Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет222/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   263
Доп мат

Пәннің мазмұнына енетін сұрақтар:


  1. «Білім беру аймағындағы жобалау» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы.

2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалау әрекеті идеясының пайда болуы мен дамуы. Жобалаудың мәдени–тарихи көздері.
3. Жобалаудың теориялық негіздері. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары.
4. Педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері. Жобалау әрекетінің қызметтері.
5. Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
6. Педагогикалық жобалаудың мазмұны мен құрылымы. Жобалау әрекетінің логикасы және ұйымдастыру кезеңдері.
7. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.
8. Педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы.
9. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
10. Жобалау әрекетінің негізгі нысаналары.
11. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру.
12. Білім беру мазмұнын жобалау (тұжырымдамалар, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары).
13. Педагогикалық жобалауға қатысушыларға қойылатын талаптар. Жобалау мәдениеті.


Курстың мақсаты: Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту.
Курстың міндеттері:

  • студенттерді білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;

  • білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;

  • білім беру үдерісінің мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;

  • педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;

  • оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету;

  • негізгі білім беру бағдарламалары, олардың құрылымы, типтері, жалпы орта білім берудің стандарттарын жасау негіздерімен таныстыру;

  • білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет