Жұмыстың мақсаты



Дата02.01.2022
өлшемі30.22 Kb.
#453246
түріПротокол
Зертханалық жұмыс 4

  1. Зертханалық жұмыс №5. RIP протоколын келтіру



Жұмыстың мақсаты: динамикалық маршрутизацияның протоколын оқып-үйрену.
Тапсырма: 17 суретте көрсетілген сұлбаны құрыңыз және RIP маршрутизациясы протоколын келтіріңіз.

17 сурет - Желінің сұлбасы Сұлбада келесі үш желі көрсетілген:

Switch1 – 10.11.0.0/16 желісі. Switch2 – 10.12.0.0/16 желісі. Роутердің желісі - 10.10.0.0/16.

Құрылғыларда келесі адресацияны енгізіңіз: Маршрутизаторда екі интерфейстен болады:

Router1 – 10.11.0.1/16 және 10.10.0.1/16. Router2 – 10.10.0.2/16 және 10.12.0.1/16. ДК11 - 10.11.0.11/16.

ДК12 - 10.12.0.12/16.

Router1 маршрутизаторында RIP протоколының келтіруін жүргіземіз.

Роутер консолындағы конфигурацияға кіріңіз және келесі келтірулерді орындаңыз (командаларды енгізу кезінде ішкі желіні маскасын көрсетпесе де болады, өйткені ол роутер интерфейсінің келтіруінен автоматты түрде алынады):

Привилегирленген режимге кіріңіз:

Router1>en

Конфигурация режиміне кіріңіз:

Router1>#conf t

RIP протоколының конфигурация режиміне кіріңіз:

Router1(config)#router rip

Роутерге клиенттік желіні қосыңыз:

Router1(config-router)#network 10.11.0.0 Роутерге екінші желіні қосыңыз:

Router1(config-router)#network 10.10.0.0

RIP протоколының екінші версиясын пайдалануды беріңіз:

Router1(config-router)#version 2

RIP протоколының конфигурация режимінен шығыңыз:

Router1(config-router)#exit Келтіру консолынан шығыңыз:

Router1(config)#exit

Маршрутизатордың жадысына келтірулерді сақтаңыз:

Router1>#write memory

Router2 маршрутизаторында RIP протоколының келтіруін осыған ұқсас жүргізіңіз.

ping командасымен ДК11 және ДК12 компьютерлері арасындағы байланысты тексеріңіз. Егер байланыс бар болса – барлық келтірулер дұрыс жасалынған.



Бақылау сұрақтары:


  1. RIP протоколы жұмысының сұлбасын суреттеңіз.

  2. Ішкі шлюздың маршрутизациясының протоколдарын салыстыруды жасаңыз.

  3. Төменде көрсетілген протоколдардың қайсысы дистанционды- векторлық алгоритм бойынша жұмыс істейді және олардың негізгі айырмашылықтары қандай?

  • RIP;

  • IGRP;

  • EIGRP;

  • OSPF


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет