3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары.
Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының «жасыл экономика» саласындағы қолданыстағы заңнамасын Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес жетілдіру болып табылады.
Сондай-ақ мақсат Экологиялық кодекстің көшпелі ережелерінің негізінде қабылданған Парникті газдардың шығарындыларына 2013 жылға арналған квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде анықталған парникті газдардың шығарындыларын квоталау, мониторингілеу, олардың есептілігі мен растау жөніндегі қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасында реттеудегі олқылықтарды жою арқылы Қазақстан Республикасының экономиканың төмен көміртекті дамуына көшуі үшін заңнамалық негіздерді жетілдіру; ұлттық заңнаманың негізінде Киото хаттамасының екінші есепті кезеңі шеңберінде (2013 – 2020 жылдар) ратификацияламай және Киото хаттамасына Дохий түзетуі бойынша қатаң міндеттемелерді өзіне қабылдамай парникті газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Заң жобасынреттеу нысанасы.
Заң жобасын реттеу нысанасы су және экологиялық құқық саласындағы, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік реттеу саласындағы қоғамдық қатынастар, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларды азайту, су ресурстарын және жерлерді ұқыпты әрі өнімді пайдалану, ауаның ластану деңгейін бақылау, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерді белгілеу болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы.
Заң жобасы 2-баптан тұрады:
заң жобасының 1-бабы Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді:
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
Қазақстан Республикасының Су кодексі;
Қазақстан Республикасының Орман кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтартуралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мемлекеттік мүліктуралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2-бап заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін реттейді.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар.
Заң қабылданғаннан және қолданысқа енгізілгеннен кейін күтілетін құқықтық салдар Тұжырымдаманың жекелеген бағыттарының салаларында құқықтық реттеушілік пен тәртіп жағдайын орнату болып табылады.
В случае принятия законопроекта предполагается решение проблем с ожидаемым дефицитом водных ресурсов, загрязнением водоемов, в том числе посредством запрета строительства загрязняющих установок на территории водоохранных зон.
Заң жобасы қабылданған жағдайда су ресурстарының күтіліп отырған тапшылығынан,су қоймаларының ластануынан болатын проблемаларды, оның ішінде су қорғау аймақтарының аумағында ластаушы қондырғыларды салуға тыйым салу арқылы шешу болжанады.
Осы шараны қабылдау қоршаған ортаның айтарлықтай жақсаруына алып келеді, су көздерінің ластану проблемаларын шешу есебінен халық өмірі мен денсаулығының сапасын арттырады деп болжанады.
Сондай-ақ сатып алынатын тауарды өндірген кезде қайталама өңделген шикізатты пайдалану жөніндегі критерийлерді қолдануға арналған құқықтық тетікті жасау сатып алынатын тауарлар сапасының артуына және экологиялық ахуалдың жақсаруына әкеледі деп күтілуде.
Мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға сатып алынатын тауарды өндірген кезде қайталама өңделген шикізатты пайдалану бөлігінде нақты критерийлер енгізу нәтижесінде мемлекеттік сатып алу процесінде алдын ала болжау тәуекелінің төмендеуі күтіледі, бұл өз кезегінде мемлекеттік бюджеттен шығыстардың азаюына алып келуі мүмкін.
«Жасыл сатып алуларды» ынталандыру инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпіліс береді, ол өз кезегінде Қазақстан халқы үшін қосымша жұмыс орындарыныңқұрылуына әкеп соғады.
Болжанатын құқықтық салдарлар көмір кен орындарының метанын өндіруді ынталандырудың құқықтық тетіктерін құруды білдіреді, олар көмір кен орындарының метанын өндіру саласындағы жобаларды іске асыруды жеделдетуге негіз болады.
Сондай-ақ заң жобасын қабылдаудың болжанатын әлеуметтік салдарлары:
- ұтқыр газ электр станцияларында, қазандықтарда, ЖЭО өртеу жолымен жылу және электр энергиясын өндіру үшін;
- тұрмыстық мақсаттарда халықты отынмен – пәтерге газбен орталықтандырылған және бөлшек қамтамасыз ету үшін және автокөлік үшін отын ретінде;
- металлуригияда отын ретінде пайдалану, сондай-ақ синтетикалық сұйық отынды өндіру, диметил эфирін және басқа да бағалы химиялық өнімдерді өндіру үшін металлургия өнеркәсібінде және химия саласында экологиялық таза энергия тасымалдағышты дамытудан көрінеді.
Көмір кен орындарының метанын өндіру жобаларын іске асырудың көмір өндіретін кәсіпорындарда техногендік авариялардың ықтималдығын барынша азайту есебінен маңызды әлеуметтік әсері де болады.
Заң жобасын қабылдау ҚР Экологиялық кодексінде белгіленген парниктік газдардың шығарындыларын реттеу, олардың парниктік газдардың шығарындыларына квоталар алуы, парниктік газдардың шығарындылары бойынша мониторинг пен есептілікті жүзеге асыру, парниктік газдардың шығарындыларына бұрын алынған квоталардың өтелуін қамтамасыз ету бөлігінде табиғат пайдаланушыларға қойылған талаптарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ заң жобасын қабылдау инвестицияларды тартуды, ЖЭК-нің таза технологияларын енгізуді, «жасыл» жұмыс орындарын құруды және Қазақстанның өңірлерінде салық түсімдерінің толықтырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі.
Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына кейіннен сәйкес келтіру қажеттілігі жоқ.
8. Заң жобасы нысанасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мәселелері ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық және Су кодекстерімен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен, климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен және Қазақстан Республикасының басқа да номативтік құқықтық актілермен регламенттелген.
9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы.
Энергетика
Австрияда «жасыл экономиканы» дамытудың құқықтық базасы энергетиканы дамыту жөніндегі 2003 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жалғасы болып табылатын «2011 – 2020 жылдарға арналған экологиялық таза энергияны дамыту туралы» Заңда шоғырландырылған.
Австрияда ел экономикасының жекелеген салалары бойынша жасыл экономика қағидаттарын енгізу жөніндегі жалпылама бағдарламалар жоқ. Ішінара осы мақсаттар Киото хаттамасының және экология саласындағы басқа да халықаралық шарттардың шеңберіндегі Австрияның міндеттемелерінде қамтылған.
Ұлыбританияда 2009 жылы барлық электр энергиясының 40 %-ын 2020 жылға қарай төмен көміртекті көздерден өндіруді көздейтін төмен көміртекті экономикаға көшу жоспары жария етілді. Аталған мақсатқа, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалануды кеңейту, үйлерді жылумен оқшауландыру және жаңа буындағы электр есептеуіштерін орнату есебінен қол жеткізу жоспалануда.
2020 жылға қарай Ұлыбритания Киото хаттамасы бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылдың деңгейіне қарағанда 34 %-ға қысқартуды жоспарлауда.
«Жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін түрлі тетіктер әзірленді. Айталық, британдық компанияларға шығарындыларды қысқартуға көмек көрсету мақсатында үкімет траст қорын құрды. Қор төмен көміртекті технологияларды енгізу және олардың энергия тиімділігін арттыру үшін ұлттық компанияларға пайызсыз кредиттер береді.
Энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға сондай-ақ түрлі схемаларды (Green Landlord Scheme, Feed-In Tariffs, Warm Front scheme) енгізу арқылы да қол жеткізіледі. Бұл схемалардың мәні орта және шағын кәсіпорындарды, сондай-ақ жекелеген иеліктегі үйлерді энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, отынның жаңартылатын (балама) көздеріндегі энергетика элементтерін орнатуға ынталандыру болып табылады.
Таза отынға негізделген технологияларды енгізетін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер ұсыну тәжірибесі орын алды.
2012 жылдан бастап, Британияда мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша компанияларға «жасыл» жобаларды дамытуға кредиттер беретін «жасыл» инвестициялық банк қызмет етеді.
Венгрия «жасыл экономика» қағидаттарын енгізудің бастапқы кезеңінде тұр. «Жасыл» экономиканы дамыту жоспары жаңа жұмыс орындарын құру, «жасыл» өнеркәсіптік кешендерді салу, үнемді өндірістерді және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы экономиканы тұрақтандыру мақсатын қояды.
«Жасыл экономиканың» дамуын қаржыландыруды жақсарту мақсатында Венгрия үкіметі жолдардан өту үшін жүк автомобильдерінен алынатын салықтарды көтеруді, сондай-ақ отынға акциздік салықтарды ұлғайтуды жоспарлауда.
Компанияларды «жасыл экономиканы» жүргізу қағидаттарын неғұрлым белсенді пайдалануға ынталандыру үшін өз қызметінде осы қағидаттарды қолданатын компанияларға жеңілдікті салық салу мүмкіндігі қарастырылады.
Міндеті мүдделерді үйлестіру, ілгерілету және «жасыл экономикаға» басшылық ету тетігін дамыту болатын жаңа министрлікті құру мүмкіндігі институционалдық деңгейде талқылануда,
Әлемде сондай-ақ «жасыл» технологиялардың дүниежүзілік нарығындағы көшбасшылардың бірі ретінде Германияның орнықты беделі қалыптасты. Әлемде экология саласында патенттелетін барлық технологиялардың 23 %-ы мен күн және жел энергетикасы салаларындағы 30 %-ы неміс компанияларына тиесілі. «Жасыл» секторда – белгілі бір деңгейде қоршаған орта мен климатты қорғаумен (энергетика, көлік, қоқысты өңдеу және кәдеге жарату және т.б.) байланысты салаларда жұмыс істейтін неміс кәсіпорындарында шамамен 2 млн. адам немесе барлық экономикалық белсенді халықтың 4,5 %-ы жұмыс істейді. Осы көрсеткіштің ұдайы өсу үрдісі орын алуда.
Қазіргі уақытта Германия экологиялық қауіпсіз өнім саудасы бойынша (жыл сайын 60 млрд. евродан астам сомаға өнімді экспорттайды) әлемде бірінші орынды иеленуде. Тиісті өнімнің әлемдік саудасының жалпы көлеміндегі Германияның үлесі 16 %-ды құрайды. Бұл ретте, Германияның үлесіне қоқысты сұрыптаудың автоматтандырылған жүйелерінің дүниежүзілік нарығының 2/3, биогаз қондырғылары нарығының – 90 %-ы тиесілі.
Германияның негізгі және неғұрлым табысты жасыл саласы энергетика – ЖЭК әзірлеу, дамыту және енгізу болып табылады.
«Жасыл» энергетика саласындағы Германияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, бірінші кезекте, салада тиісті құқықтық нормаларды және біршама қатаң мемлекеттік реттеуді енгізу есебінен қол жеткізілді. Мемлекеттік реттеу жоспарлы тапсырыстарды жеткізуге емес, тиісті инфрақұрылымды құруға, үгіт-насихат түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға, құқықтық қамтамасыз етуге және ынталандырудың нарықтық тетіктерін қолдануға негізделген. Саланы регламенттейтін құқықтық нормалар алғаш рет 1991 жылғы ЖЭК электр энергиясын қоғамдық желілерге беру туралы заңда бекітілді. Оны ЖЭК-тің басымдығы туралы 2000 жылғы 29 наурыздағы заң алмастырды. Ол жаңартылатын энергетиканың қарқынды дамуына серпіліс берген басты құрал болып саналады. Осы заңда жазылған негізгі тәсілдер халықаралық тұрғыдан мойындалып, 60-тан астам елде ЖЭК қолдану саласындағы көтермелеу жүйелерінің үлгісіне айналды.
2010 жылғы қыркүйекте үкімет Германияның болашақ энергетика жүйесінде жасыл энергетикаға негізгі рөлді бекітіп берген энергетикалық тұжырымдаманы қабылдады. Тұжырымдаманың қолданысы 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Құжаттың негізгі идеясы электрге қолжетімді бағаларды сақтай отырып, Германияның дәстүрлі энергетикадан балама энергетикаға көшуі болып табылады.
Германияның жаңа энергетикалық доктринасы екі нақты мақсатты көздейді. Біріншісі – атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын түбегейлі қысқарту(2050 жылға қарай олардың көлемі 1990 жылға қарағанда 80 %-ға қысқаруы тиіс). Шығарындыларды азайтуды, негізінен, елдің халық шаруашылығын баламалы энергия көздеріне қайта бағдарлау арқылы жүзеге асыру болжанады. Екінші мақсат – энергияға бағалардың шектен тыс өсуіне жол бермеу.
Доктрина элементтері мынадай қадамдар болып табылады:
-
ЖЭК дамыту.
2009 жылы Германиядағы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесі 16 %-ды құрады, 2011 жылғы шілдеде ол Германияның электрмен қамтылуының жалпы жүйесінде 20 %-ға жетті. ЖЭК саласында 2009 жылғы жағдай бойынша 300 мыңнан астам жұмыспен қамтылған. 2020 жылға қарай аталған сала 400 мың жұмыс орнынан тұрады деп болжануда.
Қазіргі уақытта құрлықта жұмыс істейтін 21 мың жел энергетикасы қондырғылары Германияның 10 млн. астам үй шаруашылықтарын электрмен қамтамасыз етіп, 30,2 млн. тонна көлемінде атмосфераға шығарындыларды болдырмауға мүмкіндік береді. 2030 жылға қарай Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі жел парктері 25 ГВт электр энергияны өндіреді деп көзделуде, бұл 20 атомдық электр станциясының жылдық қуаттылығына тең.
Жел энергетикасы қондырғыларының қуатын ұлғайту үшін жиектік суларда инвестициялық жобаларды тіркеу рәсімі оңайлатылады. Бірнеше жыл бойы инвесторлар электр беру желілері бойынша таза энергияның транзиті үшін төлемақыдан да босатылады.
Федералдық үкімет жиектік аймақтардағы жел энергетикасы қондырғыларының 10 паркінің құрылысына қолдау көрсетуде. Осы мақсаттарға 2011 жылы мемлекеттік банк 5 млрд. евро мөлшеріндегі жеңілдікті кредиттік желіні ашты.
Тұжырымдамада био және күн энергетикасын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Кейбір бағалауларға сәйкес Африка мен Таяу Шығыста алып күн электр станцияларын салуды көздейтін «Desertec Industrial Initiative» жобасы ғана 2050 жылға қарай электр энергиясы қажеттіліктерінің 15 %-ын қамтамасыз етуге қабілетті. Жоба 400 млрд. евроға бағаланады.
Тұжырымдамада жұмыс істеп тұрған желілік шаруашылықты жалпылама кеңейткен кезде ғана ЖЭК-ті қолдануға болады деп атап өтілген. Германияның солтүстігіндегі офшорлық жел парктерінен электр энергиясын орталық және оңтүстік өңірлерге жеткізуді ұйымдастыру үшін магистралдық тарату желілерін салу қажет.
-
Энергия тиімділікті арттыру.
Энергетикалық тұжырымдамада энергияны қатаң үнемдеуге, мысалы ғимараттарды оқшаулау арқылы ерекше көңіл аударылады. Тұжырымдамада тұтынушыларға (ғимараттарды энергетикалық санациялау, энергия тұтыну және үнемдеу тәсілдері туралы хабардар ету және т.б.), бизнес пен өнеркәсіпке (энергия тиімді технологияларды енгізуді қолдау, энергия қанықтырылған процестерді оңтайландыруға жәрдемдесу), коммуналдық шаруашылықтарға (энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі іс-шараларды қолдау) қолдау көрсету үшін арнайы қаржылық қорды құру көзделеді.
-
Энергетика саласында бағасы мен сапасы бойынша бәсекелі технологияларды әзірлеу.
Германия көлікте «таза» технологияларды енгізу – электрмобильдерді әзірлеу және құру саласында көшбасшы болу мақсатын алдына қояды.
Электрмобильдерді ынталандырудың мемлекеттік бағдарламасы тұтынушылар іштен жанатын қозғалтқышы мен электрмоторы бар гибридті жеңіл автомобильдерді, таза түрдегі электрмобильдерді, сондай-ақ электрлік мотоциклдер мен мопедтерді пайдаланған жағдайда, олар үшін түрлі қаржылық ынталандыруларды қамтиды.
2017 жылдан бастап электрмобильдерді жаппай шығару және Германияның жанармай құю станцияларын электрмобильдердің аккумуляторларын зарядтау қондырғыларымен жарақтандыру басталады. 2030 жылға қарай Германия жолдары бойынша 6 млн. электрмобиль жүреді деп күтілуде.
Германия қалдықтарды өңдеу және оларды қайталама шикізат ретінде пайдалану бойынша әлемде көшбасшы болып табылады.
Германияның қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы қазіргі заманғы заңнамасының негізіне басымдықтардың нақты дәйектілігі салынған, оған сәйкес қоқыспен жұмыс істеген кезде оны материалдық пайдалану бірінші кезектегі мәнге ие болады. Осы мүмкіндікті тауысқаннан кейін ғана энергетикалық пайдалануға ұмтылу керек, ал реттелген полигондарда көму қалдықтарды жоюдың соңғы тәсілі болып табылады.
Аталған басымдықтарды қалыптастыру үшін Германияға қалдықтарды жою туралы бірінші заң қабылданған 1972 жылдан бастап біршама тарихи және заң шығару жолынан өтуге тура келді. Сол уақытта әрбір елді мекенде дерлік болған қоқыс үйінділерінің жалпы саны 50 мыңға жуық болды. Бүгінгі таңда Германия аумағында қатты коммуналдық қалдықтардың 160 үйіндісі ғана бар.
Қалдықтарды өңдеу мен қайталама шикізатты пайдаланудың тиімді технологияларын жүйелі енгізудің арқасында Германия мынадай үш міндетті табысты шешеді:
1) шикізат ресурстарын үнемдеу (бастапқы ресурстарды қайталама ресурстармен алмастыру);
Қайталама ресурстарды пайдалану Германия экономикасына бастапқы ресурстар импортынан жыл сайын кемінде 7 млрд. евро үнемдеуге мүмкіндік береді.
2) экологиялық қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету;
Рециклинг технологиясын енгізу арқасында Германия шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету проблемасын шешумен қатар, қоршаған ортаға жүктемені де белсенді түрде азайтады.
3) энергиямен қамтудың жаңа көздерін алу, энергия тиімділігін арттыру.
Қалдықтарды қайталама пайдалану мен оларды жағу қазбалы энергия ресурстарын бастапқы тұтынудың 1 %-ын үнемдейді.
Энергия тиімділігін арттыру да үлкен маңызға ие, мысалы алюминийді өңдеуге бастапқы алюминий өндірісіне қажетті энергияның шамамен үштен бір бөлігі жұмсалады (алюминий қаптамасын өңдеу деңгейі Германияда 96 %-ды құрайды). Шыныны, қағазды, пластмассаларды, металды өндіруге және жасауға және осы материалдарды қалдықтардан өңдеуге және оларды қайталама шикізат ретінде айналымға қайтаруға жұмсалатын энергия шығындарының айырмасы 50 %-ға дейін жетеді.
Германия сондай-ақ қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру үшін қажетті заманауи жабдықтардың бүкіл спектрінің – машиналардың, контейнерлердің, арнайы көліктің тікелей өндірушісі болып табылады.
Ауаның ластануын азайту.
Осы заң жобасын әзірлеу кезінде табиғат пайдаланушылар жүзеге асыратын, парниктік газдардың шығарындыларын реттеу негізінде экономиканы төменкөміртекті дамытуды қамтамасыз етуге жататын халықаралық тәжірибе зерделенді.
Киото хаттамасы бойынша парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелері жоқ, бірақ БҰҰ КӨНК шеңберінде үлес бірліктерде қысқартудың ерікті міндеттемелерін мәлімдеген Қытайда, жеті провинцияда 2013-2015 жылдарға арналған квоталармен саудалау жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.
Австралияда 2011 жылы көміртегі нарығын енгізу нұсқасы талқыланды, бірақ кейін таңдау көміртегі салығының пайдасына жасалды, ал парниктік газдардың шығарындыларын квоталау мен саудалау жүйесін іске қосу 2014 жылдан бастап жоспарланып отыр. Осылайша, ұлттық деңгейде шығарындыларды квоталау және саудалау жүйесі Киот хаттамасы бойынша парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді орындаудың негізгі тетігі болып қала береді. Парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі жобалар оған қосымша тетік болып табылады. Көміртегі салығы парниктік газдардың шығарындыларын жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін икемді жағдай жасамайтын артық қатаң құрал ретінде қарастырылады.
Парниктік газдардың шығарындыларын квоталау мен саудалау жүйесін құру арқылы парниктік газдардың шығарындыларын заңнамалық реттеу бөлігіндегі негізгі халықаралық тәжірибе Еуропа одағы мен Австралия елдерінде аналогтық реттеу схемаларын енгізу және оның жұмыс істеуі шеңберінде әзірленді. Аталған заң жобасын дайындау кезінде парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі қазақстандық заңнаманың ережелерін Еуропалық Одақтың тиісті директивалары мен реттеуші құжаттарының ережелерімен салыстырмалық-құқықтық талдау жүргізілді. Атап айтқанда 2013 жылғы 13 қазандағы 2003/87/EО Директивасы, парниктік газдардың шығарындылары бойынша мониторинг пен есептілік жөніндегі басшылық ережелерді белгілейтін, 2004 жылғы 29 қазандағы Еуропалық комиссияның шешімі, ЕвропаПарламенті мен Кеңесінің 2003/87/ЕО Директивасына сәйкес Еуропалық Комиссияның парниктік газдардың шығарындылары турал есептерді және тонна-километрлер бойынша есептерді верификациялау және верификаторларды аккредиттеу туралы 2012 жылғы 21 маусымдағы 600/2012 қағидалары қаралды. Бұл ретте 2013-2020 жылдарға арналған кезеңге парниктік газдардың шығарындыларын саудалаудың Еуропалық схемасы шеңберінде көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға назар аударылды.
Еуропалық және автриялық заңнамамен жүргізілген салыстырмалық-құқықтық талдау қазақстандық заңнамада:
-
парниктік газдардың шығарындыларын реттеу қондырғыларын (базалық объектілерді) айқындау үшін нақты критерийлердің;
-
бұрын берілген квоталарды қайта қарау үшін сандық критерийдің;
-
ірі қондырғылар бойынша осындай шығарындыларды квоталау жүйесі шеңберінде, оның ішінде Парниктік газдардың шығарындыларына квоталар бөлудің 2013 жылға арналған ұлттық жоспары мәтінде парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту бойынша еліміздің заңнамалық тұрғыда бекітілген міндеттемесінің жоқтығын анықтауға мүмкіндік берді;
Сондай-ақ ол көлік және ауыл шаруашылығы сияқты әлеуметтік мәні бар секторлар бойынша қондырғыларды квоталау жөніндегі талаптардың қолданылуын алып тастау қажеттігін көрсетті.
Еуропа Парламентімен Кеңесінің 2003/87/ЕО Директивасының 3d бабының 2-тармағына сәйкес барлық квоталардың кемінде 15%-ы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап аукционнан сатылуға тиіс. Бұл ретте аукционнан сатылатын квоталардың ең төменгі көлемі болашақта ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін екендігі көзделеді, бұл да Директивада көзделген. Бұл ретте қолданыстағы қондырғыларға парниктік газдардың шығарындыларына квоталарды тегін негізде бере отырып, жаңа қондырғыларға ғана квоталарды сату әділдік қағидатын бұзушылық ретінде қарастырылады. Салыстыру үшін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес жаңа қондырғылар үшін квоталарды резервтен сату ғана көзделеді, ал жұмыс істеп тұрған қондырғылар үшін оларды тегін негізде ғана беру түсініледі.
Әлемдік тәжірибе куәландырып отырғандай, көмірсутегі шикізатының дәстүрлі емес ресурстарын игеруді ынталандыратын тиімді құрал инновациялық жобаларды мемлекетті қолдау болып табылады.
- Пайдалы қазбаларды өндіруге салық жеңілдіктері мен каникулдар (АҚШ 1983-1993ж., ҚХР және Үндістан);
Достарыңызбен бөлісу: |