: азаматша Н.А.Новикова №11 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігерінің бақылауында, 2004 жылдан бері науқасының түрлеріне байланысты диспансерлік есепте тұрады. ҚР денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес, дәрігер аптасына бір рет үйіне барып көреді, жағдайы қанағаттарлық.
Депутат Д.Н.Әбіштің келесі өтінішінде Бәйдібек ауданында құрылыс нысандары бойынша қысқартылған 254 000,0 мың теңгенің ішінде 196134,7 мың теңге қаражатты ауданның сұранысына сәйкес жаратуға бағыттау туралы ұсынысын айтқан.
Бұл жайлы облыстық мәслихаттың 2014 жылы 30 шілдедегі №29/226-V шешімімен Бәйдібек ауданының кіріс көздерінің реттелетін салықтардың бөлу нормативі қайта қаралып, аудан бюджеті 64,2 пайызға бекітіліп, нәтижесі бойынша аудан бойынша электр қуаты жетіспейтін 7 елді мекенді электрлендіруге ЖСҚ әзірлеуге 6 000 мың теңге, Шаян елді мекенінің бас жоспарына өзгерістер енгізуге 7 000 мың теңге және сапасыз салынған 8 мектепке техникалық экспертиза жасау шығындарына қаржы қарастыруға 8 000 мың теңге бағытталғанын, Комсомол каналын күрделі жөндеуден өткізуге 31 874 мың теңге бөлінгенін, Жыланды және Маслопром каналдарын күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 2015 жылға 8 200 мың теңге жоспарланғанын, ал Боралдай ауылындағы «Қаратау» мәдениет үйін жөндеу жұмыстарын бастауға 12 000 мың теңге қарастыру мәселесі облыстық бюджет қаржысының тапшылығына байланысты шешілмегені туралы хабарланған.
Шымкент қаласының Қонаев, Республика даңғылдарына, Темірлан тас жолына, Т.Рысқұлов және тағы басқа көшелердің бойына темірден жасалған қоршауларға бөлінген қаражаттар, мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жүргізген жеңімпаз мердігер компаниялардың атауы, ұтып алған қаржысының көлемі, темір шарбақтардың жобасы және бір данасының құны жөнінде мәлімет беру туралы депутат Д.Н.Әбіш өтініш айтқан. Келген жауабы бойынша, 2013 жылы Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Қонаев даңғылындағы (Түркістан көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін) ескі турникеттерді бұзу және орнына жаңа темір қоршау орнату жұмыстарына тапсырыс беріліп, «Синтез» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Игерілген қаржы 461126,7 мың теңге. Оның ішінде, ұзындығы – 3 метр болатын 1 дана темір қоршаудың құны (орнатуымен) 46000 теңге, оның ішінде ҚҚС-5520 теңге. 2014 жылы Төле би және Жібек жолы көшелеріндегі ескі турникеттерді бұзып, орнына жаңа темір қоршау орнату жұмыстары жоспарланып, жүргізілгенін, оның ішінде, Төле би көшесіне 13292,8 мың теңге игерілген, Жібек жолы көшесіне 14006,0 мың теңге игерілген, мердігер «Адал и К» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу конкурсының шарттарына сәйкес, Төле би және Жібек жолы көшелеріндегі ұзындығы 3 метр болатын бір дана темір қоршаудың құны - 31791,9 теңге болып қабылданғаны туралы хабар алынған.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай оңтүстікқазақстандық жауынгерлерлердің өмірі мен ерлігі туралы «Ерлік елге мұра» атты кітап шығару үшін облыстық мәдениет басқармасына 9 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінгенін, осы кітап қанша тиражбен шығатыны, редакциялық алқасы, қандай материалдар енетіні, қайда басылатыны, неше беттен тұратыны және кітаптың құны жөнінде депутат Д.Н.Әбіштің толық ақпарат беру туралы сұранысына мына жауап келген: «Кітап облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шығарылады, 9,5 млн. теңге қаржы облыстық мәдениет басқармасынан қаралған, кітаптың тиражы 1000 дана, бір кітаптың құны 9500 теңгені құрайды. Облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан редакциялық алқасы құрылған (Ә.Бектаев-төраға, Ж.Мәуленқұлов-төраға орынбасары, К.Айдарбекова-төраға орынбасары, мүшелері: С.Жолдасов, М.Байғұт, Ш.Орынбай). Кітап үш бөлімнен тұрады, оған ардагерлер кеңесінің ұсынысымен 1941-1945 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, деректер, сандар, дәйектер және тағы басқа да тарихи материалдар, фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар, хаттар көшірмелері енгізілген».
Депутат Д.Н.Әбіш Бәйдібек ауданындағы «Сарыбұлақ» негізгі орта мектебін жалпы орта мектебі етіп ашу туралы мәселе қойған. Аудан әкімінің №331 қаулысымен Боралдай ауыл округі, Сарыбұлақ елді мекеніндегі «Сарыбұлақ» негізгі орта мектебі «Сарыбұлақ» жалпы орта мектебі болып өзгертілгені туралы хабарланған.
Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы бір пәтерлі 20 коммуналды тұрғын үй құрылысы, осы аудандағы Жамбыл ауылдық округінде 1250 га суармалы жерді қамтамасыз етуге арналған Шаян өзеніндегі «Жамбыл» су қоймасының құрылысына Д.Н.Әбіштің қаржы бөлу туралы ұсынысына мынадай жауап алынған: аталған нысандар бойынша тиісінше облыстық бюджет есебінен 2015 жылға 94 752 мың теңге және 300 000 мың теңге жоспарланғаны туралы хабарланған. «Жамбыл» су қоймасының құрылысына 2016 жылға 434 млн. теңге жоспарланған.
«Ұлы Жеңісті жақындатқан оңтүстікқазақстандықтар» атты 10 топтамалы деректі фильм түсіруге 10 млн.теңге қаржы бөлу туралы депутат Д.Н.Әбіштің қойылған сұрағына келесі жауап алынған: «Аталған мәселе бойынша 2015 жылға облыстық бюджеттен 5000,0 мың теңге бөліну жоспарланған».
Мәдениет саласына қатысты депутат Д.Н.Әбіш, бұрынғы жеке меншікте болған «Қазақстан» кинотеатрының ғимараты 2014 жылдың соңында коммуналдық меншікке қайтарылғаннан кейін ахуалы қандай күйде екенін көруге ұсыныс айтқан.
Облыс әкімдігінің қаулысымен «Достық үйі» мекемесінің базасында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Осыған орай, бұрынғы «Достық үйі» ғимаратындағы жай көлемінің жетіспеуіне байланысты, қойылған талаптарға сай келетін ғимарат табу қажеттілігі туындап жеке меншіктегі «Қазақстан» кинотеатырының ғимараты облыстық бюджеттің қаражаты есебінен сатып алынған.
Ғимараттың бүгінгі күнге жағдайымен танысу үшін және уақытын белгілеу мәселесін жұмыс тәртібінде шешуге болатыны хабарланған.
Депутаттар Ш.Жамалбек, Д.Н.Әбіш, 2015 жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты ұсыныстар айтқан. Осыған орай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің тізімін нақтылап, оларға іс-шаралар өткізуге бюджеттен қаржыны алдын-ала қарастырып мерекені жоғары деңгейде қарсы алу жөнінде облыс әкімдігі тарапынан Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылған.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына ТМД елдерінің аумағындағы ұрыс болған және қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлеріне барып қайту мәселесі енгізілген, тағы басқа да іс-шаралар жоспарланған.
2014 жылы сессияда айтылған өзекті мәселелердің бірі, Төлеби ауданында бас жоспар бойынша заманауи сауда орталығы, автовокзал бекеті пайдалануға беріліп, алайда ол сауда орталығының іске қосылуы бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отырғаны туралы Д.Н.Әбіш сессияда бірнеше рет көтерген.
Оған басты себеп, ескі базар мен тар жердегі ескі автовокзалдың, ешқандай инвестиция құймай бүгінгі күнге антисанитарлық, өртке қауіпті жағдайда жұмыс атқарылып жатқаны Төлеби аудандық әкімдігіне де, жұртшылыққа да мәлім. Төлеби ауданындағы қаланың ішінде орналасқан «Төлеби автобус паркі» тар жерде жол кептелісіне ұйтқы болып отыр. Бұл мекеме мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары арасында келісім-шарт талаптары орындалмай келісім-шарт бұзылған. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ескі автобекетті қаланың бас жоспарына сәйкес жаңадан салынған автовокзалға көшіріп, реестерге енгізіп беру үшін хат жолданған.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптары туралы көтерілген мәселелер бойынша, базар аумағын қалпына келтіру мәселесін тиісті құзырлы мекемелерге орындалуы туралы тапсырма берілген.
Алайда, тапсырмалар орындалмай ілгерілеудің орнына ығы-жығы болып, тар жерде жол кептелісіне ұйтқы болып отырған ескі автобекетті қаланың бас жоспарына сәйкес жаңадан салынған автовокзалға қашан көшірілетіні әлі беймәлім.
Д.Н.Әбіш «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойындағы жерлерге дизаин, архитектуралық сәндеу, жол жағасында орналасқан елді мекендерге шаруашылық, экономикалық бағытында оңтайлы қарым-қатынас жасауына ықпал жасауға назар аудару туралы ұсынысқа жұмыстар атқарылуда.
Түркістан, Алматы, Ташкент бағыттары бойынша Шымкент қаласына кіретін магистральдың жоспарлау жобасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 21,3 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Градо» жекеменшік шектеулі серіктестігі жобаның әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.
Депутат М.Х.Бигалиев «Химфарм» елді мекенің көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысына мынадай мәліметтер алынған: «Химфарм» елді мекенінің Можайский, Береговая, Дамбовая, Седов, Репин, Переездный, Красная Звезда, Линейный көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары маусым айында атқарылған, ал Линейный өткелі, Линейный тұйығы, Суворов өткелі, Ковалевский көшелерін жөндеу жұмыстарына қаржы қаралмаған.
Сонымен қатар депутат М.Х.Бигалиев төмендегідей 4 ұсыныс көтеріп, мынадай жауабын алған:
Шымкент қаласы Төлеби көшесіндегі №24 үйді газбен қамтамасыз ету, ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын салуға ықпал жасауын сұраған.
Аталған көше бойынша ескі ШРП-294 жаңасына ауыстырылғанын, Д-159 мм газ құбырындағы және ШРП-ғы газ қысымы нормаға сай екенін, ал ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату ағымдағы жылы жоспарланбаған, бірақ тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, көрсетілген жұмыстарды атқару үшін ЖСҚ жасауға, оған қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетіні туралы хабарланған.
Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы, тыл ардагері Б.Даулетьярованың тұрмыстық жағдайының төмен болуына байланысты үйінің жылу жүйелерін ауыстыруға қаржылай көмектесу туралы ұсынысына - жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына қала бюджетінен қаржы қарастырылмағаны, бірақ отбасылық жағдайын ескеріп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы хабарланған.
Шымкент қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана, асырауында кәмелетке толмаған бес баласы бар Г.Қозыбаеваның пәтер алу кезегінде 2003 жылдан бері тұратынын, бірақ осы уақытқа дейін кезегінің жылжымайтынын, материалдық жағдайының төмен болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй алу мүмкіндігін қарастыруға өтініш жасаған. Ол жөнінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының 1-бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу көзделген, Г.Қозыбаева халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары тізімінде 28.03.2003 жылдан бастап №243 кезекте тіркелген, сондықтан Г.Қозыбаеваның тұрғын жай мәселесі кезек ретімен шешілетіні туралы хабарланған.
Шымкент қаласы, Забадам елді мекенінің Б.Саттарханов көшесіне суағар арықтар орнату туралы сұранысына – «Аталған көшеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жобалаушы ЖК «А.Сансызбаев» мамандарының қатысуымен анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізілгенін, қажетті есептер мен сметалар дайындалып, қаланың бюджеттік комиссиясына ұсынылатыны және жұмыстар қаржының бөлінуіне орай орындалады» деген жауап берілген.
Түркістан қаласының бас жоспарының негізгі бөліктеріне егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын топографиялық түсірілімімен бірге әзірлеу үшін депутат Р.К.Тәңірбергенов облыстық бюджеттен 60,0 млн. теңге қаржы бөлу туралы ұсыныс жасаған. Бұл әрекеттерге облыстық бюджеттен 20, 0 млн. теңге қаржы бөлінгені туралы хабар алынған.
Депутат Р.К.Тәңірбергеновтың келесі айтылған мәселесінде: Түркістан қаласындағы Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің жабық бассейнін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлу қажеттігін айтқан, алынған жаубы бойынша аталған мәселе бойынша қосымша электр қуатын беретін дизельді қондырғы сатып алу үшін 4 300 мың теңге қарастырылғаны туралы хабарланған.
Депутат У.Н.Жүсіпбаевқа: 1.Түркістан магистралды каналынан, су қоймаларынан шығатын ұзындығы 1134 км. каналдар, лотоктар, арықтарды жөндеу туралы ұсынысы бойынша, «Облыстық бюджеттен 2013 жылы 701 436,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 72 дана тік ұңғыманы ағымдағы жөндеу, 3 каналды күрделі жөндеу жұмыстары (1 кезекте) жүргізілгенін, нәтижесінде 1080 га суармалы жер жаңадан қосылғанын, ал 2014 жылға бюджет жобасына 792 943,0 мың теңгеге ұсыныс беріліп, 34 дана тік ұңғыманы және 3 каналды күрделі жөндеу (2 кезек) 8 каналды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын, қаладағы 168 шақырымдық қашыртқыларды жөндеу туралы Түркістан қаласы әкімдігінен ұсыныс түспегені туралы» мәлімет хабарланған.
2. Бабайқорған ауылдық округіндегі «Ақтөбе» су қоймасының ахуалы туралы депутаттық сауалына «Қазсушар» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен комиссия құрылып, аталған су қоймасының техникалық жағдайы зерттелгенін, комиссия су қоймасының сүзіліп шығып жатқан судың себебін және жою жолдарын қарастырып, су қоймасының гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу және сүзіліп шығып жатқан суға қарсы жаңа ЖСҚ дайындау 2014 жылдың соңына дейін әзірлеу қажет деп шешім қабылданғаны туралы жауабы берілген.
3. Арыс-Түркістан каналын басқаратын мекемені Түркістан қаласында орналастыру туралы ұсынысына - Бөген су қоймасына жиналған су пайданушылардын сұранысына орай бөлініп берілетіні, гидротехникалық талаптарға сай ағын суды төменгі жағында орналасқан су пайданушылардың мүдделері бірінші кезекте қанағаттандырылатыны, сондықтан бар суды бөлу төменнен жоғары қарай жүргізілетінін мәлімдеп, басқару мекемесі Арыс-Түркістан суармалы алқабының ортасында орналасқандықтан, оны орналасқан жерінен басқару жедел, әрі тиімді екендігін және орын ауысуынан ағын су көбеймейтіндігі туралы хабарланған.
3. «Иқан су» су қоймасын салуды 2015 жылдың жоспарына енгізіп, қаржы бөлуге ықпал жасау туралы ұсыныс оңды шешімін тауып, «Иқан су» қоймасын салуға ЖСҚ құжатын әзірлеуге 2015 жылы 35 млн. теңге, жобаны іске асыруға 2016-2017 жылдары 2045,0 млн.теңге бөлу қарастырылғаны туралы хабарланған.
4. «Нұртас» елді мекенінде 1000 га жерді игерудің ЖСҚ дайындауға республикалық бюджеттен қосымша 10 млн. теңге бөлу туралы ұсынысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 2015 жылға 18,0 млн. теңге, ал жобаны іске асыруға 2016 жылға 422,0 млн.теңге бөлу қарастырылғаны туралы хабарланған.
5. «Қарашық» шағын су қоймасының ЖСҚ дайындалып, нысанды салуға 471 млн.теңге бөлуге ықпал жасау туралы ұсынысы бойынша - ТЭН мен ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оң қорытындысы алынған. Жобаның құны 471,0 млн.теңгені құрап, қаржыны қарастыруға облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс берілгені туралы хабарланған. (2015 жылы 200 млн теңге, 2016 жылы 268 млн теңге қарыстырылған).
6. Сырдария өзенінен су алатын машиналық каналдың ЖСҚ дайындауға республикалық бюджеттен 185 млн. теңге қаржы бөлу туралы ұсынысына Арыс-Түркістан каналына Сырдария өзенінен қосымша су жеткізетін машиналық каналдың екі көтерме насос станциясы арқылы су жеткізілетіндіктен, пайдаланылатын судың шығыны өте жоғары болатынын, сонымен қатар бетонды каналдың құрылысын жүргізу, насос станцияларын электр энергиясымен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігі туралы хабарланған
7. Қала аумағындағы 203 тік ұңғыманың жобалық құжаттары дайындалып, нысанды қазуға, қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсынысы бойынша, қала аумағындағы 203 тік ұңғыманы инфрақұрылымдарымен қоса қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 2015 жылы 315,0 млн.теңге, ал жобаны іске асыруға 2015-2019 жылдары 10 500,0 млн. теңгені республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс жолданып, су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарына енгізілгені туралы хабарланған.
8. Түркістан қаласындағы Шойтөбе елді мекеніндегі жол, электр желісі, ауыз су және әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға тұрғын үй салу мәселелерін шешу туралы ұсыныс айтқан. Шойтөбе елді мекеніне ауыз су құбырын жүргізу мақсатында қазіргі таңда жерасты су қорының оң қорытындысын алуға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жерасты су қорын анықтау, барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оң қорытынды алынғаннан кейін жаңадан ЖСҚ дайындалып, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2016-2017 жылдарға жоспарланып жатқанын, аталған елді мекенге қажетті инфрақұрылымды жүргізуге тиісті құжаттарды дайындауға ұсыныс берілгендігі туралы хабарланған. (№1,2 үйдің құрылыстарына 2015 жылы 40 млн. теңге, 2016 жылы 465,8 млн. теңге қарастырылған. Шойтөбе елді мекенін сумен қамтуға 2017 жылға 150 млн. теңге қарастырылған.)
9. Жолаушыларды қоғамдық тасымалдау жұмыстарын үйлестіру барысында: Түркістан-Шымкент-Түркістан, Кентау-Шымкент-Түркістан, Түркістан-Алматы-Түркістан, Түркістан-Астана-Түркістан, Түркістан-Қызылорда-Түркістан бағыттарында қатынайтын автобустардың тендерлері қай уақытта өткені, қандай мекемелердің қатысқаны, ұтқанын, келісім-шарттары хаттамаға сәйкес жасалынғаны, тарифтері туралы мәліметті алу туралы мәселе көтерген.
Аталған мәселе бойынша тек қана Кентау-Шымкент-Түркістан бағыты жоқ екенін, қалған бағыттарда «Жолаушы» ЖШС тендерді ұтып алғанын, конкурстар 2012, 2013, 2014 жылдары өткенін, Түркістан-Қызылорда-Түркістан бағытын ҚР Көлік министрлігі 2010 жылы өткізгенін, оған сол кездегі заңнамаға сәйкес тек рұқсат құжаттар беріледі. Қалғандарында келісім шарттың хаттамаға сәйкес жасалынғаны, тарифтердің 3,7 және 2,5 өзгеріссіз қалғаны туралы хабарланған.
10. Электр энергиясымен қамтамасыз ету тарифінің өте жоғары екендігі туралы ұсынысын айтқан.
Электр энергиясының босатылу бағасы стансалардың шиналарының электр энергиясының құнынан, электр энергиясын аймақтық және аймақаралық деңгейде электр энергиясын жеткізу және тарату тарифінен, сондай-ақ қамтамасыз ету үстемесінен тұратынын, қалалық және аудандық жерлердегі электрмен қамтамасыз ету қызметінің босатылу тарифінің көтерілуіне әртүрлі факторлар себеп болатынын, соның ішінде, электр энергиясын сатып алу әртүрлі энергия дереккөздерінен алынатынын, электр энергиясын тарату әртүрлі компаниялардың желілерінен тасымалданатынын, бағаның жоғарлауының негізгі себебі энергияны өндіруші ұйымдардың бағасының көтерілуіне байланысты болып отырғаны туралы хабарланған.
11.Түркістан магистралды каналынан, су қоймаларынан шығатын ұзындығы 1134 км. каналдар, лотоктар, арықтарды жөндеу туралы ұсынысына мына мәлімет келген: облыстық бюджеттен 2013 жылы 701 436,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 72 дана тік ұңғыманы ағымдағы жөндеу, 3 каналды күрделі жөндеу жұмыстары (1 кезекте) жүргізілгенін, нәтижесінде 1080 га суармалы жер жаңадан қосылғанын, ал 2014 жылға бюджет жобасына 792 943,0 мың теңгеге ұсыныс беріліп, 34 дана тік ұңғыманы және 3 каналды күрделі жөндеу (2 кезек) 8 каналды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын, қаладағы 168 шақырымдық қашыртқыларды жөндеу туралы Түркістан қаласы әкімдігінен ұсыныс түспегені туралы хабарланған.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының О.Жандосов атындағы №30 орта мектептің оқушылар санының артуына байланысты қосымша ғимарат салу туралы депутат Р.Ж.Оспанәлиева өз ұсынысын айтқан.
1. О.Жандосов атындағы №30 орта мектептің ғимараты типтік, 920 оқушы орынға арналып, 1963 жылы салынған. Мектептің сиымдылығына байланысты екі ауысымда 1840 оқушы білім алуы қажет. Қазіргі уақытта 1382 оқушы екі ауысымда білім алуда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, облыстағы 48 апатты және 21 үш ауысымды мектептерді 2014-2016 жылдар аралығында жою жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын, сондықтан, осы күрделі мәселені шешкеннен кейін, егерде аталған мектеп үш ауысымды мектепке ауысқан жағдайда қосымша құрылыс салу қарастырылатыны туралы хабарланған.
2. Депутат Р.Ж.Оспанәлиева әлеуметтік салаларға қатысты, оның ішінде Шымкент қаласына қосылған ауылдық округтардың азаматтарының құжаттарын рәсімдеуге көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер қарастыру туралы ұсынысы айтқан.
Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан аз қамтамасыз етілген жәрдемақы алушы отбасыларды тіркеу жұмыстары қала әкімінің қаулысымен «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» кәсіптік мемлекеттік мекемесі белгіленіп, толық шешімін тапқан.
3. Тұрғындардың меншігіндегі жылжымайтын мүліктерді қалаға тіркеу жұмыстарын сапалы әрі тұрғындарға қаржылық ауыртпалықсыз жүргізу жөнінде тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді. Ол тапсырмаларды орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, ол жұмыстар жалғасын тауып тұрақты түрде қала әкімдігінің бақылауында.
4. «Нұрсәт» мөлтек ауданы тұрғындары үйлері бұзылады деген хабарды естігені, оған қалалық әкімшілік тарапынан мән-жайға толық түсініктеме беру туралы өтініштері бойынша облыстық мәслихат сессиясында аталған мәселені түбегейлі шешу қажеттілігі жөнінде Р.Ш.Оспанәлиева қала әкімдігіне ұсыныс айтқан.
Бұл мәселе бойынша, Шымкент қаласында жаңа тұрғын ауданы мен әкімшілік-іскерлік орталығының жоспарлау жобасы жалпы аумағы 364 гектар аумаққа меншік иелерінің жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерінің түсуіне байланысты, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы қабылданып, ол қаулыға өзгерістер енгізілген.
Бүгінгі күнде «Мирас» шағынауданы, сонымен қатар «Қайтпас-1» шағын ауданының «Майтөбе», «Шұғыла-1», «Шұғыла-2» көшелері кірмейтін болды. Жалпы 279,6 гектар жер учаскесінің аумағына кіретін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктер Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілетінін қала әкімінің орынбасары Ғ.Исмаилов мәлімдеген.
Өнеркәсіп саласына қатысты «Азия Керамика» ЖШС мен томат пастасын өндіретін «Жаңа Ақдала» агрофирмасына сын-ескерпелер айтылып, депутат Өмірзақ Пернебекұлы Мелдехановқа және Қ.Ж.Қамбаровқа толық мәліметтер мен жауабы хабарланған.
Экологияны жақсартуға қойылған депутат Ө.П.Мелдехановтың сауалына, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарынан, оның ішінде құс саңғырығына экологиялық рұқсаттарды Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті беретіні хабарланған.
Қазіргі таңда облыс аумағында ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеу және залалсыздандырумен айналысатын кәсіпорындар жоқ. Сондықтан, қалдықтарды жою немесе залалсыздандыру мәселелері мал немесе құс өсіретін кәсіпорындардың өз тарапынан шешіледі және бұл тұрғыда кеңінен қолданыс тапқан бірден-бір жолы қалдықтарды тыңайтқыш ретінде егістік алқаптарында пайдалану болып табылады.
Облыстық мәслихаттың депутаты Б.З.Мұсабеков келесі мәселелерді көтерген болатын:
Түркістан қаласындағы төмендегі нысандарға қаржы бөлу туралы сұранған:
1.Қалалық мұрағат мекемесіне;
2.Сатыбалды көшесіндегі 280 орындық бала бақша құрылысына;
3.Бекзат м/а 120 орындық бала бақша құрылысына;
4.Қарашық а/о 120 орындық бала бақша құрылысына;
5.Газ өткізгіш жүйелерінің құрылысына;
6.Қарашық елді мекеніндегі үйлерге су құбырын жүргізу жұмыстарына;
7.Бекзат м/а ауыз сумен қамтамасыз етуге.
Түркістан қаласындағы Сатыбалды көшесіндегі 280 орындық бала бақша құрылысы, газ өткізгіш жүйелерінің құрылысы, Қарашық елді мекеніндегі үйлерге су құбырын жүргізу жұмыстары, Бекзат м/а ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары бойынша 2015 жылы қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім берілгенін, ал Бекзат мөлтек ауданындағы және Қарашық а/о 120 орындық 2 бала бақша құрылыстарына қаржы бөлу 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің жобасын қалыптастыру барысында қаралатынын, қалалық мұрағат құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 11324 мың теңгеге облыстық құрылыс басқармасы тарапынан өтінім облыстық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылғанымен, облыстық бюджеттің мүмкіншілігіне байланысты аталған мәселе қолдау таппаған.
Түркістан қаласының квартал ішіндегі тарату газ өткізгіш жүйелерінің құрылысы 2015 жылы 480 млн. теңге, 2016 жылға 580 млн. теңгеге жоспарланған. Қарашық елді мекенінің су өткізгіш тораптарының құрылысына 2015 жылға 200 млн. теңге, 2016 жылға 204 млн. теңге жоспарланған.
Депутат Л.Тәшімов Сайрам ауданы, Көлкент ауылында орналасқан 35,5 га жерге тұрғындарға үй салу үшін тиісті құжаттар заң аясында дайындалғанын мәлімдеп, инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге қаржы бөлу туралы сұранған. Аталған мәселе бойынша инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге ЖСҚ дайындауға 2015 жылға облыстық бюджеттен 12 000 мың теңге жоспарланғаны туралы хабарланған.
Депутат Ш.Жамалбек, Л.Тәшімов, Д.Н.Әбіш, К.А.Тұрлыбек Бәйдібек ауданындағы Ағыбет-Жаңаталап, Ақбастау және Кеңестөбе ауылдарының көшелерін жөндеу туралы өтінішіне Ағыбет-Жаңаталап елді мекенінің кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 2014 жылы 43,6 млн.теңге бөлініп, қалған 131,8 млн.теңге 2015 жылға қарастырылғанын, Ақбастау және Кеңестөбе елді мекендерінің көшелерін жөндеу жұмыстарына қаржы 2015 жылдың жоспарына енгізілетінін және облыстық мәслихат шешімімен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге Бәйдібек ауданына үш жылға 254,9 млн. теңге (2014 жылға-83,8 млн. теңге, 2015 жылға-84,9 млн.теңге, 2016 жылға-86,2 млн.теңге) субвенция қарастырылғаны туралы хабарланған.
Ауыл шаруашылығы саласына қатысты депутат Ш.Жамалбек, С.К.Бекенов тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыстар атқарылып жатқаны туралы жауаптары берілген, оның ішінде ет өндіру мәселесі, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері жөнінде тиісті қолдау көрсетілуде.
Ал өңірімізде өңдеу зауыттары өндіретін өнімдерін қайда өткізу жөнінде әкімшілік тарапынан ықпал жасау туралы ұсыныстарға облыс әкімдігі тарапынан нақты жұмыстар жүргізіледі деген үміт артамыз.
Дендропаркке қатысты депутат Ш.Жамалбектің игерілмей жатқан жерге балаларға арнайы демалыс орнын ашуды, балалар демалатын, ойнайтын алаңшалар, түрлі аттракциондар орнатып жас бүлдіршіндерге жағдай жасау туралы ұсынысқа бірқатар іс-шаралар жоспарланып, ол жұмыстарға қатысты қаржы көлемін анықтау мақсатында есептеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт-Шарбұлақ-Тұрбат бағытындағы 8 елді мекенді газбен қамту туралы депутат Н.С.Ашировтың ұсынысына мынадай жауап келген: Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт-Шарбұлақ-Тұрбат бағытындағы 8 елді мекенді газбен қамту туралы мәселе бойынша 12 шақырым газ жеткізу құбырына жобалық сметалық құжатқа 23 498,21 мың теңге қаржы қарастыру экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылған.
Депутат С.Сейтжанов Отырар ауданындағы Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге әрекет жасау керектігін айтқан. Аталған жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2014 жылға 173 708 мың теңге, Отырар ауданы Шәуілдір ауданындағы М.Әуезов көшесі бойында орналасқан аудандық әкімдікке қарасты құрылымдық мекемелер ғимаратының құрылысына 100 000 мың теңге қарастырылған. Ал қалған жобалар 2015 жылы қарастырылатын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету туралы сайлаушылардың сұранысы туындауда. Осыған байланысты депутат М.М.Оразалиев аталған елді мекенді табиғи газбен қамтамсыз ету қай уақытқа белгіленіп отырғандығы туралы толық мәлімет беруді сұраған. Аталған елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуге 2014 жылы 998 503,0 мың теңге бөлініп құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Депутат Қ.Ж.Қамбаров Шымкент қаласы Ақтас-2 елді мекенінен мектеп құрылысын жүргізу туралы мәселе көтерген. Шымкент қаласы Ақтас-2 елді мекенінен мектеп құрылысын жүргізу жобасын 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында 2015 жылға ұсынылатын болады.
Ордабасы ауданының Аққойлы ауылында орналасқан ХІХ-ХХ ғғ жататын Ишан-базар мешітін ОҚО жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге депутат А.Б.Исабаев ықпал жасауды өтінген. Аталған елді мекенде орналасқан ХІХ-ХХ ғғ жататын Ишан-базар мешітін ОҚО жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізу жөнінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Депутат А.Б.Исабаев Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылы «Дихан» бөлімшесіне жол салуды сұранған. Оған келесі хабар алынған: «Ордабасы ауданы әкімдігі тарапынан ұсынылған мәліметке сәйкес, Дихан ауылына кіре беріс (9,6 шқ.) автомобиль жолына (құны-98 461,0 мың теңге) сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдың сметалық құжаттамаларын ведомстволық сараптамадан өткізіп, аудан әкімдігі тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда, белгіленген тәртіппен қаржы қарау мәселесі қарастырылған».
Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекеніндегі орын алған төтенше жағдайларды болдырмау, өзен арналарын түзету жөнінде депутат С.Бекжігітов сұранысын айтқан болатын. Орын алған төтенше жағдайларды болдырмау, өзен арналарын түзету бойынша ЖСҚ әзірленіп, 53,8 млн қаржы қаралды, өзен арналарын түзету, жағалауларды бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Депутат Қ.М.Сапарбаев Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округіне қарасты Ақбай ауылындағы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі 1974 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі кезде аталған мектепте балалар үш ауысымда білім алуда. Мектептің қасында құрылыс жүргізуге 2,6 гектар дайын орын бар. Сол жерге 600 орындық жаңа мектептің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін ағымдағы жылы 6,5 млн. теңге қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған.
Бұл мәселе бойынша №28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қасында жаңа мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 2014 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін ағымдағы жылы 2000,0 мың. теңге қаржы қаралған. Жаңа мектептің құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлуді ескеру туралы хат жолданған.
Депутат Р.А.Омаров келесі екі сұранысын айтқан: Біріншісі, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан №12 балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің құрылысын аяқтауға қаржы сұраған. Спорт мектебінің құрылысын аяқтауға қаржы қарастыру қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралатыны туралы мәлімет алынған.
Екіншісі, Қарамұрт ауылы «Қыдыр» арығын күрделі жөндеуден өткізу туралы хатына, 2015 жылдың бюджетінде 79 557 қаржы қаралғаны жөнінде жауабы берілген.
Сайрам ауданы Қаратөбе ауылындағы 300 оқушыға арналған Мукуми атындағы №21 орта мектебінің құрылысын аяқтауға депутат Д.Б.Бекенов қаржы сұраған. Сайрам ауданы Қаратөбе ауылындағы 300 оқушыға арналған Мукуми атындағы №21 орта мектебінің құрылысын аяқтауға 2015 жылға 163 300 мың теңге қарастыру жоспарланған.
Облыстық мәслихаттың депутаты О.Аяшев:
1.Мақтаарал ауданындағы аудандық маңызы бар 5 жолды орташа жөндеу туралы өтінішін айтқан болатын. Орташа жөндеу жұмыстарына субвенция арқылы немесе "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына бөлінетін қаржы есебінен шешуді ұсынған.
2. Мақтаарал ауданының шаруаларына тыңайтқыштарға субсидия алу мерзімін ұзарту туралы депутат О.Аяшев өз ұсынысын айтқан болатын. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №573 қаулысымен "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің "энтомафагтардың және биопрепараттардың құнын субсидиялау" қағидаларына сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі аудандық газетке АШТӨ 31 қазанға дейін қабылданады деп жариялаған.
3. Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы көшелерді жөндеу туралы ұсынысына: Жетісай қаласындағы 3 көшені жөндеуге 2014 жылғы облыстық бюджетті нақтылауда 21 380 мың теңге қарастырылды.
Мақтаарал ауданы, Кетебай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу туралы депутат С.К.Бекеновтың өтініші айтылған. Мақтаарал ауданы, Кетебай ауылында жалға алынған ғимаратта дәрігерлік амбулатория қызмет етеді. 2015 жылға Кетебай дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарланған (2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетте 2016 жылға 75 000 мың теңге жоспарланған).
2. Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласына баратын жолды "Қызыләскерден" "Ялламаға" дейін жеткізу туралы С.К.Бекеновтың ұсынысына, «Хаттағы көрсетілген жол "ҚазАвтожол" АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына қарасты» деп толыққанды жауабы берілмеген.
3. Мақтаарал ауданындағы "Достық" ауыл округіне қарасты Бескетік елді мекеніндегі М.Ғабдуллин мектебінің құрылысын 2016 жылдан 2015 жылға ауыстыру туралы С.К.Бекенов ұсыныс жасаған. М.Ғабдуллин мектебін 2015-2016 жылдары салу бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныс берілді (Аталған мектеп құрылысына 2015 жылы 200 000 мың теңге, 2016 жылға 294 259 мың теңге жоспарланған).
4. Мақтаарал ауданындағы "Қазыбек би" ауыл округіне қарасты Таубай-ата елді мекеніндегі М.Жұмабаев мектебінің құрылысын 2016 жылдан 2015 жылға ауыстыру туралы депутат С.К.Бекенов ұсыныс жасаған болатын. М.Жұмабаев атындағы мектептің құжаттары дайын болмауына байланысты ұсыныс берілмеді (2016 жылға 200 000 мың теңге, 2017 жылға 301 996 мың теңге жоспарланған).
5. Жетісай қаласының көшелерін жөндеу туралы С.К.Бекеновтың ұсынысына мына мәлімет алынған: «2014 жылы Жетісай қаласының 3 көшесін жөндеуге 21,4 млн.теңге қарастырылды. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 2015 жылы Мақтаарал ауданының 40 жолын жөндеу жұмыстарына 883,4 млн.теңгеге ҚР Өңірлік даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды».
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы ұсынысын депутат Н.М.Омаров жария еткен. 2010 жылы бюджеттен 117,0 млн.теңгеге 2 дана ұңғы және су жинағыш имараты салынған. Аудан әкімдігі тапсырысымен екінші жоба дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Өңіраралық департаменті жерасты су қорлары белгіленген тәртіппен бекітілмегенін айта отырып, 2014-2015 жылдары іздестіру-барлау жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізіліп жатқандығын хабарлады және үстіміздегі жылы іздеу-барлау жұмыстары басталады, қорларды есептеу жөніндегі қорытынды деректері 2015 жылдың 4 тоқсанында тапсырылатын болады.
Депутат Н.М.Омаровтан Отырар ауданы, Балтакөл ауылындағы Әжіғабылов көшесін орташа жөндеуден өткізу туралы ұсыныс түскен, бағдарлама әкімшісі тарапынан 2015 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында талаптарға сай өтінім және тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда, облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсыныс енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ә.Әбишов бірқатар сауалдарын айтып, оларға тиісті жауап алған болатын. Атап айтсақ:
«1.Мақтаарал ауданындағы жолдарды жөндеу туралы ұсынысына, жолдарды жөндеуге, облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға мүмкіндік болмағандықтан, аталған мәселені жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен шешуді ұсындық».
2. Мақтаарал ауданынының Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған елді мекендердің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру туралы ұсынысына, «Мақтаарал ауданының Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған елді мекендердің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құруға жұмыс жобасына "Оңтүстік ауыз су" филиалы тапсырыс беріп, «Жер-Ана» ЖШС жобалаушы жасаған. Алайда жасалған жұмысқа "Оңтүстік ауыз су" тапсырысшы қаржысын толық төлемеген. Қарызын өтеп, жобаны республикалық меншіктен жергілікті меншікке өткізген жағдайда құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жасалған».
3.Мақтаарал ауданы, Атамекен ауылдық округі, Жеңістің 40 жылдығы ауылының тұрғыны Сералиев Асильбектің отбасына көмек көрсету туралы ұсынысына, мына мәлімет алынған: «Ауыл тұрғыны Сералиев Асильбектің отбасына барып, хал-жағдайымен таныстық. Баласы Сералиев Жанғабайға мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде қызмет көрсетілуде. Ал келіні Асилова Ақмарал үш баласына тоқсан сайын жәрдемақы алуда. Жұмысқа орналасу үшін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп, қажетті құжаттармен ресми жұмыссыз ретінде есепке тіркелуі тиіс екендігі түсіндірілді».
Депутат Ш.О.Қаныбековтың:
1.Мақтаарал ауданындағы 8 ауылдық округте 15 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары туралы өтінішіне, Мақтаарал ауданындағы 8 ауылдық округте 15 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмалары және су ұңғыларының төлқұжаттары тапсырылған. Қазір оларға ЖСҚ әзірлеу, мемсараптама қорытындысын алу заңдылығына талдау жасау мақсатында тиісті хаттар жолданды. Нәтижесінде: Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралақ департаменті сараптамалық қорытынды тек ҚР Мемлекеттік қор комиссиясының хаттамалары негізінде берілетіндігін, ұңғымалардың төлқұжаттары сараптамалық қорытынды беруге негіз болмайтындығын хабарлады. "Мемсараптама" РМК-ң ОҚО бойынша филиалы ұңғыма алаңындағы су көзі белгіленген тәртіппен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде бекітілген болуы керек екендігін хабарлады.
2. Сонымен қатар Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету туралы сұранысына мына хабар алынған: «2014 жылы Мақтаарал ауданындағы 2 елді мекеннің жерасты су қорын анықтау жұмыстарын бастауға және 26 елді мекеннің жерасты су қорын анықтау үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге. ЖСҚ әзірлеу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді».
Кентау қаласы, Қарнақ ауылын сумен қамтамасыз ету жобасына ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу туралы депутат С.Н.Күнтуаровтың сұранысына келесі жауап алынған: «2014 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында аталған жобаға қаржы бөлу мәселесі бюджеттік комиссияға ұсынылып, қаржының тапшылығына байланысты қолдау таппады. Кезекті нақтылауда бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныс беріледі (2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетте 2016 жылы 300,0 млн.теңге, 2017 жылы 400,0 млн.теңге жоспарланған)».
Депутат Т.Баймаханов Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы құрылысы біткен 140 орындық бала бақшаның ағымдағы шығындарына 17816,0 мың теңге қаржы бөлу туралы ұсыныс айтқан.
Құрылысы біткен, ашылуы жоспарланған 140 орындық бала бақшаның ағымдағы шығындарына Кентау қаласының әкімдігі мен облыстық білім басқармасымен бірлесе жұмыс жасап, басқарма тарапынан белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыныс берілген жағдайда, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылады.
Он екінші сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты П.Р.Райымбеков мына мәселелерге көңіл аударуды сұрады:
1.Арыс қаласындағы №47, №49 көпқабатты үйлер апатты жағдайларда. ЖСҚ дайындалып, мемсараптама қорытындысы алынған. Аталған үйлерге сейсмонығайту жұмыстарына күрделі жөндеу жүргізуді Арыс қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту есебінен қаржы қарастыру жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тиісті құжаттарымен тапсырылған.
2. Арыс қаласындағы 60 және 90 пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Алайда, жылу қазандықтары мен кәріз жүйлерінің құрылысы жоспарланбаған. Осы жұмыстарға ЖСҚ дайындалған. ҚР Бюджет кодексіне және Үкімет қаулыларымен бекітілген тәртіпке сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшісі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті өтінім ұсынылған жағдайда, облыстық бюджеттік комиссияда қаралады.
3.Арыс қаласы, Дермене ауыл округі, Саналы елді мекендегі 150 орындық "Қаражантақ" атындағы мектептің құрылысын 2015 жылға арналған облыстық бюджетке ендіру туралы ұқсыныс айтқан. Аталған мектептің құрылысы 2015-2017 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіліміне енгізілді (2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетте 2016 жылға 149 160 мың теңге, 2017 жылға 210 000 мың теңге жоспарланған).
4.Арыс қаласы, 2-ші мөлтек ауданы, Әйтеке би көшесі №66 үйдің шатырын, сумен, электроэнергиямен, газбен жабдықтаудың және кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсынысына, жергілікті атқарушы орган тарапынан 2015 жылы тисті құжаттар дайындалып, ұсынылған жағдайда 2016 жылы қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім беруге мүмкіндік болады.
Облыстық мәслихаттың депутаты С.Ш.Сүгірбаевтың сұрақтарына мына жауаптар берілген:
1.Мақтаарал ауданы, Өркен ауылындағы А.Тұяқбаев мектебінің құрылысына құжаттамалар өткізілген, құрылысы қашан басталады.
Бұл мектептің жобалау сметалық құжаттамалары дайындалуда (Аталған мектеп құрылысына 2015 жылы 200 000 мың теңге, 2016 жылы 249 626 мың теңге жоспарланған).
2. Мақтаарал ауданы, Шұғыла, Нұрлы таң мектептерінің едендері шіри бастаған, қайта "подушка" қоюды шешу қажет. Аталған мектептердің құрылыс жұмыстары жұмыс жобасына сәйкес орындалған.
3. Мақтаарал ауданындағы "Болашақ" мектебі салынған, бірақ су мәселесі шешілмеген, мектепке баратын тас жол салынбағаны туралы айтқан ұсынысына, мектепке баратын жолды асфальттау бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары жұмыс жобасына сәйкес орындалған, алайда елді мекенге су тұрақты берілмеуі себептен мектепке су жетіспеуде деген жауап берілген.
4. Мақтаарал ауданындағы "Нұрлы жол" мектебіне жаңа типтік 200 орындық мектеп салу немесе спорт залын және қосымша кабинеттер салу.
Бұл мектептің қасында жаңа мектеп салу жоспары аудандық әлеуметтік экономикалық даму жобасына енгізілмеген. Қажеттілігіне талдау жүргізіледі.
5. Мақтаарал ауданындағы Бекежанов орта мектебінің құрылысына жер учаскесі бөлінгенімен, жер теліміне мемлекеттік актісін алуға қиындықтар туындаған, осы мәселені шешуді сұранған. Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекеніндегі Бекежанов атындағы 200 орындық мектебінің құрылысына жер теліміне мемлекеттік актісі алынып, жобалау сметалық құжаттамалары дайындалуда.
6. Мақтаарал ауданы, Жаңа жол ауыл округіне қарасты Өргебас елді мекеніне жаңа мектеп салуды сұранған.
Аталған елді мекенге мектеп салу жоспары аудандық әлеуметтік экономикалық даму жобасына енгізілмеген. Қажеттілігіне талдау жүргізіледі.
7. Мақтаарал ауданы, Иіржар ауыл округіне қарасты Диқан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебіне жаңа мектеп салуды сұранған.
Аталған елді мекендегі Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебіне мектеп салу жоспары аудандық әлеуметтік экономикалық даму жобасына енгізілмеген. Қажеттілігіне талдау жүргізіледі.
8. Мақтаарал ауданы, Бірлік ауыл округіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі көшелерді жөндеуді және мәдениет үйін жөндеуді сұранған.
Аталған елді мекеніндегі Қ.Орынбасар көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу 2016 жылға жоспарланған.
9. Мақтаарал ауданы, Өргебас ауылының көшелерін жөндеу туралы.
Өргебас ауылының Ынтымақ көшесі 2011 жылы жөнделген. 2014 жылы Ақниет көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
10. Өргебас ауылында ФАП құрылысын салу туралы. Өргебас ауылындағы ФАП құрылысына АПЗ дайындалып, құрылыс басқармасына тапсырылған (2017 жылы ФАП құрылысына 33 000 мың теңге жоспарланған).
Депутат Т.Баймаханов Шымкент қаласындағы №4 колледждің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысына, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР Өңірлік даму министрлігіне 2015 жылға бюджеттік өтінім мен құжаттары тапсырылды.
Облыстық мәслихаттың депутаттары С.Ш.Сүгірбаев, О.Аяшев, Н.Ә.Әбішов, С.К.Бекенов, Ш.О.Қаныбеков Мақтаарал ауданында атшабар (ипподром) құрылысын салуға ұсыныстарын айтқан болатын. Бірақ, бұл мәселе қазіргі жағдайда шешімін таппай келеді. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі облыстық құрылыс басқармасы тарапынан тиісті бюджеттік өтінім мен негізделген құжаттар ұсынылған жағдайда облыстық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылады.
2014 жылы облыстық мәслихаттың өткен сессияларында депутаттар көтерген ұсыныстар мен сын-ескертпелердің көбісі шешілген, қалғандары 2015 жылы шешімін табады деген ойдамыз, олардың барлығы бақылауда тұратыны сөзсіз.
Жоба
Оңтүстік Қазақстан облысының
су объектілерінде ортақ су
пайдалану Қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Қамбаров
Облыстық мәслихат
хатшысы Қ.Ержан
ЖОБА
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
«_____» наурыздағы № _____
шешімімен бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |