2.2.СУСЛОВ МӘДЕНИЕТІ
Орта сармат мәдениеті немесе Суслов мәдениеті – Ресей
мен Украинаның далалық бөлігінде кең таралған темір
дәуірінің археологиялық мәдениеті. Бұл мәдениет б.з.б. ІІ
ғасырдың соңы мен б.з. І ғасырдың бас кезімен мерзімделінеді. Бұл
уақытта сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірлерін қамтыған Орал
даласынан Буг өзеніне дейінгі аймақта қоныстанды. Мәдениеттің
негізгі ескерткіштері молалар болып табылады.Өз руластарын олар
негізінен ескі молалардағы обаларға жерледі. Тар қабір шұңқыр
мен бүйірі қуыс шұңқырларға жерлеу басым болды.
Өліктің басы
солтүстікке және солтүстік – батысқа қаратылды. Олар шалқасынан
жатқызылды. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, қабірлерден
күл мен от қалдықтары, бор кесектері табылған. Мәдениеттің жаңа
белгілері арасынан бас сүйектің деформацияға ұшырауы
байқалады. Қолдан жасалған ыдыстар
арасында құмыра,
табақшалар бар. Кейбірінде кертікті ою – өрнек басым.Табылған
сырғалар күмістен немесе қоладан жасалып, шеті алтынмен
көмкерілді. Семсер сыбының басына халцедон орнатылғандары да
бар. Күміс және қола жасалған ат әбзелдері жиынтығы, алтын
тағалар да көп. Бұл мәдениеттің атауы 1924 – 1926 жылдары Павел
Рыков зерттеген Саратов облысындағы Сусловский қорғаны ның
атымен аталған.