалары;
2) тыныс органдары;
3) жүрек, бөлшектенетін үлгі;
4) омыртқа жотасы;
5) жаңа туған сәбидің өкпе топографиясы.
Параграф 5. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен аса күрделі үлгілерді жасау. Көп бөлікті ерекше күрделі терең рельефті үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау, қысымдап шығару немесе құю. Латекс қабатын түсіру және үлгі-фантомдарды толық құрастыру. Кемік затты көрсетуге үшін табиғи сүйенкті жару немесе джасанды сүйек кемігін қолдан жасау. Күрделі арматура мен фурнитураны орнату. Күрделі рельефтерді қоас отырып, алмалы бөлшектерді желімдеу және жеткеру. Үлгілерді көркем суреттеуге мүсіндеп өңдеу. Термостаттардағы, кептіру шкафтарындағы температура режимін реттеу. Біліктілігі төмен үлгілеушілердің жұмысына басшылық жасау.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі көп бөлшекті үлгілерді жасаудың жолдары мен тәсілдерін және олардың құрылымдық ерекшеліктерін, қолданылатын массалрдың рецептурасы мен технологиялық режимін, үлгілерді құрастыру техникасын, ерекше күрделі үлгілердің құрастырмалы бөлшектері құлпын жасау және оларды мүсіндеп өңдеу, қолданылатын материалдардың ерекшіліктерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
-
кемік зат венасы;
-
бас сүйектің ішкі және сыртқы негізі;
-
төменгі буын топографиясы;
-
торс, бөлшекті үлгі.
Параграф 6. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан бастапқы үлгі-эталондарды, ерекше күрделі анатомиялық үлгілерді анатомия атласы, табиғи препараттар бойынша және ғалымдардың консультациясымен жасау. Көп бөлшекті ерекше күрделі бірегей үлгілерді арнаулы тапсырыс бойынша және экспортқа арнап құю. Үлгіні белгілеу және мүшелеп бөлу. Жаңа үлгілерге жұмыс эскиздері жасау.
-
Білуге тиіс:
тіннің, адам органдары мен жүйесінің анатомиялық құрылымын орындалатын жұмыс шегінде, қолданылатын материалдардың химиялық және физикалық қсиеттерін, үлгілерді бөліктерге бөлшектеу жолдарын, күрделі анатомиялық үлгілерді илеп жасау, қысымдап шығару және құю техникасын, оларды мүсіндеп өңдеуді.
10. Ылғалды препараттарды құрастырушы
Параграф 1. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды біліктілігі анағұрлым жоғары құраушының басшылығымен құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, дайындалатын препарттарға арналған этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу және шыны пластинкаларға жапсыру. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру және оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Құралдарды жұмысқа дайындау.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыруды және олардың сыртқы түрлерін, улы бездері бар жануарлармен жұмыс істеу ережесін, жануарларды жансыздандыруға арналған зиянды заттармен жұмыс істеу ережесін, нысандарды құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың нысанын.
Параграф 2. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Адамның препаратталған органдарын тазалау. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу және шыны пластинкаларға жапсыру. Нысанды қажетті жағдайға келтіру, кспликацияға сәйкес нысандарға нөмірлерді жапсыру. Консервілейтін ерітіндіні дайындау. Приготовление консервирующих растворов. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру және оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Желім дайындау. Сүзгілерді дайындау және консервілейтін ерітіндіні сүзу. Шыны кружкаларды қыздыру және оларды цилиндрге жапсыру. Цилиндрлерді герметикалық буып-түю. Цилиндрлерді кептіруге қою. Цилиндрлердің ақпауын тексеру. Цилиндрлердің үстін және жиектерін қара лакпен бояу. Цилиндрлерді сүрту. ОТК, фирмалық және температура этикеткаларын жапсыру.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, адам анатомисы мен құрастырылатын нысанның ішкі құрылымын, арнаулы желімді жасау рецептурасын, консервілейтін ерітіндіні сүзу техникасын, цилиндрлерді герметикалық буып-түю ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
губка-бадягалар;
-
медициналық сүліктер;
-
бүйрек – фронтальдік кесу;
-
таңдай сіңірлері мен байламдары.
Параграф 3. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
паразитология, іш құрылысы, тыныс және ас қорыту органдары, зәр-жыныс жүйесі, эмбриология, ішкі секреция бездері бөлімдерінен күрделі нысандарды құрастыру, адамның препаратталған және тазартылған органдары, табиғи бояуы сақталған ботаникалық нысандары. Адамның жекелеген органдарын, жануарлар мен өсімдіктерді тіркеу. Қабат тығындарын іріктеу және жару. Жарылған тығындарынды пластинкаларға кесу. Шыны пластикаларды бекітілген нысандарымен және цидиндрлерді шөгіндіден жуу. Нысандарға жапсырылған нөмірлер мен экспликациялардың болуын және сапасын тексеру. Жуылған препараттарды цилиндрге салу және оны тығынды пластинка көмегімен бекітіп, консервілеуші ерітіндімен толтыру. Цилиндр жиектерін сүгзі қағабен кептіру және оларды жабу.
-
Білуге тиіс:
күрделі нысандарды құрастыру техникасын, фильтрмен және компрессормен жұмыс істеу ережесін, анатомиялық цилиндрлерді желімдеп жабу техникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
қынап, жатыр, жатыр түтіктері мен аналық бездері;
-
бауыр қос езулігі және оның аралығы;
-
бас миы (негізі, таламиялық бөлігі);
-
бөлме шыбыны (дамуы);
-
бүйректар (іші ашылған, қан тамырларымен);
-
өзен шаяны (іш құрылысы).
Параграф 4. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
паразитология мен гельминтология, артериалдық, вена, жүйке және зәр-жыныс жүйесі, ұқсастық бойынша, жаңа туған нәресте мәйітінің препаратталған және түпкілікті жуылған органдарынан ерекше күрделі нысандарды құрастыру. Бас миын бояу үшін бояу ерітіндісін дайындау. Біліктілігі төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның және құрастырылатын барлық жануарлардың анатомиясын, анатомиялық, зоологиялық және ботаникалық нысандардың табиғи бояуын қалпына келтіру және сақтау техникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
аскаридалар;
-
өгіздің көзі;
-
7-8 айлық ұрық бездері;
-
мысықтың боялған миы;
-
нәрестенің артериалдық жүйесі;
-
балық – дамуы.
11. Сүйек препараттарды құрастырушы
Параграф 1. Сүйек препараттарды құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен жасалған қарапайым препараттарды тұғырда құрастыру. Планшеттер мен тұғырларды іріктеу, пружина, бекітпе фурнитура жасау. Түрлі консистенциядағы акрил және басқа да желімдерді жасау. Сүйектің сынуына байланысты ақауларды желім арқылы жою.
-
Білуге тиіс:
қарапайым препараттарды құрастыру техникасын, адамның және ірі жануарлар скелеттерінің жекелеген сүйектерінің атауын, қолданылатын материалдарды, инструменттерді, сүйекті бұрғылау, пружина, бекітпе фурнитура жасау жолдарын.
-
Жұмыс үлгілері:
-
шүйде сүйектері;
-
негізгі сүйектер.
Параграф 2. Сүйек препараттарды құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен күрделілігі орташа препараттарды тұғырға құрастыру. Сүйек препаратын шабақтау үшін белгілі бір нүктелерде сүйекті тесу. Адамның және ірі жануарлардың трубалы сүйектері мен омыртқасын арамен кесу. Кесінділерді планшеттерге белгілі бір тәртіппен жапсыру. Канифоль, ацетон, толуол, арнаулы желім қоспаларын жасау.
-
Білуге тиіс:
күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, сүйекті арамен кесу жолдарын, материалдардың физикалық қасиеттерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
қабырға доғасы;
-
құйымшақты сегізкөз;
-
эмбрион, жаңа туған нәресте скелеттері.
Параграф 3. Сүйек препараттарды құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен күрделі препараттарды пружинаға және бекітпе фурнитураға құрастыру. Түзетілген ақауларды тазарту. Адам скелеті сүйектерінің толық жиынтығын жинақтау. Адамның жекелеген сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін бояумен көрсету. Адамның буындарының айналу осьтерін анықтау және оларды бекіту. Ірі жануарлардың бас сүйегін сагиттальдік кесу. Сүйектерді тесу. Препаратты жинақтау және құрастыру.
-
Білуге тиіс:
күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның және ірі жануарлар скелетінің құрылымын, сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін, пластмассадан жасалған сүйектерді өңдеу тәсілдерін, экспликацияға сәйкес нөмірлерді жапсыру техникасын.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
сиырдың және жылқының буындары;
-
буындардың айналу осьтері;
-
адамның табан және қол скелеті;
-
бұлшық еттің жабысу жерлері көрсетілген адамның жақ сүйегі.
Параграф 4. Сүйек препараттарды құрастырушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен ерекше күрделі препараттарды, бас сүйекті бояп, тамырларын салып және ішкі құрылысын көрсете отырып құрастыру. Адамның және ірі жануарлардың жамбас сүйектерін сагиттальдік кесу. Номенклатурада көзделмеген жануарлардың: бұланның, маймылдың, зубрдың, шибөрінің және тағыда басқа скелеттерін арнаулы тапсырыс бойынша жасау. Скелеттерге табиғи поза беру. Омыртқа жотасын, жамбасты, қабырғамен қоса кеуде сүйек шеміршегін жапсыру және байламдау.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның және ірі жануарлар анатомиясын.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
-
сүйектері боялған бас сүйектің ішкі негіз беті;
-
адамның, жылқының, сиырдың, шошқаның, қойдың, иттің скелеттері;
-
мұрын қуысының бүйір беті;
4) таңдай шұңқыры мен үстіңгі жақ сүйектің медиальдік қуыс қабырғасы.
12. Микроқималарды құрастырушы
Параграф 1. Микроқималарды құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
кесілген жерде қатпар бальзамда көбік жасамай, қарапайым және күрделілігі орташа микроқималарды қорғану шынысы астында құрастыру және бальзамға салу. Шпательдің, препаровальдік иненің және кистінің көмегімен қималарды алдын ала жазу, қималарды шыныға ауыстыру.
-
Білуге тиіс:
өңдеуі күрделі емес препараттарды бальзамға салу және түрлі органдар мен тіндердің қималарын шыныға орналастыру техникасын, қолданылатын реактивтердің қасиеттері мен құрамын, улы және зиянды химикаттармен жұмыс істеу ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Бальзамға салу:
-
жөке ағашының бұтақтары;
-
тышқан тінінің гистогенезі;
-
папоротника өскіні;
-
шошқаның бауыры.
Параграф 2. Микроқималарды құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі микроқималарды қорғану шынысы астында құрастыру және, оларды алдын ала микроскоппен қарап, қалың кескі мен үлкен нысан болса шыны капилляр қоса отырып, жүйке және тоқыма талшықтарды жұлып ала отырып бальзамға немесе глицерин-желатинге салу.
-
Білуге тиіс:
шығарылатын препарат номенклатурасын, препараттарды түрлі ортаға күрделі салу техникасын, микроскоптың көмегімен салынатын препараттардың микроскопиялық құрылымын, жұмысты орныдауға қажетті көлемде, микроскопирлеу жолдарын.
-
Жұмыс үлгілері:
Құрастыру және бальзамға немесе глицерин-желатинге салу:
1) жұмсақ жүйке талшықтары;
2) жүйке жасушалары;
3) хвощ сабақтары;
4) май тіндері.
13. Муляждар мен үлгілерді құрастырушы
Параграф 1. Муляждар мен үлгілерді құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
муляждар мен үлгілерді пластиналарға, тұғырларға, қадаларға құрастыру. Муляж-көрнекті құралдарды тақырып пен ассортимент бойынша іріктеу. Медициналық муляждің нысаны бойынша оған картон каркас жасау және жапсыру. Метал пластиналарды дәнекерлеп жапсыру. Этикеткаларды жапсыру немесе ілу. Жиектерін бояу. Муляжді, брошюраны немесе суреттемені қорапқа салу. Қорапты шпагатпен байлай отырып қағазға буып-түю.
-
Білуге тиіс:
дайын өнімдерді құрастыру және тараға салу техникасын, дайындалатын муляждардың ассортиментін, сыртқы тән белгілері мен атауларын.
14. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы
Параграф 1. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа остеологиялық коллекцияларды құрастыру. Нәзік сүйектерді тұтас сақтай отырып скелеттерді мүшелеу. Скелеттердің жекелеген бөліктерін суда жұмсартып, қажетті түрге келтіре отырып тазалау. Скелет бөліктерін картон планшеттерге тігу немесе жапсыру. Сүйектер мен планшеттерге қажетті белгілерді тушьпен және гуашьпен жазу. Коллекцияларды тиісті этикеткалармен және экспликациялармен өңдеу.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа остеологиялық коллекцияларды планшеттерге, қораптарға және ағаш шиттерге құрастыру техникасын, өңделетін ұсақ жануарлар скелетерінің және оның жеке бөліктерінің құрылымын.
-
Жұмыс үлгілері:
Коллекцияларды құрастыру:
-
омыртқалылардың иық және жамбас құрылымы гомологиясы;
-
жердегі омыртқалылардың төменгі буын құрылымы гомологиясы;
-
омыртқалылардың бас сүйек құрылымы гомологиясы.
Параграф 2. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі остеологиялық коллекцияларды құрастыру. коллекция нысанына қарай сүйекетрді іріктеу. Күйдіріп және тұз қышқылында декальцинирлеп жекелеген сүйектерден органикалық затттарды кетіру.Адамның трубалы сүйектерін және сүйек жігін көрсету мақсатымен бас сүйек қақпағын, олардың құрылымын сақтай отырып тік және көлденең кесу. Құс өлексесінің жүнін жұлу және қанаттарды сілтінің, крахмал мен перегидрольдің көмегімен өңдеу. Бір немесе бірнеше жануардың скелет бөліктерінен құрастырылған, жануарлардың эволюциялық дамуын көрсететін коллекциялар жинақтау.
-
Білуге тиіс:
күрделі коллекцияларды құрастыру техникасын, жекелеген сүйек қоспалары түрлерінің құрылымын, жекелеген коллекциялардың құрамы мен нысанын, қолданылатын химиялық реактивтердің қасиеттері мен олармен жұмыс істеу ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Коллекцияларды құрастыру:
-
дивергенция;
-
сүйектер, олардың нысаны, құрамы мен құрылымы;
-
құс қанатының, қауырсынының құрылымы;
-
омыртқа нысандары.
Параграф 3. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі остеологиялық коллекцияларды атлас бойынша, сондай-ақ оларды үлгісіз суреттеу бойынша құрастыру. Жануарлардың скелеттері мен бас сүйектерін сүйектердің табиғи құрылымын бұзбай мүшелеу. Сүйектерді қоса берілген экспликацияға сәйкес акварель бояуының көмегімен түрлі түстерге бояу.
-
Білуге тиіс:
сүйектерді түрлі түстерге бояу, ерекше күрделі коллекцияларды құрастыру техникасын, ұсақ жануарлар скелеттерінің барлық бөліктерінің құрылымын, омыртқалы жануарлардың барлы сыныптарының скелеттеріне тән белгілерді, жасалатын остеологиялық коллекциялардың мазмұны мен нысанын.
-
Жұмыс үлгілері:
Коллекцияларды құрастыру:
-
өзен шаянының мүшеленген скелеті;
-
баурымен жорғалалаушыларға тән скелет белгілері;
-
құстарға тән скелет белгілері.
15. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы
Параграф 1. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін скелеттерді алдын ала тазалап, сулап, табиғи байламдарымен құрастыру. Скелеттерді табиғи қалып бере, оларды ағаш тұғырларға, пластмасса және картон планшеттерге орнату. Скелетті ағаш қалпақ астына орналастырып, шеттерін коленкормен жиектеу.
-
Білуге тиіс:
ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін тазалау, түзету және құрастыру техникасын. ұсақ жануарлар скелеттерінің құрылымын, орындалатын жұмыс көлемінде, қолданылатын құралды және оны пайдалану ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Скелеттерді құрастыру:
-
көгершіндер;
-
егеуқұйрықтар;
-
бақалар;
-
жарқанаттар;
-
жыландар;
-
кесірткелер.
Параграф 2. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін бөлек бөліктер мен жекелеген сүйектерден табиғи байламдарымен құрастыру. Скелет бөлшектерін жануарлардың жасы мен көлемін ескере отырып іріктеу. Скелеттердегі қосу тіндерін кетіру. Скелеттерін бөлек бөліктерін тиісті арматураны жасай отырып құрастыру және бекіту. Скелеттердің жекелеген бөлшектерін жапсыру.
-
Білуге тиіс:
скелеттердің жекелеген бөлшектерініңнысанын, үлгісін және құрымы мен орналасуын, тазарту техникасын, бұрғылау станогінің құрылымын және оны пайдалану ережесін.
-
Жұмыс үлгілері:
Скелеттерді құрастыру:
-
мысықтар;
-
қояндар;
-
тауықтар;
-
теңіз шошқасы;
-
балықтар;
-
тасбақалар.
Достарыңызбен бөлісу: |