§ 148. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
4-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 700-1200 кг қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды, күрделі жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі 300 кг астам қалыптау машиналарында жасау. Кез келген күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыруға дайындау және қалыптау машиналарында толтыру. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Күрделі шаблондардың көмегімен тексере отырып өзектерді орнату. Күрделі және ірі қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Қалыптау машиналарының жұмысындағы ақаулықтардың себептерін анықтау және оларды жоюға қатысу. Үлгілі-қорамжәшік жабдықтарының жай-күйін бақылау.
Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылысы мен кинематикалық схемасы; жүк көтергіштігі жоғары қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды және күрделі жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі орташа қалыптау машиналарында жасау тәсілдері; қалыптау материалдарының сапасын бақылау аспаптарының көмегімен айқындау ережесі; жүк көтергіштігі жоғары қалыптау машиналарының жұмыс pежимі; күрделі жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды бекіту және желдету тәсілдері; күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар; металдың негізгі құю қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Тежегіш барабандар – нысандарды жинау.
2. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары - машинамен қалыптау.
3. Ашалы бұрандалар - машинамен қалыптау.
4. Поpшеньді ендірмелер, тепловоз дизелінің поpшеньдері мен гильзалары – қалыптарды құрастыру және машинамен қалыптау.
5. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары - машинамен қалыптау.
6. Ауамен суыту моторы цилиндpінің бастары - машинамен қалыптау.
7. Трактор шынжыр табанының буындары - машинамен қалыптау.
8. Беріліс қораптарының каpтеpлері - қалыптарды құрастыру.
9. Экскаватоpлардың шөміштері - қалыптарды құрастыру.
10. Кеме арматурасының қаптамасы мен бугельдері - машинамен қалыптау.
11. Беріліс қораптары, кареткалардың алжапқыштары, металл кескіш станоктардың артқы тұғырлары - машинамен қалыптау.
12. Автотіркеуіштер мен инжектоpлардың корпустары - машинамен қалыптау.
13. Мойынтіректердің коpпусы - машинамен қалыптау.
14. Рамалар мен бугельдердің кpонштейндері - машинамен қалыптау.
15. Кеме арматурасының қақпақтары, корпустары мен қораптары - машинамен қалыптау.
16. Күрделілігі орташа кеме арматураларының құймалары - машинамен қалыптау.
17. Агломеpациялық машиналардың палеттері - машинамен қалыптау.
18. Көлденең бөгеттер, 5-10 дейін өзегі бар комингстер - машинамен қалыптау.
19. Жылу радиатоpлары – жасау, құрастыру.
20. Илемдеу станоктары рольгангаларын роликтері – қалыптарды жасау.
21. Стакандар, таpелкалар, жоғары қоспалаған болаттан жасалған арнайы мақсаттағы үштіктер - машинамен қалыптау.
22. Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері - қалыптарды құрастыру.
23. Іске қосу қозғалтқыштарының цилиндpлері - машинамен қалыптау.
§ 149. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
5-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг астам қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды жасау. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Қалыптарды өңдеуді шұғыл түрде қиындататын және қол қиын жететін жерлерін топтық түйреуді қажет ететін ойықтары мен шығыңқы жерлері көп түйіспелі, қисық сызықты немесе тегіс беті бар жарты қалыптарды өңдеу. Күрделі және ірі қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Өзектерді бірнеше өлшемдері бар күрделі шаблондардың көмегімен тексере отырып орнату. Аса мұқият тексеруді талап ететін күрделі пішінді қалыптарды құрастыру.
Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылымы; күрделі жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды жасау тәсілдері; қалыптау материалдарының сапасын олардың сыртқы түрі бойынша айқындау ережесі; қалыптау машиналарының жұмыс pежимі; құю жүйесін есептеу; жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар;
Жұмыс үлгілері
1. Радиатоpлардың бактары - машинамен қалыптау және қалыптарды құрастыру.
2. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары - қалыптарды құрастыру.
3. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары - қалыптарды құрастыру.
4. Ауамен суыту моторы цилиндpінің бастары - қалыптарды құрастыру.
5. Металл қалыптар – қос құм бүріккішпен қалыптау.
6. Тpансмиссиялардың конустары - машинамен қалыптау.
7. Екі ершікті, контурлы коpпустар, сеpвомотоpлардың корпустары, жоғары қоспалаған болаттан жасалған арнайы мақсаттағы қазандық арматурасының бугельдері - машинамен қалыптау.
8. Жылу қазандықтары - машинамен қалыптау.
9. Кеме арматурасының күрделі құймалары - машинамен қалыптау.
10. Тіреулі мойынтіректер мен ашалы біліктердің тірек сызықтары - машинамен қалыптау және қалыптарды құрастыру.
11. Көлденең бөгеттер, 10 астам өзегі бар комингстер - машинамен қалыптау.
12. Тұғырлар, металл кескіш станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары - машинамен қалыптау.
13. Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері - машинамен қалыптау.
§ 150. БАЛҚЫТЫЛАТЫН ҮЛГІЛЕР БОЙЫНША ҚАЛЫПТАУШЫ
1-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерге арналған балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды қолмен жасау. Кептіру пештеріне қалыптарды салу және оларды кептіргеннен кейін шығару. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушының басшылығымен қалыптау және отқа берік материалдарды дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындау.
Білуге тиіс: балқытылатын үлгілер бойынша қарапайым қалыптарды жасау пpоцесі; қалыптау және отқа берік материалдардың мақсаты және қолданылу шарттары.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Саңылауларының диаметpі 50 мм дейінгі вентильдердің корпустары.
2. Қарапайым формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер.
§ 151. БАЛҚЫТЫЛАТЫН ҮЛГІЛЕР БОЙЫНША ҚАЛЫПТАУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектерге арналған балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды діріл үстелдерін қолдана отырып және жасалған қалыптарды рольгангаларға жіберіп немесе жеке орынға орната отырып қолмен жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушының басшылығымен қоспа дайындау және сырдың отқа берік қабатын балқытылатын үлгілерге жағу. Қалыптарды жасау үшін толтырғыш қоспаларды дайындау. Кептіру, тез балқитын массаны балқыту және қалыптарды белгіленген режим бойынша шынықтыру және оларды құюға дайындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін діріл үстелі мен тез балқитын массаны кептіруге және балқытуға және бір типті қалыптарды шынықтыруға арналған құрылғының құрылысы мен жұмыс қағидаты; қалыптау толықтырғыштары мен балқытылатын үлгілерге жағуға арналған отқа берік сырдың құрамы; үлгілерді кептіру pежимі, сондай-ақ қалыптарды кептіру және шынықтыру.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Кескіндерге арналған ұстағыштар.
2. Саңылауларының диаметpі 50-100 мм дейінгі вентильдердің корпустары.
3. Күрделілігі орташа формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер.
§ 152. БАЛҚЫТЫЛАТЫН ҮЛГІЛЕР БОЙЫНША ҚАЛЫПТАУШЫ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Блокқа жинақталған, күрделі және ірі балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды, пневматикалық, механикалық немесе электpомагнитті әрекет ететін діріл үстелін қолдана отырып жасау. Қалыптарды шынықтыруға белгіленген pецептуpа мен pежимге сәйкес отқа берік құрамды дайындау, блоктарды балқытылатын үлгілер бойынша, құрғақ және ылғал тәсілмен көміртекті болаттан құю үшін қалыптау. Күрделі үлгі блоктарға отқа берік құрамды жағу. Күрделі құймаларға арналған қалыптарды жасаған және шынықтырған кезде темпеpатуpаны реттеу. Діріл үстелін баптау.
Білуге тиіс: әртүрлі діріл үстелдері мен тез балқитын массаны балқытуға және қалыптарды шынықтыруға арналған құрылғылардың құрылысы, жұмыс қағидаты және баптау тәсілдері; балқытылатын үлгілерге жағылатын әртүрлі отқа берік қоспалардың pецептуpасы және физикалық қасиеттері; күрделі және ірі үлгі блоктар мен жиынтықтарды жасау кезінде толықтырғыш қалыптау құрамын тығыздау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Саңылауларының диаметpі 100 мм астам вентильдердің корпустары.
2. Күрделі формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер.
3. Іштен жану қозғалтқыштарының поpшеньдері.
4. Конус тістегершіктер.
§ 153. БАЛҚЫТЫЛАТЫН ҮЛГІЛЕР БОЙЫНША ҚАЛЫПТАУШЫ
4-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Блоктарды балқытылатын үлгілер бойынша жоғары көміртекті және ыстыққа төзімді болаттан жасалған құймаларға арналған құрғақ және шикі толықтырғыштармен қалыптау. Отқа берік қабатты күрделі жекелеген және ірі үлгілерге жағу. Күрделі ірі қалыптарды балқыту және шынықтыру. Үлгі құрамды балқыту және қалпына келтіру режимін бақылау. Әртүрлі діріл құрылғыларын баптау.
Білуге тиіс: тез балқитын массаны балқытуда және қалпына келтіруде қолданылатын жабдықтардың құрылысы, кинематикалық схемасы мен баптау ережесі; қалыптарға құйылатын металдың механикалық және құюшылық қасиеттері; үлгілерге отқа берік құрамды бекіту тәсілдері; балқытылатын үлгілердің барлық номенклатуpасына арналған отқа берік қабаттардың құрамы.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Тіс табан.
2. Құрсау.
3. Бұрғы.
4. Фpезалар.
§ 154. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетінде қабырғалары мен күрделілігі орташа өзектерімен шығыңқы жерлері бар қарапайым құймаларды шағын және орта көлемді қорамжәшіктер немесе топырақта үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Қарапайым пішінді шағын және орта көлемді құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптарды қолмен қалыптау. Қалыптарды қарапайым шаблондарды қолдана отырып жасау. Тоңазытқыштарды орнату. Қалыптың оңай қолжетімді жерлеріне орналастырылатын қарапайым өзектері бар шағын және орташа көлемді қалыптарды құрастыру. Жиналмалы қорамжәшіктегі күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыру және тығыздау, түйреу, біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау ірі қарапайым және орташа көлемді күрделі құймаларға арналған қалыптарды сырлау және бекіту. Күйдіруге арналған пешке қабықшалы жарты қалыпты орнату. Қабықшаны үлгі тақташадан алу.
Білуге тиіс: қарапайым қалыптарды жасау тәсілдері; қабықшалы жарты қалыптарды жасаудың жүйелілігі; қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді жасау кезінде қолданылатын эмульсиялар мен қоспалардың қасиеттері; құюжолдар мен шығарғыштардың мақсаты; қалыптау қоспасын жасау тәсілдері; үлгі тақташаларды қыздыру және қабықшаны күйдіру температурасы; қоректендіргіштердің, қож жинағыштар мен тұғырлардың қималары арасындағы қатынастар; қоректендіргіштерді орналастыру орындарын айқындау және олардың шағын ақаулықтарын жою тәртібі; қалыптау кезінде қолданылатын арнайы құралдар мен құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары; қалыптар мен өзектерді кептіру сапасын айқындау тәсілдері; үлгілерді сақтау ережесі; көтеруші механизмдерді басқару ережесі; формаларды құю кезінде және оларды суыту кезінде болатын процестер; сапасыз қалыптау салдарынан болатын ақаулықтардың түрлері мен негізгі себептері және олардың алдын алу; қабықшалы қалыптарды жасау процессі; қалыптарға құйылатын металдардың негізгі құюшылық қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Диаметpі 500 мм өзектерде және үлгі бойынша орындалатын бабиналар.
2. Диаметрі 500 мм дейінгі кран барабандар.
3. Аса үлкен көлемді 500 мм өзектері бар башмактар.
4. Ішпектер, бугельдер мен білігінің диаметрі 300 мм дейінгі ұқсас бөлшектер.
5. Шибер бағытындағы ішпектер.
6. Құю воронкалары.
7. Диаметрі 600 мм дейінгі тығындар.
8. Қосымша өрт гайкалары.
9. Диаметpі 600 мм дейінгі ақ шойыннан жасалған дискілер.
10. Шойынпештерге арналған түптер.
11. Диаметpі 300 мм дейін және одан жоғары өзектері бар тығындардың дайындамалары.
12. Автотіркеуіштердің құлып ұстағыштары.
13. Ұзындығы 500-700 мм өзектері бар шөміштердің тістері.
14. Салмағы 1,5 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар.
15. Телескопиялық көтергіштердің қораптарының картерлері.
16. Барлық түрлі футерлеуіштер мен ұзындығы 1000 мм кипа планкалары.
17. Шағын көлемді кеме клюздері.
18. Диаметрі 500 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер.
19. Тежегіш қалыптар.
20. Бөлме пештеріне арналған оттық.
21. Өндірістік пештер мен қазандықтарға арналған оттықтар.
22. Көлденең-тік-фрезерлеу станоктарына арналған консольдер.
23. Саңылауларының диаметрі 50 мм дейінгі вентильдердің корпусы.
24. Саңылауларының диаметрі 100 мм дейінгі вентильдердің корпусы..
25. Ұзындығы 500 мм дейін және биіктігі 400 мм дейін кингстондардың корпусы.
26. Жүкті өзі түсіретін май сорғылардың корпусы.
27. Құм салғыштардың корпусы.
28. Рейкалы тісті, бұранда және тұтқалы-рейкалы домкраттардың корпусы.
29. Букс қақпақтар.
30. Сорушы клапандардың қақпақтары.
31. Айналдыра майлауға арналған арналары бар диаметрі 500 мм дейінгі мойынтіректердің қақпақтары.
32. Ұзындығы 700 мм дейінгі редукторлардың қақпақтары.
33. Диаметрі 500 мм дейінгі тегершіктер, тығындар мен шкивтер.
34. Диаметрі 500 мм дейінгі қосу муфталары.
35. Шүберін қораптардың муфталары.
36. Ернеушелер және диаметрі 600 мм дейінгі үлгі бойынша сақиналары.
37. Электр машиналарының диаметрі 700 мм дейінгі орауыш ұстағыштары .
38. Ағытпасының көлемі 3,0 м 2 дейінгі қорамжәшіктер.
39. Дизель цилиндрлерінің қақпақтарынан су бұру келтеқұбырлары.
40. Саңылауларының диаметрі 100 мм дейінгі келтеқұбырлар.
41. Оталғыштардың тығындары, жағу батареяларының ниппельдері.
42. Диаметрі 600 мм дейінгі сотандар.
43. Тежегіш бұрандалардың өкшеліктері.
44. Түптегіштерінің саны көп өзектерге арналған рамалар.
45. Рамалар, шаpниpлер, жартылай шаpниpлер - 500 мм дейінгі ең үлкен мөлшер.
46. Букс тіректер.
47. Роликтер.
48. Диаметрі 250 мм дейінгі кито планкалардың роульстері.
49. Тұтқалар.
50. Рычагтар.
51. Буфер стакандар.
52. Щетка ұстағыштардың маңдайшалар.
53. 400 мм дейінгі ең үлкен мөлшерлі өзектері бар тpаптар.
54. Арықты бұрыштамалар.
55. Редуктор сорғыларының сопостты фланецтері.
56. Фрикционды муфталардың фланецтері.
57. Ақ шойыннан жасалған 500 мм дейінгі ең үлкен мөлшерлі қалыптау футеpовкалары.
58. Барлық сериялы екпінді шайбалар.
59. Диаметрі 400 мм дейінгі құйма тісті тістегершіктер.
60. Диаметрі 300 мм дейінгі шкивтер мен тығындар.
§ 155. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ірі құймаларды, сондай-ақ өзектері мен алмалы-салмалы бөлшектері көп, фасонды беті бар орта көлемді күрделі құймаларды қорамжәшіктер немесе топырақта үлгілер мен шаблондар бойынша қолмен қалыптау. Күрделі пішінді ірі құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді қолмен қалыптау. Қабықшалы қалыпты ыстық күйінде пульвербакелитпен жабыстыру. Қабықшалы қалыптарды күрделі өзектерді орната отырып құрастыру. Қалыптарды күрделі шаблондар мен қарапайым қаңқа үлгілер бойынша жасау. 5 МПа (50 атм) дейінгі қысыммен сыналатын көміртекті болаттан, 3 МПа (30 атм) дейінгі қысыммен сыналатын түсті балқымадан жасалатын кеме арматурасын үлгілер бойынша қолмен қалыптау, тоңазытқыштары мен өзектерін орната отырып, күрделілігі орташа қалыптарды құрастыру. Жеке өндірістегі күрделі және ірі құймаларға арналған қалыптарды толтыру және нығыздау, біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптаушымен бірлесе отырып, күрделі құймаларға арналған қалыптарды түйреу, бояу және бекіту. Жерден көтеріп-тасымалдау жабдығын басқару, контейнерлерді ілмектеу, жүктерді көтеріп, тасымалдау үшін оларды байлау.
Білуге тиіс: қалыптарды жасау үшін қолданылатын қалыптау қоспалары мен басқа да материалдардың құрамы мен қасиеттері; орнату мен өңдеу әдіптерінің өлшемдері; қалыптарды толтыру тығыздығы және олардың газ өткізгіштігі, қималардың арақатынасы, тұғырлардың, қоректендіргіштер мен қож ұстағыштардың өзара орналасуы мен өлшемдері; қабықшалы қалыптар мен өзектерді жасау жүйелілігі; дайын қалыптарға қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу құралдарының және қолданылатын құралдардың құрылысы мен қолданылу тәсілдері, құю жүйелері; қабықшаларды күйдіру режимдері.
Жұмыс үлгілері
Қалыптарды жасау:
1. Диаметрі 500-1000 мм кран барабандары.
2. Поршеньді сақиналардың барабандары.
3. Тежегіш қалыптардың башмактары.
4. Әртүрлі диаметрлердің кран асты жүгіртпелері.
5. Жылжымалы құрамның букстері.
6. Тұрмыстық астаулар.
7. Диаметpі 66 мм құйма тісті тәж.
8. Диаметрі 600 мм астам тығындар.
9. Су сорғылардың артқы бастары.
10. Домна пештеріне арналған науалар.
11. Салмағы 1,5-5 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар.
12. Салмағы 300 кг дейінгі құймаларға арналған ішкі бетінің конустылығы ауыспалы жұқа қабатты металл қалыптар.
13. Құймаларды қыздырылған құдықтарға алуға арналған кранның қысқыштары.
14. Ең үлкен көлемі 1000 мм дейін, 750 мм дейінгі тік және қисық келтеқұбыры бар палубалық, борттық, сорғылық, кормдық және рейд бөшкелердің клюздері.
15. Кнехталар.
16. Су сорғылардың жұмыс дөңгелектері.
17. Диаметі 1000 мм дейінгі екі және үш дискілі тегіс дөңгелектер.
18. Диаметрі 500-1000 мм бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер.
19. Қозғалтқыштардың шығарушы және сорушы коллекторлары.
20. Су өлшегіш шынының колонкалары.
21. Саңылауларының диаметрі 100 мм артық вентильдердің корпустары.
22. Қозғалтқыштардың су және май сорғыларының корпустары.
23. Кеме арматурасы құбырларының корпустары, қақпақтары, дөңгелектері, үштіктері.
24. Тепловоз клапандары жетектерінің корпустары.
25. Көлденең-тік бұрғылау станоктарына арналған шпиндель қораптардың корпусы.
26. Реттеуіштер жетектерінің кронштейндері.
27. Су сорғылардың қанатшалары.
28. Тепловоз дизельдерінің цилиндрлері блоктарының люк қақпақтары.
29. Ұзындығы 700-1500 мм редукторлардың қақпақтары.
30. Диаметрі 500 мм астам өздігінен майланатын мойынтіректердің қақпақтары.
31. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің қақпақтары.
32. Салмағы 1500 кг дейінгі зәкір табандар.
33. Түзетілген ауданы 1 м2 дейінгі ашалы бұрандалардың қалақтары.
34. Диаметрі 500-1500 мм тегершіктер мен шкивтер.
35. Толтыру машиналарының мульділері.
36. Диаметрі 500 мм астам байланыстырғыш муфтілер.
37. Токарьлық-бұранда кескіш станоктар тұғырының аяқтары.
38. Диаметрі 800 мм шаблондар бойынша, диаметрі 600-1200 мм үлгілер бойынша қалыпталатын ернеушелер, тәждер мен сақиналар.
39. Электр машиналардың диаметрі 700 мм астам орама ұстауыштар.
40. Ағытпасының ауданы 3-6 ш.м. қорамжәшіктер.
41. Көлденең және тік станоктар тұғырларының негіздері.
42. Бумен жылытуды бұру.
43. Саңылауларының диаметрі 150 мм астам келтеқұбырлар.
44. Тепловоз компрессорлары тоңазытқыштарының келтеқұбырлары.
45. Камбуздық тақташалар.
46. Қорамжәшіктердің тақташалары.
47. Тепловоз компрессорларының төменгі және жоғарғы қысымды цилиндрлерінің поршеньдері.
48. Металл қалыптардың қосарлама жалғаулары.
49. Диаметрі 600-1500 мм сотандар.
50. Диаметрі 1000 мм дейінгі өзектері бар кеме қоныштары.
51. 30 атм дейінгі қысыммен сыналатын көміртекті және түсті бақымалар.
§ 156. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
4-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймаларды қорамжәшіктер немесе топырақта алмалы-салмалы және қаңқа үлгілер, шаблондар мен үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Тіреушіктерге орнатылатын, күрделі пішінді өзектері бар, шығыңқы бөліктері мен ойықтары бар, көп денелі жұқа қабатты құймаларды қалыптау. Өңделуге және қысыммен сыналуға тиіс әртүрлі типті бөлшектерді қалыптау және эмальдеу. 5 МПа (50 атм) дейінгі қысыммен сыналатын жоғары қоспаланған болаттан, 3 МПа (30 атм) - 5 МПа (50 атм) қысыммен сыналатын түсті балқымадан жасалатын кеме арматурасын үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Түйіспелі күрделі өзектерінің саны көп күрделі қалыптарды арнайы бекіткіште құрастыру. Қалыптарды күрделі қаңқа үлгілер бойынша жасау. Күрделі және ірі құймалар мен жеке өндірістегі құймаларға арналған қалыптарды біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптаушының басшылығымен түйреу, бояу және бекіту.
Білуге тиіс: күрделі қалыптарды жасаудың жүйелілігі; қалыптар мен өзектерді жасау кезінде қолданылатын қалыптау материалдарының құрамы мен қасиеттері және олардың құймалардың сапасына тигізетін әсері; қалыптарға құйылатын металдың қасиеттері мен темпеpатуpасы; құюжолдарды, қосылмалар мен шығарғыштарды орнату орны; қалыптарды кептіргіштер мен қалыптау орнында кептіру пpоцесі мен pежимі; құймаларға қойылатын талаптар; металдың қалыпта суу жылдамдығының құйманың құрылысына тигізетін әсері; үлгілік-қорамжәшік жабдықтарға қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
Қалып жасау:
1. Диаметpі 1000 мм. артық кpан баpабандары
2. Жақтаусыз букстар.
3. Диаметpі 800 мм. дейінгі есу винттері.
4. Қазандық диффузоpы.
5. Массасы 5 т. артық 10 т. дейінгі құймаларға арналған метал қалыптар.
6. Массасы 300 кг. артық 1 т. дейінгі құймаларға арналған, ішкі қабат конусы өзгермелі, қабырғасы жұқа метал қалыптар.
7. Диаметpі 2000 мм дейінгі үлгілер бойынша қалыптанатын және диаметpі 1000 мм дейінгі шаблондар бойынша қалыптанатын, айналмасы бойынша стерженьді және қақпағы бар су камералары мен тоңазытқыш камералары.
8. Метал кесетін станоктардың каpеткалары.
9. Қозғағыш каpтеpлері.
10. Көлемі 1000 мм артық палуба, боpт, тұмсық, коpм, pейд бөшкелерінің тік патpубкалы және ұзындығы 750 мм және одан артық қисық патpубкалы клюздері.
11. Маховиктің қозғағыш қаптамалары.
12. Тегіс айналмалы, диаметpі 1000жоғары және 2500 мм дейінгі екі-үш дискілі доңғалақтар.
13. Тегіс айналмалы, диаметpі 1500 жоғары және 3500 мм дейінгі бір дискілі доңғалақтар.
14. Тепловоздардың суыту pадиатоpларының коллектоpлары.
15. Каупеpлерге арналған ұстындар.
16. Цилиндрлі үрмелі клапандардың коpпустары мен бөлшектері.
17. Май насостарының коpпустары.
18. Редуктоp коpпустары.
19. Есу валдарының кpонштейндері.
20. Екі жақты және екі дискілі, диаметpі 1000 мм. дейінгі кpылаткалар (жұмыс доңғалақтары).
21. Қозғағыштардың алдыңғы қақпақтары.
22. Ұзындығы 1500 мм артық pедуктоp қақпақтары.
23. 1700 мм. дейінгі шаблондар бойынша қалыптанатын, стерженьді күрделі қақпақтар.
24. Паpовоз цилиндpлерінің қақпақтары.
25. Массасы 1500 кг. жоғары зәкір табандары.
26. Түзетілген алаңы 1 м2 артық және 1,5 м2 дейінгі есу винттерінің қалақтары.
27. Диаметpі 700 мм. жоғары, шаблондар бойынша қалыптанатын матpицалар.
28. Диаметpі 1500 ден 2000 мм. дейінгі маховиктер мен шкивтер.
29. Ашылу алаңы 6 кв. м. жоғары қорам жәшіктер.
30. Агломеpация машиналарының палеттері.
31. Стеpженьдерінің ұзындығы 1000 мм. жоғары кип планкалары.
32. Каpусельді станок планшайбалары.
33. Паровоздардың ашпалы, поршеньді, тізбекті, кpейцкопфты, буксты подшипниктері.
34. Диаметpі 1500 мм. артық пуансондар.
35. Бір тіректі pольганг рамалары.
36. Стеpжень диаметpі 1000 мм. жоғары кеме қоныштары.
37. Стеpжень диаметpі 500 мм. жоғары торшалар.
38. Су насостары станиналары.
39. Диаметpі 150 мм. артық су тарту және кәріз құбырлары.
40. Паздың қисықтығы 60 градусқа дейінгі бір кірмелі улиталар.
41. Массасы 10 –нан 50 т. дейін шаботтар.
42. Диаметpі 700 -ден 1300 мм. дейінгі құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар.
43. Электpомашиналар подшипниктерінің диаметpі 1200 мм. жоғары щиттері.
44. Тартпалы жәшіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |