-
Білуі тиіс:
шешу механизмінің белгіленуі, құрылымы және эксплуатациялау ережелері, жаю үстеліне шикізатты беру және орналастыру, шикізатты машина мен агрегаттарда өңдеуге жіберілуін реттеу ережелері, шикізатты дұрыс жаю тәсілдері, шикізат сортының сыртқы сипаты.
15. Су жіберуді реттеуші
Параграф 1. Су жіберуді реттеуші, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттіліктерге бегітілген режимге сәйкес су қоймаларына суды қолмен жіберуді реттеу. Ирригиациялы жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Канал, шлюз, су ағызғыш және әр түрлі жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін бақылау және ақауларды жою. Есеп журналын ашу және оған өндірістік судың, суағызғыш құрылғылардың әр түрінен ағымды судың шығының жазып отыру.
-
Білуі тиіс:
шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттілікке суды пайдалану режимі, ирригациялы және суағызғыш жүйенің сызбасы мен сипаттамасы, суағызғышқа таблицаларды пайдалану және ирригациялы жүйеге қызмет көрсету ережелері.
16. Талшық қорабын байлаушы
Параграф 1. Талшық қорабын байлаушы 2- разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Талшықтарды қорапқа байлау, өлшеу, тасымалдау және оларды белгіленген орынға қою, қораптарды орауға арналған белбеушелерді дайындау. Өндіріс сапасы бойынша кендір мен кенафтың талшықтарын уыстап алу, тасымалдау және толық өнделмеген талшықтарды жою. Өндіріс сапасы бойынша толықтай өнделмеген талшықтарды теріп алу және уысқа қалыптастыру, оларды қайта өндеуге жібер. Езу-түту агрегатына және түту-жуу машинасының орамы мен бітелулерін ликвидациялауға қатысу.
-
Білуі тиіс:
талшықтарды қорапқы байлау ережесін және талшықтың толықтай өнделмегенің анықтайтын белгісінің, қырқылған талшықтың жіберілетін пайызын, қораптың белгіленген массасын, талшықты өлшеу ережелері, құрамы әртүрлі ұзын сабақты шикізатты өндеудің технологиялы режимі, өнделіп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың сортын, езу-түту агрегаты мен түту-жуу машинасының белгіленуі мен жұмыс мақсаты.
17. Қалдық талшықты смолаушы
Параграф 1. Қалдық талшықты смолаушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Смолау аппараттарында қалдық талшықты смолауды жүргізу процесі. Смолалы аппаратты смоламен толтыру. Жиналған лентаны қолмен бұрау және оларды смолды аппаратқа салу. Смолды аппаратта қалдық талшықтың температурасы мен бу қысымын бақылау. Қалдық талшықты жоғары сапамен смола беруді, температура, сығым және лентаның қозғалу жылдамдығымен реттеуді қамтамасыз ету. Смола деңгейі мен смоланған қалдық талшықтың салмағын бақылау. Орамдар мен үзілістерді жою. Сығу валын жұмсақ қаптамамен орау және белгіленген өлшемнің диаметріне дейін жеткізу. Смолды қалдық талшықты өлшеу және оны белгіленген орынға жеткізу, жайғастыру.
-
Білуі тиіс:
смолды аппараттың механизмінің орнатылуы мен эксплуатациялау ережелері, қалдық талшықты смолалау режимі, смолау нормасы, смолды қалдық талшықтың техникалық жағдайлары мен стандарттары, смолау процесіне температура мен басқада факторлардың әсер етуі.
18. Шикізат пен талшықты сорттаушы
Параграф 1. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Шикізат қоймаларын ашу және жинау процесінде, бүлінген және шіріген шикізат бауларын сорттау, шөмеле, кебен және қатарлар. Шешілген бауларды байлау. Өте дымқыл бауларды кебенге және қатарға немесе механикалық ықпал ету тәсілімен мұзданған бауларды алдын-ала еріту конус пен шатрға жаю.
-
Білуі тиіс:
бауларды сорттау, конус пен шатрларға орналастыру және кебен мен қатарға жаю ережесі, шикізат түрлері және оларды күту ережелері, шикізат қоймаларын жинау ережелері.
Параграф 2. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Шикізат бауы мен қысқа талшықтардың, стандартты үлгілер мен эталондарына сәйкес органолептикалық тәсілмен сорттың сапалы белгісі мен нөмірлерін анықтап сорттау. Өте ылғалды, қоқысты және бүлінген бауларды лақтыру. Баудың кесекті және үстіңгі бөлігінен ұйпаны жою. Шешілген бауларды байлау, оларды түйіп байлау. Толық өнделмеген тұлымды теру және талшықтардан бөгде талшық емес қоспаларды жою. Талшықтарды экспортқа таңдау. Құрамында арпабас көп талшық тұлымдарын теріп алу және оларды қайта өндеуге қайтару. Сортталған талшықтарды қораптарға орау. Сортталмаған талшықтар қорабын шешу. Белгіленген орынға шикізат пен талшықтарды тасмалдау. Қысқа талшықты өндеуде ағымдағы тізім бойынша жұмыс істеу барысында, қысқа талшықтарды қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының пневмокөлігіне жинау. Пневмокөлік болған жағдайда талшықтарды пневмо жабдыққа тиеу. Талшықтарды бөлетін және сулайтын машинаның, пневмокөлік жабдығының және басқада қысқа талшықты өндеу бойынша ағымдағы топқа қосылған жабдықтардың жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен құралдардың орамдары мен бітелулерін жою жұмыстарына қатысу.
-
Білуі тиіс:
бау шикізатын және қысқа талшықтарды номері, органолептикалық тәсіл сортымен сорттау ережесі, шикізат пен талшықтың негізгі құрамын, нөмірін жәнне сортын, шикізат пен талшыққа қатысты стандарт пен эталонды, талшықтың сортының нөмірін анықтайтын әдістеме, шикізат пен талшықтың сорттау сапасына қойылатын талаптар, талшықты сулау және қырқу нормасының шегі, орамдарды шешу нормасы, қысқа талшықты ағымда сорттау барысында - құрамы әртүрлі шикізатты өндеудің технологиялы режимі, кудель дайындайтын агрегат пен сілкілеу машиналарының бекітілуі және пайдалану ережелері, сулау және пневмокөлік жабдықтарының бекітілуі мен экплуатациялау ережесі.
Параграф 2. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Түтілген ұзын талшықтың уысын бекітілген уыс салмағы, нөмірін жән сортты органолептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Уыстарды түзету, оларды арту және айналдыру. Уыстарды бірдей сапалық белгілерімен қорапқа, бегітілген салмақтың кулитына, жапсырманы жапсыру, қораптарды, кулиттарды байлау, тасымалдау, қатарға жинау. Қорапты, кулитті байлау үшін шпагатты дайындау немесе белбеуді өндіру. Толық өндірілмеген талшықты уысқа теру және қалыптастыру оларды қорапқа, кулитқа байлау. Конвейрді сорттайтын машинада талшықты ағымда сорттауда-талшықты транспортерден түсіру. Ұзын түтілген кендір талшықтарын қол тарақтарда технологияның талаптарына сәйкес тарау, таралған талшықтарды және тарқтарды сапа белгісімен сорттау. Сортталмаған талшықтарды тарау барысында-белгіленген салмақ, түс, ұзындық және басқада сапалы белгілеріне сәйкес біркелкі талшықтарды қалыптастыру. Конвейрлі сорттау көлігінің жұмысындағы табылған ақауларды жою және олардың жұмыс істеуін бақылау. Талшықтар мен тарамдарды салмағына қарай тапсыру. Біліктілігі төмен сорттаушылардың жұмысын бақылау.
-
Білуі тиіс:
сорттау және ұзын талшықтарды нөмірі, сортымен тарау ережелері, уыс, жәшік және әртүрлі нөмірлерге арналған кулиттардың, талшық сорттарын және рұқсат етілетін ақауларды қалыптастыру, қорап, кулитті байлау тәсілдері, салмақтың нормасын, түтілген және таралған талшықтардың нөмірін, сортын анықтайтын сапалы белгілері, таралған талшықтар мен тарамдардың сапасына қойылатын талаптар, конвейрлі сорттау транспортерін орнату және эксплуатациялау ережелері.
Параграф 3. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Түтілген ұзын талшықтың уысын бегітілген уыс салмағы, нөмірін жән сортты органолептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Тапсырушылардан қабылданатын шикізаттың сапалы белгілерін қарау. Шикізатты сақтау орындарына нөмірін, сортын, тұрып қалу деңгейін, сулылығын және себу түріне қарай бөлу. Шикізатқа қабылданған жапсырмаларды жазып беру және оларды тапсырушыларға беру. Нөмірдің органолепикалық бағасының, талшықтың сортын берілген бағалау құралымен салыстырмалы тексеру. Сорттауға түскен өнделген талшықтың салмағы мен сапасын тексеру. Сортталған талшықтың есебін жүргізу, оларды нөмірі, сорты бойынша қатарға жинау және оны сақтау. Шикізатты және талшықты сақтау және сорттау орындарына көтеріп-тасымалдау механизмінің қалыпты жағдайда болуын бақылау. Біліктілігі төмен шикізатты және талшықтарды сорттаушылардың жұмысына басшылық жасау.
-
Білуі тиіс:
шикізатты нөмірі мен сорты бойынша құралды бағалау әдістемесі, шикізатты дұрыс жинау тәсілдері, қомалардың көлемі мен формасы, шикізаттың сортын, нөмірін анықтайтын сапалы белгілер, талшықты өндеу технологиялық процесі, шикізат пен талшықты сорттау, қабылдау, жинау және сақтау нұсқаулықтары және ережелері.
19. Қалдықтарды ағызушы
Параграф 1. Қалдықтарды ағызушы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Түту-жуу машинасының қалдықтарын, қалдықтарды шығаратын көліктерде бірқалыпты шығуын қамтамасыз етіп ағызу. Ағызатын каналға берілетін судың мөлшерін, өнделіп жатқан шикізаттың түріне байланысты ретке келтіру. Шығаратын көлікке түтілген қалдықтарды бірқалыпты шығуын және көліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Түту-жуу машинасының және шығаратын көліктердің орамдары мен бітелулерін ликвидациялауға қатысу.
-
Білуі тиіс:
түту қалдықтарын тасымалдау режимі, тасымалдаушы механизмнің бекітілу және пайдалану ережелері, түту-жуу машинасы мен транспортердің айналып тұратын бөлшектеріндегі орамдар мен бітелулерді жою ережелері.
20. Тінді шикізатты кептіруші
Параграф 1. Тінді шикізатты кептіруші, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Бекітілген қалындықпен біркелкі төсеу және аудару арқылы түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды далада кептіру. Түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды кепкеннен кейін бұрымға және шөмелеге өру.
-
Білуі тиіс:
түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды жинау, төсеу және оны аудару ережелері, материалдың органолептикалы тәсілмен бағалау.
Параграф 2. Тінді шикізатты кептіруші, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Табиғи ылғалды қабықты шикізатты кептіру алаңыңда және қабықты талшықты бегітілген ережелерді сақтай отырып аспаларды кептіру. Орам материалын шешу. Ылғалды бауларды конустарға желдеткіш іспеттес кептіру алаңдарына орналастыру, тюк пен бауларды алдын-ала шешу. Бауларды кептіру алаңдарына орналастыру үшін тасымалдау, сулы талшықтарды ілгіштерге ілу, кептіру кезінде шикізат баулары мен талшықтар уысын уақыт өте ауыстырып тұру. Кептірілген шикізат пен талшықтарды жинау кезінде, толықтай кеппеген баулар мен шикізат уыстарын теріп алу, ком бойынша бауларды түзеу, бауларды ылғалдығы бойынша сорттау және оларды байлау, тасымалдау және оларды қатарға жинау, талшықтар уысын орау және оларды қорапқа байлау. Кепкен шикізат пен талшықтарды қоймаға тапсыру. Ұйпаланған және буылған материалды жинау.
-
Білуі тиіс:
тінді шикізат пен талшықтарды алаңдарда табиғи кебу ережелерін, тінді шикізат, талшық, тұқым және түтудің қалдығының түрлерін және олардың кептіруден кейінгі ылғалдылық нормасын.
21. Талшықтарды түсіруші
Параграф 1. Талшықтарды түсіруші, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Ұзын талшықты езу-түту агрегатының транспортерінен, түту-жуу және түту машиналарынан немесе сығу прессінен түсіру. Талшық қабатын мұхият тексерумен қоса толықтай өнделмеген тұлымдарды теру. Таза талшықтарды белгіленген салмақ бойынша уыстарға қалыптастыру және оларды жіберу. Өнделген талшықтың сапасын бақылау. Езу түту агрегатына қызмет көрсетіп жатқанда уыстарды түзеу, айналдыру, қораптар, кулитоктар жасау, талшықтарды ылғалдандыру, байлау, қораптарды, талшық кулитоктарын белгіленген орынға тасымалдау. Түту-жуу машинасына қызмет көрсетіп жатқан кезде қысу прессінің сіңдіру транспортерына уыстарды салу. Пневмокөлік болған жағдайда таза талшықтарды пневможабдыққа жіберу. Агрегат пен машинаның орамдары мен бітелулерін жоюға қатысу.
-
Білуі тиіс:
құрамы әртүрлі шикізатты өндеу технологиялық режимі және түту режимі, талшықтың нөмірін, сортын анықтайтын негізгі белгілер, өндіріліп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың стандарттары, талшықтың қырқылу және ылғалдылығының ақырғы нормасы, езу-түту агрегатының және түту-жуу машинасының құрылымы және белгіленуі.
22. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші
Параграф 1. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Өздігінен қызу және өздігінен жанудың алдын-алу мақсатымен мақта шикізаты бунтында тунель қазатын машинамен туннель төсеу. Машинаны бунт ішіне енгізу, жинау шнегімен мақта шикізатын іліп алу және оны алып кететін көліктермен тіркемеге немесе өндеу орнына алып беру. Машинаның жұмысындағы ақауды жою. Тунель қазу жұмыстарының технологиясын сақтау.
-
Білуі тиіс:
тунель қазу жұмыстарын жүргізу технологиясын, тунель қазатын машинаны күту ережелері мен құрылымын, тунельдерді төсеудің ережесін.
23. Шикізат төсеуші
Параграф 1. Шикізат төсеуші, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және өндірістік тамбурларға төсеу біліктілігі жоғары төсеушінің басшылығымен өтеді. Шикізатты сақтау орындарына жіберуге арналған көтеретін-көліктік механизмдерге қызмет көрсету.
Шикізатты жинауға дайындау:
өте ылғалды бауларды теру, шашылған бауларды байлау. Шикізатты төсейтін орынға қолмен немесе көлікпен жіберу немесе апару. Брезентпен шөмелені, кебенді және қатарды жабу және түзеу. Қажетті керек-жарақ пен брезентті тасымалдау.
-
Білуі тиіс:
шикізатты өндірістік тамбурға, шөмелеге, кебенге, қатарға төсеу технологиясын, шикізаттың түрлерін және олады пайдалануды, шикізатты артатын көтергіш-көлік механизмінің белгіленуі, жұмыс мақсаты және қолдану ережесі.
Параграф 2. Шикізат төсеуші, 4- разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және мақта шикізатын бунтқа төсеу қабықты және мақталы шикізатты сақтау және төсеу инструкциясына сәйкес төсеу. Мақта шикізатын түзетумен бунттың үстінде тегістеу. Төселіп жатқан орынға шикізатты жіберу үшін қозғалатын көтеретін көлік механизмді орнату. Ортасын есепке ала отырып шөмелеге, кебенге, науаға және білікке негіз салу. Сақтау орындарына сорып алатын труба мен өте дымқыл шикізатты төсеу кезінде шикізаттан сорып алатын канал жасау. Бүлінген мақта шикізаты және бөгде нарселерді жою. Шөмеле, кебен, қатар және бунттарды брезентпен жабу және бегітуден кейін аяқтау және жіберу. Баулардың ылғалдығының органолептикалы тәсілмен сапасын бақылау. Шаблонның көмегімен шөмеле, кендір және біліктің және көлбеудің баулардың сыртқы қатардағы көлбеу бұрышынан тік жардың қалануын мұқият тексеру. Біліктілігі төмен төсеушілердің жұмысын басқару.
-
Білуі тиіс:
шикізатты дұрыс төсеудің тәсілі, мақта шикізатын тегістеу ережесі және шикізаттың нөмірінің, сорттының сыртқы белілерін, шикізатты сақтау және төсеу нұсқаулықтары, сақталу орындарына сору трубаларын рационалды орналастыру, көтеру-тасымал механизмдерінің құрылымын және оларды реттеу механизмдері.
24. Байламды ораушы
Параграф 1. Байламды ораушы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Мақталы дәндерді қапшыққа, қап толтырғыш құрылғыда тегістеп орау. Талшықтын байламын және арпабастарды, дәнмен қапшықты стандарт талаптарына сәйкес қолдан тігу. Шпагатты және басқада орамдалатын материалдарды дайындау. Толтырылған қапты белгіленген орынға тасымалдау. Тұқым шашуды іріктеу.
-
Білуі тиіс:
қапшықты толтыратын құрылғының жұмыс мақсаты мен белгіленуі, кипті тігу бойынша стандарт талаптары, қапшықты толтыру нормасы.
25. Құрылғыларды тазартушы
Параграф 1. Құрылғыларды тазартушы, 2- разряд
-
Жұмысқа сипаттама:
Желдеткіш, пневмокөлікті және шнекті жабдықтарды, циклондарды, қолдық фильтрларды, оттарды және шаң басқан камераларды, траншты және басқада шаң басқыш жабдықтарды шаң мен қалдықтардан тазарту. Технологиялық құрылғы мен көлік құралдарының астынан өндіріс қалдықтарын жинау. Жинайтын бункерлерді түсіру, қалдықтарды қайта өндеуге жіберу. Қалдықтарды талдау олардан жарамды талшықтарды таңдап алу. Белгіленген орынға қалдықтарды тасымалдау.
-
Білуі тиіс:
циклон, отты және шаңды камераларды және басқада шаң басқыш құрылғылардың белгіленуін және жұмыс мақсатын, қызмет көрсетіп жатқан құрылғыларды пайдалану және тазарту режимі, қалдықтардың түрлері және оларды талдау.
Параграф 2. Құрылғыларды тазартушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
Желдеткіштің дәл сорғыш және шаң басқыш жүйесінің, пневмокөліктің, циклонның, фильтрдың, жасырын каналдардың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамсыз ету. Пневмокөлік жүйесіндегі ауаның бүліну деңгейін және фильтрлайтын циклондардың шаң басу деңгейін анықтау. Пневмокөлік және басқада шаң, қалдық, жарамды және жарамсыз талшықтарды жинауға арналған құрылғының жұмыс істеу жүйесін бақылау. Техникалық қызмет көрсету, жабдықтардың барлық түрін шаң мен қалдықтардан тазарту, ауа жібергіштің бітелулерін жою. Желдеткіштің өртке қарсы жүйесін қамтамсыз ету. Шаң басқан талшықтың шаңын тазалау және оларды белгіленген орынға тасымалдау. Біліктілігі төмен құрылғы тазартушылардың жұмысын басқару.
-
Білуі тиіс:
желдеткіш және салқындатқыштың құрылымын, бекітілуін және жұмыс мақсатын, негізгі жабдықтардың шаң басқан кезде өзара әрекет етуі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тазарту режимі, жабдықты толтыру, циклон мен фильтрды ауыстыру кезінде тазарту режимі мен реті, өнделіп жатқан өнім мен алынатын қалдықтың түрлері, жарамды талшықтарды өндеу барысында нашар тазартудың тигізер әсері.
26. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы
Параграф 1. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру
жабдықтарын тазартушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшықтарының қалпына келтіру қалдықтарын минералды және органикалық қоспалардан тазартқыш машиналарда тазарту. Талшықтың тазартқыш машинаға түсуін реттеу. Тазартқыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіп жатқан машиналардың жұмысындағы ақауларды жою. Тазартқыштардың, бөлінуші және жинаушы шнектерін, сепаратор және қоқыс сорғыш жабдықтардың бітелулерін жою. Тазартқыш және оған тоғысқан құрылғыларды мерзімді (кесте бойынша) тазарту. Тазартушылардың жөндеу жұмыстарына қатысу.
-
Білуі тиіс:
тазарқыш машиналардың және оларға тоғысқан жабдықтардың құрылымын және оларды пайдалану ережелері, тазартудың технологиялық прогрессі, тарзтушыларды тиеудің ережелері және оларға талшықтардың түсуін ретке келтіру.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығына
(43-шығарылым) 1-қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с№
|
Кәсіптердің атауы
|
Разряд диапазоны
|
Беті
|
1
|
Тресті дайындаушы аппаратшы
|
3-4
|
2
|
2
|
Жұмсақ тараны дайындаушы
|
1-2
|
4
|
3
|
Шикізатты артушы
|
2-4
|
4
|
4
|
Буманы бақылаушы
|
2
|
6
|
5
|
Сығу-жуу жабдығының машинисі
|
2-4
|
6
|
6
|
Тазартушы жабдықтың машинисі
|
2-4
|
7
|
7
|
Технологиялы жабдықтың реттеуші
|
4-6
|
9
|
8
|
Джин жабдығының операторы
|
4-5
|
10
|
9
|
Линтерлі жабдықтың операторы
|
4-5
|
11
|
10
|
Талшықты өндеу бойынша ағымдағы тізімнің операторы
|
3-6
|
12
|
11
|
Кептіргіш жабдықтың операторы
|
3-5
|
15
|
12
|
Шикізат пен талшықты пресстеуші
|
2-6
|
16
|
13
|
Тресті дайындаушы
|
3-4
|
18
|
14
|
Мақта дәнін улаушы
|
2-4
|
19
|
15
|
Шикізатты жаюшы
|
2-3
|
20
|
16
|
Су жіберуді реттеуші
|
3
|
21
|
17
|
Талшық қорабын байлаушы
|
2
|
22
|
18
|
Қалдық талшықты смолаушы
|
4
|
22
|
19
|
Шикізат пен талшықты сорттаушы
|
2-5
|
22
|
20
|
Қалдықтарды ағызушы
|
1
|
25
|
21
|
Тінді шикізатты кептіруші
|
1-2
|
25
|
22
|
Талшықтарды түсіруші
|
3
|
26
|
23
|
Мақта шикізаты бунтындағы тунель төсеуші
|
4
|
26
|
24
|
Шикізат төсеуші
|
2, 4
|
27
|
25
|
Кипті ораушы
|
1
|
28
|
26
|
Құрылғыларды тазалаушы
|
2-3
|
28
|
27
|
Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы
|
2
|
29
|
Достарыңызбен бөлісу: |