Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Экскаватор базасы - құрастыру



бет94/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Экскаватор базасы - құрастыру.

2. Су тегеурінді бактар, газ-ауа өткізгіштер, бункерлер мен түтін құбырлары – құрастыру.

3. 30 МПа (300 кгс/кв. см) қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар – құрастыру және гидросынау.

4. Көпірлік крандардың басты және ұшындағы арқалықтары – құрастыру.

5. Көмір уататын, кен уататын диірмендердің, шахталық машиналардың барабандары – құрастыру.

6. Жер снарядтарының қарпығыш мұнаралары мен рамалары – бөлшектерін жасау.

7. Вагон төңкергіштер – құрастыру.

8. Шлюзді қақпалар – құрастыру.

9. Телескоптық жұқа қабырғалы арнайы болаттан жасалған қаптар – құрастыру.

10. Металл конструкциялар (фермалар, колонналар, шатыр тіреуіштер, блоктар, қаптар) – барлық конструкцияларын құрастыру, тексеру.

11. Көпір конструкциялары – құрастыру.

12. Құрылыс конструкциялары – бақылау және ірілендірілген құрастыру, тексеру.

13. Жүк көтергіштігі 0,5 т-ға дейінгі контейнерлер мен жүкті қозғалту немесе көтерудің механикалық, телескоптық және басқа да жетектерін ұйымдастыруды жарақтандыру құралдары – жасау, құрастыру, реттеу және сынау.

14. Шахталық копрлер – бөлшектер жасау.

15. Жылу алмастыру аппараттарының корпустары – құрастыру.

16. Цемент, металлургиялық және күрделі конструкциялы басқа пештердің корпустары – толық құрастыруды тексеру.

17. Электр сүзгілердің корпустары – құрастыру.

18. Жүк көтергіштігі 100 т-дан асатын крандар – конструкцияларды және жекелеген тораптарды құрастыру.

19. Экскаваторларды, қайта тиегіштерді, порталды крандарды бұру механизмдері – түпкілікті құрастыру.

20. Кептіру аппараттарының ұштамасы – корпусқа монтаждау.

21. Жұмысшыларды (краншылар мен лифтерлар) оқытуға арналған тренажер үлгілері – жасау, құрастыру, реттеу және сынау.

22. Тәжірибелік үлгілерді жасауға, құрастыруға және сынауға арналған технологиялық жарақтар – жасау.

23. Термиялық өңдеуге арналған пештер – бөлшектер жасау және монтаждау.

24. Мартен пештері – металл конструкцияларын құрастыру.

25. Автоматты сүзгі сығымдағыш плиталары – құрастыру.

26. Жоғары қысымдағы қыздырғыштар – құрастыру.

27. Реакторлар, автоклавтар, көп камералы туннельді кептіргіштер – құрастыру.

28. Жоғары қысымдағы резервуарлар – құрастыру.

29. Элеватор корпусының секциялары – құрастыру.

30. Өнімділігі 300 куб.сағ/м-ге дейінгі жер соратын снарядтар мен құрылғылар – құрастыру.

31. Күрделі стеллаждар, үш жазықтықта қозғалатын орындықтар мен креслолар – жасау, құрастыру, сынау.

32. А-тәріздес экскаватор фермалары – жалпы құрастыру.

33. Автоматты сүзгі сығымдағыштар – жалпы монтаждау.

34. Цистерналар – құрастыру.

35. Үлкен қуаттағы жүретін экскаваторлар – құрастыру.

§ 143. МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл конструкцияларын, сондай-ақ жоғары дәлдікті талап ететін эксперименталды және металл конструкцияларының бірегей тораптарын техникалық шарттарға сәйкес дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру. Құрама тәсімдер мен сызбалар бойынша күрделі геометриялық фигураларды құру. Металл конструкцияларының жиналған тораптарына паспорт жасауға қатысу. Қысыммен істейтін эксперименталды және бірегей металл конструкцияларының тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Түрлі күрделіктегі металл конструкцияларының тораптарын құрастырудың дәлдігін пайдалану диаграммалары мен сипаттамаларын ала отырып тексеру.

Білуге тиіс: жылу техникасының, механика, геометрия және тригонометрия негіздері, күрделі металл конструкцияларының қолданылу принциптері мен пайдалану ережесі, металл конструкцияларын құрастыруда қолданылатын күрделі аспап, айлабұйымдар мен түрлі аспаптар; металл конструкцияларын құрастырудың кезектілігі; арнайы сынауға жататын конструкциялар мен бұйымдарды құрастыруға қойылатын талаптар, металл конструкцияларын құрастырудың технологиясы мен техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Автоклавтар, рекуператорлар, муфтасыз, жіберетін және шыңдайтын агрегаттар - тораптар жасау және монтаждау.

2. Күрделі конструкциядағы жылу алмастыру аппараттары – құбыр жүйелерін жасау, жалпы құрастыру, монтаждау және сынау.

3. Домна пештерінің қаптары, ауа жылытқыштардың күмбездері, домна пештерінің еңіс көпірлері – түпкілікті және ірілендірілген құрастыру.

4. Электр жіберу желілерінің ауыр тіректері – түпкілікті және ірілендірілген құрастыру.

5. Конструкциялардың түтікті тіректері (телемачталар, радиомачталар) – құрастыру.

6. Өнімділігі 300 куб.м/сағ.-тан асатын жер соратын снарядтар мен құрылғылар – құрастыру.

7. Сақиналы ауа өткізгіш құбырлар, жанамалы подводтар, эллиптикалық келте құбырлар – құрастыру.

§ 144. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Канаттарды дөңгеленту және орау. Барлық диаметрдегі канаттарды механикалық тәсілмен және қолмен арнайы айлабұйымдарда белгілеу және бухталау. Канат ұштарының тарқамауы үшін бензельдер мен бекітпелерге шпагатты және сым марка салу. Болат канаттың ұштарын түсті металл құюдан алдын тарқатып және бұрай отырып, төлкеге немесе шеңберге орау. Жоғарылау білікті слесардың басшылығымен такелажды бұйымдар мен алынбалы жүк қармағыш айлабұйымдар (ЖҚА) жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Таңбалау шеңберлері мен кестелерді орнату және дәнекерлеу. Болат канаттың ұштарын қалайылау. Такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА сырлау. Такелажды бұйымдарды консервациялау және консервациядан алу. Диаметрі 3 мм-ге дейінгі тросс түйіндерді, тросстар мен коуштарды авиакүрмеу бойынша жұмыстарды қолмен орындау. Сығымдағыштар және жаншығыш станоктарда ұштама және төлке өткізгіштердің тросстарын штампылау және жаншу.

Білуге тиіс: тиеу-түсіру жұмыстарының өндірісінде қолданылатын такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА; қолданылатын аспаптың атаулары мен қызметі; бұйымдарды консервациялауға арналған бұлауларды дайындау әдістері мен қызмет көрсету ережесі, болат канаттарды белгілеу және кесуге арналған арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, жүк қармағыш айлабұйымдардың бөлшектерін оларды жөндеу кезінде өңдеу тәсілдері; жай түйін түю тәсілдері, трос бұйымдарды жасаудың техникалық шарттары мен технологиясы; жаншу станоктарының, сығымдағыштардың құрылысы, оларға қызмет көрсету ережесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет