Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет39/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   263
Доп мат

Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж.К.Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың байланысы мен тепе теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму аймағында» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар проблемасын шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М.М.Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат, міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағытттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағыталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесін анықталды.
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық процестің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастық жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;
Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет