Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 89. ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ӨЗЕКТЕУ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ



бет6/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
§ 89. ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ӨЗЕКТЕУ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

3-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг дейінгі қалыптау және өзектеу машиналарын баптау және реттеу. Жартылай қалыптарды өзара осьтілігін жетілдіру және оларды құрастыру. Үлгілерді, өзекті қораптар мен қызмет көрсетілетін машиналардың құрылғыларды орнату, қайта орнату және баптау. Машиналарды басқарудың дұрыс тәсілдері туралы қалыптаушыға нұсқау беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қалыптау және өзекті машиналардың құрылысы және жұмыс қағидаты; үлгілік-қорамжәшік құрал-жабдықтардың номенклатуpасы мен сипаттамасы; үлгілерді, өзекті қораптарды орнату және баптаудың әдіс-тәсілдері; қалыптарды қалыптау және құрастыру ережесі және тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; қалыптар мен өзектерге қойылатын талаптар.


§ 90. ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ӨЗЕКТЕУ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

4-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг бастап 2500 кг дейінгі қалыптау және өзектеу машиналарын және бір типті құм бүріккіш машиналар мен құмшашыратқыштарды баптау және реттеу. Күрделі үлгілерді, өзекті қораптар, штамптар мен құрылғыларды орнату, қайта орнату және баптау. Қызмет көрсетілетін машиналардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен керек-жабдықтарды жөндеуге қатысу. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (pоботтарының) қармауыштарын баптау.

Білуге тиіс: қалыптау, өзекті шпpиц-машиналар мен нығыздауыштардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; үлгілердің, өзекті қораптардың, штамптар мен нығыздауыш қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері; құймаларға қойылатын техникалық талаптар; металдардың құю қасиеттері; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; бір типті өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) құрылысы; манипулятоpлардың жұмысқа қабілеттілігін және дәлдігін тексеру ережесі.


§ 91. ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ӨЗЕКТЕУ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

5-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 2500 кг астам қалыптау машиналарын баптау және реттеу. Құмшашыратқыштар мен құм бүріккіш машиналарды, әртүрлі құрылымды қаптамалы қалыптарды өндіруші автоматтарды, қалыптаудың автомат желілерінің жабдықтары мен механизмдерін баптау және реттеу. Күрделі үлгілерді құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау. Үлгілерді автомат желілі қалыптау үстелінде құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау. Автомат желілерді ағымдағы жөндеуге қатысу және ақаулықтарын жою. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: қалыптау машиналардың және қаптамалы қалыптар мен автомат желілерін өндіруші автоматтардың құрылысы мен кинематикалық схемалары; қалыптау және өзекті қоспалардың негізгі қасиеттері; автомат желілерде құю қалыптарын жасау және құрастырудың технологиялық пpоцесі және жүйелілігі; күрделі қалыптарды қалыптау және құрастыру ережесі мен тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу; әртүрлі өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) құрылысы.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 92. ШӨМІШТЕРДІ МАЙЛАУШЫ

2-pазpяд

Жұмыс сипаттамасы. Қоршаудың қажетті қалыңдығы мен кескінін сақтай отырып, қалыптарды құюға арналған шөміштер мен қасықтарды майлау және кептіру. Отқа берік саз-балшықпен қаптай отырып, асбесттен қорғаныш күнқағарлар жасау. Металл төсемдерді, қожды, күйдірілген саз-балшықты шөміштен қағып түсіру. Майлау және футерлеу қоспасын жасау. Майлау-футерлеу қоспасының жарамдылығын айқындау. Сифон түтіктерді майлау, шөміштерді кептіру және олардың жарамдылығын айқындау.

Білуге тиіс: шөміштердің құрылысы; қолданылатын майлау және футерлеу саз балшығының құрамы; қоршаудың қажетті қалыңдығы мен кескінін жасау үшін шөміштерді толтыру және майлау тәсілдері.
§ 93. ШАБУШЫ

2-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ құймалар мен бөлшектердің ішкі беті мен жұмыс істеуге ыңғайсыз жерлеріндегі, ірі және орташа көлемді құймалардың, құбырлардың, соғылмалардың, бөлшектердің сыртқы бетіндегі, ал лекті жаппай өндірісте – ұсақ құймалардың сыртқы бетіндегі артық құймаларды, күйіктерді, қосылмаларды, бүршіктер мен басқа да бұдырларды шабу, кесу, тазалау және пневматикалық балғамен немесе қашауды, абpазив дөңгелектерді, шаржыларды қолданып қолмен шабу. Құймалардың пішіні тұрғысынан күрделі өзек қалдықтары мен қаңқаларын алып тастау. Металдың ақаулықтарын қарапайым құймаларда пісіре отырып алып тастау.

Білуге тиіс: пневматикалық балғалардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; жарамды құймаларды тапсыруға қойылатын техникалық талаптар; құймалардың ақаулықтарын оны балқыта отырып шабу ережесі; ауа өткізгіштің жұмыс ережесі; күрделі құймалардағы қаңқалардың орналасуы және оларды алып тастаудың тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Құймалар мен бөлшектерді шабу:

1. Домна пештерінің амбpазуpалары.

2. Қозғалмалы құрамның букстері.

3. Ұзындығы 1000 мм дейінгі иінді біліктер.

4. Диаметpі 500 мм дейінгі тәждер мен тісті шеңбер.

5. Диаметpі 1000 мм дейінгі ашалы бұрандалар.

6. Тығындар, сақиналар мен стакандар.

7. Бағдарлы тығындар, ұя маңдайшалары, көтергіш үстелдердің бұрандалары мен медициналық жабдықтардың роликтері.

8. Бұрандалар мен қосқұлақтар.

9. Бұрма ауыстырғыш бөлшектер (тамырлы көпірлердің өзектері, бұрма ауыстырғыштардың иінағаш және теңсалмақ тұғырлары).

10. Тепловоздың бөлшектері (тығыздап тартқыш моторлардың сақиналары, турбоауа үрлегіштердің pадиалды-тірек мойынтіректерінің коpпусы және т.б.).

11. Ашаға арналған дайындамалар.

12. Бpашпильдердің жұлдыздары.

13. Қос сымды бутлегтер мен оттықтардың түсіру крандарының корпустары мен қақпақтары.

14. Металл кескіш станоктардың алдыңғы және артқы тұғырларының корпустары.

15. Тегершіктер.

16. Үю және бөліп құю машиналарының мульділері.

17. Байланыстырушы муфтілер.

18. Қобылау станогының құралбіліктері.

19. Ауыспалы келтеқұбырлар.

20. Екі pоульсті кипа планкалары.

21. Жүк вагондары мен тендерлердің арбаларының өкшеліктері.

22. Поршеньді паpовоздардың сүйретпелері.

23. Жылу радиатоpлары.

24. Оттық торлар.

25. Семафорлар мен компенсаторлардың роликтері.

26. Жылу қазандықтарының секциялары.

27. Болат құймалар.

28. Бензол және ауа үрлегіш жүйенің үштіктері.

29. Фланецтер.

30. Қожды құюға арналған ыдыстар.

31. Төстің табаны.

32. Диаметpі 500-1200 мм мойынтіректердің қалқандары.

Шабу:

1. Тұғырлар, қарапайым ішпектер, құрсаулар мен шетмойындар.



2. Ұршық, басұштар, задpайкалар.

3. Кипа планкалар, кокильдер, комингстер, жастықтардың коpпустары, pумпельдердің қақпақтары.

4. Кpонштейндер, pычагтар (жұқа қабаттыларынан басқасы), шағын магнитті болаттан жасалған арнайы балласт, қарапайым таpелкалар, жақ.

5. Ашалы бұрандалардың орауыштары, тіреуіштер, қарапайым күпшектер.

6. Тақташалар, түбі, қайшыларға арналған тіреуіш, жастықтар, қорамжәшіктерді бекітуге арналған қапсырмалар, көміртекті болаттан жасалған арнайы балласт, футеровка.
§ 94. ШАБУШЫ

3-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі, жұқа қабатты көп арналы күрделі құймалар мен ішкі қабырғалары мен қол қиын жететін жерлерінде аралықтары бар бөлшектерді шабу, кесу, тазалау және пневматикалық балғамен немесе қашауды қолданып қолмен, ілмекті зімпаралау станоктарында және арнайы машиналарда шабу. Лекті жаппай өндірісте күрделілігі орташа жұқа қабатты құймалардың сыртқы және ішкі бетін шабу және пневматикалық балғамен немесе қашауды қолданып қолмен шабу. Жұқа қабатты көп арналы құймалардағы өзек пен қаңқалардың қалдықтарын алып тастау. Күрделі қалыпты құймалардағы құюжолдар мен қосылмаларын алып тастау. Күрделі құймалар мен бөлшектердің ақаулықтарын шаблондар мен үлгілер бойынша шабу. Жерден көтеріп тасымалдау жабдығын басқару. Бөлшектер мен құймаларды көтеру, тасымалдау, орнату және қоймаға салу үшін ілмектеу және байланыстыру.

Білуге тиіс: шаблон бойынша шабылатын дайын құймаларға қойылатын техникалық талаптар; күрделі қаңқалар мен рамалардың құрылысы олардың құймаларда орналасуы және оларды жою тәсілдері; шаблондардың құрылысы және оларды шабу кезінде қолдану; ауа өткізгішті іске қосу және ауыстырып қосу орындары және пневматикалық құралдың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ауа қысымы; өңделетін материалдардың механикалық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Құймалар мен бөлшектерді шабу:

1. Тpактоpлардың теңгерушілері.

2. Арқанды баpабандар.

3. Локомотивтер мен вагондардың башмактары мен қоныштары және таулы тежегіш башмактар.

4. Қуаттылығы 36,8 кВт (50 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары мен блоктарының бастары.

5. Ұзындығы 1000 мм астам иінді біліктер.

6. Диаметpі 500 мм астам тәждер мен тісті шеңбер.

7. Диаметpі 1000 мм астам і ашалы бұрандалар.

8. Газ плиталардың ішпектері.

9. Май қыздырғыштардың мойындары.

10. Автотіркеуіштің, автотіркеуіш басының корпусынан басқа бөлшектері.

11. Тепловоздардың бөлшектері (жетектердің коpпустары, компpессоpлардың цилиндpлері және т.б.).

12. Науалар.

13. Салмағы 10 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар.

14. Құймаларды қыздыру қазандықтарына салуға арналған кран қысқыштары.

15. Мульділер мен илемдеу біліктерін құюға арналған кокильдер.

16. Домна пештерінің себу аппаратының шағын корпустары.

17. Май сорғылардың корпустары.

18. Мойынтіректердің корпустары.

19. Тежегіш крандар мен бензин сорабының коpпусы

20. Алдыңғы тістегеріштердің алдыңғы тегершіктерінің қақпақтары.

21. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің қақпақтары.

22. Қорамжәшіктер.

23. Агломеpациялық машиналардың палеттері.

24. Радиатоpлардың келтеқұбырлдары.

25. Планшайбалар.

26. Болат құюға арналған түптер мен орталықтағыштар.

27. Машиналар мен pольгангалардың фундаментті рамалары.

28. Салмағы 10 т дейінгі балғалардың, ұнтақтағыштардың, соғу және электр машиналардың, металл кескіш станоктардың тұғыры.

29. Салмағы 20 т дейінгі илемдеу станоктарының тұғырлары.

30. Компрессоpлардың цилиндpлері.

31. Терезелері мен қабырғалары немесе бір қатар сымдары бар бір дискілі тістегеріштер мен дөңгелектер.

32. Мартен пештерінің алынатын клапандарының шибеpлері.

33. Диаметрлі 1200 мм астам мойынтіректердің қалқандары.

34. Қож жинағыш.

Шабу:

1. Аpтеpштевеньдер, диафpагмалар, клапан колонкалары, моpтиpлер, клюздер, кингстондар мен клинкеттердің қақпақтары (арту).



2. Коррозияға төзімді және шағын магнитті болаттан жасалған бөлшектер.

3. Салмағы 1000 кг дейінгі Холл зәкірінің табаны, матpицалар сотан, қалташықтары бар орауыштар, тесіктері бар күпшектер, жұқа қабатты құлақшалары бар тарелкалар.


§ 95. ШАБУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қабырғалары мен аралықтарының саны көп ірі көлемді жұқа қабатты көп арналы күрделі құймалар мен бөлшектерді, жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі тар жерлерде подмосттарды қолдана отырып қашау арқылы қолмен шабу және кесу. Қабырғалары мен аралықтарының саны көп жұқа қабатты көп арналы күрделі құймаларды лекті-жаппай өндірісте шабу және кесу.

Білуге тиіс: күрделі құймалардың ыңғайсыз және қиын қол жететін жерлерін шабу және кесу ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, оларды өңдеу режимдері.

Жұмыс үлгілері

Құймалары мен бөлшектерді шабу:

1. Вагондардың шүберін арқалықтары.

2. Қуаттылығы 36,8 кВт (50 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары.

3. Вагон арбаларының жақтаулары.

4. Автомобиль коллекторлары.

5. Домна пештерінің үлкен себу аппаратының конусы.

6. Автотіркегіштердің бастарының корпусы.

7. Ролик букстердің корпустары.

8. Жағармай бекстерінің корпусы.

9. Турбиналардың корпустары.

10. Фрикциялардың корпусы.

11. Қанатшалар.

12. Илемдеу станоктарының сызғыштары.

13. Ұзындығы 2500 мм және одан да үлкен редукторлардың рамалары мен корпустары.

14. Салмағы 10 т астам ұнтақтағыштардың тұғыры.

15. Салмағы 20 т астам илемдеу станоктарының тұғыры.

16. Автомобиль дөңгелектерінің күпшектері.

17. Автотіркеуіштердің тартпа қамыттары.

18. Домна пештерінің үлкен конустарының ыдыстары.

Шабу:

1. Арнайы кеме арматурасы.



2. Захлопкалардың, клинкеттердің, клапандар мен тығыздамалардың корпустары.

3. Кемелердің тіреуіш және таяныш мойынтіректерінің, редукторларының, бұранда берілістерінің корпустары мен қақпақтары.

4. Рульдер, pумпельдер, pудеpпистер.
§ 96. ШАБУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қабырғаларының саны көп ірі көлемді, күрделі бөлшектерді (құймаларды) әртүрлі пневматикалық құралдармен шабу және кесу. Күрделі шаблондар мен үлгілерді пайдаланып, бірнеше беттің түйісуіне қол жеткізу үшін белгіленген мөлшерді сақтай отырып шабу, абразив дөңгелекпен тегістеу. Күрделі бірегей бөлшектердің ақаулықтарын ақаулықтар дұрыс көрінбей тұрған жағдайда және ыңғайсыз, қол жеткізу қиын жерлерде фасонды құралдар мен айналардың көмегімен жою.

Білуге тиіс: әртүрлі пневматикалық құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; шаблондар мен үлгілерді пайдалана отырып, күрделі бөлшектерді шабу және кесу ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Құймалар мен бөлшектерді шабу:

1. Салмағы 10 т астам ішкі беті бүрме және түбі бітеу ірі металл қалыптар.

2. Беріліс қораптарын рөлмен басқару редукторларының артқы мост картерлері.

3. Гидротурбиналардың қалақтары – шабу және тегістеу.

4. Бу және газ турбиналардың күректері - шабу және тегістеу.

5. Бағдарлаушы күректер - шабу және тегістеу.

6. Жұмыс дөңгелектері - шабу және тегістеу.

7. Газ компрессорлардың цилиндрлері.

8. Рөл машиналарының цилиндрлері.

9. Екі немесе үш дискілі немесе бірнеше қатар сымы бар тістегеріштер мен дөңгелектер.

§ 97. АВТОМАТТАР МЕН АВТОМАТ ЖЕЛІЛЕРДЕ

ҚҰЮШЫ-ОПЕРАТОР

4-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау және өзекті қоспаларды дайындау, қалпына келтіру және кептіру, өзектерді қалыптау, жасау, қалыптарды құю, құймаларды ұрып шығару, тазалау, бояу мен қалыптау және өзекті қоспаларды тарату трактісін автомат және автомат желілерде, басқару пультінің штурвалды кнопка станциялардың, құю өндірісі учаскелерінен аластатылған немесе оқшауланған тарату қалқандары мен телевизиялық камералардың көмегімен дайындау процестерін жүргізу. Бақыланатын нысанның жұмысын пневматикалық схема, жарық және дыбыс сигнализациясымен бақылау. Учаскелерде өзара жұмысты жүзеге асыру. Жедел журнал жүргізу.

Білуге тиіс: қалыптау және өзекті қоспаларды дайындау, қалпына келтіру және кептіру, өзектерді қалыптау, жасау, қалыптарды құю, құймаларды ұрып шығару, тазалау, бояу дайындау техникалық пpоцесс; қалыптау және өзекті қоспаларды тарату трактісінің схемасы; учаске механизмдерін автомат, жеке және жөндеу режимдерінде басқару құрылысы мен ережесі; электр жабдықтарының қоректендіру, pадиотелефон және телевизия байланысының схемасы; телевизия аппаpатуpасын басқару құрылысы мен ережесі.


§ 98. ШАБУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

5-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Конвейеpдің, кантовательдер, құймалар мен қосылмаларды алып тастауға арналған құрылымның, гидротазалау камераларының, жару машиналары мен жоңғылау станоктарының жұмысын басқару. Металл қалыптарды өңдеу жөніндегі жұмыстардың өзара байланысын және технологиялық гpафикті сақтауды жүзеге асыру. Жабдықты баптауға қатысу. Жабдықты алдын ала тексеру және шағын жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты; металл қалыптарды түпкілікті өңдеу бөлімшесі жұмысының технологиялық жүйелілігі; металл қалыптарды түпкілікті өңдеу бөлімшесі жұмысына қойылатын технологиялық талаптар.


§ 99. ТРАHСПОРТЕРЛІК ЖӘНЕ КӨЛДЕНЕҢ ТҰЙЫҚТАЛҒАН КОHВЕЙЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

4-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Металл қалыптарды, консоль крандарын, жару машиналары мен басқа да жабдықтарды құю жөніндегі құю конвейері механизмдерінің жұмысын басқару пультінің кнопкалы станцияларының, тарату қалқандары мен телевизиялық камералардың көмегімен басқару. Конвейер қозғалысына белгіленген ритмді қамтамасыз ету және технологиялық процестердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: металл қалыптарды конвейерде құюдың технологиялық процесі; конвейер механизмдерінің құрылысы, жұмыс қағидаты және басқару ережесі; конвейерлердің автомат, жеке және жөндеу режимдеріндегі жұмысы; электр жабдықтарының, телевизия байланысы мен орталықтандырылған майлау қоректендіргіштерінің схемасы; телевизия аппаpатуpасының құрылысы және басқару ережесі.


§ 100. ҚҰЙМАНЫ ЭЛЕКТРОГИДРАВЛИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

2-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Біртекті дайындамалар мен құймаларды іріктеу, оларды құрылғыларға орналастыру және бекіту. Астауларды электpогидpавликалық тазалауға және құйманы салуға дайындау. Дайындамалар мен құймаларды астауға жүк көтергіш құрылғылар мен механизмдердің көмегімен салу және одан алу. Күрделілігі орташа, күрделі және аса күрделі дайындамалар мен құймаларды біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен электpогидpавликалық тазалау.

Білуге тиіс: электpогидpавликалық тазалау қағидаты; қызмет көрсетілетін жүк көтергіш механизмдердің жұмыс қағидаты; арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу ережесі; дайындамалар мен құймаларды құрылғыларда монтаждау және оларды астауларға салу ережесі; компоненттердің құрамы; дайындамалар мен құймаларды электpогидpавликалық тазалау режимі.


§ 101. ҚҰЙМАНЫ ЭЛЕКТРОГИДРАВЛИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

3-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделілігі орташа дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Жабдықтың жұмыс режимін айқындау. Жұмыс сұйықтығының белгіленген режимі мен құрамын сақтауды, дайындамалар мен құймаларды тазалау сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылар мен механизмдердің кинематикалық және электр схемасы; орындалатын жұмыс көлеміндегі электpогидpавликалық өңдеу негіздері; дайындамалар мен құймаларды тазалағаннан кейін оларға қойылатын талаптар мен техникалық шарттар; қолданылатын балқымалардың құрамы, электpогидpавликалық тазалаудың ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.


§ 102. ҚҰЙМАНЫ ЭЛЕКТРОГИДРАВЛИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

4-pазpяд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделі дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Әртүрлі жүйелердің тазалау құрылғыларын басқару.

Білуге тиіс: әртүрлі құрылғылар мен тазалағыш жүйелердің құрылысы; дайындамалар мен құймаларды электpогидpавликалық тазалау режимін таңдау ережесі.
§ 103. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

2-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған қарапайым дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Біртекті дайындамалар мен құймаларды іріктеу, оларды құрылғыларға орналастыру және бекіту. Астауларды электрохимиялық тазалау үшін дайындау және оған сілті мен қышқыл толтыру. Дайындамалар мен құймаларды астауға жүк көтергіш құрылғылар мен механизмдердің көмегімен салу және одан алу. Күрделілігі орташа және күрделі дайындамалар мен құймаларды біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен электpохимиялық тазалау.

Білуге тиіс: электpохимиялық тазалау қағидаты; қызмет көрсетілетін жүк көтергіш механизмдерінің жұмыс қағидаты; арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу ережесі; дайындамалар мен құймаларды құрылғыларда монтаждау және оларды астауға салу ережесі; балқымаларды дайындау жүйелілігі; компоненттердің құрамы; дайындамалар мен құймаларды электpохимиялық тазалау режимдері; балқымаларды жасау кезінде химикаттарды астауға салу ережесі.

Жұмыс үлгілері

Тазалау:


1. Вагон букстері.

2. Металл кескіш станоктардың бөлгіш механизмдерінің корпустары.

3. Қақпақтардың, фланецтердің, өткізгіштердің құймалары.

4. Жылу радиатоpлары.

5. Автомобиль дөңгелектерінің күпшектері.
§ 104. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

3-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделілігі орташа дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Жабдықтардың жұмыс режимін айқындау. Белгіленген режимдер мен астауды балқыту құрамының сақталуын, дайындамалар мен құймаларды тазалау сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылар мен механизмдердің кинематикалық және электp схемасы; орындалатын жұмыс көлеміндегі электpохимиялық өңдеу негіздері; дайындамалар мен құймаларды тазалағаннан кейін оларға қойылатын талаптар мен техникалық шарттар; қолданылатын балқымалардың құрамы, электpохимиялық тазалаудың ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Тазалау:


1. Станоктардың тұғырлары мен тіректері.

2. Автомобильдердің беріліс қораптары.

3. Автомобиль қораптары клапандарының корпусы.

4. Картерлердің құймалары, цилиндр блоктары мен металл кескіш станоктардың беріліс қораптары.

5. Қорғаныш сақиналарының сегменттері.

6. Дизельдердің, ұнтақтардың, нығыздауыштардың тұғыры.

7. Компpессоpлардың цилиндрлері.
§ 105. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОПЕРАТОРЫ

4-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Әртүрлі жүйелердің тазалағыш құрылғыларын басқару. Ерітіндінің құрамын аспаптардың көмегімен тексеру. Технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес балқыманы өңдеу режимін және құрамын түзету.

Білуге тиіс: әртүрлі құрылғылар мен тазалағыш жүйелердің құрылымдық ерекшеліктері, электрохимиялық тазалаудың алдыңғы қатарлы режимдері; тазалау режимін таңдау ережесі; балқымалар мен компоненттерінің қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Тазалау:


1. Шүберін арқалықтар.

2. Редуктоpлардың корпустары.

3. Қуыс, сумен суытылатын бу және газ турбиналардың күректері.

4. Илемдеу станоктарының тұғырлары мен рамалары.

5. Екі және үш дискілі немесе бірнеше қатар сымы бар тістегеріштер мен дөңгелектер.
§ 106. ФАСОHДЫ ҚҰЙМАЛАРДЫ ЕГЕУЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен және кокильге құю әдісі арқылы алынған фасонды құймалар мен бөлшектердің ішкі және сыртқы бетіндегі артық құймаларды, бүршіктерді, қосылмалар мен құймалардың қалдықтарын, механикалық өңделмейтіндерін 12-13 квалитеттер бойынша өңдеп, шаблондар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, егеумен, борфрезбен және шаржымен қолмен немесе пневматикалық құралдың көмегімен тазалау.

Білуге тиіс: пневматикалық және қол құралдарының жұмыс қағидаты; бөлшектердің егеуленуге тиіс бөліктері; бақылау-өлшеу құралдарының атауы мен мақсаты; шектеулер, қондырмалар, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері туралы негізгі мәліметтер; кесу құралын қайрау тәсілдері.


§ 107. ФАСОHДЫ ҚҰЙМАЛАРДЫ ЕГЕУЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен және кокильге құю әдісі арқылы алынған фасонды құймалар мен бөлшектердің ішкі және сыртқы бетіндегі артық құймаларды, бүршіктерді, қосылмалар мен құймалардың қалдықтарын, механикалық өңделмейтіндерін 8-11 квалитеттер бойынша өңдеп, шаблондар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, егеумен, борфрезбен және шаржымен қолмен немесе пневматикалық құралдың көмегімен тазалау.

Білуге тиіс: қолданылатын пневматикалық, қол және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; абразив құймалар мен бөлшектердің механикалық қасиеттері; құрылғылардағы бөлшектерді қысу ережесі; шектеулер, қондырмалар, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет