Жұмыстың мақсаты


EXCEL программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)



бет13/17
Дата11.06.2016
өлшемі9.64 Mb.
#128322
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

EXCEL программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)


Ұяшықтарды адрестеуді В1, А1:А9, С12 т.с.с. тәсілмен жазуға болады. Бұлай жазу ұяшықтарды салыстырмалы түрде адрестеу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі.

Мысалы, А4 ұяшығына = A1+A2 формуласын енгізсек, электрондық кестеде нәтижеде А4 ұяшығына бұдан үш қатар жоғары орналасқан ұяшықтағы санды екі қатар жоғары орналасқан санға қосқандағы мән жазылады.

Егер =A1+A2 формуласын А4 ұяшығынан В4, С4 ұяшықтарына көшіріп жазсақ, сәйкес түрде =В1+В2, =С1+С2 деп көшіріледі.

Егер ұяшықты адрестеуді салыстырмалы емес нақты күйде бергіміз келсе, онда ұяшықты абсолютті түрде адрестеуіміз керек. Ол үшін ұяшық адресіне $ символы қосылып жазылуы керек. Мысалы: $G$4, $B42, 4D427 т.с.с.

Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы адрестеу, ал кейбірін абсолютті адрестеу арқылы жазуға болады, бұл ұяшықты аралас түрдегі адрестеу деп аталады.

Аралас түрдегі адрестеу үшін $ символы өзгермейтін баған атауына немесе өзгермейтін жол нөмірінің алдына жазылады. Мысалы: $B4, AC$7 т.с.с.



Мәтін енгізу

Тапсырма 1 A1:E3 ұялар диопозонына төменде көрсетілген кестені теріңіз.

A


B

C

D


E

1

Excel-дегі


Мәтін

м

ә

т

і

н

Мәтін


мӘтін

2

мәтінді










3

Туралау










Әдістемелік нұсқау.

B1:B3, C1:C3, D1:D3, E1:E3 ұяларын біріктіріп оларға қажет мәтінді енгізіңіз. Мәтіндерді түрлі әдістермен әртүрлі форматта орналастырыңыз.

Ұяларды біріктіру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Ұяларды біріктіру (Объединение ячеек) жалаушасын орнатыңыз.

Ұялардағы мәтінді қажет бағыта орналастыру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап, Туралау (Выравнивание) парақшасынның Бағыт (Ориентация) бөлігінен қажет бағытты таңдаңыз.

Мәтінді форматтау үшін Формат – Ұялар – Қаріп (Формат – Ячейки –Шрифт) командасын, ал ұя жақтауларын сызу үшін Формат – Ұялар – Шекара (Формат – Ячейки – Граница) командаларын пайдаланыңыз.

Тапсырма 2

Жұмыс кітабының 2-ші парағының А1 ұясына мәтінді енгізіп төмендегідей етіп форматтаңыз:



EXCEL

ЭлектронДы процессорЫ

КЕСТЕ ТҮРІНДЕ БЕРІЛГЕН

МӘНДЕРДІ өңдеуге арналған.

Әдістемелік нұсқау.

Ұядағы мәтінді бірнеше жолға жазу үшін ALT + ENTER пернелерін қатар басыңыз немесе Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Сөздерді тасмалдау (Переносить по словам) жалаушасын орнатыңыз.



Тапсырма 3 Жұмыс кітабының 3-ші парағында төмендегі кестені енгізіңіз:

ТОП СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТІЗІМІ


р

Аты-жөні

Туылған жылы

Орташа балл



Асқарұлы Б.

12.05.1982

7,0



Сәрсембаев Б.А.

23.07.1981

8,0

3.

Салғараева Г.И.

01.12.1982

7,5

Топ бойынша орташа балл 7.5


Әдістемелік нұсқау.

Кестенің бірінші, екінші және соңғы жолдарындағы ұяларды біріктіру үшін қажет ұяларды белгілеп аспаптар тақтасындағы біріктіру (объединить) батырмасына шертіңіз.

Ағымдағы мерзім мен уақытты енгізу үшін функция батырмасын басып, Мерзім және уақыт категориясын таңдап ТДАТА() басамыз.

Ұя жақтауларын сызу үшін аспаптар тақтасындағы Шекара (Границы) батырмасын пайдаланыңыз.

Ұяларды бояу үшін Формат – Ұялар (Формат – ячейки) командасының Түр (Вид) парақшасын немесе аспаптар тақтасының бояу түрі (цвет заливки) батырмасын пайдаланыңыз.
Т
апсырма 4
Жұмыс кітабының 4-ші парағында:

а) A1:A12 ұяларына қаңтардан бастап барлық ай аттарын жазыңыз.

ә) B1:G1 ұяларына екінші жартыжылдықтың барлық ай аттарын жазыңыз.

б) A13:G13 ұяларына апта күндерінің аттарын жазыңыз.



Әдістемелік нұсқау

Бірінші мәнді енгізіп, қалған мәндерді енгізу үшін автотолтыру маркерін қолданыңыз (екпінді ұяның немесе белгіленген блоктың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан кішкене квадрат).



Сандық мәндерді енгізу және толтыру

Тапсырма 5 Жұмыс кітабының 5-ші парағында:

С1 ұясына 125,6 санын енгізіңіз. Осы ұяның мәнін C2, C3, С4, С5 ұяларына көшіріңіз және С1 ұясын сандық, С2 ұясын экспоненциалды, С3 ұясын мәтіндік, С4 ұясын мерзімдік, С5 ұясын бөлшек форматта (пішімде) бейнелеңіз;



  1. Оң сандар жасыл түспен шығатындай, ал теріс сандар қызыл түспен, нөлдік сандар – көк, мәтіндік ақпараттар сары түспен шығатындай етіп С6 ұясына формат енгізіңіз.

  2. A1:A10 ұяшықтарының диапазонын бөлшек сандармен толтырып, проценттік форматтқа қойыңыз.

  3. A1:A10 ұяшықтар диапазонын D1:D10 ұяшықтар диапазонына көшіріп, мәндерін екі есеге үлкейтіп жазыңыз. Жаңа диапазон үшін бөлшек формат орнатыңыз;

  4. Калькулятордың көмегімен орта мәнді, сандардың санын, мәндер саны және А1:А10 диапазонының ең кіші мәнін тауып, табылған мәндерді 15-ші қатарға жазыңыз.

Автотолтыруды қолданып кесте ұяшықтарын толтыру, берілгендерді қорғау

Тапсырма 1

1) А1 ұяшығына 2001 санын енгізу, А2 ұяшығына 2002 санын енгізіңіз. А1:А2 блогын белгілеңіз. Толтыру маркерін А10 ұяшығына дейін алып барыңыз.

2) С1 ұяшығына “Дүйсенбі” мәнін енгізіңіз; С2: «Сейсенбі» мәнін енгізіп, С1 және С2 ұяшықтарына курсорды қойып автотолтырудың көмегімен С7 ұяшыққа дейін апта атауларын енгізіңіз.

3) В1 ұяшығына “январь” мәнін, В2 ұяшығына “ферваль” мәнін енгізіп автотолтыру арқылы ай атауларын толтырып шығыңыз.



Әдістемелік нұсқау

Автотолтыру арқылы ұяшықтың көшірмесін тізбектерді (арифметикалық және геометриялық прогрессияны, күн, жыл тізбегін, апта ай, аттарын, т.б.) кестеге жылдам енгізуге болады. Бастапқы ұяшықтарды блокпен белгілеу керек. Тышқан көрсеткіші блоктың оң жақ төменгі бұрышында толтыру маркеріне айналады. Толтыру маркерін (+) керекті ұяшыққа дейін алып бару керек. Автотолтыру оңға қарай немесе төмен қарай орындалады.



Ескерту: Егер тышқан көрсеткіші толтыру маркеріне айналмаса, оны төмендегі әрекет арқылы орнатыңыз:

Негізгі менюден Сервис Параметрлер… терезесін ашып, оның Түзету (Правка) қондырмасында Ұяшықтарды тасымалдау, Ұяшықтардың мәндерін автолтыру командаларын жалаушалармен белсендіріңіз.



Тапсырма 2

  1. Жұмыс кітабының 1-бетіндегі берілгендерді толық қорғаңыз, қорғалғанын тексеріңіз, сосын берілгендерден қорғауды алып тастаңыз.

  2. Ұяшықтардағы берілгендерді жеке-жеке қорғаңыз, тексеріңіз, қорғауды алып тастаңыз.

Әдістемелік нұсқау

Ұяшықтардағы берілгендерді, жұмыс кітабының бетіндегі берілгендерді, жұмыс кітабындағы берілгендерді өзгертуден қорғау үшін сәйкес түрде:



Формат  Ұяшық  Қорғау;

Сервис  Қорғау  Парақты қорғау;

Сервис Қорғау Жұмыс кітабын қорғау командаларын орындау керек.

Берілгендерден қорғауды алып тастау үшін, осы командаларды Қорғауды алып тастау деп өзгертіп, орындау керек.



Тапсырма 3

у=x2+1 функциясының [-10; 10] интервалындағы мәндерін автолтыру арқылы есептеңіз.



Ә
дістемелік нұсқау

3.2-сурет

А1:В1 ұяшықтарын біріктіріп, берілген формуланы теріп жазамыз. А2 ұяшығына х-тің -10-нан 10-ға дейінгі сандарды жазамыз. В2 ұяшығына формула =A2^2+1 бойынша есептеп, келесі В3 ұяшығынан бастап автотолтыруды орындаймыз.

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Тапсырма 1 Автолтыру арқылы “2006 жылының күн тізбесін” (Календарь) жасаңыз. Әр түрлі түске бояп, форматтаңыз (пішімдеңіз).

Тапсырма 2 Осы “2006 жылының күн тізбесін” жазған бетіңізді қорғаңыз, тексеріңіз.

Тапсырма 3 Нұсқада берілген тапсырмаларды орындаңыз:


Нұсқа

[A,B]

x[a;b] аралығындағы сандар тізбегінен табу керек

1

[-6;6]

Y=2*x Жұп сандар тізбегін

2

[-5;5]

Y=2*x+1 Тақ сандар тізбегін

3

[-20;5]

Y=x3 Кубтарының тізбегін

4

[-5;3]

х2/(х-5) өрнегінің мәндерін

5

[-7;7]

(2х+4)/(х2-3) өрнегінің мәндерін

Электрондық кестеде формулалар арқылы күрделі кестелер құру

Алгебра курсынан бәрімізге белгілі бірден 100-ге дейінгі бүтін сандар квадратын табу кестесінің көмегімен “абсолюттік” сілтеме түсінігін қарастырайық (4.1-сурет).



0-ДЕН 99-ҒА ДЕЙІНГІ БҮТІН САНДАРДЫҢ КВАДРАТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Единицы
Десятки

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

1

4

9

16

25

36

49

64

81

10

100

121

144

169

196

225

256

289

324

361

20

400

441

484

529

576

625

676

729

784

841

30

900

961

1024

1089

1156

1225

1296

1369

1444

1521

40

1600

1681

1764

1849

1936

2025

2116

2209

2304

2401

50

2500

2601

2704

2809

2916

3025

3136

3249

3364

3481

60

3600

3721

3844

3969

4096

4225

4356

4489

4624

4761

70

4900

5041

5184

5329

5476

5625

5776

5929

6084

6241

80

6400

6561

6724

6889

7056

7225

7396

7569

7744

7921

90

8100

8281

8464

8649

8836

9025

9216

9409

9604

9801

4.1-сурет



Әдістемелік нұсқау

  1. Тышқан көмегімен А1 ұяшығын белгілеп, пернетақтадан Квадраттар кестесі мәтінін

енгізіңіз.

  1. В3 ұяшығына 0, С3 ұяшығына 1 сандарын енгізіңіз. В3 және С3 ұяшықтарын

белгілеп алып, толтыру маркерін К3 ұяшығына дейін созыңыз. В3К3 ұялары

0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырылады.

  1. А4 ұясына 0 санын енгізіңіз. Енді осы бағананы 90-ға дейін 10 қадаммен толтыру керек. Ол үшін Түзету Толтыру Прогрессия (ПравкаЗаполнитьПрогрессия) командасын орындаңыз. Экранда 4.2-суретте көрсетілгендей Прогрессия сұхбат терезесі пайда болады.



4.2- сурет. Прогрессия сұхбат терезесі

  1. Бағананы сандармен толтыру үшін Тип элементтер тобын басқару бөлімінде арифметикалық (арифметическая) ауыстырып қосқышын орнатамыз. Орналасу (Расположение) бөлімінде бағана (по столбцам) жолын таңдаймыз. Қадам (Шаг) – 1. Соңғы мән (Предельное значение) – 9.

  2. ОК батырмасына басыңыз. А бағанасы 0, 10, 20, ... 90 сандарымен толтырылады.

Енді В4 ұясына Функция шебері (Мастер функции) көмегімен санның квадратын есептейтін формуланы енгізу керек. Санның квадраты жол және бағана тақырыптары қосындысының квадраты ретінде есептеледі. Демек, В4 ұясына А бағанасында көрсетілген ондықпен 3-жолдағы бірліктің қосындысын квадраттайтын СТЕПЕНЬ (POWER) формуласын жазу керек. Формуланы жазу үшін осы СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын қолданамыз.

  1. Тышқанды В4 ұясына апарып бір шертіп, ұяны белгілеңіз.

  2. Саймандар тақтасындағы Функция кірістіру (Вставка функции) батырмасын шертіңіз. Экранда Функция шебері (Мастер функций шаг 1 из 2) сұхбат терезесі пайда болады.

  3. Категориялар (Категории) тізімдер өрісінің ішінен Математикалық (Математические) жолын таңдау керек.

  4. Функциялар (Функции) тізімінің ішінен СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын таңдап, Ок батырмасын басыңыз. Функция шебері (Мастер функций шаг 1 из 2) сұхбат терезесі жабылып, экранда СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының параметрлерін енгізуге арналған формула тақтасы ашылады (4.3-сурет).

4.3- сурет. СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының формула тақтасы



  1. Число өрісіне В3+А4 өрнегін пернетақтадан теріп жазамыз (міндетті түрде ағылшын әріптерімен) немесе тышқанды В3 және А4 ұяларында бір-бір шертеміз, ал “+” белгісін пернетақтадан тереміз. Егер сұхбат терезесі қажет ұяларды жауып тұрса, онда оны тышқан көмегімен төмен тасымалдап қоюға болады. Степень өрісіне 2 санын жазып ОК батырмасын шертеміз.

  2. В4 ұясында есептеу нәтижесі: 0, ал формула жолында =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласы пайда болады. Енді осы формуланы басқа ұяларға тасымалдаймыз. Нәтижесі қандай болды? (4.4- суретті қараңыз).

      

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

1

9

144

21904

#####

#####

#####

#####

#####

4.4 сурет.

С4 ұясынан кейінгі ұяларда сандар көрінбейді, себебі олар ұяға толық симай тұр. Ұяларды тышқан көмегімен кеңейтіңіз. Экранда көрінген сандар сәйкес сандардың квадратына тең емес. Себебі, біз формуланы жол бойымен оңға тасымалдаған кезде Excel формуланы жаңа орынға сәйкес автоматты түрде өзгертті. D4 ұясында 2 санының квадраты емес = D3+C4 формуласы бойынша есептелген санның квадраты жазылған. Дұрыс нәтиже алу үшін кейбір сілтемелерді “абсолюттік” түрде жазу керек, мысалы ондықтарды тек А бағанасынан, ал бірліктерді тек 3- жолдан алу керек. Бұл үшін “абсолюттік” дәлірек айтсақ, аралас сілтемелерді пайдалану керек.

Ұя сілтемесінің кез келген позициясын тұрақты ету үшін оның алдына $ белгісін жазу керек. Ұя сілтемесін тұрақты ету үшін $B$4 түрінде жазу керек. Тек жол нөмірі тұрақты болу үшін сілтемені B$4, ал тек бағана аты тұрақты болу үшін – $B4 түрінде жазамыз.



В4 ұясында жазылған формула басқа ұяларға дұрыс тасымалдануы үшін біз аралас сілтемені пайдалануымыз қажет.

  1. Формуланы түзету үшін В4 ұясын белгілейміз. Мәтіндік курсорды Формула қатарына (Строка формул) орналастырып =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласын түзетеміз. Формуладағы В3, А4 салыстырмалы сілтемелерін B$3, $A4 етіп аралас сілтемелерге алмастырамыз.

  2. Формула жолында курсорды В3 адресінің алдына қойып, Ғ4 батырмасын шертіңіз. Сілтеме $B$3-ке ауысады. Ғ4 батырмасын тағы бір басыңыз, сілтеме B$3-ке ауысады.

  3. Курсорды А4 сілтемесінің алдына орналастырып Ғ4 батырмасын 3 рет басыңыз. $A4 сілтемесі шығады.

  4. Enter батырмасын басып редакциялауды аяқтаңыз. Формула =СТЕПЕНЬ((B$3+$A4);2) түріне өзгереді. Сонымен редакциялау режимінде Ғ4 батырмасын әр басқан сайын сілтеме түрі $B$3  B$3  $B3  B3 тізбегі бойынша өзгереді екен.

  5. Формуланы кестенің қалған ұяларына толтыру маркері арқылы тасымалдаймыз (алдымен формуланы В4 ұясынан оңға қарай тасымалдап, тышқан батырмасын жібермей тұрып, осы жолды төмен қарай көшіреміз).

Енді кестені безендіруге кірісеміз:

    • Кесте тақырыбы жазылған А1 ұясын белгілеп, Ғ2 батырмасын басыңыз. Редакциялау режимі іске қосылып, бұрын жазылған мәтін соңында курсор пайда болады.

    • Бос орын пернесін бір басып, 0-ден 9-ға дейінгі бүтін сандар мәтінін енгізіп, Enter пернесін басыңыз.

    • А1 ұясын қайта белгілеп алып: оның қарпін Times New Roman, мөлшерін 14 пт, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайыңдаңыз.

    • Кесте тақырыбын ұяларды біріктіріп ортаға орналастыру керек. Ол үшін А1:К1 диапазонындағы ұяларды белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасындағы Біріктіріп ортаға қою (Объединить и поместить в центре) батырмасын шерту керек.

    • А4:А13 ұялар диапазонын белгілеп, Ctrl пернесін басып тұрып, В3:К3 ұялар диапазонын белгілейміз. Осы диапазондар үшін сызылымды – жартылай қарайтылған, туралауды – ортаға етіп тағайындаймыз.

    • Бірліктер жолы мен ондықтар бағанасының тақырыбы жазылатын А3 ұясын белгілеңіз. Ұяны диагональ бойынша сызықпен бөліп, оның оң жағы мен төменіне сөздер жазу үшін алдымен 9 бос орын таңбасын енгізіңіз де, Бірліктер сөзін, одан кейін тағы бір бос орын қалдырып, Ондықтар мәтіндерін теріп жазып, Enter пернесін басыңыз.

    • А3 ұясын қайта белгілеп, қаріп мөлшерін 8, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайындаңыз.

    • Менюден Формат – Ұя (Формат – Ячейки) командасын орындаңыз. Экранда Формат ячеек сұхбат терезесі ашылады.

    • Туралау (Выравнивание) бөліміне тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.5-сурет).




    1. -сурет. Туралау (Вырав­нивание) сұхбат терезесі.

  • Сөздерді тасымалдау (Переносить по словам) жалаушасын орнатыңыз.

  • Шекаралар (Границы) ішкі бетінде тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.6 сурет). Линия өрісінде сызық түрін таңдаймыз. Бізге үнсіз келісім бойынша тағайында­латын жіңішке сызықты алу қолайлы. Енді бұл сызық ұяның қай жиектеріне қажет екенін көрсету керек.

  • Тышқанды батырмасында бір шертеміз. Диагональ сызық сұхбаттасу терезесінің ортасында орналасқан үлгіде пайда болады. ОК батырмасын шертіп, сұхбат терезесін жабамыз.

4.6- сурет. Шекара (Граница) сұхбат терезесі.



  • А3 ұясында диагональ сызық пайда болады. Енді Единицы тақырыбы ұяның оң жақ жоғарғы бұрышында, ал Десятки – сол жақ төменгі бұрышында орналасуы үшін ұя мөлшерін өзгерту керек.

  • Жолдың биіктігін өзгерту үшін тышқанды жол тақырыбының төменгі жағына орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Жанама менюден Высота строки жолын таңдап, ашылған терезеге: 24,00 санын енгіземіз.

  • А бағанасының енін де дәл осылай етіп немесе Формат – Бағана – Ені (Формат – Столбец – Ширина) командасын орындап 11,14-ке өзгертіңіз.

  • В:К бағаналарын белгілеп, Формат – Бағана – Ені (Формат – Столбец – Ширина) командасын орындаңыз. Бағаналар енін 6-ға өзгертіңіз.

Енді кесте тақырыбы мен ұяларға жақтаулар сызамыз.

  • А3:К13 ұялар диапазонын белгілеңіз. Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасын­дағы батырмасын шертіп, кестенің сыртқы жиектерін қалың , ал ішкілерін – жіңішке сызықтармен сызып шығыңыздар.

  • Бірліктер жазылған 3-жолдың төменгі шекарасы мен ондықтар жазылған бағананың оң жақ шекарасын да қалың сызықтармен сызыңыздар. Ол үшін Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасын немесе Формат – Ұя – Шекаралар (Формат – Ячейки – Граница) командасын пайдалану керек.

  • Кестені дискіге жазып сақтаңыздар.

Функциямен жұмыс. Матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын қолдану

Функция шеберiн шақыру үшiн: Саймандар панелiнде арнайы батырма – функция шеберi бар. Функция шеберiн шақыру арқылы EXCEL стандартты функциялар тiзiмiн оқуға және қолдануға мүмкiндiк бар.

1-тәсiл. Стандартты саймандар панелiнiң Функция шеберi батырмасын қосу арқылы;

2-тәсiл. Енгiзу – Функция…(Вставка-Функция) командасын орындау арқылы.

Матрицалармен жұмыс iстеуге арналған EXCEL–дiң стандартты функцияларын оқып-үйрену арқылы матрицаның анықтауышын табу, санға көбейту, транспонирлеу, екi матрицаның қосындысын, айырмасын, көбейтiндiсiн табу, керi матрицаны табу жұмыстарын автоматтандыруға болады.

Матрицалармен жұмыста қолданылатын стандартты функциялар:

МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;

ТРАНСП – матрицаны транспонирлеу.

Матрицаны транспонирлеу – оның баған элементтерiн жолға, ал жол элементтерiн бағанға орналасатындай етiп ауыстыру;

МОБР –матрицаға керi матрицаны табу.

Матрицаға керi матрицаны табу үшiн, алдымен матрицаның анықтауышын табу қажет.

МУМНОЖ –екi матрицаны көбейту.

Тапсырма 1 х =1,2, y =3 және z =1,5 болғанда, төмендегі формулалардың сандық мәндерін есептеңіздер:

1), 2) , 3) ,
Әдістемелік нұсқау.

А1 ұясына “Формулалар бойынша” мәтінін енгізіңіз. А2 ұясына – х, В2 ұясына – у, С2 ұясына – z айнымалыларын енгізіңіздер. А3 ұясына x-тың мәнін, B3 ұясына y-тің мәнін, C3 ұясына z-тің мәнін енгізіңіздер. A5, A6 және A7 ұяларына формулаларды енгізіңіз. Мысалы, бірінші формула бойынша есептеу үшін А5 ұясына =1+A3+A3^2+A3^3 формуласын енгізу керек.

5.1-сурет



Тапсырма 2 Матрицаның анықтауышын табу.

А=

Берiлген матрицаның анықтауышын табу керек.

Әдістемелік нұсқау.


    1. Жаңа жұмыс кiтабын ашыңыз.

    2. Кестенiң B2:G7 ұяшықтар блогына А матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.

    3. Көрсеткiштi матрицаның анықтауышы жазылатын К3 ұяшығына орналастырыңыз.

    4. Функция шеберiн шақырыңыз.

    5. Функция шеберiнiң МОПРЕД функциясын шақырыңыз.

    1. Экранға пайда болған МОПРЕД диалогтық терезесiнiң Массив өрiсiне А матрицасының орналасу облысын енгiзiңiз.

    2. ОК түймесiн шертiңiз.

    3. Жұмыс кiтабының 1-бетiне “Анықтауыш” атауын берiңiз.


Тапсырма 3 Матрицаны санға көбейту.
А=
Әдістемелік нұсқау.

А матрицасын 14 санға көбейту керек.

1. Жұмыс кiтабының 2-бетiн ашыңыз.

2. Кестенiң B3:G8 блогына А матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.

3. Нәтижелiк В матрицасы элементтерiнiң орналасу облысын, яғни B12:G17 блогын белгiлеп алыңыз.

4. Формула қатарына =14*B3:G8 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз.

5. Бетке “Санға көбейту” атауын берiңiз.

Тапсырма 4 Матрицалардың қосындысын (айырмасын) табу.
A= B=
А және В матрицаларының қосындысын табу.

1. Жұмыс кiтабының 3-бетiн ашыңыз.

2. B3:F8 блогына А матрицасының, ал B11:F16 блогына В матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.

3. Нәтижелiк матрицаның элементтерi орналасатын болысты белгiлеңiз.

4. Формула қатарына =B3:F8+B11:F16 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз (5.3 сурет).

5. Бетке “Қосу” атауын берiңiз.

6. А және В матрицаларының айырмасын табыңыз.

Тапсырма 5 Матрицаға керi матрицаны табу.

А= -матрицаға керi матрицаны анықтау.



Әдістемелік нұсқау.

1. B3:G8 блогына матрица элементтерiн енгiзiңiз;

2. Матрицаның анықтауышын есептеп, G12 ұяшығына жазыңыз.

3. Керi матрица элементтерi орналасатын облысты белгiлеп алыңыз.

4. Функция шеберiн шақырып, МОБР функциясын орындаңыз.

5. МОБР терезесiнiң Массив өрiсiне керi матрица элементтерi орналасқан облысты жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз.

6. Бетке “Керi” атауын берiңiз.


Тапсырма 6 Төменде берілген кестені толтырыңыздар:

4 тоқсандағы сүт тағамдарының сатылу кестесі





Қазан

Қараша

Желтоқсан

Орташа мән

(кг)


Бағалардың қосындысы

Сүт

55

65

70







Май

320

340

355







Қаймақ

250

273

305







Ірімшік

150

164

175







Барлығы (кг)
















Диаграмма құру және өңдеу

Диаграммалар – мәлiметтердi графикалық түрде кескiндеудiң ыңғайлы түрi. Олар берiлген сандық шамаларды өзара салыстыру мүмкiндiгiн бередi. EXCEL –де екi және үш өлшемдi бiрнеше диаграммалар түрлерi бар. Диаграмма тұрғызу үшiн Диаграмма шеберi деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберiн үш әдiспен шақыруға болады:

1-әдiс. Енгiзу диаграмма командасын орындау арқылы;

2- әдiс. Стандартты саймандар панелiнiң Диаграмма шеберi батырмасы арқылы;

3-әдiс. Командалық мәзiр қатарының Диаграмма командасы арқылы.

Осы әдiстердi пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелерi бiрiнен кейiн бiрi пайда болады.

Қажет ақпараттарды сұхбат терезелерi арқылы енгiзiп, диаграмма тұрғызуға болады.

1-қадам. Диаграмма түрiн анықтау.

2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәлiметтердi енгiзу.

3-қадам. Диаграмма параметрлерiн енгiзу.

4-қадам. Диаграмманы орналастыру.

Тапсырма 1 «Базар» деген атпен көкеністер бағасына байланысты диаграмма

т
ұрғызып әртүрлі түске бояңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет