Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


§ 17. жерасты үңгілеу жабдықтарының



бет12/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

§ 17. жерасты үңгілеу жабдықтарының

электр слесарЫ - мОнтажшысы


3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сорғылардың, ерітінді айдағыштарды, аударғыштардың, қоректендіргіштердің, шахта вагонеткаларының, тасымалдағыштардың, бұрғы рамаларының, диаметрі 1000 мм шығыры бар көтергіш машиналардың, желдеткіштердің және күрделі емес жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау. Үңгілеу кешендерінің сатылары мен қоршауларын орнату. Нөмірлі маңдайшаларды жасау және бекіту. Бөлшектерді тазалау және майлау. Шырағдандарды, қосқыштарды, ауыстырып қосқыштарды және штепсель розеткаларын орнату. Шеттерін уақытша бітеп, 10 кВ дейін кернеу үшін кабельдерді кесу. Тау-кен үңгілеу жабдықтарының жарықтандыру аппаратураларының аккумуляторлық батареясын зарядтау. Тірек оқшаулағыштарды, ажыратқыштарды, ауыстырып қосқыштарды, реостаттарды, трансформаторларды монтаждау және демонтаждау. Кабель желілерінің, күшейткіш және жарықтандырғыш желілерінің, жерге қосу желілерінің муфталары мен ойыңқыларын қазу. Электр жабдық бөлшектерін үңгілеу кешендерінің конструкциясына бекіту. Сымдарды, кабельдерді, муфталарды, ойыңқылар мен жерге қосу шиналарын орнату және бітеу. Ұялар, тесіктер және сызаттар тесу. Кабельдерді бояу.Жоғары білікті жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электр слесары-монтажшысының басшылығымен күрделі жабдықтарды монтаждау, демонтаждау және жөндеу.

Білуге тиіс: қарапайым жерасты тау-кен үңгілеу және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың, қолданылатын аппаратуралар мен құралдардың құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін, баптау тәсілдерін, электр тәсімдерін; қолданылатын материалдардың сорттарын; бекіткіш бөлшектер мен арматуралардың міндетін және негізгі түрлерін; сымдардың маркаларын; такелажды құралдарды пайдалану ережесін; қарапайым монтаждау және электр монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдерін.
§ 18. жерасты үңгілеу жабдықтарының

электр слесарЫ - монтажшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жыныстарды тиегіш машиналардың, диаметрі 1000 мм артық шығырлары бар көтергіш машиналардың, бұрғы станоктарының, скип көтергіштерінің, көп жүк тиегіш вагонеткалардың, желдеткіш және сорғы қондырғыларының және орташа күрделі жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау. Күшті жоғары вольтты желілерді, диаметрі 200 мм дейін құбырларды монтаждау және демонтаждау. Қимасы 70 мм2 дейінгі сымдар мен кабельдерді белгілеу және ұштау. Құбырларды, кабельдерді және бұрағыштарды таңбалау. Ұштамаларды кабельдер мен сымдардың желілеріне дәнекерлеу. Массасы 50 кг күштік электр жабдықтарын монтаждау, бақылау және кептіру. 10 кВ артық кернеу үшін кабельдерді кесу. Компенсаторларды, прожекторларды, троллұстағыштарды, клицаларды, белгі беру аспаптары мен аппараттарын орнату. Үңгілеу қалқанының ұяларына салумен маркалары бойынша кабелі бар құбырларды іріктеу. Құбырларды өзара және “метро” өткізгіш қорабымен біріктіру.

Білуге тиіс: орташа күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін; сымдар мен кабельдерді қосу, ұштау және біріктіру тәсілдерін; оқшаулаудың кедергісін өлшеу тәсілдерін; болат құбырлардың, кабельдер мен бұруларды таңбалау ережесін; ілмектеу, ілмексіздендіру және жүктерді ауыстыру ережесін; жөнделетін жабдықтарды салыстыру ережесі мен тәсілдерін.
§ 19. жерасты үңгілеу жабдықтарының

электр слесарЫ - монтажшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылмаған үңгілеу кешендерінің, шахталық кілеттердің, кен комбайндарының, агрегаттарының, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларының және күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау. Шахта оқпандарын, тарату құрылғыларының, диаметрі 200-ден 400 мм дейін құбырларды арматуралау кезінде электрмен жабдықтау, гидравлика, телемеханика құралдарын, автоматты реттеу аспаптарын монтаждау, демонтаждау. Металл оқшаулағышты орнату. Монтаж тәсімдерін құрастыру. Бақылау-өлшеу аспаптарын орнату үшін орындар белгілеу. Қимасы 70 мм2 артық сымдар мен кабельдерді белгілеу және ұштамалау. Кернеуі 10 кВ дейін кабельдерде ұштама бітеулерін және біріктіргіш муфталарды монтаждау. Жерасты имараттарында күштік және бақылау кабельдерін салу. Массасы 50-ден 100 кг дейін күштік электр жабдықтарын, кернеуі 10 кВ ажыратқышты, жерге қосқыштарды монтаждау, тексеру және кептіру. Щеткаларды ысқылау. Жыныстарды тиегіш машиналарды байқап қосу және механизмдерін сынау. Дистанциялық басқаруды монтаждау. Жоғары вольтты кабельдерді төсеу.

Білуге тиіс: күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін, баптау тәсілдерін, электр тәсімін; электр жабдықтарды тексеру және кептіру тәсілдерін; күштік және жарықтандыру желілерін пайдалану ережесін; сымдар мен кабельдерді төсеу ережесін; жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін сынау және байқау ережесін; тірек конструкцияларын, жабдықтарын орнату орнын белгілеу, тас жол, сымдарды, кабельдер мен шиналарды төсеу тәсілдерін.
§ 20. жерасты үңгілеу жабдықтарының

электр слесарЫ - монтажшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған үңгілеу кешендерінің және басқа да аса күрделі жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау. Электрондық және радио релелі автоматтық жүйелерді, датчиктерді, тау-кен жабдықтарын реттейтін асинхронды-үйлестіру электр жетектерін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау. Жоғары қысымды гидравликалық желілердің құбырлары мен арматураларын монтаждау және демонтаждау. Кернеуі 10 кВ артық кабельдерді ұштама бітеулерін және біріктіргіш муфталарды монтаждау. Массасы 100 кг артық күштік электр жабдықтарын монтаждау, тексеру және кептіру. Қосылудың барлық түрі кезінде электр тәсімдерін, электр машиналары мен массасы 500 кг агрегаттарды монтаждау, тексеру, орталықтау және бақылау. Үңгілеу кешендерінің механизмдерін (қалқандарды, тюбинг- блок төсегіш), желдеткіштердің электр жетектерін және дистанциялық құрылғыны байқап қосу және сынамалау.

Білуге тиіс: аса күрделі жерасты тау-кен үңгілейтін жабдықтардың құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін, баптау тәсілдерін; жоғары вольтты және бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдерін; тарату қалқандарының, пульттардың, басқару және қорғану қалқандарының конструкциясын; электр жабдықтарын және электрондық аппаратуралардың автоматтық жүйесін тексеру және реттеу әдістерін.
§ 21. проходкадағы Электр слесары
3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сорғы қондырғыларының, ауа өткізгіштердің, шахталық вагонеткалардың, таспа ені 900 мм дейін таспалы конвейерлердің, қырнауыш конвейерлердің, бұрғы станоктарының, электровоздардың, дизелевоздардың, аударғыштардың, қоректендіргіштердің, итергіштердің, барабан диаметрі 1000 мм дейін шығыры бар көтергіш машиналардың, желдеткіштердің, тартқыш және қайта түрлендіргіш кіші станциялардың, зарядтау құрылғыларының, сигнал беру құралдарының, жарықтандырғыштардың, таратқыш, абоненттік кабелдердің және телефон желілерін, тарату шкафтары мен қораптарының, үңгілеу муфталарының, телефон аппараттарының, троллейлік және төмен вольтты кабельдік желілердің, электр аппараттарды, қондырғыларды жерге қосудың және басқа да күрделі емес тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету. Аккумуляторлық батареяларын зарядтау және жағдайын тексеру, электролит қою және ауыстыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтарда майларды таңдау және ауыстыру. Жоғары білікті проходкадағы электр слесарьдің басшылығымен күрделі жұмыстарды орындау. Қолданылатын пневматикалық құралды бөлшектеу, құрастыру, жуу, сынау, майлау, қабылдау, тапсыру және алдын ала жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: күрделі емес тау-кен жабдықтарының міндетін, жұмыс қағидаттарын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының міндетін және оларды пайдалану ережесін; төмен вольтты электр қондырғыларын құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; электр техникасының негіздерін.
§ 22. проходкадағы Электр слесары

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Забойдағы механикаландырылмаған кешендердің, жыныстарды тиегіш машиналардың, ерітінді айдағыштардың, бұрғы қондырғыларының, рамалар мен басқа да ұқсас тау-кен жабдықтарының, сондай-ақ, барабан диаметрі 1000 мм артықшылығы бар көтергіш машиналардың, стационарлық суа ағызғыш қондырғылардың, таспа ені 900 мм артық таспалық конвейерлердің, скип көтергіштерінің, үлкен жүкті вагонеткалардың, таратқыш қондырғылардың кернеуі 1000 В дейін электр желілерінің және басқа да орташа күрделі тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету. Қайта түрлендіргіш қондырғыларға, электровоздарға қызмет көрсету. Жоғары білікті электр слесарьдің басшылығымен кіші станцияларды, трансформаторлар мен таратқыш құрылғыларды тексеру және ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: орташа күрделі тау-кен жабдықтарының құрылғысын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемдерін, оны сынау ережесін; қондырғы, аппарат, аспаптар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулық себептері мен белгілерін; кабельдердің сыныптауышы мен электр техникалық материалдарын; оқшаулауды, сыйымдылықты және кабельдің электрлік кедергілігін өлшеу және сынау ережесін; бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін; жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге жіберілетін жүктемелер, олардың сынуы мен апаттарының алдын алу шараларын;жоғары вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; қосуды реттейтін аппаратуралардың тәсімін, желдеткіш жүйесін; жерге қосу құрылғысын; сымдар мен кабельдерді есептеу және таңдау ережесін.
§ 23. проходкадағы Электр слесары

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған кешендердің, агрегаттардың, кен комбайндарының, өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларының, бұрғы рамаларының, электрмен жабдықтау жүйелерінің, гидравликаның, автоматты қызмет ететін аппаратуралардың, аспаптардың, қондырғылардың телемеханика құралдарының, автоматты реттелетін бақылау-өлшеу аспаптарының және басқа да күрделі тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету. Фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары токтан қорғану қондырғыларының шамасын тексеру. Қауіпсіз жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және жұмыс істейтін электр қондырғыларын бақылау.

Білуге тиіс: жерасты жағдайында қолданылатын жабдықтардың құрылғысы және техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемі; қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және автоматтандыру, телемеханика құралдарын сынау және қосу ережесін; қызмет көрсететін қондырғылардың, аппараттардың, автоматика мен телемеханика аспаптарының жұмысындағы бұзушылықтардың себептері мен белгілерін; кабельдер мен электротехника материалдарының сыныптауышын; оқшаулауды, сыйымдылықты және кабельдің омдық кедергісін өлшеу және сынау ережесін; радиотехника, автоматика, электрондық техника, автоматтық реттеу негіздерін.
§ 24. проходкадағы Электр слесары

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрондық, радио релелік аппаратуралардың автоматтық жүйелерінің, датчиктердің, реттелетін асинхронды-үйлестіру электр жетектерінің механикалық және электрондық бөлігіне техникалық қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Электр жетектерді басқару құралдарын монтаждау және жөндеу. Жылжымалы және стационарлы құрылғыларды басқару мен реттеу жүйесіндегі ақауларды анықтау және жою. Токтың жерге өткізуден қорғау аппараттарының іске қосылу уақытын тексеру. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды және көтергіш-көлік машиналар мен агрегаттарды жөндеу және сынау.

Білуге тиіс: автоматика құралдарының құрылғысы мен электр жүйелерін; электр техникалық ережелер мен нормалар; қызмет көрсетілетін жабдықтардың және энергиямен қоректендіру жүйесін; қондырғылардың, аппараттардың, автоматика аспаптарының және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себептері мен белгілерін; жөнделген жабдықтарға құжаттама толтырудың ережесін; электр беріліс желілеріндегі жұмыстарды жүргізу әдістерін; іске жарамды бөлшектерге, тораптарға, механизмдерге жіберілетін жүктемелерді; істен шығу және апаттарды ескерту жөніндегі алдын алу шараларын, қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге, сынауға және тапсыруға қойылатын техникалық шарттар; электр қондырғыларында қолданылатын қорғану құралдарын сынау ережесін; электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және іске қосылған электр қондырғыларын қадағалау тәртібін; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану және куәландыру ережесін.

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТ

БА шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Оқшаулаушы

3-5

Оқшаулаушы

3-5

4

Метрополитен құрылысы

2.

Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің машинисі

5

Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің

машинисі


5

4

- " -

3.

Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының машинисі

2-6

Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының машинисі

2-6

4

- " -

4.

Тау-кен жабдықтарының машинисі

3-6

Тау-кен жабдықтарының машинисі

3-6

4

- " -

5.

Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

2-6

Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

2-6

4

- " -

6.

Жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электр слесары - монтажшысы

3-6

Жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электр слесары - монтажшысы

3-6

4

- " -

7.

Проходкадағы электр слесары

3-6

Проходкадағы электр слесары

3-6

4

- " -



«Кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару және байыту» бөлімі
§ 1. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізуге қатысу: вакуумды тұндырғыштарда цианид ерітінділерінен асыл металдарды тұндыру, құрамында асыл металдар бар қоқырларды химиялық өңдеу, реагенттер, қышқылдар ерітінділерін дайындау. Вакуумды-тұндырғыш аппараттарға, сөлалу чандарына, тұндыру зумпфтерге, қоқырларды айдау кезінде сорғыларға, диірмендерге, араластырғыш чандарға, экстракторларға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын қадағалау. Қатты қоқырларды ауыстыру және сұйық қоқырларды айдау, оларды еріткіш араластырғыш чандарға, ұсату үшін диірмендерге тиеу. Диірмендерді шарлармен толтыру. Эфельдерді салу чандарынан, зумпфтерден, үйінділерден түсіру, оларды өңдеуге қатысу. Эфельдерді тиеу. Эфельдерді вагондарға тиеу және оларды тасымалдау. Экстракторларғаы цинк жоңқасын тиеу және алтынмен боялған цинк жоңқасы мен алтын қоқырларды түсіру, басылып қалған жоңқаларды жұмсарту, оларды қоқырлардан тазарту. Ерітінділердің экстракторларға келіп түсуін қадағалау. Таза цинк жоңқаларын қорғасындату. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды жоюға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың міндетін, жұмыс қағидатын; құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту технологиясы бойынша жалпы мәліметтерді; қоқырларды диірмендерге тиеу тәсілдерін; қоқырларды диірмендерге тиеу ережесін; қолданылатын қышқылдардың, ерітінділердің қасиеттерін; Цианидті, цианид ерітінділерін, қышқылдарын, еріткіштерін, қорғасын қабаттарын және басқа химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін; эфельдерді чандарға тиеу және түсіру, тұндырғыш зумпфтерден түсіру ережесін; экстракторларды тиеу және түсіру ережесін; құбырлардың орналасу тәсімін; қызмет көрсету жабдықтарын майлаудың жүйесі мен мерзімділігін.
§ 2. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізу: вакуумды тұндырғыштарда цианид ерітінділерінен асыл металдарды тұндыру. Реагенттердің, қышқылдардың ерітінділерін дайындау. Құраушыларды мөлшерлеу. Алтын тұнбаларды жуу және жуылған суды сүзу. Қоқырларды таразылау және тығындау. Эфельдерді өңдеу, сөлалу чандарына эфельдерді толтыру дұрыстығын қадағалау. Циан қорытпаларын еріту және айдау. Жоғары білікті құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысының басшылығымен сырғыма тостағандарда, алтын ұстағыш шлюздерде амальгамация әдісімен құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту және амальгамаларды өңдеу процесін жүргізу. Амальгамациялы табақтарды сынаппен сүрту. Сынапты сырғыма тостағандарға, шлюздерге құю. Амальгамаларды қоспалардан тазарту. Алтын мен амальгаманы жетілдіру үстелінде шыңдау. Амальгамадан артық сынапты сығып тастау. Амальгамаларды сырғыма тостағандардан, қалталардан, ұстағыштардан және амальгаматорлардан түсіру. Қысымды, вакуумды, сүзгі тазалығын, реагенттердің, ерітінділердің, пульпалардың, судың берілуін, өлшеу құралдарының және автоматика көрсеткіші мен талдау нәтижелері бойынша қызмет көрсететін технологиялық құралдардың жұмыс режимін бақылау және реттеу. Сынамаларды іріктеу, таразылау. Сорындыларды және кептелімдерді жою. Қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою. Техникалық құжаттаманы рәсімдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін техникалық жабдықтар мен қондырғылардың құрылғысын, техникалық сипаттамасын, пайдалану ережесін; құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізу ережесін; өлшеу құралдары мен автоматиканы қолдану ережесін; құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту үшін реагенттерді мөлшерлеу және олардың қасиеттерін; алтын қоқырларды күкірт және тұз қышқылдармен өңдеу және алтын тұнбаларды жуу тәсілдерін; қоспалардың қоқырларда еру процесінің аяқталу уақытын; ерітінділерді, қышқылдарды дайындау ережесін; қоқырларды еріткеннен кейін алтын тұнбаларды тұндыруды тез тұндыру тәсілдерін; циан қорытпаларын еріту және ерітіндіні чанға беру тәсілдерін; циан ерітінділерінде цианид концентраттарын айқындау әдістерін; амальгамация табақтарын сынаппен сүрту әдістерін; сынапты және амальгаманы пайдалану ережесін және олардың физикалық қасиеттерін; шығыс нормаларын және сынапты сырғыма тостағандарға және алтын ұстағыш шлюздерге құю тәсілдерін; алатын өнімге есеп жүргізу және сақтау ережесін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың туындау себебін және жою тәсілдерін; слесарлық іс.
§ 3. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сырғыма тостағандарда, алтын ұстағыш шлюздерде амальгамация әдісімен құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту және амальгамаларды өңдеу процесін жүргізу. Амальгамаларды ұстағыштардан, амальгамация табақтарынан, түкті шлюздерден және шайқау үстелдерінен түсіру. Концентраттарды амальгамация бөшкелеріне тиеу, сынапты мөлшерлеу, концентраттарды өңдеу, оларды бөшкелерден түсіру. Сынапты ұстағыштарға және алтын ұстағыш аппараттарға құю. Қатты амальгаманы темір қайықтарға салу. Муфель пештерінде қыздыру және оған сынапты бірден буландыру әрі шлих алтынын алу үшін амальгама бар қайықтарды тиеу. Шлих алтындарын қышқылдармен өңдеу, магнитпен темір қоспаларын іріктеу. Бағалы металдарды таразылау және оны ыдыстарға буып-түю. Шлюздерге және басқа да алтын ұстағыш аппараттарға сүргі соғу кезінде қатысу. Циан қорытпаларын еріту және циан ерітінділерін қалпына келтіру. Ерітінді концентраттарын айқындау, қалпына келтірілген ерітінділерді беруді реттеу және оларды сүзу. Күкіртті жағу және ерітінділерді тотықтандыру үшін күкіртті газды беру. Циан қорытпалары қалдығынан агитация чандарын сілтілеу және тазарту. Бос ыдыстарды уқайтарғыштармен өңдеу.

Білуге тиіс: құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытуда қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың құрылғысын; металл ұстағыш аппараттарда амальгамациялаудың және асыл металлдарды ұстаудың технологиялық процесін; металды қышқылдармен технологиялық өңдеуді; ұстағыш асыл металдардың негізгі қасиетін және оның басқа металдардан айырмашылығын; циан қорытпаларын еріту, циан ерітінділерін қалпына келтіру, оларды сүзу, күкіртті жағу және күкірт газын алу технологиясын; күкірт газының, цианитті-сутегі қышқылының қасиеттерін және пайдалану ережесін; циан қорытпаларын шығындау нормаларын; респираторлардың міндетін, құрыл,ысын және пайдалану ережесін; ерітінділерді тазалау нормаларын және реагент шығыстарын; электр техникасының негіздері.
§ 4. Алтын араласқан кен орындарының

тау-кен жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шұңқырларды қолмен қазу. Драгермен көрсетілген орындарда шығыр арқандарын бекіту үшін зәкірлерді ("қозғалмайтын") дайындау және орнату. Жаға кабельдерін тасымалдауға, арқандарды тартуға қатысу. Әртүрлі жүкті қайықтармен тасымалдау және драгаға көтеру. Разрездерде су деңгейін көтеру үшін уақытша бөгеттерді орнату. Қарапайым құралдардың көмегімен полигонды шiлiк бұталардан, түптерден, ұсақ орманнан, шөпті жамылғыдан тазарту. Қайықты ұқыпты ұстау. Драгадан белгі қабылдау және беру. Қыс кезінде мұздар мен мұз қабыршақтарын жару және жою. Понтон бөлігін қатыруға қатысу. Драга понтоны айналысында мұздан жыралар жүргізу. Понтонның сыртқы бөлігін жөндеу үшін мұзда құдықтар жүргізу. Драга разрезінің қату тереңдігін тексеру. Белгіленген тәсім бойынша бұрғылау ұңғымаларын белгілеу. Бу- гидроинелерді, шлангтарды беру. Шлангтарды жөндеу. Жартасты плотиктарды қазу. Тау-кен массасын гидромонитормен жуғаннан кейін немесе тазалау жұмыстары біткеннен кейін плотик тереңдігінде байытылған құмдарды жинау және тазалау. Байытылған құмдарды өңдеу жеріне тасымалдау. Өңделген алаңды актирлеуге қатысу.

Білуге тиіс: көтергіш механизмдердің, қайықтардың құрылғысын және пайдалану ережесін; қолданылатын құралдардың міндетін; жүкті ілмектеу және көтеру ережесін; ілмектердің қолдану және пайдалану мерзімдерін; драгалық және дренаждық жұмыстарды жүргізу туралы жалпы мәліметтер; қатыру әдістерін; мұзда жыралар мен құдықтар жүргізу тәсілдерін; қатқан жерлерде мұздардың жарылуын алдын алу және жою тәсілдерін; бұрғы ұңғыларын белгілеу тәсімін; такелаж жұмыстарын жүргізу ережесін; алтын араласқан топырақ төселу шарттарын және плотик сипаттамасын; плотикта металлдың жиналу орны; құрамында метал бар құмдар мен концентраттарды бос жыныстардан айыру белгілерін.
§ 5. Алтын араласқан кен орындарының

тау-кен жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Зәкірлерді (“қозғалмайтын”) орнату үшін дайындық жұмыстарға қатысу. Арқандарды трактормен тарту кезіндегі жұмыстарды басқару. Электр желілері мен телефон желілеріне арналған бағандарды орнату жұмыстарына қатысу. Көтергіш механизмдермен әртүрлі жүктерді (қосалқы бөліктерді, отынды, материалдарды) тиеу, түсіру. Жүкті драгаға жүзетін құралдардың (қайы, катер, моторлы қайық) көмегімен жеткізу. Сорғымен драгаға сұйық отынды айдау, бір рельс бойынша тельфермен қатты отынды жеткізу. Полигонды түптерден, шілті бұталардан, өсіп тұрған қабаттан бульдозермен, трактормен тазалау жұмыстарын басқару. Бензоараның көмегімен полигонды тазалау жұмыстарын орындау. Жүзетін құралдарды, көтергіш механизмдер мен басқа да қызмет көрсететін техниканың ұқыпты ұстау. Понтон бөлігінің қатуы мен мұздауы үшін материалдар мен құралдарды дайындау және беру. Агрегаттарды, тораптарды және драга алаңын ыстық сумен жуу, буландыру және мұздар мен жыныстардан тазалау. Көбікті генераторлық қондырғының көмегімен драга полигонын көбікпен жабу. Көбікті генераторлық қондырғыны монтаждауға және сынауға қатысу. Қарапайым бөлшектерді, бұйымдарды, тораптар мен басқа материалдарды әртүрлі ілмектермен ілмектеу және байланыстыру. Пойнттардың (бу инелер) көмегімен қатқан топырақтарды еріту. Қолмен тиеумен ұңғымаларды бу инелермен бұрғылау. Каретканы көшіру және шлангты бу құбырына қосу. Келіп түсетін буды қосу және реттеу.ұңғыманы берілген тереңдікке дейін қоқырдан тазарту. Ернеулер дайындау, құбырлар мен батареяларды төсеу, оларды жыныстармен жабу. Пойнттарға қызмет көрсету. Будың шығуын жою. Пойнттардың жұмысын бақылау. Бутаратқыш аппаратуралардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою. Бу инесін қолмен алып тастау және оны үрлеп тазарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, механизмдердің, қондырғылардың, қолданылатын құрылғылар мен құралдардың құрылғысын; жүзетін құралдарды, механизмдерді, қондырғыларды, жүк көтергіш жабдықтар мен басқа да техниканы, өлшегіш және бу таратқыш аппаратураны басқару ережесін; полигонды қатып қалудан сақтандыру ережесін; полигонды көбікпен жабу, агрегаттарды, тораптар мен драга алаңын буландыру және тазалау ережесін; сұйық және қатты отынның негізгі қасиеттерін; бугидроқұбыр магистралінің тәсімін; топырақты еріту жұмыстарын жүргізу туралы жалпы мәліметтер; қатқан топырақтарды еріту және пойнттардың көмегімен ұңғыманы үңгілеу тәсілдерін; жүктерді ілмектеу тәсілдерін.
§ 6. Алтын араласқан кен орындарының

тау-кен жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Драга полигонын дайындау кезінде мұзды мұз кескіш машинамен немесе бу кескішпен кесу. Полигонды маусымдық тоннан бу инелермен еріту. Бұрғы станогымен немесе дірілдеткішпен ұңғының немесе мұздаған топырақтың (қуысты алдын ала сүйменмен тесіп) кез-келген тереңдігіне бу магистральін орнату, қосу және бу инелерін батыру. Тау-кен жыныстарының жоғарғы қабаттарын еріту үшін бу инелерді көтеру; оларды ерігеннен кейін шығару және көшіру. Мәңгі мұздап жатқан тау-кен жыныстары бар драга полигондарын гидравликалық инелермен еріту. Гидро инелердің жұмысын тексеру. Бақылау құбырларының көрсеткіші бойынша судың келіп түсуін айқындау, ысырма мен манометрдің көмегімен құбырлардағы судың тегеуірінін реттеу. Сарқырама магистральінің дұрыстығын қадағалау. Бу және гидро инелердің бұзушылығын жою. Бұзылған бу және гидро инелерді ауыстыру. Механикалық және электрлік құрылғылары бар арнайы инелермен топырақтың еру процесін бақылау. Бақылау гидро инелерді топыраққа қолмен немесе арнайы жабдықталған қайықтармен батыру. Тығындалып қалған тесіктерді үрлеп тазалау әрі аршу және қатып қалған инелерді ағыс сумен немесе электр энергиясы мен су құбыры көздерінен жұмыс істейтін зондтармен еріту. Гидро инелерді топырақтан аспалы шығарушылармен, бұрғы станоктарымен және қолмен шар тәрізді штанга ұстағышпен шығар. Негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылатын құралдардың, аппаратуралардың, аспаптардың, механизмдердің, құрылғылардың, жүзетін құралдардың жұмысын қадағалау және ұқыпты ұстау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, жүк көтергіш механизмдердің, аппаратуралардың, аспаптардың, механизмдердің, жүзетін құралдардың және қолданылатын құрылғылардың, құралдардың құрылғысын; драга жұмыстарын жүргізу негіздерін; гидро жетекті магистральдің тәсімін; мұздаған топырақтарды еріту технологиясын; алтын араласқан топырақ кен орындарының төселу жағдайын және сипаттамасын; металл мен құрамында минералдар бар құмдарды бос жыныстардан айыру белгілерін; драга полигондарын еріту және дайындау кезінде қолданылатын қызмет көрсететін жабдықтарды, механизмдерді, жүзетін құралдарды басқару және пайдалану ережесін.
§ 7. Жеткеруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті жеткерушінің басшылығымен құрамында асыл металл бар шлих концентраттарын жеткеру және қысқарту процесін жүргізу. Қол әдісімен шлюздерді тазалау. Драганы тоқтатпай жекелеген шлюздерді қосу және сөндіру. Шлюздер мен ұстап қылғыштардан трафареттерді, кілемшелерді түсіру, оларды жуып, шлюздер мен ұстап қалғыштарға бөренелермен және сыналармен бекітіп төсеу. Шлюздерді тазалау және концентратты қысқартқышқа жеткізу. Жоғары білікті жеткерушінің басшылығымен сынапты қолдана отырып, амальгаманы жеткеру және шлихтардан тазалау кезінде амальгамация аспаптарын жуу. Шлихтарды жинау, оларды борт разрезіне түзу орынына көшіру. Қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтарды тиеу және түсіру. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау. Жеткеруде пайдаланылатын химиялық реактивтерді дайындау және есеп жүргізу. Драга үй-жайын тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, қондырғылардың, аспаптардың, шлюздердің құрылғысын; концентраттарды түсіру және шлюздер мен ұстап қалғыштарда шаю тәртібін; қызмет көрсететін жабдықтарды басқару және ұштарын тексеру ережесін; әртүрлі үлес салмақтағы ауыр сұйықтықтағы ерітінділерді дайындау және қалпына келтіру технологиясын; бағалы өнімдерге есеп жүргізу және сақтау ережесін; улы және химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін.
§ 8. Жеткеруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық және электр химиялық өңдеудің көмегімен құрамында асыл металл бар шлих концентраттарын жеткеру және қысқарту процесін жүргізу. Шлюздер мен ұстағыштардан концентраттарды мерзімдік түсіру. Концентраттарды жеткеру станогында (вашгерде) өңдеу, алтын сұр және қара шлихтардан жуып тазарту. Шлюз төсемдерін тексеру. Тазалау жұмыстарын жүргізу аралығында шлюз жұмыстарын бақылау. Шлих алтындарын қышқылдармен өңдеу, темір қоспаларын іріктеу және сорды үрлеп тазарту. Металды таразылау және арнайы ыдысқа тығындау. Шлюздерді және басқа да металлды ұстап қалушы аппараттарды сүргілеуге қатысу. Сынапты қолдана отырып амальгамаларды жеткеру және шлихтардан тазалау кезінде амальгамация аспаптарын жуу. Драганы тоқтатпай өздігінен тиелетін шлюздер мен амальгамация аспаптарын тазалау кезінде автоматтық қондырғыларды бақылау. Технологиялық процесте сынапты қолдану кезінде: сынапты ұстағыштарға және алтын ұстап қалушы шлюздерге құю, амальгаманы ұстағыштар мен амальгамация табақтарынан түсіру, амальгаманы тазарту және қысу, амальгамаларды реторларға төсеу және муфель пештерінде күйдіру, сынап шығыстарына және сынап концентраттарына есеп жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге және баптауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсету жабдықтарының, қондырғыларының және қолданылатын аппаратуралар мен аспаптардың құрылғысын; асыл металдарды басқарудың, шлих алтындарын қышқылмен өңдеудің технологиялық тәсімін; ұстап қалғыш металдың негізгі қасиеттерін; асыл металдарға есеп жүргізу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты.
§ 9. Құрамында алмас бар концентраттарды жеткеруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті құрамында алмас бар концентраттарды жеткерушінің басшылығымен балқытқыш қышқылдармен, патша арағымен және басқа да химиялық агрессивті заттармен химиялық өңдеу әдісі бойынша ауыр сұйықтықтарда құрамында көп алмас бар концентраттарды жеткеру процессін жүргізу. Жеткеру өнімдерін магниттеп күйдіру. Ауыр сұйықтықтағы ерітінділерді қалпына келтіру. Ағыс сулар мен ерітінділерді зиянсыздандыру. Жеткеру процесінде пайдаланылатын химиялық реактивтерді дайындау және есеп жүргізу. Ұлғайтқыш аспаптардың, электр магнитті рентгенолюминисцентті сеператорлар мен қондырғылардың көмегімен көзбен шолып, белгілі фракциялы құрамында алмас бар концентраттардан минералдарды бөлу процесін жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: минералогия туралы жалпы мәліметтерді; алмас пен ілеспелі минералдардың қасиетін; алмас кристалдарын ілеспелі минералдардан айыру тәсілдерін; қолданылатын технологиялық, жабдықтардың, электр магнитті рентгенолюминисцентті сеператорлар мен ұлғайтқыш аспаптардың жұмыс қағидаттарын; әртүрлі үлес салмағындағы ауыр сұйықтықтағы ерітінділердің химиялық реактивтерін дайындау және қалпына келтіру технологиясын; алмас пен алмас өнімдеріне есеп жүргізу және сақтау ережесін;улы және химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін:
§ 10. Құрамында алмас бар концентраттарды жеткеруші

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқытқыш қышқылдармен, патша арағымен және басқа да химиялық агрессивті заттармен химиялық өңдеу әдісі бойынша ауыр сұйықтықтарда құрамында көп алмас бар концентраттарды жеткеру процессін жүргізу. Құрамында алмас бар концентраттарды елеу және оларды тұндыру машиналарында өңдеу, майсыздандыру және кептіру. Концентраттарды қолмен бөлшектеу, оларды рентгенолюминисцентті сепаратордан өткізу. Тексеру және концентраттарды сеператорлардан өткізгеннен кейін кескіштерді бөлшектеу. Электр магнит сеператорында тізбеленген концентраттарды сепарациялау. Алмастарды шығарудың толықтығын және алмас тауар өнімдерінің тазалығын қамтамасыз ету. Қызмет көрсету жабдықтарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың, аспаптардың құрылғысын, оларды басқару ережесін; минералогия негіздерін; алмас кристалдарын ілеспелі минералдардан айыру тәсілдерін; құрамында алмас материалдарды орташа ауыр химиялық және термиялық өңдеудің технологиясын; алмас пен алмас өнімдеріне есеп жүргізу және сақтау ережесі.
§ 11. Қашауға май құюшы

4-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қашауларға қашауға май құю станоктарында май құю. Қашауларды берілген технология бойынша термоөңдеу. Қашаулардың қызу температурасын олардың түсі бойынша айқындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішін қадағалау. Қашауға май құю станоктарына қызмет көрсету және оның жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қашауға май құю станогының құрылғысын; қашауларға май құю және шыңдау технологиясын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарын және құрылғыларын пайдалану ережесін.
§ 12. Драгашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 80 л дейін шөміші бар шағын литражды драганың жұмысын және қозғалысын басқару. Драга жабдықтарының және механизмдерінің техникалық жағдайын тексеру. Шығыр барабандарына арқандарды орау дұрыстығын, борт арқандарының, жаға арқандарының, созғыштардың және бас қанаттардың орналасуын, қарпығыш шынжырдың жағдайын, қарпығыштардың толығуын, бүйірден жылжу жылдамдығын, қарпығыш раманы тереңдікке түсіруді, драга механизмдері мен жабдықтарының дұрыс жүктемесін қадағалау. Драганы забойға маневрлеу. Забой жағдайымен, жасалған көлемге жүргізілген өлшемдерімен және алдыңғы ауысымның ауысымдық рапортындағы жазбалармен танысу. Драга жабдықтарының жұмысындағы бұзушылықтарды жою. Драганың барлық жөндеу түрлеріне қатысу. Драга жұмысын есеп алудың ауысымдық журналын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін драганың және оның тораптарының құрылғысын және пайдалану ережесін; электр техника негіздерін; кен орындарын және драга полигонын өңдеу шекарасын қазу жүйесін; қарпылатын жыныстардың сипаттамасын; драга разрезіндегі тасқын және көктемгі сулардың деңгейін; драга полигонындағы гидро техникалық имараттардың жағдайын; қазылған кеңістіктен қабаттарды және өлшемдерді шығару әдістерін; жыныстарды пайдаланушылық сынау тәсілдерін; драга механизмдерін күту және олардың жұмысын реттеу ережесін; слесарлық іс.
§ 13. Драгашы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 80-нен 150 л дейін шөміші бар электрлік драганың жұмсын және қозғалысын басқару. Драга жабдығының техникалық жағдайын тексеру, оның жұмысын қадағалау және жұмысындағы ақаулықты жою.

Білуге тиіс: әртүрлі типті драгалардың, сигнализация және байланыс құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін; алтын араласқан пайдалы қазбалардың кен орындарының геологиялық негіздерін; драга әдісімен алтын араласқан топырақ кен орындарын қазу кезінде негізгі маркшейдерлік жұмыстарды; драга жабдықтарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, ескерту және жою тәсілдерін.
§ 14. Драгашы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматика мен телебақылау жүйесін пайдалана отырып, сыйымдылығы 150 л және одан артық шөміші бар электрлік драганың жұмсын және қозғалысын басқару.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі драганың конструктивтік ерекшеліктерін; құрамында алтын бар құмдарды байытудың негіздерін; драга әдісімен алтын араласқан топырақ кен орындарын қазу кезінде жұмыстарды жүргізу ережесін.

Орташа кәсіптік білім талап етіледі.
§ 15. Қымбат өнімдерді бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрамында асыл металл бар асыл металдар мен концентраттарды, оларды алудың және өңдеудің технологиялық процесінің барлық сатысында сақтау және есеп жүргізу нұсқаулығын бақылау. Асыл металдар мен концентраттарды өңдеу операцияларына қатысу. Жуатын аспаптарға, жинақ сандықшаларға, сейфтер мен қызметтік үй-жайларға сүргі соғу. Қымбат өнімге есеп жүргізу, қабылдау, жылжыту, сақтау және тапсыру бойынша құжаттамаларды комиссиондық рәсімдеуге қатысу. Кассаға дейін тасымалдау кезінде қымбат өнімдер салынған ыдысқа сүргі соғу.

Білуге тиіс: асыл металдар мен концентраттарды алудың технологиялық процестерінің негіздері; байыту қондырғыларында қымбат өнімдерді тазалау мен түсірудің технологиялық тәсімін; асыл металдардың физикалық және химиялық қасиеттерінің негіздерін; қолданылатын қышқылдардың қасиеттерін; асыл металдарды басқа металдар мен ілеспелі минералдардан айырмашылық белгілерін; қолданылатын аппараттар мен қондырғылардың құрылғысын; қымбат өнімге есеп жүргізу, сақтау, қабылдау және тапсыру жөніндегі нұсқаулықты; қажетті техникалық құжаттарды рәсімдеу ережесін.
§ 16. Қымбат өнімдерді бақылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алмастарды және құрамында алмас бар өнімдерді, оларды өңдеудің технологиялық процесінің барлық сатысында сақтау және есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың орындалуы. Құрамында алмас бар өнімдерді қолмен қазу кезінде қатысу.

Білуге тиіс: құрамында алмас бар шикізатты және оны байыту өнімдерін өңдеудің технологиялық процестерінің негіздерін; құрамында алмас бар шикізат пен өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерінің негіздерін; қолданылатын химиялық агрессивті заттар мен қышқылдардың қасиеттерін; алмастардың басқа да ілеспелі минералдардан айырмашылық белгісін; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын; қымбат өнімдерді сақтау, қабылдау, есеп жүргізу және тапсыру ережесін, қажетті құжаттарды рәсімдеу.
§ 17. драга Матросы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үйінді люгінде, бөшкеде, қарпығыш астындағы металды ұстап қалушыда суландыру жүйесінің жұмысын қадағалау. Азық-түлікті, отынды, ауызсу құйылған ыдыстарды, қосалқы бөлшектерді, майлау және ысқылау және басқа да материалдарды қолмен тиеу, драгаға жеткізу және түсіру. Суды ыдыстан қазанға құю. Қайықтардың, құтқарғыш инвентарьдың және драга механизмдерін қоршалу жағдайының дұрыстығын қадағалау. Қарпығыштарды көбіктен, жұмыс тастардан және ескі бекітпелерден тазалау. Понтон палубасын, қарпығыш рамаларды, стакерді, тұрмыстық тұрғын-жайларды тазалықта ұстау. Төменгі қарпығыш барабанның біліктің мойынтіректерін майлау. Жөндеу жұмыстарына және жаға кабельдерін, жаға роликтерін, борт және бас арқандарды көшіруге қатысу. Сигналдар қабылдау және беру.

Білуге тиіс: драганың жұмыс қағидаттарын; қайықты басқару ережесін; понтондағы тесіктерді бітеу немесе жою; құтқарғыш құралдарды қолдану ережесін.
§ 18. драга Машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 150 л дейін шөміші бар бу және электрлік драгаларының немесе сыйымдылығы 150 л-ден 600 л дейін шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету. Драга сорғылары мен қозғалтқыштарын қосу және тоқтату. Электр драгадағы жылу тораптарының механизмдерін, бас жетекті, жоғарғы және төменгі барабан қарпығыштарына, үйінді люктеріне, полиспасталарға, рамалық жетектерге және қада ілгіштеріне, жоғарғы қада бағыттауыштарға, қарпығыш рама роликтеріне, бөшкенің беткі шетіндегі роликтерге, полиспаста роликтеріне, тістегершіктерге, корма мачтасындағы шығырларға, мачта кергіштеріне қызмет көрсету. Стакерлі рама ілмегінің, соңындағы эфель астауларының, жаға кабельдері мен байланыс желілерінің жағдайын, үйінді люгінде қарпығыштарды тиеуді қадағалау. Қою және қатты орталықтандырылған майлау жұмыстарын қадағалау. Драга механизмдерін жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: драганың қызмет көрсететін жабдықтарының құрылғысын және пайдалану ережесін; драга механизмдерінің орталықтандырылған майлау жүйесін; будың пайда болу процесін және оның қасиеттерін; драганың тежегіш жүйесінің құрылғысын; жетек белдіктерін тартуды реттеу тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жою тәсілдерін; слесарлық іс.
§ 19. драга Машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 150 л-ден 600 л дейін шөміші бар электр драгалар кормалық тораптарының немесе сыйымдылығы 600 л және артық шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету. Стакерлік, тасымалдағыш, бөшкелік жетектерге, қолданылатын өлшеу мен автоматика құралдарына қызмет көрсету. Бөшкелердің, тасымалдағыштардың жұмысын, бөшке мен шлюздарға су беруді, галькалы және эфель үйінділерінің пайда болуын, үйінді жасағыштарды және эфель астауларын көтергіш шығырлардың жағдайын қадағалау. Үйінді люктерде, галька лотоктарында және тасымалдаушы таспаларда тау-кен массасының үйіндісін болдырмау. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін; қызмет көрсететін механизмдердің орталықтандырылған майлау жүйесін; кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару мен байытудың технологиялық процесін; үйінді жасау процесін; тау-кен массасының үйіндісін жою тәсілдерін.
§ 20. драга Машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 150 л-ден 600 л дейін шөміші бар электр драгаларын немесе сыйымдылығы 600 л және артық шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету. Драганың негізгі және қосалқы жабдықтарына, стакерлік және көліктік жетектерге, бөшкелер мен галька лотоктарына, драгаға орнатылған аспаптар мен аппаратураларға қызмет көрсету. Бөшке электр қозғалтқыштары мен тасымалдағыштарының қосқыш бақылаушыларын басқару. Автоматты қою майланған мойынтіректердің, бөшке жетектері мен роликтерінің, жетектер мен тасымалдағыш барабандарының қоректендіргіштеріне қызмет көрсету. Автоматты таспалы таразыларды басқару блогына, драганы басқару пультына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі драгалар жабдықтарының және механизмдерінің құрылғысын; қызмет көрсететін драга тораптарының автоматты қою майлау жүйесін.
§ 21. драга Машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 600 л және артық шөміші бар электр драга жабдықтарына қызмет көрсету. Рама көтергіш және маневрлі шығырларды, орталықтан тепкіш сорғыларды, қозғалтқыштарды, компрессорларды, төменгі қада бағыттағыштарды басқарудың автоматты жүйесіне қызмет көрсету. Понтонның техникалық жағдайын, ондағы су деңгейін және драга тұнбасын, қарпығыш рама, қада, полиспасталы ілгіштердің, палуба және жаға арқанды роликтердің, қарпығыш астындағы роликтердің, су және бу өткізгіш магистральдардың жағдайын қадағалау. Апаттық және палубалық тасымалдау сорғылардың, өртке қарсы және құтқарғыш керек-жарақтардың дұрыстығын қадағалау. Қыс кезінде – қарпығыш және стакерлі рамаларды, қабылдағыш сорғы жәшіктерді, понтонды, үйінді жасағыш рамаларды, төменгі қада бағыттағыштарды дер кезінде буландыруды қадағалау. Қазанды үрлеп тазалауға, драганы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: машиналар мен драга механизмдерінің, қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесінің, телемеханика мен байланыс құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін; қыс кезінде драга механизмдерін буландыру тәсілдерін; драга механизмдерінде мұздың пайда болуымен күресу тәсілдерін.

Орташа кәсіптік білімді талап етеді.
§ 22. Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейін жуғыш аспаптар механизмдерін басқару. Құмды жуу және дезинтеграциялау. Құмды бульдозермен немесе скрепермен беру кезінде бункерге тиелуін, конвейер мен шлюздерге құмды бір қалыпты тиеуді, аспапқа судың келуін қадағалау. Шлюздерді кілемшелер (маттармен) және трафареттермен арматуралауға қатысу. Сигналдар қабылдау және беру. Шлюздер мен електердегі кептелімдерді жою. Жұмыр тастарды жою. Жуғыш аспап жұмысындағы бұзушылықтарды жою. Концентратты түсіруге, қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: электр техникасы жөнінде негізгі мәліметтерді; жуғыш аспаптардың, скруббер мен қосқыш аппаратуралардың жұмыс қағидаттарын; конвейерлердің, стакерлердің, эфельді және саф ұстап қалғыш шлюздердің, қабылдағыш бункерлердің құрылғысын; құмды жуу тәсілдерін; материалдардың, электр энергиясының шығыс нормаларын; слесарлық іс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет