Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (29 шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет4/8
Дата11.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#128270
1   2   3   4   5   6   7   8

Параграф 2. Азот шала тотығын алу аппаратшысы, 4-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:

азот техникалық шала тотығын қоспалардан тазарту және наркоз үшін азот шала тотығын алу технологиялық процесін жүргізу. қоюланбаған қоспаларды үрлеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процессті реттеу;

азот техникалық шала тотығын компримирлеу;

жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету.бақылау үшін сынама алу;

наркозға арналған шикізат және алынған азот шала тотығының шығымын есептеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті аппаратшыны басқару.

187. Білуге тиіс:

наркозға арналған азот шала тотығын алудың технологиялық процесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу тәсілдері, қолданылатын жабдықтардың, арматураның, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

оларды баптау және қолдану тәсілдері;

азот шала тотығы мен қосымша қоспалардың физикалық-химиялық қасиеттері;

даяр өнімге қойылатын талаптар, сынама алу тәсілдері мен газды бақылау талдау жүргізу.


41. Кешенді қоспа алу аппаратшысы
Параграф 1. Кешенді қоспа алу аппаратшысы, 4-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:

кешенді қоспа алу процесін жүргізу. комплексондар алу және бөлу;

еріткіштерді сүзгілеу, центрифугалау, регенерациялау;

шикізат пен жартылай өнімдерді берілген есепке сәйкес салу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестерді реттеу;

коммуникацияларға, арматураларға, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарға қызмет көрсету;

сынама алу және бақылау талдауларын жүргізу;

шикізат және жартылай өнімдердің шығуын есептеу;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

189. Білуге тиіс:

кешенді қоспаларды алу процесінің технологиялық режимі, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестерді реттеу тәсілдері;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, коммуникацияларға, арматураларға, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарға қызмет көрсету және реттеу;

шикізаттың, жартылай өнімнің және даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

бақылау сынамасын алу тәсілдері мен бақылау талдауын жүргізу әдістемесі;

жабдықтарды күрделі емес жөндеуден өткізу тәсілдері.

42. Күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу аппаратшысы
Параграф 1. Күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу аппаратшысы, 3-разряд
190. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен өсімдік шикізатынан алкалоид және кристалды гликозид алу процесінің жекелеген операцияларын орындау;

еріткіштерді регенерациялау, қалдықтар мен маточниктерді өңдеу, жекелеген реагенттерді әзірлеу, сүзгілеу, берілген есептер бойынша шикізаттар мен жартылай өнімдерді мөлшерлеу және салу;

жабдықтарға қызмет көрсету;

процестің температуралық және басқа да параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қадағалау;

аппараттарды тазалау және механизмдерді майлау.

191. Білуге тиіс:

күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу технологиялық процесі, қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

шикізат және жартылай өнімдерге қойылатын талаптар;

дәрмектердің қасиеті мен қолданылуы.

Параграф 2. Күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу аппаратшысы, 4-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен өсімдік шикізатынан алкалоид және кристалды гликозид алу процесінің жекелеген операцияларын орындау;

өнімді асырып кристалдау немесе тұндыру арқылы қоспасынан тазалау;

технологиялық нұсқаулықта көзделген қосымша процестерді жүргізу;

қоспаларды тұндыру, бейтараптандыру, сүзгілеу, центрифугалау;

шикізат және жартылай өнімдерді есеп бойынша дайындау, мөлшерлеу және толтыру;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен бақылау талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

талдау үшін сынама алу;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарға қызмет көрсету.

193. Білуге тиіс:

күшті әсер ететін алкалоид пен кристалды гликозид алу технологиялық режимі;

қолданылатын арматура және жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

шикізаттың, жартылай өнімдердің, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

сынама алу жолдары.

Параграф 3. Күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу аппаратшысы, 5-разряд


194. Жұмыс сипаттамасы:

өсімдік шикізатынан алкалоид және кристалды гликозид алу технологиялық процесін орындау;

өнімді кристалдау, қоспаларды тұндыру, бейтараптандыру арқылы тазарту;

дербес алкалоидті бөлу;

технологиялық нұсқаулыққа сәйкес шикізат пен жартылай өнімдерді дайындау, мөлшерлеу және салу;

арматураларға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

бақылау-өлшеу аппаратурасы көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша процесті реттеу;

процесс параметрлерін тіркеу;

операциялық парақтарды толтыру;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын басқару.

195. Білуге тиіс:

күшті әсер ететін алкалоид пен кристалды гликозид алу технологиялық режимі;

қолданылатын жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі;

шикізаттың, жартылай өнімдердің, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

сынама алу жолдары;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

Параграф 4. Күшті әсер ететін алкалоид және кристалды гликозид алу аппаратшысы, 6-разряд


196. Жұмыс сипаттамасы:

күшті әсер ететін алкалоид алу күрделі технологиялық процесін жүргізу: төмендеу білікті аппаратшының жұмысын бір уақытта басқара отырып атропин-сульфат және оның одан шығатындарды, тропин және гоматропин алу;

техникалық өнімді кристалдау, бейтараптандыру, шаю, экстрагирлеу және басқа да технологиялық нұсқаулықта көзделген процестерді жүргізу;

шикізат және жартылай өнімдерді есептеу, дайындау, мөлшерлеу және салу;

арматураларға, коммуникацияларға және жабдықтарға қызмет көрсету;

сынама алу және бақылау талдауларын жүргізу;

бақылау-өлшеу аппаратурасы көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша процесті реттеу;

шикізат және жартылай өнімдерді, нысаналы өнімнің шығымын есептеу;

процесс параметрлерін тіркеу және өндірістік журналда жазба жүргізу;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

197. Білуге тиіс:

атропин және одан туындайтындарды алу технологиялық режимі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аппаратурасын, арматураларды, коммуникацияларды пайдалану ережесі;

шикізаттың, жартылай өнімдердің, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

сынама алу жолдары;

арнайы мектеп немесе техникум көлемінде химия және физикалық химияны.

43. Синтетикалық гормон алу аппаратшысы


Параграф 1. Синтетикалық гормон алу аппаратшысы, 4-разряд
198. Жұмыс сипаттамасы:

гормон алу технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

гормондарды бөлу және тазарту;

технологиялық режимге сәйкес басқа да қосалқы процестерді жүргізу;

жартылай өнімдерді реакторларға мөлшерлеу және салу;

негізгі және қосалқы жабдықтар мен коммуникацияларды дайындау және тексеру;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестерді реттеу. сынама алу;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

199. Білуге тиіс:

гормон алу және тазалау технологиялық процесстің мазмұны;

жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, шикізаттың, жартылай өнімдер мен даяр өнімнің қасиеттері мен қойылатын талаптары;

гормондардың әсер ету ерекшеліктері;

сынама алу жолдары мен талдау жүргізу әдістемесі.

Параграф 2. Синтетикалық гормон алу аппаратшысы, 5-разряд


200. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен гормон алу технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

негізгі және қосалқы жабдықтар мен коммуникацияларды дайындау және тексеру;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестерді реттеу;

сынама алу;

операциялық парақтарды толтыру;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

201. Білуге тиіс:

гормон тазалау технологиялық процесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, гормон алудың физикалық-химиялық процестері мен оны реттеу тәсілдері;

шикізат, жартылай өнімдер және даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеті, оларға қойылатын талаптар;

гормондардың әсер ету ерекшеліктері.

Параграф 3. Синтетикалық гормон алу аппаратшысы, 6-разряд


202. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым төмен білікті аппаратшыны басқару және гормон алу технологиялық процесінің барлық сатыларын жүргізу;

негізгі және қосалқы жабдықтар мен коммуникацияларды тексеру;

шикізат және жартылай өнімдерді есептеу, дайындау және салу;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестерді реттеу;

шикізат және жартылай өнімдерді және даяр өнім өңдеу шығынын есептеу;

процесс параметрлерін тіркеу. өндірістік журналдағы жазбаларды жүргізу және қадағалау нәтижелерін өңдеу;

жабдықтарды жөндеуден қабылдап алу.

203. Білуге тиіс:

гормон алу технологиялық режимі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының кинетикалық және электрлік тәсімдері, арматура және коммуникациялардың тәсімдері, гормон алудың физикалық-химиялық процестері мен оны реттеу тәсілдері;

шикізат, жартылай өнімдер және даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеті, оларға қойылатын талаптар;

гормондардың әсер ету ерекшеліктері;

талдау, шикізатты және жартылай өнімдерді есептеу әдістемесі, арнайы мектеп немесе техникум көлемінде жалпы және физикалық химияны.

44. Рентген экранына арналған құрам алу аппаратшысы


Параграф 1. Рентген экранына арналған құрам алу аппаратшысы, 4-разряд
204. Жұмыс сипаттамасы:

вольфраматты, сульфидті және қорғасын-барит тұздарын термоөңдеу рентген экрандарына арналған құрамды алудың физикалық-химиялық процесін жүргізу;

қатаң техникалық регламентке сәйкес шикіқұрам құрастыру, активаторлар мен плавтарды қосу;

температуралық режимді сақтай отырып арнайы газ және электр пештерде шикіқұрамды термоөңдеу процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының көмегімен, және берілген көлемде кристалл алу мақсатында физикалық-химиялық талдау нәтижелері бойынша жылытуды дәл реттеу және бақылау;

фазаның жай-күйін реттеу және фазалық бөліктерді балқытылған массаны уақытында түсіре отырып тез бөлу;

ультракүлгін сәулелермен байыту және барынша жарық кристалдарды бөлу;

даяр өнімді дайын күйінде алу, шаю, электр шкафтарда кептіру және елеу;

жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

сынама алу және термоөңдеу процесінде бақылау талдауларды орындау;

шикізат және даяр өнімді есептеу;

өндірістік журналдағы жазбаны жүргізу.

205. Білуге тиіс:

түрлі үлгідегі рентген экрандарына арналған кристал алу физикалық-химиялық процесінің негіздері;

даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеті;

технологиялық процесінің маңызы және оны ерттеу ережесі;

шикіқұрам дайындау тәртібі;

плавтар мен активаторлардың қасиеті, сынама алу ережесі мен термоөңдеу процесінде талдау жүргізу әдістемесі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, арматура, коммуникациялар, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарына қойылатын техникалық талаптар.

45. Тіс дәрігерлік материал жасау аппаратшысы


Параграф 1. Тіс дәрігерлік материал жасау аппаратшысы, 2-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен шикізат дайындау жөніндегі жекелеген операцияларды орындау;

жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізат пен жартылай фабрикаттарды берілген рецептураға сәйкес салу.

207. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен принципі;

тіс дәрігерлік материалдарына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Тіс дәрігерлік материал жасау аппаратшысы, 3-разряд


208. Жұмыс сипаттамасы:

тіс дәрігерлік паста, техникалық тіс гипсін, мольдин, амальгама және басқа да тіс материалдарын дайындау процесін жүргізу;

жабдықтарға қызмет көрсету;

төмендеу білікті аппаратшыны басқару;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

209. Білуге тиіс:

шикізатты дайындау жолдары, кезектілігі;

шикізат, жартылай фабрикаттардың физикалық-химиялық қасиеттері мен қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен принципі;

тіс дәрігерлік материалдарына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Тіс дәрігерлік материал жасау аппаратшысы, 4-разряд
210. Жұмыс сипаттамасы:

дентин, амальгама, тіс протездеу және басқа да тіс материалдарын дайындау технологиялық процесін жүргізу. шикізат пен жартылай фабрикаттарды берілген рецептураға сәйкес есептеу, мөлшерлеу және салу;

тіс дәрігерлік материалдарға арналған қоспаны құрастыру;

майлы пластификаторларды жасау және тіс массасын пластифицирлеу;

сынама алу және бақылау талдауын жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдауы нәтижелері бойынша процестерді реттеу;

коммуникацияларға, арматуралар, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізат және жартылай фабрикаттардың шығуын есептеу;

тіс дәрігерлік материалдар жасау процесі параметрлерін тіркеу;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын үйлестіру;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

211. Білуге тиіс:

тіс дәрігерлік материалдарды жасау технологиялық процесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, оны баптау және реттеу жолдары;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

шикізатты мөлшерлеуді есептеу тәсілдері мен бақылау талдауларын жүргізу әдістемесі;

тіс дәрігерлік материалдарына қойылатын талаптар.

46. Медициналық масса мен жақпа жасау аппаратшысы


Параграф 1. Медициналық масса мен жақпа жасау аппаратшысы, 2-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен медициналық масса және жақпа жасау жекелеген операцияларын орындау;

жақпа негізін және жақпа және медициналық массаға арналған жартылай фабрикаттарды дайындау;

жабдықтарды жөндеуге дайындау.

213. Білуге тиіс:

медициналық масса және жақпа алу технологиялық режимі;

жабдықтардың құрылысы.

Параграф 2. Медициналық масса мен жақпа жасау аппаратшысы, 3-разряд


214. Жұмыс сипаттамасы:

медициналық масса және жақпа алу технологиялық процесін жүргізу;

берілген рецептураға сәйкес шикізатты дайындау, мөлшерлеу және салу;

қолданылатын жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

215. Білуге тиіс:

медициналық масса және жақпа алу технологиялық процесі, қолданылатын жабдықтардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, баптау және қызмет көрсету тәсілдері;

шикізат, жартылай фабрикаттардың және даяр өнімнің физикалық және химиялық қасиеттері;

оларға қойылатын талаптар.

Параграф 3. Медициналық масса мен жақпа жасау аппаратшысы, 4-разряд


216. Жұмыс сипаттамасы:

медициналық масса және жақпа алу технологиялық процесін жүргізу;

қолданылатын жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу;

сынама алу және бақылау талдауын жүргізу;

шикізат және жартылай фабрикаттардың шығуын есептеу;

медициналық масса және жақпаларды жасау процесінің параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын үйлестіру.

217. Білуге тиіс:

медициналық масса және жақпа алу технологиялық процесі, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

қолданылатын жабдықтардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, баптау және қызмет көрсету тәсілдері;

шикізат, жартылай фабрикаттардың және даяр өнімнің физикалық және химиялық қасиеттері;

оларға қойылатын талаптар;

сынама алу тәсілдері мен бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

47. Стерилді ерітінді жасау аппаратшысы


Параграф 1. Стерилді ерітінді жасау аппаратшысы, 2-разряд
218. Жұмыс сипаттамасы:

стерилді ерітінді жасау жөніндегі жекелеген операцияларды орындау;

ерітінді жасау үшін шикізат және жартылай өнімдер дайындау;

стерилді немесе жартылай стерилді сүзгілеу, анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен стерилдеу және басқа да қосымша процестерді жүргізу;

219. Білуге тиіс:

стерилді немесе инъекциялық ерітінділердің, даяр дәрілік заттар жасау технологиялық процесін;

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, стерилді жұмыс істеу шарттары.

Параграф 2. Стерилді ерітінді жасау аппаратшысы, 3-разряд


220. Жұмыс сипаттамасы:

даяр дәрілік заттарға (пелоидин, инъекциялық және тамырға жіберетін ерітінділер және тағы баска) арналған стерилді немесе инъекциялық ерітінділер жасау технологиялық процесін жүргізу;

су және органикалық медикамент ерітінділерін жасау; стерилді немесе жартылай стерилді сүзгілеу, стерилдеу және басқа да қосымша операциялар;

арматураларды, коммуникацияларды, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарды: автоклавтар, реакторлар, стерилді сүзгілеуге арналған құрылғыларды реттеу және қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша стерилді немесе инъекциялық ерітінділер жасау процесін реттеу;

сынама алу;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

221. Білуге тиіс:

стерилді немесе инъекциялық ерітінділердің, даяр дәрілік заттар жасау технологиялық процесін;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу тәсілдері;

қолданылатын жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

шикізат және жартылай өнімдер, даяр өнімдердің физикалық және химиялық қасиеттері;

стерилді жұмыс істеу шарттары;

сынама алу жолдары.

Параграф 3. Стерилді ерітінді жасау аппаратшысы, 3-разряд


222. Жұмыс сипаттамасы:

биосинтез дәрмектерін: антибиотик, В 12 дәруменін, полиглюкин, вакциналар, іріткілер, АТФ және басқа да биологиялық дәрмектер өндіруде стерилді ерітінділер жасау технологиялық процесін жүргізу;

су және органикалық медикамент ерітінділерін жасау; ақуызды ұйыту, қоспаларды тұндыру, стерилді сүзгілеу және басқа да технологиялық нұсқаулыққа сәйкес қосымша операциялар;

арматураларды, коммуникацияларды, бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарды: автоклавтар, реакторлар, стерилді сүзгілеуге арналған құрылғыларды реттеу және қызмет көрсету;

коммуникациялардың, арматуралар мен жабдықтардың герметикалығын тексеру.

Шикізат және жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу және салу.

Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша биосинтез дәрмектерін алуда стерилді ерітінділер жасау процесін реттеу;

шикізат және жартылай өнімдердің шығуын есептеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

223. Білуге тиіс:

биосинтез дәрмектерін өндіруде стерилді ерітінділердің технологиялық процесін;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу тәсілдері;

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

шикізат және жартылай өнімдер, даяр өнімдердің физикалық және химиялық қасиеттері;

стерилді жұмыс істеу шарттары.

48. Бактериялық дәрмек өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Бактериялық дәрмек өндіру аппаратшысы, 2-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен анатоксин, вакцина, іріткі және басқа да бактериялық дәрмектер алу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау;

сұйық, синтетикалық және құрғақ қоректендіру ортасын, дивакцина, БЦЖ вакцинасын, антирабикалық және де басқа анатоксин, вирустық және өзге іріткілер жасауда автоклавтар мен реакторларға материалдар мен жартылай өнімдерді жіберу және салу;

автоклавтарға «жұқтырылған материалды» (ыдыс, Зейтц сүзгісін және тағы баска) салуға қатысу;

орынжайды жинау және дезинфекциялау.

225. Білуге тиіс:

анатоксин, вакцина және іріткілер өндіруде қолданылатын материалдар мен жартылай өнімдерге қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

шикізат, жартылай өнімдер, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері мен қызметі;

оларға қойылатын талаптар;

дезинфекциялық жұмыстар мен стерилдеу жүргізу ережесі.

Параграф 2. Бактериялық дәрмек өндіру аппаратшысы, 3-разряд


226. Жұмыс сипаттамасы:

антитоксиндік іріткі, моновакцина, дивакцина, анатоксин, вирустық және басқа да бактериялық дәрмектерді (реагенттер мен плазма жасау, жалпы глобулиндерді еріту, стерилдеу және тағы баска) тазалау (тұндыру, диализ және тағы баска) және концентрациялау технологиялық процесін орындау. түрлі дақылдарды сепараттау, сүзгілеу, диализдеу;

«Жұқтырылған материалды» ( бактар, матрацтар, бөтелкелер, Зейтц сүзгісін және тағы баска) автоклавтау;

реакторлар мен автоклавтарды іске қосу және тоқтату;

жабдықтардың герметикалығын тексеру;

аппараттарға материалдар мен жартылай өнімдерді өлшеу, дайындау және салу;

бақылау үшін сынама алу;

шығатын материалды есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесс параметрлерін тіркеу;

аусылға қарсы өндірудің технологиялық нұсқаулығында көзделген параметрлер шегінде процес режимін ұстау.

227. Білуге тиіс:

дәрмектерді тазалау және концентрациялау технологиялық процесі, жабдықтың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

материалдарға, жартылай өнімдер мен даяр өнімдерге қойылатын талаптар;

бақылау үшін сынама алу тәсілдері, өңделетін дәрмектердің қызметі.

228. Жұмыс үлгілері:

1) аусылға қарсы вакцина өндіруде аусылды дақылдауға арналған қоректендіру ортасын алу - «Спейшим» үлгісіндегі автоматты желіде қоректендіру ортасын алудың технологиялық процесі стерилдік шарттарын жүргізу (қатыру, ірі қара малдың тілін БУВ шамымен күйдәру, шырышты қабатын алу, оны басқа тканьдерден тазарту және материалдардың өміршеңдігін сақтау үшін консервациялау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет