Білім алушының мамандығының сипаттамасы;
мамандықтың оқу жоспары;
жұмыстың оқу жоспары;
пәндердің жұмыстық бағдарламалары жинақтары;
іргелі және жалпы пәндер бойынша үздіксіз даярлау жоспарлары;
студенттердің өзіндік жұмыстарының графиктері;
дипломдық жобаларды орындау туралы әдістемелік нұсқаулар;
мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру графигі;
жас мамандарды тәжірибеден өткізу реті;
мамандықтың ОӘК-інен бекіту және қайта қарау графигі туралы әдістемелік ұсыныстар енді.
Демек, ол кезде ОӘК екі түрде:
1) студенттер үшін ОӘК және 2) оқытушылар үшін ОӘК даярланды. Кейін 90-жылдары пәннің және мамандықтың оқу-әдістемелік кешендері ЖОО-ы практикасынан алынып тасталды, негізінен пәндерді оқыту әдістемесіне көңіл бөлінді [3].
Педагогикада дидактика мен жеке пәндер әдістемесі саласында жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарын, оқулықтарын, электрондық оқулықтарын жасау, жоғары мектеп стратегиясын түзу, жоғары педагогикалық білім беру саласындағы инновацияларды жүйелеу, жоғары білім мазмұнындағы сабақтастықты сақтау, т.б. мәселелері эмпирикалық, теориялық-әдіснамалық деңгейлерде зерделенуде (Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, А.П. Сейтешев, Б.Ә. Әбдікәрімов, Б.К. Момынбаев, А.Қ. Ахметов, Г.К. Ахметова, А.Е. Әбілқасымова, А.Д. Қайдарова, т.б.), ЖОО-дарына кредиттік жүйені ендіру (Н.А.Асанов), студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру (Ж. Сарсекеева, Б. Андасова), кредиттік оқыту жүйесінде мультимедиалық тілдік орталықтар құру (Д. Асанова), кредиттік оқыту технологиясьша сәйкес оқу-әдістемелік құжаттарды даярлау (Ж.Д. Дадебаев, Г.С. Минажева), мектепке оқу-әдістемелік кешенді даярлау (Т. Тұрлығұл, Б. Сарсекеев), оқыту технологиялары жүйесі (Ж. Кобдикова, А. Мынбаева, Б. Досжанов), жеке пән бойыыша электрондық ресурстар дайындау (Г. Тәжіғүлова, Ж. Үсенов) мәселелері зерттелуде.
Қазақстан Республикасы ЖОО-ның оқу-әдістемелік әдебиеттерді даярлау практикасында пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне назар аударылады. Мамандықтардың оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу тәжірбиесін Ресейдің жоғары оқу орындарынан нақты көруге болады. Бұл тәжірибеде біз үйренетін тұстар да баршылық. Ресей ЖОО-ы факультетіндегі оқыту үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілу сапасын 2 өлшеммен бағалайды. Олар: 1. Факулътеттегі мамандықтардың оқыту үдерісінің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі. 2. Оқыту үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану. ЖОО-дарын кешенді тексерудегі мемлекеттік аккредитация өлшемдерінің тізіміне пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілуі алынған. Осыған байланысты пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы сұрақ туындайды. Оның құрамдас бөліктері оқыту үдерісін ұйымдастыруға шын мәнінде қажет болып, оқыту үдерісі сапасын арттыруға әсер етуі керек екені бәрімізге мәлім. Ресейдегі білім беруді бақылау органы пәннің ОӘК-нің арнайы құрамын ұсынады. Оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына: маманның (менеджердің) мамандығының сипаттамасы; оқу-әдістемелік бірлестік бекіткен оқу бағдарламасының үлгісі; пәннің жұмыс бағдарламасы; пәннің жұмыс бағдарламасына жыл сайынғы енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің хаттамасы; оку жылына арналған оку курсының технологиялық картасы; оқу курсының құрылымы, пән бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары және басқа әдістемелік материалдар (курсты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар, базалық оқу құралы, жетекші оқытушының лекциялар курсы, практикум, курстық жұмысты даярлау туралы әдістемелік нұсқаулар, студенттің өздік жұмысы туралы әдістемелік нұсқаулар, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсыныстар, әдебиет), студенттің пән бойынша оқу әдебиетімен қамтамасыз етілу картасы, емтиханға (сынаққа) қойылатын бақылау сұрақтары, зертханалық (практикалық, семинарлық сабақтарға қажет бақылау, студент білімін рейтингтік бақылауға, оның білімінің алғашқы және соңғы деңгейін бақылауға керек бақылау-өлшеу материалдары, емтихан билеттері, емтихандар мен сынақтарды өткізуге арналған бірыңғай талаптар, мемлекеттік емтихан бойынша тестілер, есептер, бақылау сұрақтары және оқытудың компьютерлік бағдарламалары, электрондық оқулықтар, лекциялық курстың мультимедиалық қамтамасыз етілуі (диск), пән бойынша студенттердің білімін тексерудегі соңғы бақылаудың нәтижелері (емтихан парағының, рейтингтің, сынақ парағының көшірмесі), ашық дәрісті бағалаудың эксперттік парағы, пәннің оқу-әдістемелік кешенінің электрондық түрі енеді [4, 278-287].
Бұл тізімнен көріп отырғанымыз, ОӘК-нің міндетті бөлігі (элементі) пән бойынша студенттерге арналған базалық оқулық, жетекші оқытушының лекцияларының авторлық курсы, практикум, оқу-әдістемелік нұсқаулар және басқа әдістемелік материалдар. Студенттерді даярлау сапасына оқу және өндірістік практикалардың, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың, дипломдық жобалардың, білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялардың, бітірушілердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету жүйесінің әдістемелік қамтамасыз етілуі едәуір ықпалын тигізеді. Біздің ойымызша, жоғары білім сапасы менеджменті жүйесінің маңызды бөлігі - мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін жасау. Мұндай кешеннің негізгі мақсаты - мамандықтың әдістемелік қамтамасыз етілуін әдістемелік блокқа шоғырландыру.
Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені ресейліктердің тәжірибесінде төрт базалық құрамдас бөлікті құрайды:
1. Мамандықтың мемлекеттік стандарттары.
2.Мамандықтың оқу жоспары.
З. Мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік кешендері.
4. Мамандық бойынша білім беру үдерістерінің оқу-әдістемелік кешендері:
а) оқу және өндірістік практиканың ОӘК-і;
ә) қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың ОӘК-і;
б) дипломдық жобалаудың ОӘК-і;
в) білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың ОӘК-і;
г) түлектерді жұмысқа орналастырудың ОӘК-і.
Сонымен, оқу пәні үшін мүлдем жаңа әдістемелік құжаттар кешені туралы айтуға болады: «Мамандықтың пәндерінің оқу-әдістемелік кешендері», «Оку және өндірістік практикалардың оқу-әдістемелік кешені», «Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың ОӘК-і», «Дипломдық жобалардың ОӘК-і, сондай-ақ, соңғы екеуі мәні жағынан инновациялық: «Мамандық бойынша білім беру үдерісінде инновациялық әдістерді қолданудың ОӘК-і» және «Мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетудің ОӘК-і». Ресей ЖОО-ын мемлекеттік аккредиттеу кезінде бұл ОӘК-інің жүзеге асырылуын бағаланатын өлшем ретінде берген. Ресейдің білім беруді басқару жүйесі ЖОО-ын және маман даярлап шығаратын кафедраларды өз әрекетінде инновациялық бағдар ұстауға міндеттейді. Бұл - ашық, түсінікті, басқарылатын, бақыланатын жүйе. Осы ұсынылған жүйедегі Пенза мемлекеттік университетінде «Ұйым менеджменті» мамандығы бойынша жүргізілетін «Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану» атты оқу-әдістемелік кешен туралы Ереже даярланды.
«Ұйым менеджменті» мамандығының білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану» атты оқу-әдістемелік кешенінің құрамына: 1) инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобалар (ЖОО-ы студенттерінің үздіксіз практикалық даярлығы, жұмысқа орналастырылуының кешенді кезеңдік жүйесі, арнайы білім беру технологиялары негізінде студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету, «Ұйым менеджменті» мамандығының ОӘК-і); 2) білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыру (оқу пәндерінен білім беру үдерісінде, оқу және өндірістік практика барысында, қорытынды мемлекеттік аттестаттау және дипломдық жобалауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жүмысында инновациялық әдістерді қолдану); 3) инновациялық білім беру бағдарламаларына, жобаларға және оқыту әдістеріне қоғамдық оң пікір (Бүкілресейлік көрмелерде, Бүкілресейлік студенттік олимпиадаларға, дипломдық жобалар сайыстарына қатысу, Ресей ЖОО-ы оқу-әдістемелік бірлестіктер мәжілісінде, Білім және ғылым министрлігі алқалары мен мәжілістерінде баяндамалар жасау,, Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ы Оқу-әдістемелік кеңесінің грифімен оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару (білім беру мен менеджмент саласында), РФ Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі марапаттары, инновациялық технологияларды ендіру туралы анықтамалар мен актілер, дипломдар көшірмесі); 4) библиографиялық тізім; 5) ОӘК-нің электрондық түрі еніп түр. [4, 284-285 б.;5].
Сонымен, осындай тәжірибелерді саралай келіп, жоғары оқу орындарының мамандықтары мен пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір мамандықтар бойынша кұрылған Республикалық оқу-әдістемелік кеңес секцияларының жұмысы білім беру бағдарламалары мен білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағдарланып, үйлестірілгенін қалар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |