Қалыптасатын дағдылар:
-бітіріші түлектің дипломдық жұмысты дайындау және қорғай алуы;
- түрлі санаттағы адамдармен кәсіптік әрекет барысында ақпарат пайдалана алу;
-әлеуметтік саласы маманы ретінде өз білімдері мен дағдыларын күтпеген жағдаятта қолдана алу.
|
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
|
Факультеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде
Бекітілді
№____ хаттама « ____»________ 2012 ж.
Факультет деканы_______А.Р. Масалимова
|
Білім беру аймағындағы жобалау
4 курс 050103- Педагогика және психология мамандығы,
қазақ бөлімі, күзгі семестр, 3 кредит
Дәрісшінің аты жөні: п.ғ.д., профессор Таубаева Шәркүл Таубаевна
Телефоны: (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 377-33-30/1345, 2-46-72-90, 87772060728.
каб: философия және саясаттану факультетінің ғимараты, 3- бөлме.
Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ.д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна.
Пререквизиттер: Педагогика, Білім беру философиясы
Постреквизеттер: Педагогикалық эксперимент: теория және практикасы, Білім беру сапасының менеджмент жүйесі
Курстың мақсаты: Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту.
Курстың міндеттері:
студенттерді білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;
білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;
білім беру үдерісінің мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;
педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;
оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету;
негізгі білім беру бағдарламалары, олардың құрылымы, типтері, жалпы орта білім берудің стандарттарын жасау негіздерімен таныстыру;
білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |