Жұмыстың мақсаты



бет10/16
Дата07.04.2023
өлшемі5.73 Mb.
#471881
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Зертханалық жұмыстар

N – қосымша линзасымен бірге бақылайтын микроскоптың объективінің үлкейтілуі.
Зерттелетін беттің Ra шамасын анықтау үшін, бетке сипатты бірнеше ойлы-қырлылықтар таңдалынады, олар әртүрлі жерлерде қайталанып және МЕМСТда бекітілген аумақтағы ұзындықта орналасу керек; таңдалған ойлы-қырлылықтардың шығыңқының ұшынан шұңқырдың түбіне дейінгі h биіктік өлшенеді де, осы биіктіктің орташа арифметикалық мәні шығарылады.
Өлшенетін кедір-бұдырлықтың h биіктігіне сәйкес келетін b шамасын анықтау үшін, көздікті микрометрдің көлденең жібі барабанды 33 айналдыру арқылы кезекті түрде ең алдымен ойлы-қырлылық(кедір-бұдырлық) бейнесінің жоғарғы шетімен, кейін астыңғысымен сәйкестендіріледі (8.3.4, а, б-Сурет).
Әрбір бағыттау кезінде барабан 33 бойынша сәйкес санаулар жүргізіледі. Санаулардың әртүрлілігі а = b шамасын береді ( көбейткіші жіптердің жылжу бағыты өлшенетін қиындымен 45 бұрыш жасау жағдайымен түсіндіріледі).
Нысан-микрометр, өзімен бөлік құны 0,01 мм болатын шкала салынған шыны тақтайшаны құрайды, микроскоптың үстеліне сызықтары тесіктің бейлесіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастырылады. Нысан-микрометрде сызықтардың бейнесі жеткілікті анық болатын ең үлкен аумақ таңдалады. Жіптердің қиылысы кезекті түрде нысан-микрометрмен таңдалған аумақтың шетіндегі сызықтармен сәйкестендіріледі және барабан бойынша сәйкес санаулар жүргізіледі. Формуладағы N екінші көбейткіштің шамасын анықтау үшін нысан-микрометрді бақылау өлшеу жүргізіледі.
Барабанның толық айналым саны (барабанның 1айналымы 100 бөлікке тең) көздікті микрометрдің көру өрісінде орналасқан шкала бойынша анықталады. Көздікті микрометрдің барабаны мен шкала бойынша санаулар әртүрлілігінің нысан-микрометрдің таңдалған аумағындағы бөлік сандарына қатынасы N – микрообъективтің үлкею мәнін береді.
Табылған N және b шамалары сәйкес ойлы-қырлылықтың h биіктігін санау үшін формулаға қойылады:
(8.3.9)

Берілген формула арқылы алынған биіктіктердің мәндерін орталандырып, профильдің ойлы-қырлылықтар биіктігінің орташа арифметикалық мәнін аламыз.


Ойлы-қырлылықтың биіктігін есептеуге арналған формулаға кіретін көбейткіші, алдын-ала анықталып, берілген аспапқа құрастырылған кестеге енгізіледі.
Ауыспалы төрт микрообъектив бейнені 87-ден 517-ге дейін үлкейтуге мүмкіндік береді, өлшеу қателігі 7,5 пен 24 % шегінде тербеледі. Қос микроскоптың затты жетіпеушілігі болып, оның кішкентай көру өрісі болып табылады, сондықтан кедір-бұдырлық барлық базалық ұзындықта емес, тек оладың аумақтарында ғана өлшенеді.

8.3.5 Аспаптың бөлік құнын анықтау.


МИС-11 қос микроскобы, микроскоп тұрқысының жылжымалары 1 (8.3.4-сурет) кронштейннің 2 бағыттауыштары бойынша бұрама 3 айналдырылуымен тақталы беріліс арқылы жылжитындай орналасқан. Тұрқыда жарықтандырғыш 4 және визуалды 5 екі микроскоп орналасқан. Микроскопта 4 жарық көзімен жарықтандырылатын түзусызықты тесік бар. Бөлшектегі тесіктің бейнесі керекті үлкейтуі бар, көздікті микрометрмен 6 жабдықталған микроскоп арқылы көріледі. Жүзік 11 тесік енін реттеу үшін қызмет етеді. Микрожинақтау бұраманы 8 айналдыру арқылы іске асады. Бақыланатын бөлшек 9 микрометірлік бастиектермен жабдықталған үстелде 10 орнатылады, олардың көмегімен үстелді екі өзара перпендикуляр бағыттарда жылжытуға болады. Үстелдің айналуы бұрама 14 түсірілген кезде жүзеге асырылады.
Микроскоптардың мойынына талап етілетін үлкейтулерге сәйкес екі ұқсас объектив бұралады. Нысан-микрометрдің көмегімен көздікті микрометр шкаласының бөлік құны анықталады. Нысан-микрометр аспаппен бірге жүреді. Нысан-микрометрді микроскоп үстеліне қойып, жарығын қосады. Бұрама 13 босатылған кезінде, кронштейнді микроскоптардың тұрқысымен бірге сомынды 12 бұрау арқылы ұсынылған биіктікте орнатады (8.3.3-сурет). Микроскоптарды бұрама 3 көмегімен көтерген немесе түсіруін жүзеге асыруда, жарық тесігінің бейнесін алады. Визуалды микроскоп арқылы тесіктің бейнесін бақылай отыра, шкала тесіктің бейнесіне түсіп және шкаланың сызықтары оның бейнесіне перпендикулярлы болатындай етіп, нысан-микрометрді аспаптың үстелімен жылжытады (8.3.4, в-сурет).Көздікті микрометрді 6 жіптер қиылысулар жылжуының бағыты тесіктің бейнесіне параллель болатындай етіп айналдырады. Көру өрісінің түрі 8.3.4, в –суреттегідей болады. Егер тесік көру өрісінің ортасында орналаспаған болса, оны бұраманы 7 айналдыру арқылы орнатады және бұраманы 8 айналдыру арқылы соңғы жинақтауды жүгізу керек.
Көздікті микрометрді бекітетін бұраманы босата отырып, ақырғысын ось маңайымен , көздікті микрометр бұрамасының бағыты тесік бейнесінің бағытына параллель болатындай етіп бұрайды. Осы кезде көздіктімикрометрдің жылжымайтын шкаласының бөліктері нысан-микрометр шкаласының бөліктеріне параллель болады. Осыдан кейін көздікті микрометрдің қиылысын нысан-микрометрдің қандай да бір сызығымен сәйестендіріп, көздікті микрометрдің барабаны арқылы санау жүргізеді. Көздікке қарай отыра, қиылысты бөліктің біраз санына қалып жатқан (сызықтар арасындағы қашықтық көп болған сайын, анықтау дәлдігі соғұрлым жоғары) нысан-микрометрдің басқа сызығына ауыстырады, және көздікті микрометрдің барабаны бойынша екінші санау жүргізеді.
Барабанның толық айналым саны қиылыспен бір уақытта, көдіктің жылжымайтын шкаласына қатысты жылжитын биссектор 1 көмегімен жүзеге асырылады. Бөлік құнын анықтау келесідей формула бойынша есептелінеді:

(8.3.10)

бұл жерде z – көздікті-микрометрдің қиылысымен өткен, нысан-микрометр шкаласының бөліктер саны;


Т – нысан-микрометрдің бөлік құны;
А – қиылыстың екі сәйкесі кезіндегі алынған, барабан бөліктерімен көрсетілген, санау әртүрлілігі; формуланың бөлгішіндегі 2 цифрасы мойынның 450 бұрышта еңкеюін, және де бөлшекті өлшеу кезінде көздікті микрометрді 450 бұрау жағдайын ескереді.
Мысал: z=11 нысан-микрометрді бөліктері, А=200 барабан бөліктері.


мкм

8.3.6 МИС-11 микроскобында кедір-бұдырлықты (Rz) өлшеу тәртібі. Бөлшекті аспаптың затты үстеліне, өңдеу іздері үстелдің микробұрамалардың біреуінің осіне параллель болатындай етіп орналастырады. Затты үстелді бөлшекпен бірге, екі мойынның оптикалық осьтері өңдеу іздерінің бойымен бағытталатындай бұрайды да, осы қалыпта тежегіш бұрамамен бекітеді (8.3.2-кесте). Микроскоптың жарықтандырғыш мойынынан кішкене шамды алып шығып, оның көмегімен тексерілетін бөлшекті жарықтандырады, сол уақытта көздікке қарай отыра, екі микроскопты жылжытуы арқылы кремальера көмегімен зерттелетін беттің бейнесін аламыз.


8.3.2-Кесте - МИС – 11-дің метрологиялық сипаттамалары.



Өлшенетін параметр

Өлшеу шектері
мкм

Базалық ұзындық
мм

Үлкейтуі

Өлшеу қателігі %

Оклярлы микрометрдің бөлік құны

Rz

80 – 08

0,8; 0,25

87 – 517

7,5 – 24 % микроскоптың жалпы үлкейтуіне тәуелді

0,01 мм

Кішкене шамды қайтадан ұяшыққа салып, оны тежегіш бұрамамен 9 бекітеміз. Өлшенетін беті бар үстел 16 бұрамалар 17 арқылы екі өзара перпендикуляр бағыттарда жылжиды. Кедір-бұдырлық шамасын көздікті микрометрдің 11 көмегімен анықтайды. Жарықтандырғыш микроскоптан бөлшек бетіне 45 бұрыш жасап, жіңішке тесікпен 24 объектив 7 арқылы жарық түйіні түседі. Жарық жолағы мен бөлшек бетінің қиылысу сызығы түзу болмай, берілген қимадағы ойлы-қырлылықтардың бетін көшіреді. Ойлы-қырлылықтардың әсерінен зерттелетін бетте пайда болатын жарық жолағы, қисаяды және объектив 8 пен көздік 34 арқылы үлкейген түрде қисайған жолақтың бейнесі көздіктің фокальді жазықтығына проекцияланады, бұл жерде ойлы-қырлылықтардың мөлшерін көздікті микрометр 11 немесе фотоқондырма көмегімен визуалды түрде анықталады.


Микробұрамамен 29 жарықтандырғыш микроскопты 5 еңкейтіп, көру өрісінің ортасындағы беттің жарық болуына қол жеткізу керек және сомын 30 көмегімен жарықтандырғышты жарық жолағы өте жіңішке, ал жарық пен көлеңкенің екі шекарасы анық болатындай етіп жинақтау қажет.
Микроскоп осінің маңайымен көздікті микрометрді 11 бұрау арқылы көздікте көрінетін, көлденең сызықты жолақты, түйіршіктердің ұштарына параллель болатындай етіп орнату керек. Көздікті микрометр барабаны 33 арқылы көздіктің торының көлденең сызықтық жолағын жарық пен көлеңкенің жоғарғы немесе төменгі ең анық шекарасы бойынша профильдің ұшымен сәйкестендіріп, осы қалыпта көздікті микрометр барабанынан көрсеткіштер алу керек. Көрсеткіштерді 5-ші кестеге шығулар бойынша (а1) - «көздікті барабанның бөліктердегі көрсеткіштері» бағанына жазылады. Барабанды айналдыру арқылы көздіктің торының сызықтық жолағын профильдің шұңқырымен сәйкестендіріп барабан бойынша санау алынады. Барабанның көрсеткіштерін 5-ші кестедегі шұңқырлар бойынша(а2) - «көздікті барабанның бөліктердегі көрсеткіштері» бағанына жазылады. Барабанның бүтін айналымдарын көздікті микрометрдің жылжымайтын шкаласы бойынша санайды. Көздікті микрометр барабанының бөлік құнына көбейтілген санау әртүрлілігі, А шамасын береді.

A = k (a1 – a2) (8.3.11)

бұл жерде k – көздікті микрометр барабанының бөлік құны;
а1 және а2 – барабандағы санаулар.
Берілген беттің бес түйіршігін және бес шұңқырын есептеу керек. Егер микроскоп обективінде бестен аз түйіршік немесе шұңқыр көрінсе, онда қажет болса зерттелетін беті бар үстелді 16 микрометрлік бұрама 17 арқылы өңдеу бетіне, келесі түйіршіктер пайда болғанға дейін параллель жылжытады. Өлшеу мен математикалық әрекеттер нәтижесінде А шамасының бес мәнін аламыз.
Rz параметрінің шамасын есептейміз:

Rz = (8.3.12)

Алынған нәтиже ақырғы емес. МЕМСТ 2789 - 73* Беттің кедір-бұдырлығы. Параметрлері мен сипаттамалары. бойынша, кестелерден Rz-тің 10 нүктесі бойынша профильдің ойлы-қырлылықтар биіктіктерінің ең жақын стандарттық шамасы таңдалады. Ол Rz-тің 10 нүктесі бойынша алынған кедір-бұдырлық шамасы деп жазылады (8.3.3-кесте).

8.3.3-Кесте – Кедір-бұдырлық шамасын өлшеу нәтижелері.

Өлшеу




Көздік барабанының бөліктермен көрсеткіші

Санау әртүрлігі
а1 – а2



k Коэффи–
циенті

Кедір-бұдырлық параметрін есептеу,
Rz, мкм

Шығулар бойынша
1)

Шұңқырлар бойынша
2)

мысал

41

115

74

0,047



A = k (а1 – а2)
Rz =



1









2









3









4









5









Кедір-бұдырлықтың стандартты мәні (Rz бойынша)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет