Сұйықтықтардың арынды жылжуын қамтамасыз ететін



Дата08.04.2023
өлшемі22.83 Kb.
#471893
Документ Microsoft Office Word


Сорғы (Насос) —

  1. сұйықтықтардың арынды жылжуын қамтамасыз ететін гидромашина, сонымен қатар сұйықтықтың көмегімен гидравликада механикалық энергия алынады;

  2. вакуумның жоғарылауын түзетін құрылғы;

  3. берілген энергияны сұйық ағынының гидравликалық (механикалық) энергиясына айналдыру нәтижесінде тамшы сұйығын (оның ішінде қатты және газ қоспалары бар) арынмен орын ауыстыруға арналған гидромашина (аппарат, жүйе). Сорғы берілетін энергияға байланысты механикалық, жылу және электромагнитті; құрылымына қарай аксиал поршеньді, радиал поршеньді,екі қалақты, көлемді, тілімшекті, реттелетін, шығыны тұрақты, қоректендіргіш, тістегерішті және сорғы-мотор болып бөлінеді.


Сорғының түрлері

  • Аксиал-поршеньдi сорғы (Насос аксионально-поршневой) — ротордың айналмалы қозғалысынан және поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан энергия алатын роторлы сорғы. Сору қысымы 30 МПа дейін. Аксиал-поршеньдi сорғы гидроберілістерде, күштік бақылау жетектерінде қолданады.

  • Екі қалақты сорғы (насос каловратный) — жұмысшы органдары айналмалы қозғалатын роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының екі қалағы арқылы орындаушы механизмдерге сұйықтық беріліп отырады.

  • Көлемдік сорғы (Насос объемный) — сорғының сұйықтық шығатын бөлігінде орналастырылып, сол камерадағы сұйықтықтың көлемін өзгертетін құрылғы. Қозғалтқыш жетегінің қуаты сақтық клапанның көмегімен максималды түрде тұрақталып тұрады.

  • Қоректендiргiш сорғы (Насос питательный) — бу қазандарына суды жеткізу процестерінде қолданылады. Қоректендіргіш сорғы электрлі поршеньді сорғылар ретінде қолданылады.

  • Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) — жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.

  • Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) — ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.

  • Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) — жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.

Сорғылар - сырттан жеткізілетін энергияны (механикалық, электрлік, т.б.) сұйықтық ағынның энергиясына түрлендіретін және сұйықтардың барлық түрлерін, сұйық пен қатты денелердің механикалық қоспасын қотаратын, айдайтын және соратын гидравликалық машина. Сор,ы көмешімен сұйықты белгілі бір биіктікке көтеруге, құбырлармен тасымалдауға немесе сығылған газдарды айдауға болады.


Сорғылар сумен қамту жүйесінде, мұнай өнімдері мен газ құбырлары желісімен тасымалдауға, кемелік қондырғыларда, гидромелиорацияда, гидросоққыш қондырғыларда, гидрожетектерде және гидроберілістерде қолданылады.
Сорғылар ауаны сорып алуда және вакуум туындатуда газсорғылар немесе вакуум сорғылар деп аталады.
Сорғылар ауаны немесе газды беру үшін мақсатына және арынына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
  • Желдеткіштер, желдету мақсатында;


  • Ауа үрлегіштер, домна процесінде, пневматикалық көліктерде және басқа да өндірістік құрылғыларда пайдаланылады;


  • Компрессорлар, сығылған газдар мен ауаны алу үшін, сыққыштардың, пневматикалық құрылғыларда қолданылады.


Сұйықтардың қасиеттерін есепке алмай жұмыс істеу принципіне байланысты сорғылар бөлінеді: динамикалық, көлемдік, қалақшалы, үйкеліс және инерция сорғысы.



Динамикалық сорғы – кірісі мен шығысына тікелей қатысты орналасқан жұмысшы камерасындағы жұмысшы органдардың әсер ету күші арқала сұйық зат тиісті энергияға ие болатын сорғылар. Бұл топқа қалақшалы (ортадан тепкіш, диагоналды, осьті) құйынды сорғы, ағынша сорғысы, дірілді сорғылар және ауалы сукөтергіштер жатады. Негізінен өндіріс орындарын жабдықтайтын бұл сорғылардың жалпы өнімділігі 0,001-40 м3/с, ал арынды сорғыларда 2,5-2000 м аралығында болады.

Қалақшалы сорғы – айналып тұрған жұмысшы доңғалақтардың қалақтары арқылы сұйықтыққа механикалық энергия беретін сорғы. Жұмыс атқару принципіне және жұмыс органдарының құрылысына қарай динамикалық сорғылар тобына жатады.
Қалақшалы сорғылар жұмысшы доңғалағы қалақтарының ағынды сұйыққа тигізер әсеріне және сұйықтық бағытының біліктің осьтік айналу қатынасына байланысты ортадан тепкіш, осьтік және диагональды болып бөлінеді.
Қалақшалы сорғы жерді гидромелиорациялауда, сутоспа құрылысында, шаруашылықтарды сумен қамтуда, ақаба су жүйелерінде және тасымалдау станцияларында кеңінен қолданылады.

Көлемдік сорғы – кірісі мен шығысына алма-кезек қатысты және көлемі өзгеріп тұратын жұмысшы камератсындағы жұмыс органдардың әсер ету күші арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы. Көлемдік сорғыларға: поршенді, роторлы, өтпе қанатшалы, диафрагмалы, иірлік сорғы және шынжырлы, таспалы, шөмішті сукөтергіштер жатады.Көлемдік сорғылар гидромелиорациялық жұмыстарда, гидротехникалық құрылыстарда, бұрғылау қондырғыларында, бетон қоспасын және цемент ертіндісін беруде, мелиорациялық құрылыс машиналарының механизмдері мен технологиялық жүйелерін жабдықтауда және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде қолданылады. Көлемдік сорғылардың өнімділігі 0,01-800м3/сағ, арынды 25-25000 м аралығында.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет