Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 69. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ



бет5/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
§ 69. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы ванналар мен қондырғыларда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен бұйымдарды ультрадыбыстық тазалау, құбырларды, бөлшектер мен бұйымдарды майсыздандыру. Белгілі консистенцияда и майсыздандыру ерітіндісін даярлау. Өңделетін бұйымдар мен электрод-құралды орнату және салыстырып тексеру үшін технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқасы бойынша өңдеудің аралық жүйелілігін әрі режимін белгілей отырып және күрделі емес әмбебап және арнайы жарақтарды пайдалана отырып, 8-11 квалитеттер бойынша фасонды жазықтықтың беті мен тесікті ультрадыбысты өңдеу. Алмастан және бір типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың кіретін қопсымаларын бұрғылау.

Білуге тиіс: бір типтік ультрадыбысты станоктар мен қондырғылардың құрылғысын; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; орындалатын жұмыс шегінде электр техника мен химияның негіздерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдыр квалитеттері мен параметрлерін; майсыздандыру процесін.

§ 70. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік станоктар мен қондырғыларда өңделетін бөлшектер мен электрод құралдарды салыстырып тексере отырып, 7-10 квалитеттер бойынша прецизиялы бөлшектердің жолақ бетін және тесіктерін ультрадыбысты өңдеу. Абразивтік суспензиялардың еңістері мен илемдерді қолдана отырып, бұйымдарды немесе құралды айналдыру кезінде үйлестірілген тесіктерді бұрғылау. Технологиялық және нұсқаулық карта әрі станоктың паспорты бойынша бір типтік станоктарды, қондырғылар мен генераторларды баптау. Микроскоп бойынша 1...2 мкм дәлдігімен өлшеу әдісімен жуатын ерш инелерінің тербеліс амплитудасын тексеру және реттеу. Арнайы ванналар мен қондырғыларда күрделі бөлшектерді, сондай-ақ микробөлшектерді ультрадыбысты тазалау. Алмастан және барлық типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың кіретін қопсымаларын бұрғылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типтік станоктар мен қондырғылардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; конструктивтік ерекшеліктерін ж»не әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдану ережесін: бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; микроскоппен өлшеу кезінде микронды торларды қолдану шарттарын; орындалатын жұмыс шегінде бір кристалдың кристаллографиясын; әмбебап әрі арнайы жарақтарды пайдалана отырып, бөлшектер мен құралдарды орнату және салыстырып тексеру ережесін; құралдардың электродтарының өлшемін есептеу әдістерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

§ 71. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті станоктарда 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектердің дөңгелек, фасонды, көпқырлы және сатылы тесіктерін, сыртқы және ішкі күрделі қисық сызықты бетін ультрадыбысты тазалау. Абразивтік суспензиялардың еңістері мен илемдерін қолдана отырып, бұйымдарды немесе құралды айналдыру кезінде үйлестірілген тесіктерді екі жақтан үйлесу үшін екі үлкен тереңдікке бұрғылау. Әртүрлі станоктар мен қондырғыларды баптау. Арнайы құрылғылардың қолдануды және дайындауды қажет ететін тазалауға келмейтін жерлері бар күрделі бөлшектерді ультрадыбысты тазалау және тереңдікті ажарлау. Жұмыс және кері конустарды, калибрлеуші аймақты және алмас пен барлық типті аса қатты материалдардан жасалған талшықтардың шығып тұратын қылшықтарын бұрғылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктар мен әртүрлі типті қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін және баптау әрі дәлдікке тексеру тәсілдерін; күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және салыстырып тексеру тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; өңделетін материалдың маркасына қарай абразивтік материалдарды іріктеу ережесін.

§ 72. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстырып тексеруді қажет ететін күрделі бөлшектерді 1-5 квалитеттері бойынша ультрадыбысты өңдеу. Цилиндрлік тесіктерді оптикалық контактіге отырғызумен жетілдіру. Әр түрлі типті және қуатты станоктар мен қондырғыларды, вакуумды сорғылар мен илемдеу сорғыларын баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектерді ультрадыбысты өңдеу, ажарлау, жылтырату және жетілдіру; әр түрлі типті және қуатты ультрадыбысты станоктар мен қондырғылардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру тәсілдерін; Әртүрлі ультрадыбысты концентраторды есептеу ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.
§ 73. ЖЫЛТЫРАТУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық карта бойынша өңдеудің технологиялық жүйелілігі мен кезеңін сақтай отырып, жылтыратқыш станоктарда, автоматтарда және қолмен щеткамен, зімпара қағазбен және жылтырататын дөңгелектермен қарапайым бөлшектердің сыртқы және ішкі цилиндрлік және фасонды бетін жылтырату және металды алдын ала жылтырату. Киізді, ағашты, былғары дөңгелектерге кішкене теріні айналдыру және жапсыру.

Білуге тиіс: бір типті жылтыратқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, маңызды бөліктердің атауын және міндетін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; әр түрлі байламды әр түрлі түйіршікті абразивтік материалдардың қасиеті; өңдеудің қажетті тазалығына қарай терінің сорттарын, жылтырату дөңгелектерін, пасталар мен мастикаларды іріктеу; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

Жылтырату:

1. Бұрандалар, арнайы бұрандалар, шуруптар.

2. Сағат бұрандалары.

3. Гайкалар, шайбалар, болттар, шпилькалар.

4. Ысқы музыкалық аспаптарының ысқысының қалпақшалары.

5. Халық тұтынатын тауарлардың беті жазық бұйымдары (құймақ бұйымдарына арналған қалақтары).

6. Суқұбырларының крандары, төлкелер, ауыз суға арналған бөшкелер, термометрлерге арналған оправалар, өзекшелер, құбырлар, шағын диаметрлі түтіктер, штангалар, штуцерлер.

7. Иілген кронштейндер, шеткі кронштейндер, құлып корпустары, бір жазықтыққа иілген тұтқалар, дискілер, қапсырмалар.

8. Маховиктер.

9. Шектерді теңшеуге арналған машинкалар.

10. Микрошлифтер.

11. Кішкене балғалар, бұрауыштар, тұтқалар.

12. Қарапайым планкалар, табақтар, табличкалар, желдетуге, қоршауға, таратып салуға арналған торлар.

13. Кескіш ұстағыштар.

14. Тұтқалар.

15. Қалқандар, қақпалар.

§ 74. ЖЫЛТЫРАТУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылтырату станоктарында және қолмен пневматикалық машинкамен көзделген пішінді және шаблон бойынша параллельдікті сақтай отырып, күрделілігі орташа және Ra 1,25 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрі бойынша беті қисық сызықты күрделі бөлшектерді жылтырату. Жоғары қоспалы болаттан жасалған үлгілерді жылтырату. Жұмыс істеу бетінің, дөңгелектер мен қалпақшалардың дұрыс орнатылуын тексеру. Дайын рецепттер бойынша пасталар мен мастикаларды жасау және дайындау. Жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі жылтыратқыш станоктар мен қолмен жұмыс істейтін пневматикалық машиналардың құрылғысын және баптау ережесін; станоктарды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын; жылтыратқыш материалдардың – абразивтердің, пасталардың, мастикалардың, шұғалардың, киіздер мен шөпті щеткалардың негізгі қасиеттерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Бамперлер мен жеңіл автомобильдердің клыктары – жылтырату.

2. Коррозияға төзімді болаттан жасалған бөшкелер, рупорлар – латунды жылтырату.

3. Иінді біліктер – түпкі және шатун мойнақтарын жылтырату.

4. Дизель отын сорғыларының таратқыш біліктері – жұмыс мойнақтары мен жұдырықшаларды жылтырату.

5. Ауа таратқыштар – сфераны жылтырату.

6. Ыдыстардың бөлшектері - жылтырату.

7. Күрделі конфигурациялы бөлшектер: ілгешектер, бұрыштамалар – жылтырату.

8. Органикалық шыныдан жасалған күрделілігі орташа бөлшектер – жылтырату.

9. Халық тұтынатын тауарлардың қисық сызықты жазықтығы бар бұйымдар (әр түрлі қасықтар, тұздық қасықтар, кәкпірлер, піспектер) – гидрожылтырату қондырғыларында жылтырату.

10. Сорғы доңғалақтары – ойыс бетін жылтырату.

11. Радиалды және тірек мойынтіректерінің сақиналары – наулар мен сфераларды Н-П дәлдік классы бойынша жылтырату және жетілдіру.

12. Корпустар, корпус қақпақшалары және сағат қапсырмалары – жылтырату.

13. Көп ұзартындылары бар кронштейндер, күрделі конфигурациялы тұтқалар, екі-үш және одан да көп жазықтықта иілген штангалар – жылтырату.

14. Тік пішінді жазықтығы бар турбина қалақтары – шаблон бойынша пішінді және параллелдікті сақтай отырып жылтырату.

15. Бұрандаойғыштар – бунақтарды жылтырату.

16. Тұндырғыштар, табандықтар, қаптамалар, медальдер - жылтырату.

17. Іштен жанатын қозғалтқыштардың мойынтірек саусақтары – жылтырату.

18. Алюминийлі ыдыс – жылтыратқыш тұғырларда металды щеткамен сыртқы және ішкі бетін крацтеу, металды қатайту мақсатымен әр түрлі конфигурациялы роликтері бар станоктарда домалату.

19. Мойынтіректердің роликтері мен шариктері – жылтырату.

20. Калибрленген болат – штанганы түзетумен жылтырату.

21. Итергіштің табақтары – жылтырату.

22. Шарлар және шар бірікпелері – сфераны жылтырату.

23. Тістегершіктер – тістің ойыстарын жылтырату.
§ 75. ЖЫЛТЫРАТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жылтыратқыш станоктарда және пневмоэлектр ажарлағыш машинкалардың көмегімен қолмен Ra 0,16 - 0,08 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша, өңдеуге қол жетпейтін жерлері бар, жұқа қабырғалы, күрделі бөлшектерді жылтырату. Жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналарды баптау. Бөлшектерді жылтырату кезінде қолданылатын әртүрлі пасталар мен мастикаларды жасау және дайындау.

Білуге тиіс: жылтыратқыш станоктар мен пневматикалық машиналардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және баптау тәсілдерін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін; қыздыру температурасының бөлшектердің өлшеміне әсерін; әртүрлі пасталар мен мастикалардың міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ашалар және сағаттардың анкер доңғалақтары – жұмыс бетін жылтырату.

2. Қарапайым және күрделілігі орташа пресс-қалыптардың бөлшектері – жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру.

3. Радиалды және тірек мойынтіректерінің сақиналары - наулар мен сфераларды В-А дәлдік классы бойынша жылтырату және жетілдіру.

4. Қалақ турбиналары – пішінін рамалы шаблон бойынша, жиектерін микрометрлер бойынша, қималарын қапсырмалары бойынша, жанасуларын сызғыш бойымен сақтай отырып, ішкі мен сыртқы сфералық бетін ажарлау және жылтырату.

5. Осьтер – мойнақтар мен конустардың бетін айнадай болғанша жылтырату.

6. Кәдесый астына қоятын тұғырықтар – жылтырату.

7. Пуансон-ине – калибр бойынша өлшемде жылтырату.

8. Табандар – ішкі сферасын жылтырату.

9. Алюминий-магний қорытпаларынан жасалған шұлықты қалыптар –қалыпты сақтай отырып, сфералық беті бойынша беті мен бунақтарды жылтырату.

§ 76. ЖЫЛТЫРАТУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жылтыратушы станоктарда және әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып қолмен қалыптардың шекті ауытқушылықтарын және арнайы технологиялық шарттар бойынша мойынтіректердің нақты, күрделі бөлшектердің өзара орналасуын қамтамасыз етумен Ra 0,08 - 0,04 кедір-бұдырлық параметрі бойынша ішкі және сыртқы цилиндрлік, конустық, сфералық және тороидальды бетін жылтырату. Жылтыратқыш станоктарды баптау.

Білуге тиіс: жылтыратқыш станоктар мен құрылғылардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және баптау тәсілдерін; дірілдің, температураның және төгілудің өңделетін беттің дәлдігі мен тазалығына әсері; кедір-бұдырлық параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Мойынтірек бөлшектері – жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру.

2. Күрделі пресс-қалыптардың бөлшектері - жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру.

3. Калибрлер (тығындар, сақиналар), өлшеуіш плиткалар - жұмыс бетін жылтырату және жетілдіру


§ 77. ТАРТУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тартқыштар мен құрылғыларды қолдана отырып, тартқыш станоктарда 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектерде күрделі емес пішіндердің ішкі және сыртқы бетін тарту. Тартқыш жиынтығын қолдана отырып, 11 квалитет бойынша терең тесіктерді созу. Технологиялық картаға сәйкес кесу режимін белгілеу. Арнайы құрылғыларда бөлшектерді орнату және бекіту.

Білуге тиіс: тартқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; тартқыштарды орнату және бекіту тәсілдерін; салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың түрлерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

Маховиктер, тістегершіктер, тісті доңғалақтар, жалғаушы муфталар және басқа бөлшектер – квадратты, дөңгелек және фасонды тесіктерді Н11 - Н12 бойынша тарту.

§ 78. ТАРТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тартқыштар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі типті тартқыш станоктарда 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерде әр түрлі пішіндердің ішкі және сыртқы бетін созу. Әр түрлі тартқыштардың жиынтықтарын қолдана отырып, 8-10 квалитеттер бойынша терең тесіктер созу. Әрбір ойықты бір типті созу әдісімен оймакілтек ойықтарын созу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тартқыш станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және оларды қолдану ережесін; тарту түрлерін, қайрау бұрыштарын және тартқыштарды орнату әдістерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Маховиктер, тістегершіктер, тісті доңғалақтар, жалғау муфталары және басқа бөлшектер – квадратты, дөңгелек және фасонды тесіктерді Н7 – Н9 бойынша тарту.

2. Кілтек ойықтары – астарларды қолдана отырып, бірнеше өткелге Н7-Н9 тарту.
§ 79. ТАРТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы тартқыш станоктарында 6 квалитет бойынша көп сатылы тартқыштардың жиынтығын қолдана отырып,трапеция қалыпты ішкі құлыптарды, сондай-ақ әр түрлі тартқыштардың жиынтығын және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, терең тесіктерді созу. Тартқыш жиынтықтарын қолдана отырып, дискілерде ойықтарды созу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі созғыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімдерін және оларды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және оларды қолдану ережесін; созу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; созғыш станоктарды баптау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

Кронштейндер сияқты бөлшектер, ЗВ мен ЗМ типті қорытындылардан жасалған корпус - Н7 - Н8 квалитет бойынша эвольвентті тесіктерді созу.

§ 80. АРНАЙЫ СТАНОКТАРДА БҰРАНДА КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда оларды баптай отырып, 7-8 квалитет бойынша бөлшектер мен бұйымдарда сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі жартылай бұрышты бұрамаларды кесу және домалату. Кесу режимін технологиялық карта бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: бір типті бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; кесілетін бөлшектің диаметрі бойынша бұрандаойғыштар мен плашкаларды іріктеу және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; бөлшектер мен құралдарды салқындату ережесін және тәсілдерін.

§ 81. АРНАЙЫ СТАНОКТАРДА БҰРАНДА КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда 5 квалитет бойынша бөлшектер мен бұйымдарда сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі жартылай бұрышты бұрандаларды кесу және домалату. Әмбебап және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бұранда кескіш әрі бұранда домалатқыш станоктарда күрделі бөлшектерде әр түрлі пішінді бұрандаларды 7-8 квалитет бойынша кесу, 5 квалитет бойынша домалату. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; бұрандалардың элементтері мен түрлері; бұрандаға қойылатын стандарттарды; кескіш құралдың геометриясын және қайрау ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

§ 82. АРНАЙЫ СТАНОКТАРДА БҰРАНДА КЕСУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда күрделі бөлшектерде 5 квалитет бойынша әр түрлі пішінді бұрандаларды кесу. Бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігі мен кесу режимін технологиялық карта бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін.

§ 83. БҰРАНДА ФРЕЗЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типті бұранда фрезерлеу станоктарында 8-10 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерде сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Бөлшектерді ортада, оправада, патронда және арнайы құрылғыларда орнату.

Білуге тиіс: бір типті бұрама фрезерлеу станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін; едәуір кең таралған құрылғылар мен қондырғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін қолдану шарттарын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын.

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, бұқтырмалар, тығындар, шпилькалар, штуцерлер – сыртқы бұранданы фрезерлеу.

2. Гайкалар, сақиналы бұрамалар мен төлкелер, муфталар – ішкі бұранданы фрезерлеу.

§ 84. БҰРАНДА ФРЕЗЕРЛЕУШІ

3-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бірнеше станокқа бір уақытта қызмет көрсете отырып, бұранда фрезерлеу станогында 7-10 квалитеттер бойынша күрделілігі орташа бөлшектерде түрлі-түрлі пішінді сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Технологиялық карта немесе шебердің нұсқауы бойынша станоктарды баптау және өңдеудің жүйелілігі мен режимін белгілеу. Белгілі бөлшектерді өңдеуге арналған және бапталған арнайы жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерде әртүрлі пішінді бұрандаларды фрезерлеу.

Білуге тиіс: бұранда фрезерлеуші станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; әр түрлі бұрандалы фрезерлер мен құралдардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін; бұрандалардың элементтерін, түрлерін және оларды өлшеу тәсілдерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Біліктер – бұрандаларды фрезерлеу.

2. Төлкелер, отын сорғысының жұдырықша біліктерінің тістегершіктері – бұрандаларды фрезерлеу.

3. Гильзалар – сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу.

4. Бұрамдықтар – бір рет кіретін бұрандаларды алдын ала фрезерлеу.

§ 85. БҰРАНДА ФРЕЗЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі конструкциялы бұрама фрезерлеу станоктарында 6 квалитет бойынша күрделі бөлшектерде түрлі-түрлі пішінді сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Бұрандаларды фрезерлеу үшін есептеулерді орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда фрезерлеу станоктарының құрылғысын және кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін; бұрандаға қойылатын стандарттарды; бұрандаларды өлшеудің әмбебап әдістері; кескіш құралдың геометриясын және қайрау ережесін; әр түрлі құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың құрылғысын; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1. Цилиндрлердің қалпақшалары – бұранданы фрезерлеу.

2. Бұрама кескіш тарақшалар – бұранданы фрезерлеу.

3. Күршектер – ішкі цилиндрлік бұранданы фрезерлеу.

4. Бұрғылағыш құбырлар – ішкі конустық бұранданы фрезерлеу.

5. Бұрамдық фрезерлер – бұранданы фрезерлеу.

6. Бұрамдықтар – көп кіретін бұранданы алдын ала фрезерлеу.

§ 86. БҰРАНДА АЖАРЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бөлшектерді немесе құралдарды өңдеу үшін бір типті арнайыландырылған бұранда ажарлау станоктарында 8-10 квалитет бойынша сүйір бұрышты бұранданы ажарлау. Ажарлағыш шарықтасты теңгеру.

Білуге тиіс: бір типті бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін; едәуір кең тараған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдардың құрылғысын; бір рет кіретін бұрандалар үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу ережесін; ажарлағыш шарық тастардың сипаттамасын және қолдану шарттарын; бұрандалардың элементтері мен түрлері; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Бір рет кіретін бұрандасы бап бұрандалы калибрлер (тығындар) – бұранданы алдын ала ажарлау.

2. Қолды және машиналы бұрандаойғыштар – бұранданы алдын ала ажарлау.


§ 87. БҰРАМА АЖАРЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап және арнайы бұрама ажарлағыш станоктарда 8-10 квалитет бойынша әр түрлі пішінді бұранданы ажарлау. Технологиялық карта немесе шебердің нұсқауы бойынша станоктарды баптау және кесу режимін белгілеу. Материалға, пішінге, кесу қадамына және кедір-бұдырлықтың қажетті квалитеті мен параметрлеріне қарай ажарлағыш шарықтастарды іріктеу. Кез келген пішін бойынша ажарлағыш шарықтастарды түзету. Белгілі бөлшектерді немесе құралдарды өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған бұрама ажарлағыш станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделі пішінді бұрандаларды ажарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын, баптау ережесін және оларды дәлдікке тексеру ережесін; әр түрлі құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; қалыпты бұрандаларды ажарлау үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу әдісін; ажарлағыш шарықтастарды қалып, қаттылығы, түйіршіктілігі және байламдығы бойынша сипаттамасын; температураның ажарлау кезінде бөлшектердің өлшеміне әсерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Бір рет бұрандаға арналған бұрандалы тарақтар – бұрандаларды ажарлау.

2. Ұсақ сүйір бұрышты бөлшектер, құрылғылар – бұрандаларды ажарлау.

3. Үш шашақты бұранда ойғыштар – сыртқы диаметрі бойынша бұранданы ажарлау.


§ 88. БҰРАНДА АЖАРЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделі пішінді бұрандаларды ажарлау. Станоктарды баптау және станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігін және кесудің тиімді режимдерін айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін; әр түрлі құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; кез келген адымды және пішінді бұрандаларды ажарлау үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Сыртқы және ішкі бұрандаларға арналған бұрандалы тарақтар – бұрандаларды ажарлау.

2. Дискілі фасонды кескіштер – шаблон бойынша пішінді ажарлау.

3. Бір және көп кіретін бұранда домалатқыш роликтер - шаблон бойынша пішінді ажарлау.

4. Айналмасоғудың өзекшелері – бұрандаларды ажарлау.

§ 89. БҰРАНДА АЖАРЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктарда 6 квалитет бойынша күрделі құралдарда, бөлшектерде және құрылғыларда әр түрлі адамды және пішінді бұрандаларды ажарлау, сондай-ақ 6-7 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдық фрезалардың тістерін ажарлау және қатарлау. Бұранданың кез-келген пішіні бойынша ажарлағыш шарықтастарды іріктеу, орнату және түзету. Бірнеше люнеттерді қолдана отырып ажарлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктардың, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; ажарлағыш станоктардың сыныптамасы мен сипаттамасын және өңделетін металға, бұранда адымына және қажетті өңдеу тазалығына қарай қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшей және реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Бұранда қапсырмалар мен фрезаларға арналған бақылау барабандары – бұранданы ажарлау.

2. Бринелль пресінің бұрандалары – бұранданы ажарлау.

3. Ішкі бұрандаға арналған көп кіретін дискілі тарақтар – радиусты келтірумен бұрандаларды ажарлау.

4. Бұрандалы калибрлер (сақиналар) - бұранданы пішінді ажарлау.

5. Бұрандалы конустық калибрлер (тығындар) – бұранданы пішінді ажарлау.

6. Бұрандалы цилиндрлік калибрлер (тығындар) - бұранданы толық пішінді ажарлау.

7. Бір және көп кіретін метрлік және арнайы бұрандалары бар көшіргіштер – бұранданы ажарлау.

8. Конустық бұрандаойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау.

9. Метрлік және дюймді бұрамасы бар қолды және машиналы бұрандаойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау.

10. Көп кіретін ара секілді және трапецеидалды бұрамасы бар бұрандаойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау.

11. Бұранда фрезалар – бұранданы пішінді ажарлау және қатарлау.

12. Модульдік бұрамдық фрезалар – бұранданы пішінді ажарлау және қатарлау.

§ 90. БҰРАНДА АЖАРЛАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті ажарлағыш станоктарда 1-5 квалитет бойынша бағалы құралда, бөлшектер мен құрылғыларда әр түрлі адымды және пішінді күрделі бұрандаларды ажарлау, сондай-ақ 4-6 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдық фрезаларды ажарлау және қатарлау. Бұранданың кез-келген пішіні бойынша ажарлағыш шарықтастарды іріктеу, орнату және түзету. Қажетті есептеулерді орындаумен станокты баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі бұранда ажарлағыш станоктар мен қолданылатын құрылғылардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; ажарлағыш шарықтастардың сыныптамасы мен сипаттамасын және өңделетін металға, бұрама қадамына және қажетті өңдеу тазалығына қарай қолдану ережесін; станок анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Ажарлағыш және басқа да станоктар мен машиналарға арналған көп қолданылатын бұрандалар – бұранданы кесу.

2. Көп кіретін трапецеидалды бұрандалары бар калибрлер (тығындар) – бұранданы толық ажарлау.

3. Көп пішінді домалатқыштар – пішінді ажарлау.

4. Кедір-бұдырлау фрезерлеуге арналған фрезалар – көп кіретін бұранданы пішінді ажарлау.

5. Координатты қырнағыш станоктары әмбебап-бұрылатын үстелдердің бұрамдықтары – бұранданы ажарлау.

§ 91. БҰРҒЫЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұрғылағыш станоктарында немесе электрлік пневматикалық қол бұрғылармен, диаметрі 2 мм артық бұрғылармен бөлшектерде бір жазықтықта орналасқан тура және бітеу тесіктерді бұрғының бес диаметрге дейінгі тереңдікке кондукторлар, шаблондар, тіректер мен белгілер бойынша бұрғылау, бұрғылап кеңіту, тік-радикалды бұрғылау және көп шпиндельді станоктарда арнайы құралдар мен өлшемдік кескіш құралдарын қолдана отырып, бұрғылау тереңдігі бұрғының 5-тен 10 диаметрге дейін әр түрлі конфигурациялы бөлшектерде тесіктерді бұрғылау. Диаметрі 3-тен 24 мм дейін бұраманы өтпеге және тура кесу. Бөлшектерді центрлеу. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен дайындамаларды бір жазықтықта салыстыруы күрделі емес үстелге, тиссаларда немесе қондырғыларда орнату немесе бекіту. Технологиялық карта бойынша өңдеудің және кесу режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Жоғары білікті бұрғылаушының басшылығымен тұмсығының биіктігі 400 мм және одан жоғары бұрғылағыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: бір типті бұрғылау станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін; жоғары білікті бұрғылаушымен бірлесіп қызмет көрсететін ірі станоктарды басқару ережесін; өңделетін материалдардың атауын, таңбалауын және негізгі механикалық қасиеттерін; едәуір кең таралған құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін және қолдану шарттарын; кескіш құралдың міндетін, қайрау және орнату ережесін; майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтардың міндетін және қолдану шарттарын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Ішпектер – майлау бойынша тесікті бұрғылау.

2. Төлкелер, кронштейндер – контур бойынша бұрғылау.

3. Қалыпты гайкалар – тесіктерді үңгілеу.

4. Білікше, ось, цилиндр секілді ұсақ және қосалқы бөлшектер.

5. Кереует бөлшектері – тесіктерді бұрғылау.

6. Микалекстен жасалған бұйымдар – тесіктерді бұрғылау.

7. Білікпен жиналған сақина – тесіктерді шплинт бойынша бұрғылау.

8. Планкалар, астарлар, бұрыштар, ілгектер, үшкілдер – тесіктерді контур немесе белгі бойынша бұрғылау және үңгілеу.

9. Күрделілігі 1-2 топ баспа платалары – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу.

10. Орындықтар, стакандар және басқа бөлшектер - диаметрі 3-тен 24 мм дейін бұрамаларды өтпеге және тура кесу.

11. Диаметрі 500 мм дейін фланецтер, сақиналар – контур бойынша бұрғылау, үңгілеу, үңгіштеу.

12. Фланецтер мен басқа бөлшектер – тесіктерді теңшелген арнайы станоктарда бұрғылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет