§ 161. СЛЕСАРЬ - САНТЕХНИК 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Конструкцияларда саңылау бұрғылау немесе тесу. Құбырларда қолмен бұранда ою. Құбыржолдар мен аспаптарға бекітпелер орнату және бекіту. Тіке құбырлардың құбырлары мен үлгілік бөліктерін құрастыру. Білуге тиіс: орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелерді пайдалану принципі, қызметі және жөндеудің ерекшелігі; санитарлық-техникалық жүйелердің, құбыр бірікпелері мен құбыржол бекітпелерінің негізгі бөлшектерінің түрлері; оттегі және ацетилен салынған баллондарды ұстау және тасымалдау ережесі; механизацияланған аспаптың қызметі мен пайдалану ережесі. Жұмыс үлгілері 2. Төсемдерді; 3. Фланецті бірікпелерді; 4. Құбыржол келтеқұбырларын; 5. Унитаздарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру - манжеталарын ауыстыру. 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Аспаптар мен бекітпелерді орнату орнын белгілеу. Жөндеу орнындағы шойын радиаторларды топтастыру және топтан шығару. Жылу панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналары мен блоктардың құбыржолдарын біріктіру. Поршеньді пистолеттердің көмегімен бөлшектер мен аспаптарды бекіту. Білуге тиіс: болат және полимер құбырдан жасалған құбыржолды санитарлық-техникалық жүйелерінің құрылымдары мен жөндеу тәсілдері; поршенді пистолеттердің құрылысы мен олармен жұмыс істеу ережесі; аспаптар мен бекітпелерді орнату орнын белгілеу тәсілдері; санитарлық және қыздыру аспаптарын орнату ережесі. Жұмыс үлгілері 1. Шаятын бачоктарды; 2. Түрлі астауларды; 3. Вентилдерді; 5. Түрлі жуғыштарды; 6. Раковиналарды; 7. Араластырғыштарды; 8. Қол жуғыштарды; 9. Унитаздарды; 10. Төсейтін судноларды жууға арналған құрылғыларды; 11. Соратын шкафтарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. § 163. СЛЕСАРЬ - САНТЕХНИК 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Шойын құбырдан жасалған құбыржолдардың учаскелерін ауыстыру. Құбыржолдарды сынау кезінде ақаулы жерлерін орнату. Білуге тиіс: түрлі санитарлық-техникалық құбыржол жүйелерінің құрылысы мен жөндеу тәсілдері; құбыржолдарды сынау кезінде ақаулы жерлерін орнатудың тәсілдері. Жұмыс үлгілері. 1. Аппаратураны; 2. Су қыздырғыштарды; 3. Ауа жинағыштарды; 4. Колонкаларды; 6. Айқаспаларды; 7. Манометрлерді; 8. Секциялық бұрамаларды; 9. Су өлшеу әйнектерін; 10. Үштіктерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. § 164. СЛЕСАРЬ - САНТЕХНИК 6-разряд Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Санитарлық-техникалық жүйелерді сынау. Аппаратураны ревизиядан өткізу және сынау. Бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу. Білуге тиіс: санитарлық-техникалық жүйелерді және арматураны сынау ережесі; қазандықтарды, бойлерлерді, калориферлер мен сорғыларды дайындау және сынау тәсілдері. Жұмыс үлгілері: 1. Бойлерлерді; 2. Инжекторларды; 3. Калориферлерді. 4. Бу қазандықтарын; 5. Автоматты өрт сөндіру жүйелерін; 6. Термореттегіштерді; § 165. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Жай қол айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалана отырып электрмен жарықтандырудың жай тораптарын, аппараттары мен арматурасын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр жабдықтары бөлшектері мен аспаптарын тазалау, шаю, ысқылау және сығылған ауамен үрлеу. Сұрыптық металдан жасалған күрделі емес бөлшек жасау. Жай электр монтаждық тәсімдер бойынша электр машиналары, электр аспаптарының бөлшектері мен тораптарын біріктіру. Біріктіру муфтыларын, үштіктер мен қораптарды орнату. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жылжымалы құрамның электр машиналарын, электр аспаптары мен электр аппараттарының жұмыс істеу принциптері; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; сым жүргізу тәсілдері; бөлшектер мен тораптарды біріктірудің жай электр монтажды тәсімдері; электр машиналары мен аспаптарды іске қосу және ажырату ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде металдың электр техникасы мен технологиясының негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Электр аппараттары мен машиналары - үрлеу. 2. Электр жарықтандыру өшіргіштері - шешу және орнату. 3. Вагон желдеткіштерінің жалюздері – шешу және орнату. 4. Аппараттар мен шиналардың тірек оқшаулағыштары – шешу және орнату. 5. Қоршау қаптары мен қалқандары – шешу және орнату. 6. Электр машиналарының зәкірлік мойынтіркетерінің қақпақтары – шешу. 7. Муфтылар (оператор және басқа да электр машиналары біліктерінің біріктірме пакеттері) – бөлшектеу. 8. Вагон нөмірлегіштер – шешу және орнату. 9. Резистор панельдері – бөлшектеу. 10. Электр машина мойынтіркетеррі – майлама толтыру. 11. Магнитті қосқыштар, тежегіш электр магниттер – жөндеу. 12. Ажыратқыштар – шешу және орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |