Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет168/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   263
Доп мат

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Мак Кинзи» компаниясы ұсынған адам ресурстарын дамытудың «7S» моделіне сай факторлары

  2. Ресейлік ғалымдары жасаған адам ресурстарын тиімді басқарудың «5С» моделі

  3. ХХ ғасырда қалыптасқан адам ресурстарына көзқарастың эволюциясына сипаттама беріңіз

  4. Адам капиталы туралы теориялардың авторларын атаңыз

  5. Гарри Беккердің адам капиталы туралы анықтамасы

  6. Қазақстанда адам капиталын дамытуға бағытталаған «Интеллектуалды ұлт» жобасын жүзеге асыру бағыттары

  7. Бүгінгі білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамыту қажетігі

  8. Ұжымда адам ресурстарын дамыту стратегиясының кезеңдері

  9. Ұжымда адам расурстарын дамыту жолдары мен жобалары

Глоссарийді толықтырыңыз


10-семинар. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз.
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар, немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой – қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін – бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым – қатынас, бірін – бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай – ақ, микрожоба барысында олардың мінез – құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.
Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді.Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет