Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым



бет4/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жұмыс үлгілері.


1. Булы су арматурасы – сальниктерді салу; втулкаларды, тығыздауыш сақиналарды ауыстыру; фланецтер мен жіктердегі қосу болттарын тарту.

2. Шахталық және адамдарды кен қазбалары бойынша жеткізуге арналған вагонеткалар - скаттарды, подшипниктерді, тістемелерді, буферлерді ауыстыру; кузовтарды түзеу.

3. Барлық диаметрдегі вентильдер – клапандарын жұқалап тегістеу.

4. Вентиляторлар – жөндеу және орнату.

5. Вкладыштар –орнына келтіру және параллелдер бойынша кесу.

6. Електер – сүзгілерді ауыстыру.

7. Ұнтақтауыштар, вагон төңкерушілер (жерасты жағдайында) - ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

8. Конвейерлер - роликтерді, роликтерді, редукторларды, жетекті және тартпа стансасы барабандарын, ауытқушы барабанды ауыстыру; ленталар мен шынжырлардың тартылуын реттеу.

9. Қырғышты конвейерлер - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу.

10. Тиеу машиналары - шкивтерін, пальцілерін ауыстыру; арқанды бекіту.

11. Тиеу-жеткізу машиналары – жетекші мостыларын бөлшектеу; бас өткізгіш пен редуктор блогының саңылауларын реттеу; гидравлика, бейтараптандыру және отын багін жуу.

12. Диірмендер – ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

13. Насостар - втулкаларды, муфтаның қосу пальцілерін ауыстыру; сальниктерді тығыздау; муфта қоршауын орнату және бекіту; құбырларды қосу; және техникалық қызмет көрсету.

14. Төңкергіштер, қоректендіргіштер, итергіштер, станциондық су әкету қондырғылары, уаты балғалары, перфораторлар, гидромониторлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

15. Сынама алушылар – шынжыр мен шөмішті ауыстыру.

16. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар (пневмокамералық насостар) - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

17. Әуе-канат жолдары стансалары - техникалық қызмет көрсету, күштік арқанды бағыттау үшін роликтер мен шкивтерді орнату.

18. Диаметрі 6 дюймге дейінгі құбырлар –төсеу, тіреулерді әзірлеу және орнату, жекелеген секциялар мен запорной арматурасын ауыстыру.

19. Төсеу жұмыстары өндірісіне арналған құбырлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу.

20. Шламды тасымалдауға арналған құбырлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу.

21. Қатты пайдалы қазба геологиялық-барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған бірінші сыныпты бұрғы қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

Жұмыстарды жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен орындау кезінде - 2-разряд.


§ 82. ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машиналардың, тораптар мен механизмдердің, механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Күштік арқанды, аспалы жолдар арқандарының қосу муфтыларын ауыстыру. Автоматтандырылған шамханалардың жабдығын қарау және жөндеу. Құбырлардың, транспортерлер жұмысының, металл конструкцияларының, тростар мен блоктардың жай-күйін қадағалау, олардың тозу дәрежесін анықтау және жекелеген элементтерді ауыстыра отырып жөндеу. Қарапайым бөлшектерді 8-11-квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу және дайындау. Топырақты қатыру кезінде тұздықты желіге және қатырушы колонкаларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін механикалық жабдықты монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынамалау және баптау ережесі мен тәсілдерін; желдеткіш сызбасы мен шығатын ауа ағынының бағытын; металл конструкциялары, тростардың, аспалардың жекелеген тораптары мен элементтерінің нысанын; тораптарды майлау жүйесін; бөлшек бетін өңдеудің негізгі параметрлерін; такелаж жұмыстары мен кен машиналары мен механизмдерін шахтаға түсіру тәсілдерін; жерасты қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттарда металды өңдеу мен электр, газбен пісіру жұмыстары өндірісі технологиясын; шахта үстіндегі ғимараттарда электр, газбен пісіру жұмыстары өндірісі жөніндегі нұсқаулықты.

Жұмыс үлгілері.

1. Кептіру барабандары, кептіргіш құбырлар – кептіру трактінің герметикалығын тексеру және ақауларды жою; араластырғыштар мен қоректендіргіштерді жөндеу.

2. Инерциялық және өздігінен теңгермеленетін електер - вибраторларды, пружиналарды, қорап корпусын ауыстыру, реттеу.

3. Төмен литражды және бу драгалары – жөндеу.

4. Конусты, валкалы, жақты жармалаушылар – құрамдағы сегменттері мен валкілерін, жармалаушы конусты, эксцентрикті, жетекті валды ққраммен ауыстыру; жармалаушы жақтарды ауыстыру және жармалау ірілігін реттеу.

5. Лентасының ені 1400 мм дейінгі ленталы конвейерлер – ленталарды ұштарын өңдеп, вулканизациялай отырып ауыстыру және жөндеу.

6. Компрессорлар – поршеньді сақиналарды, металл сальниктерді, шатун болттарын, клапандарды ауыстыру.

7. Оттегі, пневматикалық компрессорлар – ағымдық және орташа жөндеу.

8. Еденнен басқарылатын көпірлі крандар, кран - балкалар, электр тельферлер, тальдер, автомобильді крандар, тіркеме салмағы 25 т дейінгі шахта электровоздары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынамалау және күрделілігі орташа тораптарын реттеу, техникалық қызмет көрсету; қозғағышты, өздігінен жүретін кареткаларды жөндеу.

9. Өздігінен жүретін кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, өздігінен жүретін вагондар, көтеру машиналары (шығырлар) - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынамалау және күрделілігі орташа тораптарын реттеу.

10. Шарлы, өзі ұнтақтайтын, балғалы диірмендер – негізгі валды ауыстыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, редукторды және тісті өткізгіштерді түгендеу.

11. Пневмонасостар, түтін сорғышлар, эксгаустерлер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

12. Тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар - бөлшектеу, құрастыру және гидравлика жүйесін, цилиндрлерді, басқару рулін орнату; бас раманы, стреланы, шөмішті, жүргізуші кабинасын, металл қаптауларды, жетекші валдарды жөндеу.

13. Брикетті пресстер – қалып құралының жиынтықтарын ауыстыру.

14. Айналма пештердің, шар диірмендерінің, конвейерлердің, пластикалы транспортерлердің, қоректендіргіштердің редукторлары - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

15. Диаметрі 6 дюймнен жоғары құбырлар – төсеу; тіреулерді жасау және орнату; құбырлар мен жаппа арматурасының жекелеген секцияларын ауыстыру.

16. Қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылайтын екінші – бесінші сыныпты бұрғылау қондырғылары, гидрогеологиялық және геофизикалық ұңғымаларды бұрғылау қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

17. Желдеткіш қондырғылары - жөндеу және қызмет көрсету; бағыттаушы күректері ауыстыру.

18. Дегазациялық және аспирациондық қондырғылар - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

19. Экскаваторлар, үйінді жасағыштар, тасымалдау-үйінді көпірлері - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру; техникалық қызмет көрсету; гидравликалық жүйені жөндеу: гидравликалық домкраттарды, гидроцилиндрлерді, май құбырларын, жаппалы арматура мен аспаптарды ауыстыру және жөндеу.

20. Сусыздандыратын центрифугалар - конусты щитті, қырғыларды, шнекті, насосаты ауыстыру.

21. Сусыздандыратын элеваторлар – шөміш шынжырын ауыстыру.


§ 83. ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Көтеру ыдыстарының бас және соңғы арқандарын ауыстыру. Көтеру ыдыстары мен тіркеме құрылғыларын тексеру; арқан құрылғыларының, скип көтермелері тиеу және түсіру құрылғыларының ұзындығын тексеру және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін күрделі механикалық жабдықты монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынамалау және баптау ережесі мен тәсілдерін; өздігінен жүретін кен жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін; қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық сызбасын; күрделі бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіру тәсілдерін; жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптарға, механизмдерге түсетін шекті жүктемелерді; ақаулар мен авариялардың алдын алу шараларын; күрделі жабдықты, агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынаудың және тапсырудың техникалық шарттарын; қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар мен тіркеме құрылғыларын пайдалану және куәландыру ережесін; шахта жабдығын жиынтықтау және прокат базасына тапсыру ережесін, жөнделген жабдыққа құжаттама жасауды; чертеждерді, эскиздерді, кинематикалық сызбаларды жасау ережесін; орындалатын жұмысқа қажетті көлемде слесарь ісін.

Жұмыс үлгілері.

1. Аппараттар жоғары қысымды газ құбырлары – түгендеу, жөндеу сынау.

2. Оттегілі және аргонды аппаратура - түгендеу, жөндеу сынау.

3. Жоғары салмақты технологиялық (карьерлік) автосамосвалдар - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

4. Машиналар мен механизмдердің гидротаратып бөлгіштер, клапанды блоктары, орталықтандырылған майлау жүйелері - жөндеу және баптау.

5. Конусты жармалағыштар – втулкаларды қайта престей отырып базалық тораптарды жөндеу, эксцентриктердің, аспа тораптарының, коникалық өткізгіштердің іргелес жүзбелі сақиналарын реттеу.

6. Лентасының ені 1400 мм жоғары ленталы конвейерлер – ленталарды ұштарын өңдеп, вулканизациялай отырып ауыстыру және жөндеу, храпты тоқтатқыш пен тежегіштерді реттей отырып. оларды жөндеу.

7. Өздігінен жүретін кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, өздігінен жүретін вагондар, көтеру машиналары (шығырлар) - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынамалау және күрделі агрегаттары мен тораптарын реттеу, пневмогидрожүйені жөндеу және баптау.

8. Жүк көтеру машиналары - кран асты жолдарын жөндеу, реттеу және нивелирлеу.

9. Тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар - гидравлика жүйесін реттеу, цилиндрлерді, гидромеханикалық ауыстыру қорабын бөлшектеу, құрастыру; рычаг механизмін, руль жетегін, стреланы автоматты басқаруды жөндеу.

10. Конвейерлердің көтергі және жетекті стансаларының басқару жабдығы мен аппаратурасы - монтаждау және баптау.

11. Лентасының ені 2000 мм және одан да жоғары ауыр конвейерлердің, кесектегіштердің, агломерациялық және күйдіру машиналарының, дозаторлардың, шихта материалдарының, ауыр қоректендіргіштердің редукторлары – тісті цииндрлі, коникалық және бұрамды ауыспа саңылауларын жөндеу және реттеу.

12. Сепараторлар, отырғызба машиналары, қойылтқыштар, вакуум -сүзгілер, вакуумді насостары, флотомашиналар, адамдар мен жүктерді көтеруге арналған лифтілер, қазандықтар мен бу машиналары, бу қыздырғышы бар резонансты және валкалы електер, түтін сорғыштар, шлам насостары – монтаждау, жөндеу, баптау.

13. Қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылайтын алтыншы–сегізінші сыныпты бұрғылау қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

14. Цилиндрлер, подшипниктер – монтаждау және барлық қосындыларды түпкілікті бекіту.

15. Экскаваторлар, үйінді жасағыштар, тасымалдау-үйінді көпірлері – қозғағыштар мен редукторларды орталандыру, теңгермелеу; гидравликаны жөндеу; барлық жүйені реттеу; компрессорларды жөндеу және баптау.

16. Тіркеме салмағы 25 т және одан да жоғары шахта электровоздары – бөлшектеу, жөндеу, техникалық қызмет көрсету.
§ 84. ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ слесарь

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Аппаратураны пневмоника және логикалық элементтерді қолдана отырып жөндеу, монтаждау және баптау.

Білуге тиіс: өздігінен жүретін кен машиналарының агрегаттары мен тораптарының ерекше күрделі жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктерін; өздігінен жүретін кен машиналарының ерекше күрделі жүйелерінің жұмыс режимін белгілеу принципін; чертеждерді, эскиздерді, кинематикалық сызбаларды жасау ережесін; теориялық механика, пневмоника негіздерін.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері.

1. Тепловоз тоңазытқыштарын басқару автоматикасы - тексеру, реттеу.

2. Гидравликалық жетектермен және автоматты өлшеу құрылғымен жабдықталған вагон төңкергіштер - баптау.

3. Агломерациялық және күйдіру машиналары – машинаның және жылу саңылауының қозғалысын реттеу, жетекті және бас радиусты тексеру.

4. Өздігінен жүретін кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, көтеру машиналары (шығырлар) - агрегаттар мен тораптардың ерекше күрделі жүйелерін, гидропневмоавтоматики жүйелерін жөндеу, баптау, реттеу және кешенді сынау; аспаптардың жұмысын тексеру; отын аппаратурасын жөндеу.

5. Доңғалақты сепараторлар, отырғызба машиналары - автоматты жүйелерді баптау.

6. Тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар – трансмиссия және гидротрансформатор жүйесін құрастыру және реттеу; агрегаттар мен тораптарды сынау.

7. Скипті және кілетті шахта көтергісінің көтеру машиналары, жолаушылар және жүк лифтілері – жөндеу, сынау және жұмысқа тапсыру.

8. Флотация машиналары - импеллерлерді теңгермелеу.

9. Тепловоздардың тік өткізгіштері - жөндеу, реттей отырып орнату.

10. Центрифугалар, ауа үрлеуіштер - роторларды динамикалық теңгермелеу.

11. Тоңазытқыштар, жоғары қысым агрегаттары, сепараторлар, компрессорлар – жөндеу, баптау, реттеу.


§ 85. ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ слесарь

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының ерекше күрделі кинематикалық басқару жүйелерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Ерекше күрделі машиналардың диагностикасы және профилактикасы. Жұмысының параметрлері мен сенімділігін жақсарту мақсатымен жабдықтың қарапайым кинематикалық сызбаларына өзгерістер енгізу. Хопер үлгісіндегі вагондардың жүкті түсіру және бекіту механизмінің пневматикалық және механикалық жүйесін түгендеу, жөндеу, сынау және реттеу. Ерекше күрделі, шөмішінің сыйымдылығы әртүрлі экскаваторлардың гидробөлгіштері мен пневмобөлгіштерін монтаждау, бөлшектеу, баптау, сынамалау.

Білуге тиіс: ерекше күрделі машиналардың, агрегаттардың конструктивтік ерекшеліктерін; машиналар мен механизмдер жүйелерінің ақауларын диагностикалау және жөндеу жұмыстарын орындау жолдарын; қарапайым кинематикалық сызбаларды жасау тәртібін; теориялық механика, металлдар технологиясы, материалдардың қарсылығы негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 86. ОҚПАНШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Адамдар мен жүктерді көтеру және түсіруге арналған көтеру машинасының машинисіне пайдалы қазба мен жыныстарды берудің тәуліктік жоспарлы оқпандарда: 1250 т дейін жүк көтеру кезінде; 750 т дейін – адам-жүк көтеру кезінде; 6000 т дейін скиптік көтеру кезінде жүктемеге қарамастан адамдарды түсіру-көтеру көтерімдеріне қызмет көрсету кезінде, салынып жатқан шахталардың, кеніштер мен метрополитендердің оқпандарына жүк көтеру кезінде шахтадан белгі қабылдау және белгі беру. Вагонеткалар мен платформаларды кілетке орнату және бекіту, оларды түсіру. Шахта оқпаны механизмдері мен құрылғыларының жұмысын қадағалау. Кулак құрылғыларын, итергіштерді, тербелетін алаңшаларды, стопорлар мен кілеттерді, скиптер мен қауғаларды толтыру жөніндегі басқада механизмдерді басқару. Еңісті шахталардың қабылдау алаңдарында тиеулі вагонеткаларды қабылдау және бостарын жөнелту. Оқпандарды, сақтандыру торшаларын, дозалаушы құрылғыларды проходкалау кезінде лядтарды жабу және ашу, олардың жарамдылығын қадағалау, шахтаға берілген және түсірілген материалдардың есебін алу. Ұзын өлшемді материалдар мен ауыр жабдықты түсіруге, көтеруге және тиеуге қатысу. Көтеру мен түсірудің белгіленген тәртібі мен ережесін қамтамасыз ету. Шығу жетондарын қабылдау. Көтеру, тежегіш және сақтандыру құрылғыларының, дабыл құралдарының жарамды жай-күйін қадағалау. Скиптің қисық және дұрыс отырғызылуын қадағалау. Дабыл құрылғыларын, кілеттерді, люктер мен затворларды ұсақ жөндеу. Сақтандыру айлабұйымдарын басқару. Шашылған кен массасын жинау, скиптерді тазалау. Суды сорып шығару, насостарға қызмет көрсету.

Білуге тиіс:, кілеттердің, скиптердің, қауғалардың, затворлардың, алаңшалардың, дозаторлардың, сақтандыру торшаларының, люктердің құрылымын; итергіштер мен биіктік компенсаторларының, стопорлардың, кулак механизмдерінің, парашюттің жұмыс принципін; адамдар мен жүктерді оқпан бойынша түсіру мен көтеру ережесін; вагонеткалардың үлгілерін; Ұзын материалдарды, көлемді жабдықтарды, жару материалдары мен жару заттарын тиеу, түсіру, көтеру және түсіру тәсілдері мен жолдарын; шығырларды, итергіштер мен төңкергіштерді пайдалану ережесін; көтерілген жүктің санын есепке алу ережесін; оқпан жұмысының кестесін; пайдалы қазбаны бас жыныстан ерекшелейтін сыртқы белгілерді; дозатор қондырғысының жұмысындағы ақауларды, кептемелерді жою тәсілдерін; адамдар мен жүктерді түсіру мен көтеру кезіндегі жол берілетін шекті жүктемені.

Тек материалдарды, жабдықтар мен қосалқы бөлшектреді түсіру жөніндегі қосалқы оқпандарға қызмет көрсету кезінде - 1-разряд;

пайдалы қазба мен жыныстарды берудің тәуліктік жоспары бар оқпандарға қызмет көрсету кезінде: 1250 т және одан да артық жүк көтеру кезінде; тіркеме салмағы 10 т дейінгі электровоздарда әкету жұмыстарын орындау кезінде; 750 т және одан да артық адам-жүк көтеру кезінде; 6000 т артық скиптік көтеру кезінде; салынып жатқан шахталардың, кеніштер мен метрополитендердің оқпандарына адам-жүк көтеруге қызмет көрсету кезінде; шахтадан пайдалы қазбаны бас оқпанда беру жөніндегі автоматтандырылған кешенге қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.

Ескертпе.

Судың ағыны 5 м3/с жоғары шахта оқпандарында оқпаншының разряды, оқпан жүктемесіне қарай көзделген разрядтан бір разрядқа жоғары белгіленуі мүмкін.


§ 87. ЖАБДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым машиналардың, тораптар мен механизмдердің, дабылдату және жарықтандыру құралдарының, таратып бөлу, абоненттік кабельді және телефон желілерінің электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жерге қосу, жөндеу, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Электр өткізетін әуе желілерін жөндеу және монтаждау, найзағайдан қорғанысты орнату. Электр өткізетін желілердің тіреулерін орнына ауыстыру. Бақылау-өлшеу аспаптарын: амперметрлерді, вольтметрлерді, манометрлерді ауыстыру және желіге қосу. Ток күшін, ауыспалы және тұрақты кернеуі төмен тізбектердегі кернеу күшін өлшеу. Жерге қосу контурларын орнату. Икемді кабельдерді вулканизациялау, жазба түсіру. Аккумулятор батареяларын зарядтау, электролитті толтыру және ауыстыру. Дабыл құрылғыларын ілу, электр шамдарын, электр патрондарды ауыстыру. Автоматтандырылмаған шамханалардағы электротехникалық жабдықты қарау және жөндеу. Төмен кернеулі ауыспалы ток электр қозғағыштарын қарау және ағымдық жөндеу. Ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, электроаппаратурасының нысанын, техникалық сипаттамасын, оларға техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемін; электротехника, монтаж ісі негіздерін; төмен вольтті электр қондырғыларының құрылымы мен техникалық пайдалану ережесін; таратып бөлу құрылғылары мен шағын стансаларының, күштік таратып бөлу желісінің алғашқы коммутация сызбаларын; қызмет көрсететін машиналардың, электроаппаратурасын пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды; күштік электроаппараттарды, күрделі емес металлоконструкциялары мен механизмдерді монтаждау тәртібін; броньдалған кабельдерді құрғақ дайындамаларын монтаждау нұсқаулығын; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралының нысанын және пайдалану ережесін; электротехникалық қондырғылардағы жұмысқа жіберу ережесін; электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көрсету ережесін; қызмет көрсететін өндірістік бөлімшедегі жабдықтың атауын және орналасуын; шахтадағы жарық, дыбыстық және басқа да дабылдатқыштың жүйелерін және жұмыс істеу принципін; дыбыстық және басқа да көрінетін белгілерді қабылдау және беру ережесін; бирка жүйесі ережесін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет