Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Волонтерлік қызмет туралы»


-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы



бет7/7
Дата01.03.2024
өлшемі80 Kb.
#493758
1   2   3   4   5   6   7
ПЗРК О волонтерской деят кз

14-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы

1. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы:


1) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруды және волонтерлік акцияларды өткізуді ұйымдастырады;
2) егер бұл осы бағдарламаларда көзделсе, волонтерлік қызметті қолдау мен ынталандырудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
3) волонтерлік ұйымдар өткізетін волонтерлік бағдарламалар (жобалар) мен волонтерлік акцияларды іске асыруға қатыса алады;
4) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге жоспарланатын және жүзеге асырылып жатқан волонтерлік бағдарламалар (жобалар) мен волонтерлік акциялар, оларға қатысушылардың саны, волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерлерге қойылатын талаптар, олардың өткізілу орны мен уақыты, өткізілуге қойылатын талаптар туралы, оның ішінде өзінің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы ақпарат береді;
5) волонтерге волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;
6) осы Заңның 13-бабы 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, волонтерге арнайы киім береді және оның нақты тұрғылықты жерінен жол жүруіне, тұруына, тамақтануына, қажетті жеке қорғану құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуына жұмсаған шығыстарын және өзге де шығындарын өтейді;
7) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге ұсыным хат береді.


15-бап. Волонтерлік қызметті қолдау

Волонтерлік қызметті қолдау шаралары демеушілік, қайырымдылық және меценаттық көмек түрінде мынадай:


1) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) мүліктік қамтамасыз ету;
3) қаржылай қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қолдау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін


4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер


16-бап. Волонтерлік қызметті қаржылай қамтамасыз ету

Волонтерлік қызметті қаржылай қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өз немесе тартылған қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.




17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының
Президенті







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет