Жобалау мерзімі бастап дейін


І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы



бет3/16
Дата11.12.2023
өлшемі0.65 Mb.
#486147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
stud.kz-108483

І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
1.1. Геодезиялық тор
Геодезиялық тор деп Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығын айтады. Геодезиялық торлар үлкен және кіші аймақтарда құрылады, сондықтан оларды келесі түрлерге жіктеуге болады:
1) глобальды геодезиялық тор;
2)мемлекеттік геодезиялық тор;
3)жиілету торлары;
4)геодезиялық түсіру торлары.
Геодезиялық түрі бойынша геодезиялық торларды пландық, биіктіктік және кеңістіктік торларға бөледі.
Торды құрғанда «жалпыдан жекеге ауысу» принципі қолданылады. Глобальды геодезиялық тор ғарыштық геодезия әдістері арқылы жобаланады. Пункттердің орналасу жағдайы тік бұрышты геоцентриялық жүйеде анықталады. Бұл жүйенің басы жердің салмақ орталығымен бірлескен Z осьі ретінде жердің айналу осьі алынған. Ал, ZУ жазықтығы ретінде бастапқы меридианның жазықтығы алынған. Глобальды геодезиялық торды жоғарғы геодезияда, геодинамикада, астрономияда және басқа да ғылымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге қолданады. Осындай мәселелерге мыналар жатады:
1)фундаментальды геодезияның тұрақты шамалары;
2)жердің гравиметриялық аясын және фигурасын зерттеу;
3)жер бетінің деформациясын, жылжуын зерттеу.
Мемлекеттік геодезиялық тор деп мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торды айтады.
Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық жағдайы жалпылама мемлекеттік геодезиялық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар 3 түрге бөлінеді:
1)мемлекеттік геодезиялық тор(пландық);
2)нивелирлік тор(биіктік);
3)мемлекеттік гравиметриялық тор.
Пландық геодезиялық торларды негізінен триангуляция, трилатерация, полигонометрия, сонымен қатар осы әдістердің аралас әдістерімен құрылады.
Мемлекеттік пландық геодезиялық тор триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен құрылып, 1,2,3,4 классқа бөлінеді де, бір-бірінен бұрыштарды және ұзындықтарды өлшеу дәлдігімен, үшбұрыштардың өлшемдері, жүріс ұзындықтары және оларды құру ретімен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет