11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілеттіктері
46-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) кезінде әуе кеңістігінде:
1) мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін сақтауға бақылауды жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелері ұшуларының жолын кеседі және қонуына шараларды қабылдайды;
3) кеме экипаждарының іс-қимылдарын жасау кезінде байқаусызда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен әуе кемелеріне олардың бағдарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайына (айлаққа) қондыру немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің шебінен тыс шығару арқылы көмек көрсетеді;
4) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мемлекеттік шекараны (күзетуде) қорғауда көмек көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
1) Әуе кеңістігінде әуе кемелерін тану үшін қолда бар құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) шебінен тыс шетел мемлекеттерінің шекарасына дейінгі әуе кеңістігінде олардың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің қауіп-қатері туындаған немесе заңсыз кесіп өту болған кезде пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде жағдайды анықтау үшін басқа уәкілетті органдарды күштері мен құралдарын тартуға;
3) әуе кеңістігінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қауіп-қатері туындаған немесе заңсыз кесіп өту жасалған кезінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің жеке аудандарында әуе кемелерінің ұшуларына тыйым салуға немесе шектеуге;
4) әуе кемесінен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне ұшып келу мақсаттары немесе ұшу жоспарынан бас тарту себептері туралы ақпаратты беруін талап етуге;
5) кеме экипаждарының іс-қимылдарын жасау кезінде байқаусызда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен әуе кемелеріне олардың бағдарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайына (айлаққа) қондыру немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің шебінен тыс шығару арқылы көмек көрсетеді, бағыты тыйым салынған немесе ұшулар үшін уақытша қауіпті аудандарға апаратын әуе кемесінің бағытын өзгертуді ұсынуға;
6) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алдын алу немесе тоқтату бойынша шаралар қабылдау, қажет болған жағдайда әуе кемесінің экипажынан көрсетілген жерге, соның ішінде мәжбүрлеу тәртібінде қонуын жүзеге асыруын талап етуге;
7) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің экипаж мүшелерін (Қазақстан Республикасының аумағына қонғаннан кейін) Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне және өзге жерлерге құқық бұзу жағдайларын анықтау үшін шақыруға;
8) құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарды ұстауға, бұл адамдарды анықтау және тергеу немесе әкімшілік органдарына тапсыруға;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қаруды және әскери техниканы қолдануға;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған міндеттерді шешуге байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға;
47-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік шекараны (Каспий теңізінде) қорғау (күзету) кезінде:
1) мемлекеттік шекараны су асты ортасымен кесіп өтуге бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүддесінде сүңгуір қайыққа қарсы, соның ішінде сүңгуір қайыққа қарсы диверсиялық қорғанысты жүзеге асырады;
3) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Мемлекеттік шекараны қорғауда (күзетуде) көмек көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізінде:
1) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында, сондай-ақ олардың шебінен тыс шетел мемлекетінің шекарасына дейін мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің қауіп-қатері туындаған және заңсыз кесіп өту кезінде су асты объектілерін тану (классификациялау) үшін қолда бар құралдарды пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында су асты ортасының жағдайды анықтау үшін басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;
3) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында су асты объектілерді анықтаған кезде осы суларға кіру мақсаттары туралы сұрау жүргізуге, бағытты өзгертуді талап етуге, олардан су асты жағдайынан шығуға, туларын көрсетуді ұсынуға, тоқтатуға және оларды тексеруден өткізуге, анықталған су асты объектілерінің іс-әрекеттерінің алдын алу және тоқтату бойынша өзге де шараларды қабылдауға;
4) құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарды ұстауға, оларды Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелеріне және өзге орындарына құқық бұзу жағдайларын анықтау үшін жеткізуге, бұл адамдарды анықтау және тергеу немесе әкімшілік органдарына тапсыруға;
5) мемлекеттік шекараны кесіп өтудің және (немесе) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында жүзуге белгіленген тәртібін бұзған су асты құралдарын ұстауға, оларды Қазақстан Республикасының айлақтарына, өзге де жерлерге құқық бұзу жағдайларын анықтау үшін жеткізуге (алып жүруге), бұл құралдарды анықтау және тергеу немесе әкімшілік органдарына тапсыруға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қаруды және әскери техниканы қолдануға;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған міндеттерді шешуге байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға.
12. Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарлар және дене күшін қолдану
48-бап. Қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдану жағдайы және шегі
1. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері шекаралық аймақ шегінде қаруды және арнайы құралдарды, сондай-ақ жауынгерлік техниканы, қызметтік жануарлар мен дене күшін қолдануға алып жүруге, сақтауға құқылы.
Олар қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығына арнайы дайындықтан, кезекті тексеруден өтуге міндетті.
2. Шекаралық кеңістіктегі қылмыстық қолсұғушулуққа тойтарыс беру мақсаттарында, сондай-ақ шекаралық даушарлардың жолын кесу кезінде Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қаруын, жауынгерлік техникасын және арнайы құралдарын қолдана алады.
3. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) кезінде, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік болған жағдайларда немесе құқық бұзушылық жасаған тұлғаны ұстау кезінде, штаттық қарудың және арнайы құралдың жоқ болған кезінде, не оны қолдануға мүмкіндік болмағанда, қандай да болсын қолына түскен құралдармен, сондай-ақ осы Заңмен белгіленген негіз және тәртіппен қарулануында тұрмаған қару және арнайы құралдарды қолдануға құқылы.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғаушы органдарымен өткізілетін іс-шараларға тартылған жағдайларында қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдану іс-шараға бастамашы органның іс-қимылдарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілеріне сәйкесжүргізіледі.
5. Қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарларды және дене күшін әйелдерге, мүгедектік белгілері айқын болған және жасы кәмелетке толмаған тұлғаларға қарсы қолдануға тыйым салынады, егер азаматтардың, әскери қызметшілердің өмірлеріне және денсаулықтарына нақты қауіптің төну жағдайлары, сондай-ақ олар қаруланған немесе топтық шабуыл жасаған, қарулы қарсылық танытқан, кепіл тұтқындарды, объектілерді, көлік құралдарын, соның ішінде әуе және теңіз кемелерін алған жағдайларын алып тастағанда.
Қару мен жауынгерлік техниканы мыналарға қарсы қолдануға тыйым салынады:
1) жолаушылары бар су беті, су асты, әуе (ұшатын аппараттары, құралдары) кемелерін және мұзбен қозғалатын құралдарды, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын;
2) егер бұл нағыз байқаусызда, абайсыз жағдайға байланысты немесе табиғаттың жойқын күштерінің ықпалымен болғанда, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен немесе кесуге тырысқан тұлғаларға қатысты;
3) мелмекеттік шекараны кесіп өткен немесе кесіп өтуге тырысқан жабайы және үй жануарларына қатысты.
6. Қаруды, жауынгерлік техниканы, арнайы құралдары, қызметтік жануарларды және дене күшін қолданудың барлық жағдайлары туралы Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қоршаған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және зардап шеккендерге жедел көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Осы Заңда қарастырылған қару, әскери техника, арнайы құралдар, қызметтік жануарлар мен физикалық күштерді қолдануына байланысты залал келтірілген моральдық, материалдық және физикалық күштерге олар жауапкершілікті артпайды, соның ішінде нәтижесінде болған:
-
құқық бұзушылардың іс-әрекеттері мен (немесе) көлік құралдарының қауіпті немесе күтпеген маневрлері;
-
оқтың (снарядтар) ұшу траекториясын өзгерту олардың ауытқып кетуінің салдары;
-
құқық бұзушылар көлік құралдарын сындыру немесе бұзу.
7. Әр жағдай бойынша қаруды, әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және физикалық күштерді қолдану, адамдардың немесе өзге ауыр жағдайдың салдарынан қайтыс болуына апарып соқса 24 сағат ішінде прокурорға сәйкес ақпараттандырады.
49-бап. Әскери техника мен қару-жарақты қолдану
-
Мемлекеттік шекарасын (күзетін) жүзеге асырушы Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери техника мен қару-жарақты:
-
Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасауға және қарулы басып кіруге тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы араңдатудың жолын кесу үшін;
-
Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының әскери қалыптастыру мен басқа да әскерлері, Әскери-теңіз күштері және Әуе қорғанысы күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшін;
-
Мемлекеттік шекараны кесіп өткен (кесіп өтуші) адамдарға, су үстіндегі, су астындағы, әуе кемелеріне (ұшу аппараттары, құралдары) және мұз үсті бойынша қозғалыс құралдарына, сондай-ақ көлік құралдары мен қарулы қарсыласты көрсеткенде, олармен күш қолданған кезде жауап беруге қарсы;
-
Су үсті, су асты (қозғалысты немесе ұшуды тоқтату), әуе кемелерінің (ұшу аппараттары, құралдары) және мұз үсті бойынша қозғалыс құралдарының кідірісі (аялдамасы) үшін, сондай-ақ өзге де транспорттық құралдары, олардың бұзылу жолымен, аялдау жөніндегі талаптарды олармен орындалмаған немесе курс өзгерген жағдайда, бұзушылықты тоқтатқанда немесе оларды ұстау басқа да құралдармен іске асырылмауы мүмкін;
-
Су үсті, су асты, әуе кемелерінің (ұшу аппараттары, құралдары) және мұз үсті бойынша қозғалыс құралдарын, сондай-ақ өзге де жолаушысыз транспорттық құралдары шекарадан ұрлап әкетуге жол бермеу үшін;
-
Әскери Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілері мен әскери қызметшілеріне (соның ішінде қарусыз) шабуылдың тойтарысы үшін мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау жөніндегі қоғамдық немесе қызметтік борышын орындап жүрген өзге де азаматтар, олардың отбасы, олардың өміріне тікелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру үшін;
-
азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату үшін;
-
Әскери қызметшілер немесе азаматтарды хайуандардың шабуылынан қорғау үшін олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіргенде;
-
Өзге де құқық бұзушылардың алдын кесу және айқындау, ескерту үшін, сондай-ақ қажетті қорғаныс пен ақырғы қажеттілік жағдайда әскери техника мен қару-жарақ қолданылады.
Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері шекара кеңістігінде дабыл белгісін беру үшін немесе көмек шақыру үшін қару пайдалануға құқылы.
-
Әскери техника мен қару-жарақ:
-
қарулы шабуыл мен қарулы басып кірудің тойтарысы үшін;
-
қарулы қарсылас көрсеткен кезде;
-
әскери қызметшілер мен өзге азаматтарға кенеттен шабуыл жасаған кезде;
-
қару-жарақпен ұсталған адамдардың қашу кезінде;
-
тұтқындарды босатқан кезде ескертусіз қолданылуы мүмкін.
50-бап. Арнайы құралдарды қолдану
Әскери техника мен қару-жарақты қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барлық жағдайларда құқық береді, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері шекара кеңістігінде:
-
Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғауға қатысушыларға, әскери қызметшілерге қасақана кедергі жасау немесе қарсыласуды көрсету, өзге де адамдарды, құқық бұзушыларды қарусыздандыру мен ұстау үшін оларға жүктелген қызметтік міндеттерді немесе қару, оқ-дәрілер, жарғыш, улы, радиактивті, есірткі және өзге де еркін ұстауға тыйым салынған заттарды өзімен заңсыз ұстаған адамдарға қатысты;
-
Мемлекеттік шекараны (кесіп өту әрекетінде) көптеген қаруланбаудың алдын-алу жағдайларында және шекара кеңістігіндегі көптеген тәртіпсіздікке батыл шара қолдану, топтық құқық бұзушылардың іс-қимылдарындағы өмірге, денсаулыққа, құқыққа, бостандыққа, жеке қасиет пен азаматтардың жекеменшігі немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне қастандық жасағанда;
-
тұтқындалған адамдардың күзетінде және айдап жүру кезінде, егерде негіздемелер жеткілікті болса, олар қашуды іске асыруы, айналаға немесе өз денсаулықтарына қауіп-қатер төндіруі мүмкін;
-
құқық бұзушылардың тұлғасын орнату, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында егерде қажет болса тұтқындарды жеткізуге,сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттаманы құруда, орында құру мүмкіндігі болмаса, егерде хаттаманы құру міндетті түрде болып табылса;
-
транспорттық құралдарды және объектілерді ашуға, сондай-ақ құқық бұзушылардың алдын-алу мақсатында оларды бөлшектеу;
-
өзге де құқық бұзушылардың алдын-алу және айқындау, ескерту үшін ақырғы қажеттілік жағдайда және қажетті қорғанысы кезінде арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.
51-бап. Қызметтік жануарлар мен физикалық күштерді қолдану
Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау кезіндегі құқық беретін барлық жағдайларда әскери техниканы, қару-жарақты және арнайы құралдарды қолдануда қызметтік жануарлар мен физикалық күштер қолданылуы мүмкін.
Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне шекара кеңістігінде қызметтік жануарларды және физикалық күштерді, соның ішінде күресудің әскери тәсілдерін қолдануға:
-
құқық бұзушыларды ұстау мен іздеуге;
-
қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығару және Қазақстан Республикасына кіргізуге немесе еркін ұстауға тыйым салынған заттарды, құралдарды, материалдарды, бұйымдарды табу және іздеу мақсатында жерлерді қарауда, жүктер мен тауарларды, транспорттық құралдарды, адамдарды тексеруге;
-
өзге де құқық бұзушылардың алдын-алу және айқындау, ескерту үшін ақырғы қажеттілік жағдайда және қажетті қорғанысы кезінде арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.
52-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау шеңберіндегі өзгеде уәкілетті органдарымен әскери техниканы, қару-жарақты, арнайы құралдарды, қызметтік жануарлар мен физикалық күштерді қолдану
Мемлекеттік шекараны қорғау шеңберіндегі өзге де уәкілетті органдары Қазақстан Республикасының өзге Заңдарымен және осы Заңға сәйкес әскери техниканы, қару-жарақты, арнайы құралдарды, қызметтік жануарлар мен физикалық күштерді қолданады.
13. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысуы, олардың құқықтық қорғалуы
53-бап. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысуы
1. Азаматтар қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар) және өзге де нысандар құрамында шекаралық кеңістігі шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) ерікті түрде қатысады.
Азаматтарды шекара кеңістік шегінде (күзетуге), қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар), нысандар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға қатыстыру тәртібі және осындай қатыстыру түрлері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
2. мемлекеттік шекараны күзетуге (қорғауға) қатысушы азаматтар өз қызметін заң принциптері, құрметтеу және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандығын сақтау негізінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы азаматының қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар) құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысу мүмкіншілігін болдырмайтын жағдай болып:
қылмыстық жауапкершілікке тарту;
бірнеше рет (жыл бойы екі немесе одан да көп) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
шекара кеңістігі немесе Қазақстан Республикасы шегіне тұрақты тұруға шығу;
Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) бұдан әрі қатысуды болдырмайтын жағдайлардың пайда болу (психикасының бұзылуын анықтау, алкогольді, нашақорлық немесе уытқұмарлық аурулар және Қазақстан Республткасы Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес басқа да қоршаған ортаға зиян туғызатын аурулар азаматтардың өлімі) мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) одан әрі қатысу ынтасының болмауы болып табылады.
54-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтар:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандақтарын сақтауға;
2) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесін оларға мәлім болған шекара кеңістігіндегі дайындалып жатқан, не болмаса жасалған құқықбұзушылақ фактілері бойынша шұғыл түрде хабардар етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда азаматтардың талабы бойынша Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) олардың қатысу заңдылығын растайтын куәлігін ұсынуға;
4) құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға оларға қолданатын мәжбүрлеу шараларының негізін түсіндіруге;
5) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерінде Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша іс-шараларға қатысу алдында құқықтық дайындақтан өтуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтар:
1) бақылау және қадағалау функцияларымен байланыс жоқ Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) іс-шараларында Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмек көрсетуге;
2) шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында дене күшін және өзге тәсілдермен белгіленген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік болмаса, басқа құралдарды қолдануға;
4) заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелеріне, құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдарға шекара кеңістігінде құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға және жеткізуге;
5) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесіп шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге;
6) азаматтардан шекара кеңістігінде белгіленген режимдерді сақтауды талап етуге құқығы бар.
55-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің құқығы
Азаматтармен Мемлекеттік шекараны қорғауда (күзетуда) көмек көрсетуге байланысты азаматтарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының заңымен балгіленген жауапкершілікке тартылады.
14. Қорытынды ереже
56-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Осы Заң мен Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен Мемлекеттік шекараны қорғау саласында олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнінде түсініктеме алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиісті лауазымды адамдар Қазақстан Ренспубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұл құқықтарды қалпына келтіруге және келтірілген залалды өтеуге міндетті.
57 -бап. Заң әрекеттерінің жүргізу тәртібі.
1. Аталған Заң нормаларын әрекеттері бойынша календарлық он күннен кейін арнайы жариялансын.
2. Күші жойлды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 13 қаңтар айындағы «Қазақсатн Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету туралы» заңына сәйкес (Қазақстан Республикасының жоғары ведомостық кеңесінің, бап 1, № 1 1993ж., Қазақстан Республикасының Парламенті ведомостық 1996 ж., № 14, бап. 275; 1998 ж., № 24, бап. 436; 2002 ж., № 15, бап. 147; 2004 ж., № 23, бап. 142; 2007 ж., № 24, бап. 180; 2009 ж., № 18, бап.86; 2011 ж., № 11, бап. 102;)
2) Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 13 қаңтар айындағы «Қазақсатн Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік шекарасын күзету туралы» заңына сәйкес (Қазақстан Республикасының жоғары ведомостық кеңесінің, 1993 ж., № 1, бап. 3; 1995 ж., № 8, бап. 56; Қазақсат Республикасының Парламенті ведомостық 1966 ж., № 14, бап. 275; 2002 ж., № 15, бап. 147; 2004 ж., № 23, бап. 142; 2007 ж., № 9, бап. 67; № 24, бап. 180; 2011 ж., № 1, бап. 7).
Қазақстан Республикасының Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |