Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Волонтерлік қызмет туралы»


-бап. Волонтерлік қызметтің негізгі нысандары мен түрлері



бет3/7
Дата01.03.2024
өлшемі80 Kb.
#493758
1   2   3   4   5   6   7
ПЗРК О волонтерской деят кз

5-бап. Волонтерлік қызметтің негізгі нысандары мен түрлері

1. Волонтерлік қызмет:


1) жеке-дара волонтерлік қызмет;
2) волонтерлер тобы құрамындағы волонтерлік қызмет;
3) волонтерлік ұйым арқылы волонтерлік қызмет нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері:
1) өмірлік қиын жағдайда қалған халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысу;
2) егде жастағы азаматтарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, ортаның мүгедектер үшін қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;
3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік жанжалдар, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, қылмыстар құрбандарына, босқындарға және шарасыз түрде қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу;
4) уәкілетті органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жәрдем көрсету;
5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен шағын соғыстар қатысушыларының мәйіттерін іздеуге қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау мүмкіндіктерін жасауға қатысу;
8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді дәріптеуге, инновацияларды дамытуға қатысу;
9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді бос уақытты дамыту мен дәріптеуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру іс-шаралары мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен оларды өткізуге қатысу;
10) денсаулық сақтау саласына қатысу, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізуге қатысу, әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мен жүргізу;
11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық мәдени және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу;
12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, этносаралық, діни жанжалдарды болғызбауға қатысу;
13) волонтерлік қызметтің өзге де түрлері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет