Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет58/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108

Білуге тиіс: тракторлардың, ауыл шаруашылық комбайндардың, технологиялық және диагностикалық жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, кинематикалық және электр схемалары; машиналардың техникалық жай-күйін бағалау әдістері; тозығы жеткен бөлшектерді толық қалпына келтіру және нығыз ету тәсілдері; ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты слесарьдің жұмыс көлеміндегі слесарлық іс; машиналарды техникалық қызмет көрсетуге қоюды жоспарлау әдістері; экономика және өндірісті ұйымдастыру негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Кардан біліктері – бақылау және реттеу.

2. Бұлғақ және түпкі мойынтіректер мен поршеньді сақиналардың мойынтіректері - бақылау және реттеу.

3. Іске қосу қозғалтқыштарының карбюраторы, тракторлар мен комбайндардың гидравликалық жүйесі - бақылау, баптау және реттеу.

4. Қозғалтқыштардың клапандық механизмдері - бақылау және реттеу.

5. Қоректендіру, салқындату, майлау, рульдік басқару, күш берілісі электр жабдықтары жүйесі, ауыл шаруашылық тракторлар мен комбайндардың бақылау-өлшеу аспаптары - бақылау, баптау және реттеу.

6. Жанармай сорғылары - бақылау, баптау және реттеу.

7. Турбокомпрессорлар - бақылау, баптау және реттеу.

§ 61. ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жиегін тазалау. Дәнекерлеуден кейін сумен шаю және жіктерін тазалау. Дәнекерлеуіштер мен дәнекерлерді, жабдықтарды жұмысқа дайындау және дәнекерлеу кезіндегі басқа да дайындық жұмыстарын орындау. Қыздыру аспаптарын тазалау, толтыру және реттеу.

Білуге тиіс: дәнекерлеу құралы мен жабдықтарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі; қыздыру құрылғыларын пайдалану ережесі.

§ 62. ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10 кг/кв. мм дейін созылған кезде жіктердің беріктігін қамтамасыз ету үшін қара және түсті металдан жасалған күрделілігі орташа тораптарды, бөлшектер мен бұйымдарды және балқымаларды баяу балқитын және тез балқығыш дәнекерлермен металл қалыңдығы 1 мм астам болған кезде және жіктерінің ұзындығы әртүрлі болған жағдайда, көріктерде, газ шілтерде және бензин шамдарда қыздыра отырып дәнекерлеу. Дәнекерлерді, қышқылдар мен астауларды қалайылау үшін дайындау. Жіктерді сынаудан кейін немесе жөндеу кезінде дәнекерін ашу. Шыбықтарды, таспалар мен жолақтарды дәнекерлеу. Жіктерді дәнекерлеу үшін және дәнекерлеу алдында бұйымдарды өңдеу.

Білуге тиіс: әртүрлі беттер мен жіктерді дәнекерлеу үшін дайындау тәсілдері; дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың жүйелілігі; әртүрлі металдар мен олардың балқымаларын балқыту температурасы; дәнекерлердің негізгі қасиеттері мен дайындау тәртібі; бұйымдарды көріктерде, газ шілтерде және бензин шамдарда қыздыру ережесі; дәнекерлеуде қолданылатын құрылғылар, оларды қолдану ережесі; қышқылдар мен сілтілерді пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Әртүрлі арматура – дәнекерлеу.

2. Дыбыс теңгерімі – төменгі регистрдің дыбыс тілінің ұшына дәнекерлеу.

3. Бидондар, шелектер, воронкалар, май сауыттар, ас ішетін ыдыстар - дәнекерлеу.

4. Латунь, мыс, алюминийден жасалған бұйымдар - дәнекерлеу.

5. Әмбебап май сауыттар - дәнекерлеу.

6. Коллекторлардың айдары және қуаты 100 кВт машинаның зәкірін орау - қалайы дәнекермен дәнекерлеу.

7. Май сүзгі корпусының торы - дәнекерлеу.

8. Ас құятын металл термос – корпусы мен түбінің жіктерін дәнекерлеу.

9. Май бұратын түтіктер - дәнекерлеу.

10. Әртүрлі құлақтар мен тұтқалар - бұйымдарға дәнекерлеу.

11. Майды тазалауға арналған сүзгі және май сорғының штуцері - дәнекерлеу.

12. Белгілер мен қалыптардың штифттері - дәнекерлеу.

§ 63. ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымаларды жасалған, жік-жігімен немесе бірінің үстіне бірі құрастырылған бөлшектер мен бұйымдарды қалайы, мыс, күміс және басқа да дәнекерлермен металл қалыңдығы 1 мм болған кезде және жіктерінің ұзындығы кез келген болған жағдайда дәнекерлеу. Пішіні бойынша күрделі, жігінің беріктігі керілген кезде 10-20 кг/кв. мм бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды дәнекерлеу. Қолжетімділігі қиын жерлерінің схемалары күрделі аппаратуралар мен аспаптарды, сондай-ақ әртүрлі бұйымдарды барлық қолданылуы мүмкін дәнекерлермен дәнекерлеу. Барлық дәнекерлерге арналған құрамдарды дайындау. Дәнекерлеу жұмыстарына арналған аппаратураны баптау. Дәнекер сапасын тексеру. Біліктілігі анағұрлым жоғары дәнекерлеушінің басшылығымен бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен, электр доғамен және газ шілтермен қыздыру кезінде пеште дәнекерлеу.

Білуге тиіс: дәнекерлеу процессінің негіздері және дәнекерлеуден кейін бөлшектерге, тораптарға, бұйымдарға қойылатын талаптар; дәнекерлеуіштердің және бөлшектерді индукциялық немесе контактілі қыздыруға арналған құрылғылардың құрылысы; дәнекерлеу үшін бұйымдарды қыздыру температурасын айқындау тәсілдері; дәнекерлеуді бақылау үшін қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; температураның металдар мен балқымалардың құрылысына тигізетін әсері және олардың металл қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Әртүрлі аппаратура - дәнекерлеу.

2. Түтіктің дыбыс машиналарының, альттің, тенор мен баритонның тораптары мен бөлшектері - дәнекерлеу.

3. Иректемелер - дәнекерлеу.

4. Айқастырмалар, буындар, түтіктерді қосу үштіктері - дәнекерлеу.

5. Құрсау – құрастыру және дәнекерлеу.

6. Коллекторлардың айдары және қуаты 100 кВт машинаның зәкірін орау - қалайы дәнекермен дәнекерлеу

7. Турбиналардың статорлары мен роторларын байланыстырушы сым – күміспен дәнекерлеу.

8. Алмас сегменттер және басқалар - дәнекерлеу.

9. Май, су және ауа құбырларының бұрма үштіктері – мыс дәнекермен дәнекерлеу.

10. "Дно часового корпуса" торабы- дәнекерлеу.

11. Шайнектер, кофе қайнатқыштар, сүт құйғыштар – түбі мен аузын дәнекерлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет