Жоба «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі1.05 Mb.
#125245
1   2   3   4   5

3. Мемлекеттік шекараның режимі
11-бап. Мемлекеттік шекараның режимі

1. Мемлекеттік шекараның тұтастығы мен қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, халықаралық шарттармен және (немесе) осы Заңмен белгіленген заңның сақтау және құқықтық тәртіпті ұстау мақсатында Мемлекеттік шекарада және шекаралық алқапта әрекет ететін Мемлекеттік шекараның режимі орнатылады.

2. Шектес мемлекеттермен шекара учаскесі бойынша шекаралық алқаптың ені Мемлекеттік шекара ені 5 метр көрсету шегі жабдықталатын Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді: құрлықта - тікелей Мемлекеттік шекараның бойымен, Мемлекеттік шекара шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су қоймалары бойынша өтетін учаскелерде - тікелей іргелі жағаның бойымен.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара жолағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте инженерлік-техникалық құрылымдар және кедергілерді, коммуникацияларды, Мемлекеттік шекара және Мемлекеттік шекараның өзге де инфрақұрылым обьектілері арқылы өткізу пункттерін жайластыру мен ұстау үшін пайдаланылатын жер жолақтарын (учаскелерін) мерзімсіз (тұрғылықты) пайдалануға өтеусіз беріледі.


12-бап. Мемлекеттік шекараны ұстау

1. Мемлекеттік шекараны ұстау Мемлекеттік шекараны белгілеу шегін жабдықтау тәртібі мен жұмыс істеуін қамтамасыз етуден тұрады (шекара белгілерін орнату, сақтау және жұмыс істейтін жағдайда ұстау, олардың бақылаулық тексеруі, шекаралық жабдықтау), сондай-ақ шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекараның өтуін бірлесе тексеруді жүргізуден тұрады.

2. Халықаралық шарттарда белгiленбеген Мемлекеттік шекараны ұстау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде белгiлейдi.

13-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту

1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту:

құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су қоймаларында – халықаралық теміржол, автомобиль, теңiз (өзен) және өзге де қатынас жолдарында орнатылатын Мемлекеттік шекарасы арқылы өту орындарында;

әуе кеңістігінде және теңізде - халықаралық әуе немесе теңіз қатынасы жолдарында орнатылатын әуе және теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.

халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Мемлекеттік шекарадан өзге де жерлерде өтуге жол беріледі.

2. Мемлекеттік шекараны шекаралық ынтымақтастың халықаралық орталықтарының шегінде өту, сондай-ақ олардың аумақтарында адамдардың болу тәртібі мен өзге де мәселелер (қолданыстағы режим, жүктерді, тауарларды орналастыру ережелері туралы және т.б.) кейбір халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі.

3. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде апаттық-құтқару, апаттық-қалпына келтіру құрылымдары (күштері) Мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актілерімен белгіленетін, өзге тәртіпте бұндай жағдайлардың ошағын оқшаулау және жою үшін өтеді. Бұндай құрылымдардың (күштер) Мемлекеттік шекарадан, әдетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың ошағына жақын таңдалатын белгіленбеген өту орындарында теңіз және әуе дәлiздерiнен өтуіне жол беріледі.

4. Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша міндеттерді орындау кезінде Мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін және шектес мемлекеттің шекара органымен келісілетін өзге тәртіппен (Каспий теңізінде аумақтық сулардың (теңіз) сыртқы шекарасынан басқа) өтуге құқық беріледі.

5. Мемлекеттік шекарадан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне дейін халықаралық темір жол және автомобильдік қатынас жолдарының учаскелерін белгілеу мен жабдықтауға талаптар, олар бойынша жүру тәртібі, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға талаптар Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

6. Мемлекеттік шекарадан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне дейін немесе кейін қарай бағытта (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамаларымен қарастырылған жағдайлардан басқа) адамдар мен көлік құралдарын өткізу кезінде:

1) белгіленген қозғалыс бағытын өзгертуге;

2) адамдардың аялдауына, түсуіне (мінуіне), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), әуеге көтеруге, кез келген ұшу аппаратын қондыру мен қабылдауға;

3) халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынған өзге де әрекеттерге тыйым салынады.

7. Қазақстандық және шетелдік (су үсті және су асты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен қозғалу құралдары халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су қоймаларында Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.

Су асты шетелдік кемелері (құралдары) Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді және аумақтық суларда (теңізде) су асты жағдайында жүреді.

Қазақстан Республикасының әскери корабльдері Мемлекеттік шекараны Қазақстан республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитетімен хабарландыру бойынша өтеді.

Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттердің порттарына кірмей Мемлекеттік шекараны кесіп өтумен шекара өзендерінде, көлдерде және өзге де су қоймаларында кемелердің жүзуі Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен халықаралық шарттарымен реттеледі.

Қазақстандық және шетелдік (су үсті және су асты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен қозғалу құралдары Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде және Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңіздері) мен ішкі суларынан өткенде Қазақстан Республикасының портына (рейдіне) кіріп немесе кірмей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының портынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға өткенде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келесі талаптарын орындауға міндетті:

1) егер ол қандай-да бір себептермен көтерілмеген болса, өз туын көрсетуге;

2) егер жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, сондай-ақ жасанды арал айналасында орнатылған, қауіпсіздік аумағына, немесе жүзу режимінің басқа бұзушылығына әкелетін болса, бағытты өзгертуге;

3) Қазақстан Республикасының аумақтық суына (теңізіне) немесе ішкі суына кіру мақсаты, қозғалыстың кестеден ауытқу себебі туралы хабарлауға;

4) тоқтау және тексеру үшін қарау тобын қабылдау (кеменің үй-жайын тексеру), кеме және навигациялық құжаттарды, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктер немесе тауарларға құжаттар ұсынуға;

5) бағытты өзгертуге және Қазақстан Республикасының портына немесе көрсетілген пунктке жүруге;

6) халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де талаптар.

Қазақстандық және шетелдік (су үсті және су асты) кемелері, шетел әскери корабльдері, мұз үстімен қозғалу құралдары Мемлекеттік шекараны өту кезінде және Қазақстан Республикасының портына (рейдіне) кіріп немесе кірмей Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңіздері) мен ішкі суларынан өткенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының портынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға өткен кезде (халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларына көзделген жағдайлардан басқа) :

1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері ашылмаған Қазақстан Республикасының портына (рейдіне) кіруге;

2) қозғалыстың белгіленген кестесінен ауытқуға, жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды арал айналасында орнатылған, қауіпсіздік аумағына кіруге, егер осындай аудан немесе аумақ туралы теңізде жүзушілердің хабарламасында жарияланса;

3) адамдардың түсуі (мінуі), кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу), кез келген жүзу құралдарын суға түсіру немесе бортқа қабылдау, әуеге көтеру, бортқа кез келген ұшу аппаратын қабылдау қондыру мен қабылдау, кәсіпшілік, зерттеу, іздеу немесе өзге де іс-әрекетті өкілетті органның рұқсатынсыз немесе бұндай рұқсаттың шартын бұзып жүргізуге;

4) халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынған өзге де әрекеттерге тыйым салынады.

Аумақтық суларда (теңіздерде) ішкі суларда, Қазақстан Республикасының тек балық ауланатын және континенттік қайраң кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелер: мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге өнімдерді іске асыру және өндіру үшін кәсіпшілік өнімін жеткізу болып табылатын кәсіптік іс-әрекет жүргізілген жағдайда шекаралық бақылау жүзеге асырылғандарға қатысты шетел кемелеріне, сондай-ақ қазақстандық кемелерге кәсіпшілік өнімдерін тиемейтін, Мемлекеттік шекараны, Шекара қызметінің рұқсатының негізінде олармен шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге түрін өтпей Мемлекеттік шекараны бірнеше рет өте алады.

Көрсетілген қазақстандық кемелерге Қазақстан Республикасының ерекше балық аулау аумағынан шығуға, шетел мемлекетінің аумақтық суларына (теңізге), ішкі суларына, шетел портына, адамдарды түсіруге, (мінуі), кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу), сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелер, адамдар мен кемелерді құтқару қажеттілігінен, сондай-ақ кеменің капитаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін жедел ақпараттандыратын басқа төтенше жағдайлардан туындаған жағдайдан басқа. Мемлекеттік шекарадан бірнеше рет өтуге рұқсат алу тәртібі, бұл рұқсаттың кеңістік және уақытша шегінің әрекеті, сондай-ақ бұл қазақстандық кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

8. Әуе кемелері Мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған ережелерді сақтаумен өтеді.

Әуе кемелері Мемлекеттік шекарадан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін немесе кері қарай өту кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы өкілетті органның келесі талаптарын:

1) егер ол ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға әкелетін болса, бағытты өзгертуге;

3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру мақсаты немесе ұшу жоспарынан ауытқу себебі туралы хабарлауға;

3) көрсетілген жерде қонуды жүзеге асыруға;

4) халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынған басқа талаптарды орындауға міндетті.

Әуе кемелеріне Мемлекеттік шекарадан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін немесе кейін қарай бағытта өтуі кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшу кезінде (халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген жағдайдан басқа) тыйым салынады:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық ұшулар үшін ашылмаған Қазақстан Республикасының әуежайларында, аэродромдарында қону (ұшу);

2) белгіленген (ұсынылған) дәлізден және ұшу бағытынан ауытқуға, жалпы мәлімет үшін хабарланған ұшу үшін тыйым салынған аудандарға кіруге;

3) адамдардың түсуі (мінуі), кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу);

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамаларымен тыйым салынған өзге де әрекеттерге.

Ерекше жағдайларда арнайы халықаралық ұшуларды орындау кезінде, әуе кемелерінің қонуы және ұшуы Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық ұшулар үшін ашылмаған Қазақстан Республикасының әуежайларында, аэродромдарында жүргізіле алады. Көрсетілген ұшулар тек ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, кеден ісі, көлік және коммуникация, өзге де мемлекетік органдар саласында өклетті органдармен келісілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы өкілетті органының рұқсаты бойынша орындалады.

9. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен оның жеке учаскелерінде Мемлекеттік шекараны өту Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүдделі мемлекеттің билігін дипломатиялық арналар бойынша хабарлауымен 72 сағат шектеулі немесе тоқтатылуы мүмкін.

10. Келесі төтенше жағдайларының негізінде жүзеге асырылатын оның мәжбүрлі өтуі (белгіленбеген орындардан, теңіз және әуе дәліздерінен тыс) Мемлекеттік шекараны өту тәртібінің бұзылғаны болып табылмайды.

1) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қазақстандық және шетелдік кемелерінің, әскери шетелдік корабльдерінің, мұз үстімен қозғалу құралдары, сондай-ақ әскери кемелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін табиғи апат, катастрофа, апаттар, апаттық жағдайлар, бақытсыздық жағдай;

2) зақым келген қазақстандық немесе шетелдік кемелерін, әскери шетелдік корабльдерін, мұз үстімен қозғалу құралдарын тіркеуге алу;

3) құтқарылған адамдарды жеткізу;

4) қазақстандық немесе шетелдік кемелердің, шетелдік әскери корабльдерінің экипаж мүшелері мен жолаушыларына, мұз үстімен қозғалу құралдарына, сондай-ақ өзге төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету;

11. Қазақстандық немесе шетелдік кемесінің, әскери шетелдік кораблінің, мұз үстімен қозғалу құралдарының капитаны (кеме жүргізушісі), әскери кеменің командирі Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі өткен немесе осы заңмен белгіленген Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі сақтамаған жағдайда Мемлекеттік шекарадан бастап Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін немесе кері бағытта өту кезінде:

1) осы туралы қазақстандық теңіз (өзен) портының жақын жердегі әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне дереу хабарлайтын Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы өкілетті органға дереу хабарлауға;

2) Қазақстан Республикасының өкілетті органдарынан, шекаралық (әскери) корабльдерінің командирінен, теңіз, өзен кемесінің немесе болған оқиғаға көмек көрсету немесе анықтау үшін келген Қазақстан Республикасы әуе командирінің нұсқауына сәйкес әрекет етуге міндетті.

12. Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі өткен жағдайда немесе Мемлекеттік шекарадан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін немесе кері бағытта өту тәртібін осы Заңмен еріксіз сақтау белгілеген өзге де адамдар мен көлік құралдары:

1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жақын бөлімінің (бөлімшесінің) басшылығына дереу хабарлауға;

2) оқиғаға көмек көрсету немесе анықтау үшін келген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілінен алған нұсқауына сәйкес әрекет етуге міндетті.


14-бап. Адамдарды және көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiленген және ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен халықаралық шартына сәйкес шекаралас кедендік одақтың қатысуымен тұрғындар және олардың көлік құралдарын өткізу жеңілдетілген өткізу пунктерін оңайландыруда Мемлекеттік шекара өтетін жерлерде тікелей жүзеге асырыла алады.

2. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін орнату, ашу (жабу) жұмыс істеуі (пайдалануы) санаттау, жайластыру ережелерін, техникалық жарақтандыру мен жұмысын ұйымдастыру талаптарын, олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген шекаралық, кедендік, транспорттық, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық және бақылаудың өзге түрлерін ұйымдастыру үшін өз құзыретінің шегінде жауап беретін бақылау органдарының бөлімшелері орналасады.

Мемлекеттік шекара арқылы жеңілдетілген өткізу пункттерінде бақылаудың барлық түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктеледі.

3. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасына аумағына енгізілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын жүктер мен тауарлар Мемлекеттік шекара арқылы ауысуының, Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен адамдармен, көлiк құралдарымен Мемлекеттік шекара арқылы өтудің заңдылығының (өтуге рұқсат) танылуында тұрады.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен шекаралық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

кедендік, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық және бақылаудың өзге түрлерін ұйымдастыруға жауап беретін кедендік және өзге де бақылау органдары өз құзыретінің шегінде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының аумағына көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды кіргізуге (шығаруға) рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу Қазақстан Республикасына кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құқығы бар, халықаралық келісімдермен анықталған шын нақты құжаттары бар болған кезде, сондай-ақ аталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген шектеулердің болмауы жағдайында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу тиісті құжаттар болған кезде, сондай-ақ өткізу оларға рұқсат берілген кедендік және өзге де бақылаушы органдарының Қазақстан Республикасына көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды кіргізу (шығару) құқығы бар рұқсат қағазы болғанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу процесі шекаралық бақылау рәсімінің аяқталуы бойынша, яғни адамдар, көлік құралдары шыққан кезде немесе жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінен сыртқа шығарған кезде аяқталған деп есептелінеді.

4. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау желісі жүреді.

5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдік азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат етілмегендігі туралы шешім қабылданған адамдар (азаматтығы немесе мәртебесіне қарамай), сонымен бірге сот, органның (лауазымды тұлға) шешімін орындамаған, қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар өткізілмейді.

6. Қазақстан Республикасына халқаралық келісім шарттармен кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құжаттарының бөлігі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы және шектес мемлекеттер азаматтары Қазақстан Республикасымен шектес мемлекет арасындағы шартпен Мемлекеттік шекара арқылы жеңілдетілген тәртіп орнатылуы мүмкін, сонымен бірге осы тәртіп таратылған азаматтар санаты және Мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пункттері туралы да айтылған.

7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туған жағдайда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшауландыру мен жоюға арналған апаттан құтқару, аппаттан кейін қалпына келтіру құрылымдарын (күштерін) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу Қазақстан Республикасы заңнамалары мен халықаралық шарттармен белгіленетін тәртіпте жүргізіледі.

8. Ерекше жағдайларда адамдарды, көлік құралдарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары аэропорт немесе аэродром, теңіз немесе өзен порттары әкімшілігімен бірге, кейіннен Шекара қызметінің жақын маңдағы бөліміне (бөлімшесіне) хабарлай отырып, жүзеге асыруы мүмкін. Бұл:

1) Қазақстан Үкіметі халықаралық қатынастарға рұқсат бермеген, Қазақстан Республикасының аэропорты мен аэродромынан арнайы халықаралық қатынастар жасайтын әуе кемелеріне;

2) халықаралық қатынастар жасайтын, белгісіз орындарға амалсыз қонған қазақстандық және шет ел әуе кемелеріне;

3) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері болмаған жерлерде, айлаққа (кемежайға) немесе қазақстандық жағаға келген мұзда қозғалатын қазақстандық кемелер мен құралдар, халықаралық тасымал жасайтын шет ел (су үсті және су асты) кемелері, шет ел әскери кораблдері, Қазақстан Республикасы теңіз және өзен порттарына (рейдке) амалсыз кіруді жүзеге асырған мұзда қозғалатын құралдарға қатысты.

9. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы жеңілдетілген өткізу пунктінде барлық бақылау органдарының міндеттері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы жеңілдетіп өткізу пунктінен жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізуге болмайды, егер басқа Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттер арасындағы шартпен анықталған болмаса.


15-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау

  1. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық іс-әрекеті әдістерінің бірі.

Осы Заң 14-бабының 7, 8-тармақтарында қарастырылған жағдайлардан басқа, Қазақстан Үкіметі бекітпеген Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылау жасауға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты:

1) Мемлекеттік шекарадан өту тәртібін бұзушыларды анықтау мақсатында адамдарды өткізу үшін негіздемені тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген Қазақстан Республикасына кіруге (шығуға) шектеулері бар адамдарды анықтауды;

2) Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарымен өту немесе Мемлекттік шекара арқылы жүктер мен тауарларды өткізу тәртібін бұзушыларды анықтау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін құжаттарына сәйкес негіздемені тексеру;

3) Мемлекеттік шекара арқылы өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Мемлекеттік шекара арқылы немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып, алып өтуге тыйым салынған жүктер мен тауарларды кіргізуді немесе шығаруды болдырмау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру, қажет болған жағдайда арнайы (тереңдетілген) тексеру.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Мемлекеттік шекара арқылы немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып алып өтуге тиым салынған жүктер мен тауарларды кіргізуді немесе шығаруды болдырмау мақсатында, негіздемесі болған жағдайда, сондай-ақ олардың іс-әрекетінен Мемлекеттік шекара арқылы өту немесе ол арқылы жүктер мен тауарларды алып өту тәртібін бұзу белгілері байқалған кезде адамдарды тексеру;

5) көлік құралдарын Мемлекеттік шекара арқылы өткен жерден өткізу пунктіне дейін немесе өткізу пунктінен Мемлекеттік шекара арқылы өткен жерге шығарып салу;

6) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінде орналасқан бақылау түрлерін тексеру.

3. Өткізу пунктіне келген және Мемлекеттк шекара арқылы өтуге негіздемесі жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, келген еліне немесе өзінің азаматтығы бар еліне қайтарылады.

Мұндай адамдар Қазақстан Республикасынан шыққаннан кейін тиісті құжаттарын алмағанша Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.

16-бап. Шекаралық алқапқа кіру, уақытша болу, өмір сүру немесе онда жүру


  1. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің рұқсатынсыз шекаралық алқапқа кіруге, уақытша болуға, өмір сүруге немесе онда жүруге тиым салынған.

Адамдардың шекаралық алқапқа кіруі, осыған арналған орындарда, Шекақтау мақсатында тұлғалардың құжаттарын тексеру, Мемлекеттік шекарадан өту заңдылығы жеке басының куәландыратын құжаттары мен арнайы рұқсаттамалары болған жағдайда жүзеге асырылады. Мемлекеттік шекара режімін сақтау мақсатында адамдардың шекаралық алқапта болуына, өмір сүруіне немесе жүруіне қатысты басқа да жағдайлар белгіленуі мүмкін.

  1. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жеке қызметкерлерінің категориясына қатысты, олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде шекаралық алқапқа өтудің басқа тәртібі белгіленеді.

  2. Әуе кеңістігінде шекаралық алқап үстінен Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясы және өздеріне жүктелген міндеттерін орындайтын басқа уәкілетті органдар авиациясы ұшуларынан басқа, әуә кемелерінің (халықаралық ұшуларды орындамайтын) ұшуына тиым салынады. Шекаралық алқапта уәкілетті органдар авиациясының ұшуы Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс күштерімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (әрі қарай - Әуе қорғаныс күштерімен) рұқсатымен Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімімен жүзеге асырылады.

Аталған шектеулер сондай-ақ шекаралық алқаптың сыртындағы жергілікті алқаптан Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің инженерлік-техникалық сызығына (шебіне) дейін қолданылады.

Әуе кеңістігінде әуә кемелерінің (халықаралық ұшуларды орындамайтын) шекаралық кеңістіктің басқа аймақтарынан ұшуы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлай отырып орындалады.


17-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық алқапта шаруашылық, кәсіпшілік немесе басқа қызметті жүргізу, бұқаралық, қоғамдық-саяси, мәдени немесе басқа іс-шараларды өткізу

1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық алқапта Қазақстан Республикасы және (немесе) шектес жатқан мемлекеттер мүддесін қозғайтын шаруашылық, кәсіпшілік немесе басқа қызметті жүргізу, бұқаралық, қоғамдық-саяси, мәдени немесе басқа іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері және халықаралық шарттарымен реттеледі және Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің рұқсаты негізінде жүргізіледі.

Рұқсат алу үшін Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынымды енгізу кезінде мекемелер мен жеке тұлғалар жасалатын жұмыстардың немесе кәсіпшілік және басқа кемелерде, көлік және басқа техникалық құралдарда өткізілетін іс-шаралардың уақыты, қатысушылар, орындары, сипаты туралы мәлімет кіргізеді, қажет болған жағдайларда Мемлекеттік шекарадан өту уақыты мен орнын, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен шектес жатқан мемлекеттер халықаралық шарттары ескертілген болса.

2. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мүдделерін есепке ала отырып, мұндай рұқсаттардың әрекетін уақытша тоқтатуы немесе шектеулер енгізуі мүмкін, бұл туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабарланады. Мемлекеттік шекарада және шекаралық алқапта жүзеге асырылатын (өткізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе басқа қызметті жүргізу, бұқаралық, қоғамдық-саяси, мәдени немесе басқа іс-шаралар:

1) Қазақстан Республикасының, шектес мемлекеттердің шекаралық және басқа да қауіпсіздігіне зиян келтірмеуі немесе бұндай зиянды келтіру қаупін болдырмауы;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттерін орындауы және Мемлекеттік шекараны ұстауына кедергі келтірмеуі;

3) Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауы міндетті.

3. Кәсіпшілікі мақсатта шекаралық алқапта аң аулауға тыйым салынады. Бұл шектеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық алқап ішкі шекарасынан инженерлік-техникалық құралдар желісіне дейінгі жер алқабында да қолданылады.

4. Жергілікті атқару органдары ұсынымымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық алқаптағы су алатын, суға шомылатын, шекара өзендеріндегі, көлдеріндегі және басқа суаттардағы жануарлар су ішетін жерлерді белгілейді, мұнда режімдік шектеулер әрекетін уақытша тоқтатылуға рұқсат берілуі мүмкін.
18-бап. Карантин алқабы. Мемлекеттік шекараның қасында малды жаю мен ұстаудың ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттік шекара жағалай карантин алқабы жабдықталады. Мұндай алқаптың ені және оны жабдықтау (қоршау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Карантин алқабы шебінде қолданыстағы карантин режимін ұстау Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған тәртіпте анықталады.

Эпидемологиялық және эпизоотикалық жағдайларға (карантин режимін енгізгенде) байланысты шекаралық алқапта (хабарланған карантин аймағы шегінде) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңды және жеке тұлғалардың малды ұстауына және жаюына тыйым салуы мүмкін.

Карантин режимін енгiзе отырып карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдердi:

1) екi немесе одан да көп облыстар аумағында – Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) облыс, аудан, облыстық маңызы бар қала, селолық (ауылдық) округтер аумағында уәкілетті ветеринарлық қадағалау мемлекеттік органы қабылдайды.

3. Шекара қызметінің малын ұстау мен жаю ережесі, карантин алқабында тікелей орналасқан бөлімшелерге қатысты емес.


19-бап. Шетел мемлекеттерімен мемлекеттік шекара режимін бұзуға байланысты шекарадағы қақтығыстарды шешу

1. Шетел мемлекеттерімен мемлекеттік шекара режимін бұзуға байланысты шекарадағы қақтығыстарды шешу Қазақстан Республикасы заңнамалары мен халықаралық шарттар белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

2. Шетел мемлекеттерімен мемлекеттік шекара режимін бұзуға байланысты шекарадағы қақтығыстарды шешу: шекара өкілдердің жазбаша қатынасы; шектес мемлекеттермен біржақты немесе бірлескен тексерулер; қақтығыстарды Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттер шекара өкілдерінің мәжілістерінде қарау;

Мемлекеттік шекарада ақпаратпен алмасу үшін хат-хабар берілетін пункттер қойылады.

Мемлекеттік шекара режімін бұзуға байланысты қақтығыстар бойынша бірлесіп тексерулер және басқа да шекара өкілдерінің мәжілістері шекара өкілдерінің кездесуіне арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Қажет болған жағдайда аталған іс-әрекет тікелей шекара қақтығысы болған жерде ұйымдастырылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік шекара режимін бұзуға қатысыты шекаралық қақтығыстарды шешу:

1) Әуе кеңістігі мен су астында, сондай-ақ әскери кораблерге байланысты, басқа әскери объектілер мен әскери қызметшілер (Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, шектес мемлекеттер шекаралық органдары әскери қызметшілері мен объектілерін қоспағанда) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне;

2) барлық өзге де жағдайларда Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктеледі.

Қақтығыстарды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, мұндай қажеттілік жағдайларда тексеруге уәкілетті органдардың күші мен құралын тартады.


  1. Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері реттемеген Мемлекеттік шекара режімін бұзуға байланысты Шекралық қақтығыстарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шешеді.

20-бап. Шекара өкілдері

1. Шекара өкілдері өз қызметінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, осы Заңды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен шекара өкілдері туралы ережені басшылыққа алады.

2. Шекара өкілдері қызметі Қазақстан Республикасымен шектес мемлекеттермен достық қарым-қатынаста дамытуға себепші болатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынас формаларының бірі шекара сұрақтар бойынша халқаралақ қызмет болып табылады.


21-бап. Мемлекеттік шекара режімін бұзу. Мемлекеттік шекараны бұзушылар

1. Осы Заңмен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген тәртіпті сақтамау: мемлекттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) ұстап тұру; Мемлекеттік шекара арқылы өту; Мемлекеттік шекара арқылы адамдар және көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, шекаралық алқапқа кіру, уақытша болу, өмір сүру немесе онда жүру; Мемлекеттік шекара мен шекаралық алқапта бұқаралық, шаруашылық, кәсіпшілік немесе басқа қызметті, мәдени немесе басқа іс-шараларды өткізу; шет ел мемлекетімен шекараны бұзуға байланысты шекарадағы қақтығыстарды шешу тәртібін сақтамау Мемлекеттік шекара режімін бұзу деп танылады.

2. Мемлекеттік шекара арқылы өтудің кез-келген белгіленген тәртібін адамдардың және көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны рұқсатсыз (әдейі немесе кездейсоқ) бұзуы (бұзу әрекеті) Мемлекеттік шекараны бұзу болып табылады, сонымен бірге аталған адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекараны бұзушылар болып табылады.

Мемлекеттік шекара арқылы өтудің кез-келген белгіленген тәртібін адамдардың және көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны рұқсатсыз (әдейі немесе кездейсоқ) бұзуы (бұзу әрекеті) Мемлекеттік шекараны бұзу болып табылады, бұл ретте Мемлекеттік шекараны бұзушылар деп:

Мемлекеттік шекараны Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінен тыс жерден кез келген тәсілмен өткен немесе өтуге әрекет жасаған немесе өткізу пунктінен белгіленген өткізу тәртібін бұза отырып өткен адамдар;

Қазақстан Республикасынан заңсыз шығу мақсатында шет елге шығатын Қазақстандық немесе шет ел көлік құралдарына енген немесе енуге әрекет жасаған адамдар;

Қазақстан Республикасының аумақтық суларына немесе ішкі суларға, сондай-ақ шекаралық өзендер, көлдер мен басқа суаттардың қазақстандық бөлігіне, осы суларға белгіленген тәртіппен кіруді бұза отырып, сонымен бірге шет ел су асты қайықтары және су асты құралдары (объектілер) олардың Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасы суларында су асты жағдайында немесе осы жағдайда болу және жүзу кезіндегі кірген шет ел әскери емес кемелері және әскери кораблдері;

Белгіленген тәртіпті бұза отырып, Мемлекеттік шекара арқылы өтетін әуе кемелері және басқа ұшу аппараттары (құралдары), сондай-ақ Мемлекеттік шекарадан белгіленген аэропорттарға (аэродромдарға) немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшу кезінде белгіленген ұшу тәртібін бұзғандар;

Белгіленген тәртіпті бұза отырып немесе оған рұқсатсыз Мемлекеттік шекара арқылы өтетін немесе өтуге әрекет жасайтын басқа адамдар, техникалық және басқа құралдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет