Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 62. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН



бет28/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108

§ 62. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН

БАСҚАРУ ПОСТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы табақ металды үздіксіз майсыздандыру, дәрілеу және күйдіру желілерінің орауыштар, түзету машиналары, жиектеу және басқа да механизмдерді топтық бақылаушының көмегімен басқару, сондай-ақ екі қабатты табақ металл өндірісіндегі слябтың жұмысын басқару. Жолақтың желінің өн бойында қозғалуының белгіленген жылдамдығын қамтамасыз ету. Жолақ бетінің сапасын бақылау, жиектің түйілуін, бүкпесін анықтау және оларды жоюға қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың жұмыс қағидаты және технологиялық процестің негіздері; металл сұрыптамасы мен маркасы; қолданылатын электролиттер мен ерітінділердің қасиеттері.

§ 63. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН

БАСҚАРУ ПОСТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз дәрілеу және орамадағы табақ металды күйдіру агрегатындағы орамасын жазу станциясының механизмдерінің; ораманы жазу станциясының басты постының және үздіксіз электролиттік дәрілеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау агрегаттарындағы дәнекерлеп-құрастыру машинасының механизмдерінің; орама қаңылтырды үздіксіз дәрілеу, электролиттік қалайылау және лактау агрегаттарындағы орамасын жазу және орау механизмдерінің жұмысын басқарушы бақылаушылардың көмегімен басқару. Үздіксіз дәрілеу және майсыздандыру агрегаттарындағы қайшыны басқару. Тұрақты дәрілеу агрегатына қызмет көрсету. Механизмдерді іске қосу, тоқтату және қозғалу жылдамдығын реттеу. Ораманы жазу құралына және жолақты агрегатқа әперу, жолақты дәнекерлеу, ораманы домалату. Жолақтың бетін бақылау және бүкпелер мен жыртылған жиектерді, бүкпелерді, кертіктерді, сырылуларды, майсыздандыру астауларында жолақтардың күйдірілуі және басқа да ақаулықтарды анықтау және орларды жоюға қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өздігінен орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; гидравликалық және пневматикалық жетек жүйесі; орама қаңылтырды электролиттік майсыздандыру және қалайылау процессі; орындалатын жұмыс көлемінде механизмдерді басқарудың электр схемалары.

§ 64. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН

БАСҚАРУ ПОСТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз дәрілеу және орамадағы табақ металды күйдіру агрегаты басты постының механизмдерінің; үздіксіз электролиттік қалайылау және мырыштау агрегаттары посттарының, қалайылау желісіне жапсарлас орналасқан индуктивтік кептіре отырып электростатикалық өрісте лактау агрегаты посттарының; үздіксіз дәрілеу, күйдіру және электр оқшаулағыштық қаптау агрегаттарындағы дәнекерлеп-құрастыру машинасының жұмысын басқарушы бақылаушылардың көмегімен басқару. Үздіксіз күйдіру және болат жолақты дәрілеу агрегаттарындағы бытыра лақтыратын құрылғыны басқару. Сорғы жүйесін, майсыздандыру, өңдеу, бейтараптандыру, қалайылау астауларын іске қосу және сөндіру. Жолақтың қозғалу жылдамдығын үздіксіз күйдіру, өңдеу, қалайылау және мырыштау технологиялық процестерінің жылдамдығына сәйкес қамтамасыз ету. Қалайылау, майсыздандыру, өңдеу астауларындағы тоқ күшін бақылау және оның кернеуін реттеу. Кептіру құрылғысындағы ауа температурасын және майсыздандыру, өңдеу және қалайылау астауларының температурасын аспаптар бойынша бақылау. Орамадағы табақ металды өңдеу барысында жолақтың бетіндегі жиектің бүгілуі мен бүкпелерді және қажет болған жағдайда түйілістерді шабуды анықтау. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын бақылау және оны баптауға қатысу. Майсыздандыру, өңдеу, анодтау, жуу, полимерлеу, күйдіру, кептіру, суды деминералдау, ағындарды бейтараптандыру, ерітінділерді күйдіру агрегаттарын пульттен басқару. Орамадағы алюминий таспаларды бір қабаттап екі жақты лактау агрегатын басқару.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикалық және электр схемасы; электролиттік қалайылау, мырыштау және үздіксіз күйдіру процессінің негіздері; ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

§ 65. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН

БАСҚАРУ ПОСТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы алюминий таспаларды көп қабатты екі жақты лактау технологиялық процессін үздіксіз автоматтық желіге жапсарлас орналастырылған лактау агрегатындағы басқару пультімен жүргізу. Керме станциясының кірме жазу және шықпа орау механизмдерін және таспа жинақтауышты, күйдіру және лакталған таспаны кептіру пештерін пеш және лактау жайын желдеткіштерді пультпен басқару. Лактау алдында стандарттардың талаптарына сәйкес таспа бетінің сапасын бақылау. Фото және пневмодатчиктері бар орталықтау құрылғыларын реттеу және бақылау. Алюминий балқымаларды, лактарды, қышқылдарды, сілтілер мен технологиялық процесте қолданылатын басқа да материалдарды сапасы мен құрамына қарай іріктеу. Үздіксіз дәнекерлеу, майсыздандыру, күйдіруді рекристалдандыру, өңдеу, қайта ескіру және жаттықтыру үшін қыздыру, технологиялық процессін жолақ пен табақты үздіксіз күйдіру агрегатының кірме бөлігін басқару пультімен жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу және барлық желінің механизмдерін баптауға қатысу.

Білуге тиіс: үздіксіз автомат желісінің технологиялық бөлігінің қызмет көрсетілетін жабдығының кинематикалық және электр схемасы; алюминий таспаны көп қабаттап екі жақты лактаудың технологиялық процессі; металл кесу негіздері; алюминий таспаны өңдеу, анодтау және күйдірудің технологиялық процессі және процесс өлшемдерін реттеу ережесі; алюминий балқымалардың, лактар, қышқылдар, сілтілер мен технологиялық процесте қолданылатын басқа да материалдардың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері; оларға және таспаның бетіне лактау алдында қойылатын талаптар; желіні бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет