Жобалық топ. Жобалық топ әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру жобаларына тікелей қатысушы адамдардың негізгі шеңбері. Осы шеңбер ішінде жобаны жүзеге асыруды кешенді түрде қамтамасыз ететін қызметтерді бөлу жүреді. Оларға оқыту, сараптау, құжаттарды дасярлау, техникалық немесе әлеуметтік өңдеу, консалтинг, әдістемелік нұсқаулар, іс әрекет координациясы жатады.
Демек, желілік оқыту үшін жобаны топпен қамтамасыз ету тән. Мұндай топтың нұсқасы: топ жетекшісі (оқытушы, ұстаз); әдістемелік координаторлар, оқу (мақсаттық, тақырыптық ) топтарды билейтін көшбасшылар, қажетті программалық өнімдерді жасайтын және сайттар конфигурациясын өңдейтін программист; байланыс тұрақтылығын қамтамасыз ететін техник.
Ұшқыш топтар – жоба логикасында эксперименталды іс-әрекеттерді жүзеге асыратын топ. Ұшқыш топ – қандай да бір инновациялық амалдың апровациясының үлесіне түсетін алғашқы жүрістер. Мұндай топтарға әдетте белгісіздік жағдайда тәуекелге бел буып жұмыс істей алатын білікті мамандарды таңдап алады. «Құқықтық білім » жобасы әртүрлі пәндерден сабақ беретін оқытушылардан ұшқыш топтарды құрды.
Тьютерлер (тренерлер) топтары – басқа топтардың алдын орап оқитын топ. Себебі өз тәжірибелері мен білімін қалған топтарға үйретіп отырады. Кейде олар параллельді түрде өз әріптестеріне әдістемелік қызметті атқарады.
Ағылшын тілі бойынша емтиханның жаңа форматын жасау жобасы бойынша тәжірибелі ағылшын тілі мұғалімдер тобы таңдалып, тілдік тестілеу процедура ұйымдарымен байланысты шынайы тәжірибелермен құқықтық құжаттармен, арнайы әдебиеттермен танысу үшін Ұлыбританияға жіберілді. Жобаның келесі кезеңі топтан ресейлік ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құралдарымен тестік материалдарды жасау әдістемесін меңгеру топтан талап етілді. Осыдан кейін олар көмекші құралдармен әріптестерән оқыта алды.
Жобалау барысында жоба әрекеті мақсатына және оныі кезеңдерінің жұзеге асуында әртүрлі қызметтерге байланысты оқу және жұмвс топтары пайда болды.
Мысалы, «Жаздық лагерь: болжам» ойындық жобасы барысында әр отрядта ұйымдастырушылық – жадтық орталық (ҰЖО) құрылды. Олардың міндеті идеялар туып, оларды сараптап, баға беріп миға шабуыл жасау болды. ҰЖО құрамына лагер өмірінен хабардар, дайындалған және беделді адам – консультант ұйымдастырушы; идеялар генераторы – ассоциативті ойлауға қабілетті, өз бетімен идеяларды дамыта алатын отряд мүшесі кіреді. Сарапшылар құрамы лагер өмірінде топтардыі табысты ұйымдастырылуын қалайтындардың қызығушылығын қамтамасыз етеді. Мұнда отряд мүшелері, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушылары; кәсіподақ өкілдері мен пионерлік лагерь жетекшілері. Олардың міндеттері ұсынылған идеяларды өзәнәі кәсіби және қоғамдық көзқарасымен жан жақты анализ жасау болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде оқу үйірмесі деген ұғым пайда болды. Бұл формальды емес – қосымша білім беру жүйесіне қатысушылар топтары. Оқу үйірмелері жобалау әрекетінің субъектісі ретінде де қатыса алады.
Кезкелген топтың құрылуы және оның іс әрекеті топтық динамика даму заңдылықтарын ескерумен жүзеге асады. Жобаны жүргізу барысында Нижный Новгород қаласынан келген мамандар жұмыс топтарына практика мұғалімдерді; жұмыс берушілер өкілдерін және осы бағыт бойынша сарапшыларды қосу қажет деді. Топ құрамы тұрақты болғаны дұрыс, себебі жобалық оқыту процесі рефлексия жіне топтық талқылау негізінде үнемі жетілу ұстанымы бойынша құрылған. Егер де жоба халықаралық болса, онда топқа кәсіби лексиканы еркін меңгерген білікті аудармашы қажет. Бұл материалды талқылауда қате жібермеуге көмектеседі.
Жобалық әрекеттің субъектісі тренинг – топтар бола алады. Тренинг – топ жұмысы:
Тұлғалық көріністерді түзетуге және диагностикалауға;
Жоба шеңберінде өнімді қимылдауға кедергі келтіретін ішкі тосқауылдарды жоюға;
Топ ішінде эмоционалдық және психологиялық атмосфера құруға;
Жоба барысында топтық динамиканың сипатының өзгеруіне;
Жобаны сәтті жалғастыру үшін қосымша білік, білім, дағды, тәжірибенің қалыптасуына;
Қатысушылар көзқарасын белсендіруге бағытталуы мүмкін.
Жобалаудың жиынтықты субъектілеріне эксперттік, редакциялық және т.б. топтар жатады. Олардың қатарына әртүрлі мекеме, ұйым өкілдерн, мамандар категорияларын кіргіземіз. Жобалау әрекетінің субъектілер құрамы өзгермелі болып келеді.
Педагогикалық жобалау шеңберінде ең ірі субъектілер білім беру мекемелері болып табылады. Субъектілік қасиеттердің көрінуі жобалау объектісі ретінде бір мезетте болатындықтан өзіне тән ерекшеліктері бар. В.Е.Радионова пікірі бойынша педагогикалық жобалаудың объектілеріне екіжақтылық тән. Олардың әрқайсысы күрделі жүйе –өз өзін басқаратын және дамудың ішкі ресурстары бар дербес әлеуметтік «ағза».
Жобалаудың желілік субъектісі. Соңғы жылдары қоғамдық педагогиалық және инновациялық қозғалыста «желілік» атауын алған ортақ амалдармен бірлескен жобалар көбейіп келеді. Желілік ықпалдастықтың феномені формальды емес қарым қатынасқа, ал желіде жобалау жеке тәжірибеге және әлеуметтік ынта білдіруге негізделген. Желілік ықпалдастыққа жалпы коммуникативті ақпараттық кеңістік тән. Бұл желілнің басқа қатысушыларымен ақпарат алмасуға, ақпараттың өзіндік каналдарын ашуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |