~ 7 ~ Нәтижесінде, 1961 жылдан бастап Жапондық қант диабеті қоғамы
науқастар мен олардың туыстарына арналған «Диабетті емдеуге
арналған нұсқаулық» шығарды, нұсқаулықта ауру, гликемиялық
бақылау, антидиабетпен емдеу режимдері және қант диабеті
асқынуларының алдын алу туралы негізгі сұрақтар қамтылған. Қант
диабеті бастапқы кезеңінде көбінесе ешқандай симптомсыз, білінбей
басталуы мүмкін, зәрдің теріс анализі және гипергликемия
болмауымен сипатталады, пациенттер бұл аурудың ауырлығын
бағаламайды. Сондықтан емдеу тәсілін ғылыми негіздейтін кейбір
түсініктемелер қажет. Ең бастысы – инсулинмен артық дозаланудың
қауіптілігін түсіндіру маңызды болып табылады.
1989 жылы қант диабеті клиникаларының қант диабетімен
ауыратын науқастарды оқыту мәселесіне енуі басты мәселені –
олардың оқуға деген немқұрайлылығын анықтады. Бұл мыналарға
байланысты болды:
• диабеттің білінбей басталуы;
• Жиі қандағы қант сынамаларының теріс болуы;
• диетаны бұзған жағдайда кенеттен нашарлаудың болмауы;
• клиникалық және метаболикалық параметрлердің сәйкес
келмеуі.
Медицина қызметкерлері мен пациенттердің өзара қарым-
қатынасы пациенттердің өзін-өзі емдеу сапасын жақсартудағы
қажетті қадам болып табылады. Осы мақсатта медициналық
қызметкерлер
Жапонияның
көптеген
клиникаларында
амбулаториялық-емханалық дайындық бағдарламаларына қатысады.
1989 жылы бұл бастама Денсаулық сақтау министрлігінің
қолдауымен және демеушілігімен 850-ден астам ауруханаларда
болды, олар мезгіл-мезгіл қант диабетін оқыту курстарын өткізді. Бұл
курстар әдетте, 1 айға созылады және аптасына 2 сағаттан тұрады,
курстың ішінде дәрістер мен практикалық сабақтар болады.
Токиодағы Saiseikai орталық ауруханасында пациенттерді оқытуда
топтық тәсіл ұйымдастырылды, қант диабетімен ауыратын
науқастарға және олардың отбасыларына, әсіресе науқасқа тамақ