Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет49/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   263
Доп мат

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру нысандары

  2. Жобалауды ұйымдастыру құрылымы мен компоненттері

  3. Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы

  4. Жобалау негізідегі педагогикалық ұжымның өзгерістері

  5. Инновациялық жобалауға қойылатын талаптар

  6. Мақсатты жобаларға тән белгілер

  7. Жобалау алды даярлық жұмыстарының құрылымы

  8. Жобаның негізгі бөлімдеріне талдау жасаңыз

  9. SWOT-талдаудың мәні мен мазмұны

  10. PEST- талдаудың ерекшелігі

  11. Жобалаудың логикалық құрылымына сүйене отырып өзіңіз оқитын не жұмыс істейтін педагогикалық жүйені өзгерту жобасының құрылымын жасаңыз

  12. Глоссарийді жалғастырыңыз



5.2. Жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру логикасы

Мақсаты: студенттерде жобалау кезеңдері және жобалық іс-әрекет процедуралары туралы білімдерді қалыптастыру.


Кілттік сөздер: жобалау фазалары, жобаалдылық зерттеу, жобалық ойын, мәселелендіру процедурасы.



  1. Жобалау кезеңдері және фазалары.

Жобалау әдіснамасы туралы әдебиеттерде, оның кезеңдерін айқындайтын әр түрлі амалдарды кездестіруге болады. Дж. Ван Гиг әлеуметтік жүйелерді жобалаулың үш фазасын көрсетеді: 1) стратегияны қалыптастыру және алдын-ала жобалау; 2) нұсқаларды бағалау; 3) жүзеге асыру, нәтижелерді талдау және түзету (Гиг Дж. Ван. Прикладная общая теория систем. – Ч. 1, 2. – М., 1981). В.М.Шепель жобалаудың басқару циклінде бес кезеңді көрсетеді: 1) жобаның теориялық негізделген тұжырымдамасын жасау; 2) жүзеге асыру процедураларын жасау; 3) әрбір кезең үшін құралдар жинағын жасау; 4) өлшеу критерийлерін және ойды жүзеге асыру нәтижелерін анықтау әдістерін жасау; 5) адам құқықтарын қорғау жағдайларын жасау (Шепель В.М. Настольная книга менеджера. Управленческая гуманитарология. – М.,1992.).
Н.А.Масюкова жобалаудың келесі қадамдарын анықтайды.
- шындықты диагностикалау (ғылымилықтың әртүрлі дәрежесіне зерттеулер жүргізу);
- шындықты қайта құру құндылықтарын, мәндерін, мақсаттарын қалыптастыру (актуализация, іздеу),
- нәтиженің образын жасау,
- уақыт бойынша жоба мақсатына жетуде бірлескен әрекеттерді кезеңдік жоспарлау (бағдарлама құру);
- коммуникация барысында белгіленген әрекеттерді алмастыру, келісу және түзету;
- жобаны жүзеге асыру нәтижелерін кешенді экспертизалау (Масюкова Н.А. Проектирование в образовании. – Минск, 1999).
Е.С. Заир-Бек педагогикалық жобалау логикасын келесі кезеңдермен байланыстырады: ойды анықтау, немесе жоба эскизі; әрекеттер модельдерін жасау (стратегия); жүзеге асыру міндеттері мен жағдайлары деңгейінде шынайы стратегияларды жобалау; кері байланысты ұйымдастыру; процесті бағалау; нәтижелерді бағалау және талдау; құжаттарды безендіру (Заир-Бек Е.С. Теоретические основы обучения педагогическому проектированию. – СПб., 1995).
В.Е.Радионов мынадай кезеңдерді анықтайды: старталдыңғы кезең; декомпозиция кезеңі (ортақ ойдың бірнеше бөліктерге бөлінуі) және сәйкес құралдарды жинау; трансформация кезеңі, мұнда алғашқы ой нақтыланады, нақты мазмұнға және құрылымға ие болады: конвергенция кезеңі, бұл кезеңде жеке жобалық шешімдер бағдарламаларға «жинақталады» (Радионов В.Е. Теоретические основы педагогического проектирования. – СПб., 1996).
Қолданбалы мақсаттар үшін жобалау кезеңдерін «ірілендіруге болады», және сонымен қатар жобалық іс-әрекеттің маңызын көрсететін ортақ логиканы сақтап қалуға болады.

  1. Жобаалдылық кезең.

  2. Жобаны жүзеге асыру кезеңі.

  3. Рефлексивті кезең.

  4. Жобадан кейінгі кезең.

Осы кезеңдердің әрбірінің ішінде, өз кезегінде, жобалық әрекеттердің мазмұндық, құрылымдық, технологиялық, ұйымдастырушылық негізін құрайтын белгілі бір процедуралар анықталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет